Ұлытаудың ұланы...

Думан емес, той емес өткен өмір
Жете бермес үнемі көкке көңіл
Бар пәлені басқаға арта бермей
Бір мезгіл өзіңді өзің жек көре біл
Мейлі саған шаттығын қисын өмір
Елтігендей бейне бір исіне гүл
Бар жақсына басқаға тели бермей
Бір мезгіл өз-өзіңе сүйсіне біл-
— деп жырлаған Жүрсін Ерманды білмейтін қазақ кемде-кем. Ұлытаудан шыққан ұл бұл күнде бар қазақтың мақтанышына, исі қазақтың ұлына айналды.Биыл Жүкең жайлы еліміздің газеттерінің жазбағаны жоқтың қасы. Басты себеп айтыс өнерін алға сүйреп жүрген аптал азаматтың алпысқа толуы. Алматы жақ бұл мерекені тойлауды ақпанда бастағанымен, Сарыарқа төсі жаздың үш күнін арнауда. Оның да себебі бар қазақтың ұлы дегенімізбен Жүрсін ағамыздың туған жері Қарағанды, оның ішінде Жезқазғаннан шалғайда жатқан Қарақұм ауылы.
Қарағанды облысының әкімдігінің қолдауымен мәдениет басқармасының бастамасымен кеше, яғни 8-ші маусым күні ақын ағамыз алдымен Қарағандының жас-ақындарымен облыстық әмбебап кітапхана кездесті. Бұл кездесудің ерекшелігі сонда, ағамыздың шашбауын көтеріп келген серіктері де қара жаяулар емес. Атақтарын тізбей-ақ аттарын айтқанның өзінде жаны қазақ азаматтар ақын Ғалым Жайлыбайбды, Ұлықбек Есдәулетті, Несіпбек Айтұлын, жазушы Жұмабай Шаштайұлын, сөз майталмандары Сәулебек Жәмкенов пен Жанболат Аупбаевтарды бірден таныры анық. Жүрсін ағамыз қаламынан шыққан соңғы өлеңдерін жастарға оқып берді. Соның ішінде көп газеттерге басыла бермейтін (дұрысы көп газеттер баса алмайды) «Сор Қарсақпай» өлеңі де бар. Ақын жүрек қаймана қазақ мекен еткен Қарсақпайдың бүгінгі тағдырын еш боямасыз дәл жеткізген.
Осы күні кешке басталған «Ұлытаудың ұланы» атты жыр кешіне жиналған қауым Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ драма театрына симай кетті. Кешті ақиық ақын Серік Ақсұңқар жүргізтті. Екі сағаттан аса уақытқа созылған бұл кешті облыс әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев ашып берді. Жүрсін ақынның жырларын өз аузынан тыңдаған жұрт ел арасында «Жүрсіннің жүйріктері» атанып кеткен бір топ ақындардың Жүкеңе деген ыстық лебіздерінде жылы қабылдады.”Бір өлең-бір әлем” деген атаумен арнайы ұйымдастырылған 30 жасқа дейінгі жас ақындар мүшайрасының қорытындысын дәл осы кеште ақын ағамыз өзі жариялады. Үздік деп табылған үш өлеңнің авторларына ақшалай сыйлықпен қатар марапаттамалар табыс етілді.Кеш соңында сөз алған ағамыз өзінің Алматыда өтіп жүрген жиындарда да, берісі Мәскеу арысы Париж сахнасында айтыс ұйымдастырып жүргенде де дәл осылай толқымағанын айтып өтті. Сарыарқа төсінде бастау алған бұл той Жаңаарқа-Жезқазған-Ұлытау маршрутымен өз жалғасын таппақ.

Суретті «Рабочий столдан» алдым. Ал ол жерге мына жерден жүктеп алғанмын
Бөлісу:

1 пікір