Астаналық блоггерлер мен блоггер еместер бас қосты

Бүгін «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының мұрындық болуымен «Қазақ журналистикасы және Интернет» деген тақырыпта «Дөңгелек үстел+тренинг» форматында іс-шара өткізілді.



Оған әр түрлі БАҚ-тардың журналистері мен қатар әр салада жұмыс істейтін блоггерлер қатысты. Тренинг кезінде ұйымдастырушылар “Блогты қалай ашуға болады?”, “Блог жүргізудің құпиялары”, «Фейсбук» пен «Твиттер» әлеуметтік желілерінде тіркелу және оларды пайдалану”, “Журналист үшін «Google» жүйесінің мүмкіндіктерін тиімді пайдалану әдістері” деген тақырыптарды қозғап, қатысушыларға сабақ өткізді.

Фоторепортаж мында.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше