Кіреуке

Қолына қылышын алып елін қорғаған бабаларымыз, түн баласы көз ілмей найзасына сүйеніп ұйықтап, мына ұланғайыр жерді бізге қалдырған екен. Бізден қанша қаларын кім білсін… Сол жаугершілік заманында толғай атқан садақтың оғын өткізбей қалатын сауыттар, тоқыма кіреукелер болған екен. Кіреуке-торлана тоқылған қорғаныш жамылғы деп айтсам қателесе қоймаспын. Бадан кіреуке, торғайкөз кіреуке деп түр-түрлерге бөліне береді. Хандар тіптен ақ күмістен кіреуке соқтырып алып киген деседі. Бірақ, күмістің жұмсақ метал екенін ескерсек, ол кіреукемен қол бастап жүргеніңізбен нақты қанша оқтан сақтарын кім білсін.
Қара бұлан терісін
Етік қылыр күн қайда,
Күдеріден бау тағып,
Кіреуке киер күн қайда,
Күмбір, күмбір кісінетіп
Күреңді мінер күн қайда,
Толғамалы ақ балта,
Толғап ұстар күн қайда,
Алты кұлаш ақ найза
Ұсынып шаншар күн қайда
Садақ толған сайгез оқ
Масағынан өткеріп,
Басын қолға жеткеріп
Созып тартар күн қайда!-деп Ақтамберді бабамыз күңіренген екен.

Суреттің алынған жері www.booksite.ru/enciklopedia/strate/94.jpg
Бөлісу:

1 пікір