Тим Лотт: «Рахмет, Анашым! Маған өмір сыйлағаныңыз үшін, мені шексіз сүйіспеншілікке баулығаныңыз үшін!»
8 наурыз халықаралық әйелдер күні болғанымен әлемнің көптеген елдерінде «аналар күнін» тойлау үрдіске айналған. Бұл күні көптеген балалар аналарына арнап шынайы хат жолдайды. Сондай хаттың бірін 3 сәуір күні «The Independent» газетінің тілшісі Тим Лотт жазған екен. Өзінің анасынан жиырма жылдай бұрын айрылған жанның хатын өздеріңіз оқып көріңіздер.
Анашым!
Сіздің бұл пәни жалғанды тастап кеткеніңізден бері жиырма жыл уақыт өтіпті. Бала кезімді өз қолыңызбен төсегіме жатқызғаныңыз, қараңғыдан қорқып жылаған кезде қасымнан табылғаныңыз әлі есімде. Әттең! Өткен күндер қайта келмейді.
Әкем сізді «аналар күні» өз бөлмеңізде қимылсыз жатқан жеріңізден тауып алып еді. Бұл күн менің өмірімдегі ең қайғылы күн болды. Мен сіздің бізді тастап кеткеніңізге іштей қайғырумен болдым. Кенеттен сіздің маған қаншалықты қымбат екендігіңізді, балаларыңыз үшін кез келген нәрсеге даяр болғандығыңызды, анасыз өмір сүру қаншалықты азап екендігін түсіндім. Сол бір азапты сәттерден қаншама жылдар өтсе де, сізді ең болмаса бір көруге деген сағынышым басылған емес. Балаға тек ананың аялы алақаны керек екенін анық ұғындым.
Анашым! Біздің бақытымыз үшін өзіңізді құрбан етуге дейін бардыңыз. Бірақ, сіз кеткелі біздің өміріміз керемет болды деп айту өте қиын. Сізді де түсінем, анашым! Барлық өзге аналар секілді сізде балаларыңыз үшін әрдайым идеал болуды мақсат еттіңіз. Бала үшін идеал болу тек ертегілер мен жақсы жазылған шығармаларда ғана кезігеді. Өмірінде ең болмаса бір ғана бала тәрбиелеп өсірген анаға ешқандай да идеал болуға ұмтылудың қажеті жоқ. Ана үшін идеалдық – өзінің керек орнында табылуы. Ал, сіз дәл қазір өзіңізді қажет ететін орында жоқсыз...
Анашым! Біздің осы күнге жеткенімізді көре алмай кеткеніңізді ойласам өзегім өртенеді. Қатал тағдыр өмірден ерте алмағанда сіз әп-әдемі сегіз баланың әжесі атанар едіңіз. Есіңізде ме, баяғыда әже болуда қатты армандайтынсыз. Немерелеріңіз сабақтан келгенде шашынан бір иіскесеңіз, сізге сыйластық ретінде олар да құрмет білдірсе керемет емес пе? Өкінішке орай сіз болашаққа күмәнмен қарадыңыз… Бізді небәрі 57 жасыңызда тастап кетумен бірге сіз өзіңіздің болашақ бақытты күндеріңіздің тамырына баста шаптыңыз және сіздің керемет екендігіңізді айтатын немерелеріңізді әжесінен айырдыңыз. Өлім – тек өлген адамның жанын ұрламайды, сонымен бірге оны жақсы көретін, болашақта жақсы көруі мүмкін адамдардың бақытын қоса ұрлайды.
Осы күнге дейін екі әйелмен тұрмыс құрдым. Төрт қыздың әкесі атандым. Ана болудың керемет екендігін енді-енді түсінгендеймін. Ана – баланың түсінбегенін түсіндіре отырып жүрегінде мәңгі сақталады. Балалар анасымен қатар әкесінде жақсы көруі мүмкін. Бірақ, ана бір қолымен әлемді тербетіп отырғанынан бейқабар. Тіпті, білген күннің өзінде біраз уақыттан кейін ұмытып кететіні анық. Сәби кезіңде түн ұйқысын төрт бөлетін, жығылсаң тұрғызатын, жыласаң жұбататын, кіріңді жуып, тамақ істейтін, туған күндеріңді ұйымдастыратын, сабағыңды оқуыңа жәрдем ететін ана екендігін түсінуіме осыншама ұзақ уақыт кеткендігіне өкінемін. Шындығында мен сіздің қадіріңізді түсінбеген екенмін. Мүмкін, бұл көптеген аналардың басындағы жағдай шығар. Аналар балаларына махаббат көрсетуге, жас шыбықтай болған сәбилерін дұрыс тәрбие беруге міндетті. Бірақ, осы әрекеттері үшін өз қандарынан жеткілікті сүйіспеншілікке бөлене алмауы аналардың қасіреті шығар.
Анашым! Осыдан бірнеше жыл бұрын сізге біздің жіберген қателіктерімізде кешіруіңізді сұрап хат жазған едім. Ол хатты сіздің оқуыңыз мүмкін емес екендігін біле тұра жаздым. Сізбен өткізген өмірімнің қызықты жылдарында ешкімге дес бермей университетке оқуға кеткенім, сіздің жүрегіңізге ауыр жара салғаным жанымды жай таптырмады. Менің шын жүректен жазған хатымнан кейін сіздің мені кешіретініңізді ойлап көңілімде қуаныш орнады.
Кейде сіз бізбен бірге арамызда тағы да ойнап-күліп жүрсеңіз екен деп армандап қоямын. Қандай керемет, тағы бір мәрте сіздің аялы алақаныңыздың жылуын сезінсем, сіздің бұл өмірде барлығыңызға көз жеткізсем, мен сіздің алдыңызда жатып, ал сіз менің шашымнан сипап отырып әңгімелесек. Мүмкін, «аналар күнінде» сіз мені тауып алып, мені тағы бір мәрте еркелететін шығарсыз...
Уақыт өткен сайын санадағы сезім ескілене береді. Мен сіздің шынында кім екендігіңізді білмеппін. Себебі, мен сізді өзіндік орны бар тұлға ретінде емес, анам ретінде ғана түсінген екенмін. Дәл қазір сіз маған мамықтан жұмсақ, күннен де ыстықсыз. Сіздің ашуланған келбетіңізде елестете алар емеспін. Есіме сондай мейірімді, білгенін үйретуге құмар анам ғана сақталған.
Анашым! Сіз менің санамда мәңгі жатталып қаласыз. Қандай жағдайды да күлімсіреп қарсы алатын, қайтпас қайсар, әкеме деген шексіз махаббат, мен және менің екі ініме деген сүйіспеншілік жадымда жатталып қалған. Сіз бізді еркіндікке тәрбиеледіңіз. Болған нәрсеге кінәлі сезінбеуге, өмірге құштар болуға үйреттіңіз. Сіз ақтық деміңіз қалғанша қайырымды болуыңыз мен үшін үлгі тұтарлық жағдай.
Рахмет, Анашым! Маған өмір сыйлағаныңыз үшін, мені шексіз сүйіспеншілікке баулығаныңыз үшін айтар алғысым шексіз. «Аналар күнінде» анасы жоқтарға «бақытты бол, Анашым» деп айту қандай қиын. Ең болмаса түсімде сізге өмірге алып келген балаларыңыздың атынан рахмет айтсам деймін. Сіз әрқашан біздің есімізде шынайы ержүрек болып қала бересіз. Барлық балаларыңның атынан, өзіңіз көре алмай кеткен сегіз немереңіздің атынан рахмет сізге, Жан, анашым!
Сүйікті ұлың Тим!
Дерек көзі: http://www.independent.co.uk/opinion/commentators/tim-lott-thank-you-mum-for-giving-me-life-and-for-a-love-that-was-endless-2260762.html

Пікір жоқ әзірше