Кімдерді кім танып жүр?
Мәдениетімізді, әдебиетімізді дамытып, рухани бұлақтың көзін ашып берген жыраулар мен ақындарымызға біздің топырақ кенде болмаған. Бүгінгі таңда сол жырауларымыз бен ақындарамыз ашып берген бұлақтан сусындап жүрміз бе? Немесе еңбектері кітапхана сөрелерінде шаң басып жатыр ма? Жастар, аға буын өкілдері олардың еңбектерімен қаншалықты таныс? Доспамбет жырауды, Ақтамбердіні, Шалкиізді, Қазтуғанды біле ме? Өкінішке орай көбісі біле бермейді!
Өкінішті-ақ. Ұрпағы үшін тер төккен жандардың еңбектері түгілі есімдерін білмеу адами арымызға сын. Тарихқа тамыр жаймасақ, болашақта жайқалып гүлденбей қалуымыздың қауіпі бар, өйткені мықты мемлекет болуымыз үшін, тарихымыз, сал дәстүріміз тіліміз дініміз бойға сіңіп, болмысымыздан көрініс таба білуі қажет. Ол үшін қандай шаралар жасалуы тиіс? Бұл сұрақтың да жауабы белгілі. Шешілмейтін түйін жоқ демекші, бұл мәселенің бір ден бір шешімі қала көшелері ақын жырауларымыздың есімімен аталса. Құр аталып қоймай, әр көше басына есімі берілген жанның кім екенін, сәулелі еңбектері қысқаша жазылып, халықты хабардар етсе игі. Өйткені жахандану заманында кей жастар кітапханаға баруға, ал барған жастар ұрпақ үшін тер төкккен жыраулардың еңбектерін оқуға ерінетін көрінеді. Олар үшін, компютерлік клубтарға барып, андеграунд, контр страйк, гта ойындарын ойнаған артық сияқты. Міне осындай қазақи рухы төмен жандарға бабаларымызды танытудың бірден бір жолы жоғарыда айтылған мәселе. Яғни көше аттарын беру. Ащы да болса шындық, бүгінде көкем ден көше аты, атам деп ауыл аты берілу науқаны күшейіп тұр. Қалтамда қаржым бар деп, батырларды, ақын жырауларды ата, әже, көкелерінің көлеңкесінде қалдырмаған жөн шығар. Біреуді даттаудан, қаралаудан аулақпыз, дегенмен тарихымызды тірілтпесек жастардың мәңгүрт болып өсу қаупі бар. Біздің жастар Джеки чанді, Вандамды, Шакрух ханды, Жумонгті танығандай неге таңдайынан шаңы шыққан Доспамбет жырауды, Ақтамбердіні, Қазтуғанды танымайды деген сұрақ жанымызды жегідей жейді. Танымауының да себебіі тиісті мекемелер ер есімін ел есінде сақталуы үшін жұмыс жасап жатпағандығынан сияқты. Ел үшін еңбек еткен қоғам қайраткерлерін, ақын жазушы, жыраулардың есімін, атқарған істерін білмеу ұят-ақ. Бірақ қара халыққа қандай кінә артамыз. Мұның бәрі тиісті мекемелердің көше-көшеге жарнама ілумен айналысып, жырауларымыздың, батырларымыздың ел үшін қызмет еткен ағаларымыздың есімін, еңбектерін насихаттауды ұмыт қалдырғандығынан деп білеміз. Сөз түзелді, тыңдаушы сен де түзел демекші, бұл істер алдағы уақытта өз шешімін табады деген үміттеміз.
АЛДАСПАННЫҢ ЖАРҚЫЛЫ!!!

Пікір жоқ әзірше