Жер сілкінісі кезінде не істеу керек?

1 мамырдағы жағдай біраз ойлантып кетті. Ондай жағдайға мүлдем дайын емес екенбіз. У-шудың арқасында біраз дайындық жасағандай болдық. Өз басым бүкіл құжаттарымды бір сөмкеге салып қойдым. Сосын қауіпті жағдай туады -ау дегенде үйдің қай жеріне тұруға болады, қалай жетем дегендерді ойша пысықтап қойдым. Жер үйде  қауіп аз болады дейді, десе де сақтақта қорлық жоқ. Дәл қазір жұмыста да отырып бұрыш-бұрышқа көз салып отырмын. Бәрі Аллаһтың қолындағы нәрсе ғой, десек те сақтанып, сақтық шараларын біліп жүрген жөн. Айтпақшы  бүгін  БАҚ-та жер сілкінісі кезінде не істеу керек деген ақпарат жариялай бастапты.  ҚазАқпараттың сайтынан мына ақпаратты көзім шалып қалды. Блогыма кірушілерге  аз-маз ақпарат болсын деп блогқа бағыттадым.Сонымен…
Түрлі күштегі сейсмикалық көріністер Қазақстан Республикасы аумағында жиі кездеседі.Әрбір жер сілкінісіне мән бермеген жөн. Үстірттің әлсіз тербелістері (5 баллға дейін) Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс және басқа аудандарында жылына бірнеше рет болып, зақым келтірмейді. Бірақ, егер тербеліс күші бірден немесе бірте-бірте 5-6 баллға дейін жететін жер сілкінісі басталса, – бұл қауіпті нышан. Бұдан кейін оқиғалардың үштен бірінде тербелістер 7 және одан да жоғары баллға дейін жетіп, күштірек болады.
Жер сілкінісі ойда жоқта келгенін ескерсек, төтенше жағдай кезіндегі өз әрекеттерін алдын-ала жоспарлап қою өте маңызды. Белгілі бір жағдайда қандай әрекет жасау керек екенін білгенде, өз өмірін сақтап қалу мүмкін. Негізінде, өлім және жер сілкінісі кезіндегі алған жарақаттардың себебі жер асты дүмпуі емес. Өлімдердің көбі ғимараттардың қирауы, сынықтар мен пеш мұржаның және көшедегі жарықтандыру бағананың сынықтары және т.б. сияқты заттардың құлауы нәтижесінде пайда болады.
ЖЕР СІЛКІНІСІ КЕЗІНДЕ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК? ҮРЕЙЛЕНБЕҢІЗ!
Ең маңыздысы – сабырлы болып, үрейсіз әрекет ету. Бірақ жылдам қозғалуыңыз қажет. Ретсіз іс қимыл жасамағаныңыз жөн, өйткені осыдан үрей туындайды. Балалар мен егде адамдардың қамын ойлаңыз (олардың кейбіреулері жылжуда қиыншылықтарға тап болуы мүмкін).
ТҰРҒЫН ЖАЙДА:
газ, су, және жарықты сөндіріңіз;
алдын ала таңдалған орында (іргелі ішкі қабырғалардың арасы, іргелі ішкі қабырғалардың бұрыштары, колонна жанындағы және каркас астындағы орындары) тығылыңыз;
терезеге жақындамаңыз;
есік жақта үрейді туғызбай, лифтіні пайдаланбаңыз.
КӨШЕДЕ:
ғимараттардан алысырақ ашық жерге барыңыз, үзілген сымдардан абай болыңыз;
ғимараттарға кірмеңіз.
КӨЛІКТЕ:
мүмкіндігінше тез арада ашық жерде тоқтаңыз;
дүмпулер аяқталғанша көліктен шықпай, орныңыздан қозғалмаңыз;
автобус жүргізушісі есікті ашып қоюы тиіс.
ЖЕР СІЛКІНІСІНЕН КЕЙІН:
сабырлылықты сақтаңыз, зардап шеккендерге көмектесіңіз;
радиоқабылдағышты қосыңыз, жергілікті биліктің, азаматтық қорғаныс штабының нұсқауларын қадағалаңыз;
аса қажеттіліксіз телефонды ұстамаңыз;
зақымдалған ғимараттарға аса қажеттіліксіз кірмеңіз;
жарақаттанбау үшін мықты аяқ киім киіңіздер, құтқарушы және басқа шұғыл жұмыстарға қатысыңыздар.
Жер сілкінісі кезінде қауіп-қатерді болдырмау үшін арналған жалпы ұсынымдар:
жиһаздың ауыр заттары құлайтын жерде ұйықтауға болмайды. Салмақты ауыр заттарды еденге немесе қабырғаға шегелеп қою қажет.
биік сөрелерге ауыр заттарды қоймаңыз, өйткені олар құлап адамдарды жарақаттауы мүмкін.
егер дежер сілкінісі түнде болса шамды даярлап қою керек.
төтенше жағдайлар туындағанда жеткілікті көлемде ішетін сумен тағам болу керек.
• Әрбір адам әр түрлі жағдайларда әрекет ету жоспарын өзі жасау керек. Жер сілкінісі кезінде өзі және отбасы мүшелерінің әрекет ету жоспарын анық білу қажет. Және де жер сілкінісі кезінде сабырлылықты сақтаңыздар, лайықты іс жасап, ҮРЕЙГЕ ЖОЛ БЕРМЕҢІЗ!  Дерек көзі ҚазАқпарат.

Мақала сілтемесі: http://azanbekov.wordpress.com/2011/05/03/1103/
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше