Молаға зиярат қалай орындалады?
Сұрақ: Рухани жердің тарихымен танысуға, Ислам ғұламаларына және бабалар рухына Құран оқуға, мұсылман қабірлерін зиярат етуге сол жерлерде Алладан елдің, жердің амандығын тілеуге бола ма? Себебі кейбір діни адамдар ондай жерлерге баруға болмайды десе кейбір кітаптарда баруға болатынын айтады. Осының қайсы дұрыс? (Абзал)
Жауап:
Шариғатымыз Ислам ғұламалары мен әулие құлдардың, тіпті жалпы мұсылман қабірлерін зиярат етуге рұқсат етеді. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Сендерді қабірге зиярат етуге тиған едім, енді зиярат етіңдер. Өйткені ақыретті естеріңе түсіреді» деген хадисі бар. Сондай-ақ рухани жердің тарихымен танысу, өлілерге бағыштап құран оқу, Алладан олардың игілігіне дұға тілеу – мұстахаб яғни сауапты амалға жатады. Ал қандай да бір топ адамдарды бабалардың басына апарып шариғатқа қайшы әрекеттер жасатып жатса дұрыс емес. Мәселен, алдына келген адамдарға пәленше бабаңның басына баруың керек, бағың байлаулы, ата-бабалардан бата алып жолыңды ашып береміз, пәленшенің басында қой соясың, түгеншенің басында түнейсің, ата-бабалардан бала сұрайсың деген секілді іс-әрекеттер шариғатымызға қайшы. Осылардың қатарына «Ақ ана», «Ата жолы» сияқтыларды жатқыза аламыз. Олардың бұл әрекеттері халықтың діни сауатсыздығын пайдаланып өз мүдделеріне жету үшін ғана жасалынып отыр.
Шариғатта рұқсат етілген нәрсе әулие — әмбиелердің құрметі үшін деп Алладан тілек сұраса болады. Бұл жөнінде толық мәліметті дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлының «Дін мен Діл» кітабынан «Тәуәссул» дегенді қалай түсінуге болады? Жалпы ол дінде бар нәрсе ма? атты тақырыптан қараңыз.
Дерек көзіҚазақстан діни басқармасы

Пікір жоқ әзірше