Ғасырдан да ұзақ күн
***
Болашақ жарнамамыз ілінетін жерге барып, ауаны қармап, бос кеңістікке ойша сурет салып, біраз жерге барып қалдық. Тіпті жарнаманы іліп кетіп бара жатқандай сезім келді. «Ауызбен егін ору» деген осы шығар.
***
Түске жақын күдікті күбірлер, сыбырласулар көбейіп кетті, тіпті біреулер ыммен сөйлесіп кетті. Түсте белгілі болды: әлі алынбаған мебельді кабинет-кабинетке астыртын бөлісіп жатыр екен. Сол да өмір боп па-ау.
***
Ал түсте ашық конфронтация басталды. Себеп: дүкеннен қазір ғана әкеле жатқан оргтехникаға шайқас екен. «Саған принтер керек пе?» деді майдан алаңынан біреу мойнын созып. «Білмейм» дедім. «Керек емес онда» (?!) деп, мені тізімнен сызып тастады. Сол да өмір болыпты ма десейш.
***
Өте-мөте сенімді делінетін, жылда лицензиясына қоралы ақша төленетін бір бағдарламадан ши шықты. Көшіп кете жаздадық. Ол былай болды.
Екі аптадан бері көрсеткіштерін жанама тексеру арқылы, ауытқу бар сияқты екенін байқадым. Бірақ сенімсіз болып жүрдім. Себебі, тұтастай мекеме екі жыл бойы пайдаланып келсе, дұрыс шығар дедім.
Бірақ бүгін шыдамай, Қарағандыдағы программаны жасағандарға телефон шалдым. Телефонды көтергендер маған сұмдық жаңалық ашты. «А мы и не гарантировали сверхточность, причем в спецификации сразу же указали, что погрешность можеть быть в пределах 25 процентов» дейд!!! Яки деймін де, сен біреуден 100 000 алуың керек болса, 75 000 деп көрсетуі мүмкін!!! Осы жүйенің көрсеткен параметрлері бойынша, талай адам жұмыстан қуылған, талайлар марапатталған. Әне қайда тақырып! Не бетімді айтайын: бұғалтырлар табақ пен тоқпағын алып, отты айналып билеп жүр: екі жылғы қағаздардың барлығын қайта көтеріп жатыр.Бұл ауытқуды әдейі байқамаған деген де күдік жоқ емес, әлдекімге тиімді болған сияқты. міне жігіттер мен қыздар, бүгін осындай бәліш!!!
***
Корпоративтік компьютерлік сауатсыздықты жою туралы мәселе көтерілді. Көз алдыма 1920 жылдардың, сауатсыздықты жаппай жою науқаны кездеріндегідей сабақта отырған кемпір-шалдардың плакаты келді.
***
Ертеңгі күннің жұмыстарын елестетіп, діңкем құрып тұр… «Ма*мааа»…
Пікір жоқ әзірше