Демалыс

Бес күн жұмыстан соң екі күн демаламын. Демалыс деген аты болмаса жатыс шамалы. Оны – мұны шаруалар, тіпті той -топыр, қонақтықтың өзі адамды шаршатып болады. Сілең қатып келеді. Ол аз болғандай жұмыстан тел соғады: “Менің компьютерімнің пәлені жасамай қалды, бастық айтты срочно, міне саған қарап қолымның байланып отырғаны,” – дейтіндері тағы бар. Оған кетесің зыр жүгіріп. Сонымен не керек сағат кешкі тоғыз шамасында арқаң жерге зорға тиеді. Жатып алып ойлайсың: “Е-ер-ртең,… “- деп, ит-қырған списокты ой елегінен өткізіп, неден бастасам тиімді болады деп жатырғанда телефон шыр етеді.

— Ия, О-оу, Мәке ассалау!
— Қал қалай! Жатып қалған жоқсың ба?
— Жо-жоқ, (жатып қалдым десең ренжіп қалуы мүмкін және сөйдесең өзіңді бір “ит” сезінесің) айта бер!
— Не ғо, Тәкең хабарласқан (арғы жағы белгілі)
— Не дейді? (мен бүгін дем алам дегенді айта алмай қасқа болып тұрған кез)
— Шар соғайық деген, қазір маған қарай шығып келеді (деген сөздермен шықпасқа болмайтынын жеткізеді)
— Қайда боласыңдар? (Қазір барамын дегенге тең)
-”Көк алмаға” келе бер. (Ол жерге бармайтынына 100% сенімдімін)
— Жақсы дабай! қаз барам!
Телефон әңгімесі бітті. Бір бес-он минут отырған соң киіне бастайсың. Бас аяғы үш-төрт минут далаға шығасың. Жаймен аяңдап “Көк алма” жаққа қарай бет аласың. Осы үйден шықты – ау деген кезде тағы телефон:
-Ия
-Әлеке, қайдасың?
-Көк алмаға келіп қалдым (не болса да әбден жеткенде соқтың дегендей, негізі әлі жарты жолдың жартысында келем ғой )
-Әлеке, былай ғо
-Айта бер
-Біз “Ақ ордаға” бара жатырмыз (қиналмаса да қиналғандай айтады, типа сенен ұят болд дегендей)
— Қай жерде келесіңдер? (примерно енді шыққандарын сезіп тұрмын)
— Мен таксидемін, Аманға барам, сол жақта Тәкең бар. Бірге келеміз сосын. (Тәкең келе жатыр деген адам)
— Жақсы
Бір прогулка болсын деп жаяу жүріп келем. “Көк алманың” тұсына да жеттім. Күн салқын, жай жүріс қалды, адымдап келем.
Келсем, таксиден түскендері сол екен. Аман сау алысып кірдік. Отырыс жақсы өтті, шаршағанды ұмытып кеттік. Ара тұра ертең жұмыс деп қоямыз.
Жұмыстамын, шыны керек қирап отырмын. Жексенбіге қыдырмаймын деп ойлап отырмын, бірақ келесі жолы не күтіп тұрғанын кім біледі?..
© nurgaliyev.com
Бөлісу:

1 пікір