Азиада медальдарының алғашқы нұсқалары (+сурет)
Қазақстанда Азиадада тапсырылатын сый комплектілерінің дизайнын жасау төрт жыл бұрын басталып кетіпті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне VII Қысқы Азия ойындарының креатив директоры Тигран Тунеянц хабарлаған екен.
Дизайнердің сөзіне қарағанда, оның командасы Азиаданың өзіне тәні сипат-стилистикасының үлкен бөлігін жасап шыққан. Жекелеп алғанда, олар жарыс талисманының эскиздерін, логотипін жасап, түстік гаммаларын белгілеген және жарнамалық материалдардың бір бөлігін өз мойындарына алған. Ал негізгі жұмыстары медальдардың дизайнын жасау болыпты.
“Төрт жыл бұрын біз қысқы Азия ойындарының стилін қалыптастыру жұмыстарын бастап кеттік. Кейінірек Азиаданың Атқарушы комитетінің жанынан креатив бөлімі ашылды. Бірақ 2010 жылы жаңа басшылық келіп, бізбен байланысты үзді, біз комитеттің құрамынан шығып кеттік. Графикалық стилистиканы пайдаланудың заңды бақылау құқығы бізде қалды. Ал иелік ету құқығына Азиаданың Атқарушы комитеті ие. Екі жаққа кетісер алдында біз медальдар бойынша жұмыс жасап жатқан едік“, – дейді Тунеянц.
Оның айтуынша, ақырғы презентация кезінде, комитет үшінші, төртінші және бесінші нұсқаларды фаворит деп тауыпты. Медаль жасаушыларға тау хрусталі кристалдарымен жұмыс жасау ұсынылған екен.
“ Мен Азиадаға дайындалған қазіргі медальды көрдім. Бір қарап-ақ, оның идеясының біздің презентациялардан алынғаны көрініп тұр. Мәселен, біз хрустальдан жасаған элементтерді темірден жасалған өрнектермен ауыстырыпты. Маған бұл медальдар ұнамайды”, – дейді ол.
“Қазақстан теңге сарайының” маманы Руслан Тахиров жарық көрген медальдарды “өте креативті” деп бағалағанын да айтып өтуге болады. Сый комплектілеріне 39 килограмм күміс пен бір килограмм алтын кеткен жайында бұрынырақта хабарланған болатын.
Жекелеген “ алтын және күміс медальдардың салмағы 340 грамм, ал қола – 520 грамм”. Сипаттамсы жайлы мына жерден оқуға болады.
Төменде жоғарыда аталған креатив бөлімі ұсынған медальдар нұсқасы берілген.
Түпнұсқа.
Айтпақшы, қазіргі медальдың кескіні мынадай:
Мақала сілтемесі: http://qisyq.wordpress.com/2011/02/04/%d0%b0%d0%b7%d0%b8%d0%b0%d0%b4%d0%b0-%d0%bc%d0%b5%d0%b4%d0%b0%d0%bb%d1%8c%d0%b4%d0%b0%d1%80%d1%8b%d0%bd%d1%8b%d2%a3-%d0%b0%d0%bb%d2%93%d0%b0%d1%88%d2%9b%d1%8b-%d0%bd%d2%b1%d1%81%d2%9b%d0%b0%d0%bb/
4 пікір