Олимпиада чемпионы Б. Артаев Жамбыл облысы әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары болып тағайындалды

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Жамбыл обылысы әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары қызметіне Афины олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаев тағайындалды,деп хабарлайды ҚазАқпарат аймақ басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бақтияр Артаев 1983 жылы туған. Құқықтану, менеджмент, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі мамандықтары бойынша М.Қ.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, Қазақ спорт және туризм академиясын тамамдаған.

Еңбек жолын «Тараз газ шаруашылығы басқармасы» ЖШС-ның менеджері болып бастаған. ҚР ІІМ ішкі әскері спорт командасының аға нұсқаушысы, маман, бөлім бастығының орынбасары, «Тараз газ шаруашылығы басқармасы» ЖШС-ның инженері, Жамбыл облысының Жамбыл ауданы Айша Бибі ауылдық округінің әкімі болып қызмет істеген. 2009 жылдан бері Жамбыл облысы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарып келген.
Афинада атой салған Бақтиярға жаңа қызметте табыс тілейміз!




Мақала сілтемесі: http://azanbekov.wordpress.com/2011/01/28/%d0%be%d0%bb%d0%b8%d0%bc%d0%bf%d0%b8%d0%b0%d0%b4%d0%b0-%d1%87%d0%b5%d0%bc%d0%bf%d0%b8%d0%be%d0%bd%d1%8b-%d0%b1-%d0%b0%d1%80%d1%82%d0%b0%d0%b5%d0%b2-%d0%b6%d0%b0%d0%bc%d0%b1%d1%8b%d0%bb-%d0%be%d0%b1/

Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше