Қазақ спортшылары, қайдасыңдар?



Мен жалпы қазақты бір кісідей-ақ сүйетін пендемін. Қазақ елі құдіретті ел, қазақ ұлты мықты ұлт болсын дейтін әрбір қазақтың азаматы оның құдіреттілігі мен мықтылығының бастауы жекелеген адамдардан басталатынын жақсы білуі керек деп ойлаймын. Соңғы жылдары спорт саясатқа айналды. Ол – халықарада мемлекет пен ұлттың тән сапасын, күш-қуатын әйгілейтін қорғасынсыз құралға айналды. Енді өз елімізде өтіп жатқан 7-қысқы Азия Ойындарында Қазақстан атынан түсетін спортшылардың салыстырмасын қарап көрейік. Қысқы Азия Ойындарына жолдама алған 80% адам орыс ұлтының өкілдері болса, 20 пайзы қазақтар. Есептеп көрсеңіз 15 миллион қазақтың әр 750 мыңынан бір қазақ спортшы Азиадаға қатысып отырған болып шығады. Олардың бәрі тым жас немесе спорт әлемімен қоштасуға жақын адамдар. Анығын айтқанда, орыс болмаса біздің спортымыздың жағдайы жауыр аттай сауырына қол тигізбей тұр дегенге саяды. Тәуелсіздік алған 20 жылда қазақтың спорттық танымы мен дене сапасы кем дегенде елу де елу салыстырмасына да қауқарсыз қалде қалған. Еліміздің байлығын айтып мақтанғанда қалған дүниенің бәрі жайында қалады. Сонда спорт шеберлерін тәрбиелеуге, озық елдерге жіберіп өскін ұрпақ жетілдіруге кім тосқауыл? Жалпы, қазақты бір кісідей сүйетін жандар үшін мұның бәрі кейде көзге жас болып тұнып, көкірекке шер болып байланады. Әмәндә қазақтың мерейі үстем болсын! Айтпақшы, осы реткі Ақ Азиаданың ашылу салтанаты ел мерейі мен, ұлт рухын көкке көтерді. Дүниеге қазақтың да бес мың жылдық тарихы бар екенін, дүниетанымы мен салт-санасын әйгіледі. Бұл – үлкен жетістік.

Сурет: Ақ Азиаданың ресми сайтынан алынды
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше