БЛОГСФЕРАНЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Тақырып қаншалықты дұрыс таңдалды білмеймін, оны осы мәтінімнің соңынды анықтармыз… Бұл мәселені қолға алуымның себебі неде? Көптен бері блог жүргізіп келдік, басқа блогтардағы қызық мақалаларды оқыдық, талқыладық…
Бір уақытта тоқырауға келіп тірелдім… Сондағы жазып жүргенім не? Мақсат не? Ең бастысы осы мақсат мәселесі мені тығырыққа тіреді… Біраз уақыт блогсферадан ұзап кеттім..Қайта оралғаныммен, Алматыдан Астанаға қоныс аударуым бір болды… Келгелі Аршатпен, Нұрғисамен біраз әңгімелесіп көрдім..”Блогты не істесем екен?” деген сұрақ қойдым, мақсатым әрине олардан жауап алу еместін..Өз өзіме қойған сұрағым еді бұл…
Содан міне екі үш апта өтті..Қарап отырсам, блогсферада әртүрлі ортада өскен, әртүрлі ортада жүрген адамдар жиналған екен… Көбінесе байқайтыным, қоғамдағы мәселелерге қанық, қоғамдағы қалыптасқан көптеген жағдайларға көңіл толмаушылық, тіл, ұлт мәселелеріне деген немқұрайлықтарға наразылық жиі байқалып жатады блогтарында… Бұл енді қазақ блогсферасы болғаннан кейін осылай болуы заңдылық шығар… Басқа тілді блогсфераларға қарағанда “меліш” сауданың соңында емес, толғанатын, ойланатын мәселелердің басы қасында жүргеніміз байқалады..Қазақтың баласы, бала кезінен, “атаңның емес, адамның баласы бол”, “еліңнің ардақтысы, халқыңның қалаулысы бол” деген бата тілекпен өседі…
Енді біздің қаймағы бұзылмаған әдемі дәстүрімізді заманауи білім шағымен бірге ала жүретіндердің саны арта түскен сайын, қазақ қоғамы кемелдене түсер..Қазіргі қазақтың ен басты екі мәселесінің бірі, қазақ болу бақытынан мақұрым қалушылық, өз дәстүрін, тілін, дінін елемеушілік, екіншісі өзіне өзі талап қоймаушылық, ілім іздемеушілік, өзін өзі жетілдірмеушілік…
Қорыта келгенде, тоқсандай сөздің тобықтай түйіні не болмақ?
Айтпағым мынау, блогсфера қауымы, әр түрлілікке қарсы емеспін, бірақ кейбір мәселелерде бірыңғайлықты қалыптастыруға қалай қарайсыңдар? Қоғамдық, ұлттық мәселелерде мысалға, бірыңғай азаматтық ұстаным, азаматтық жауапкершілік қалыптастыруға қалайсыздар?
Осы төңіректе пікір алмасып көрелік, баяғыда флэшмобтар болушы еді ғой, бұл жолғы тақырып осы болсын..Іске сәт!
Пікір жоқ әзірше