Гүлдер сыры
Өсімдіктер көп өсірілген жерде сіз оп-оңай тыныс алуға болатынын байқадыңыз ба? Олар өз бойларынан бізге оттегі шығарып қана қоймай, адам айналасындағы қоршаған ортаның биоаумағын тазартады.
Үй ішінде әдемі өсімдіктер көп болса, сіздің көңіл күйіңіз әрқашан жадыраңқы жүреді.
Сіз кейбір адамдардың гүлдерге су құйған кезде олармен сөйлескенін көрдіңіз бе? Гүлдер де адамзат сияқты оларды жақсы көргенін сезеді. Адамның көңіл-күйіне байланысты өсіліп, жетіледі. Егер үй-ішінде ұрыс-керіс, жанжал, келеңсіз жағдайлар жиі болып тұрса, олар да өздігінен солып, сарғайып ауруға шалдығуы мүмкін.
Зерттеулер бойынша бөлме өсімдіктері адамға әр түрлі жақтан әсер етеді. Оның ішінде лалагүлі /лилия/, қазтабан гүлі/гусиные лапки/ ауаны ластанудың бірнеше түрінен, соның ішінде формальдегидтен тазартады. Ал, бегония мен фикус гүлдері үйіңізге келген адамдардың жағымсыз пиғылдарын өз бойларына сіңіріп, сіздерге тек оң энергия жібереді. Теледидар, компьютер, толқынды пештердің сәулелерінен сақтануға сіздерге раушан гүлдер, орхидея, өрмелегіш /лиана/ өсімдіктер көмектеседі. Балалар бөлмесіне шегіргүлдерді /фиалка/ орналастырсаңыз, олардың жеткіншектік өсіп-жетілу уақытындағы көңіл-күйін бірқалыптылыққа бейімдейді. Қазтамақ /герань/ гүлінің қасында 15 минуттай отырсаңыз да жеткілікті, сіз өзіңіздің жаңа күш жинап, демалғаныңызды сезесіз. Өйткені, бұл өсімдік эфир майларын бөліп шығарады. Сіздің ағзаңыздағы зат алмасу процесі ұлғая түседі. Ұсақ жапырақты бұрыштар мен хризантемалар жанұядағы, жұмыс орнындағы адамдардың бір-біріне деген жақсы қарым-қатынастың қалыптасуына әсер етеді.
Бөлмеңізге гүл жапырақтарының жалпақ, домалақ тәріздес түрлерін көп өсіргеніңіз жөн. Олар сіздің үйіңізге табыс, ақша келуіне әсер етеді. Жапырақтардың тікенек, тік /мысалы, кактус, алоэ/ болғаны адамға жағымсыз қолайсыздық туғызуы мүмкін. Әсіресе, жанұялы отбасыларда ұрыс-керіс шақырады. Дәрілік өсімдік ретінде қажеттілік тудырса, кез келген дәріханадан алоэны сатып алуға болады.
Гүлдеріңіздің ауруға шалдыққанын, сарғайып кеткенін байқасаңыз, олардың орнын басқа жерге ауыстырыңыз. Егер ол жерден оңалып кетсе, онда жақсы. Болмаған жағдайда одан құтылғаныңыз жөн.
Бөлмеңізде өзіңізге ұнамайтын бұрыштар болса оларды бейтараптандыру үшін шашыраңқырап өсетін шырмауық өсіруіңізге болады.
Әдемілік үшін арнаулы құтыға өсірілген гүлдер немесе жаңа кесіп алынған гүлдерді қолданыңыз. Олар да тіршілік иесі тәрізді өздеріне қарауды қажет етеді. Өсімдіктеріңіз әрдайым таза, әдемі болуы керек. Егер сіздің оларға қарауға уақытыңыз жоқ болса, қарауды көп қажет етпейтіндерін таңдауға тырысыңыз немесе мүлдем оларды өсірмеңіз.
Гүлдер адам өмірінің алға басуына септігін тигізеді. Адамның белсенділік танытуына қуат береді. Сіздің ұйқыңыздың дұрыс болып, тыныш ұйықтағыңыз келсе олардың демалатын жатын бөлмеде болмағаны жөн. Тек, егер сіздің сүйіктіңіз сізге туған күніңізге немесе мереке күндері гүл сыйлаған жағдайда ғана оларды жатын бөлмеге қоюға болады. Өйткені, ол гүлдер сіздің сүйіктіңіздің сізге деген махаббатына толы. Арнайы құтыға таза су құйып салып қойыңыз. Ал олардың суын ауыстырып тұруды, жағымсыз иістің болмауына көңіл аударыңыз, уақыты келгенде лақтырып тастауды ұмытпаңыз.
Бөлмеде солып қалған гүлді ұстамауға тырысыңыз. Кейбір адамдар кептірілген гүлдерден әдемі композициялар жасауды ұнатады. Ал олар –солған, өлген гүлдер деп есептеледі. Олар адам өміріне, күнделікті әрекеттеріне қарсы энергия туғызуы мүмкін. Сол себепті оларды сақтамауға тырысыңыз. Әсіресе, сіз жұмыс істейтін бөлмеде /атап айтқанда ғылыммен айналысу, кітап жазу, зерттеулер жүргізу т.б. /. Тіпті сізге қатты ұнайтындары болса, жыл сайын оларды ауыстырып тұру қажет.
Тірі гүлдердің орнына қазіргі кезде көп жағдайларда қалас гүлдер /искусственные/ қолданылады. Оларды сатып алмауға тырысыңыз. Сіз тіршілік иесі болғаннан кейін, үйіңізде де тірі гүлдердің болғаны дұрыс. Қалас гүлдерді үй-ішіңізде аллергиясы бар адамдар болса, бөлмеңізге күн сәулесі нашар түскен жағдайда ғана пайдаланыңыз.
Гүл өсіретін арнаулы құтылардың көгілдір, жасыл, ақ, ақ сары түстерін сатып алсаңыз дұрыс.
Гүл өсіруге қызықсаңыз, жоғарыдағы кеңестерді пайдалануға тырысыңыз. Бірақ, ең басты кеңесші сіздің ішкі жандүниеңіз екенін ұмытпаңыз.
Мақала авторы: кездесулік Тоты
Пікір жоқ әзірше