Жаңа 2013 жыл құтты болсын!

Құрметті сайттастар!



Келе жатқан Жаңа Жыл құтты болсын! Барлықтарыңызға және отбасыларыңызға амандық, денсаулық, шаттық, табыс, сәттілік тілеймін. Жаңа жыл жаңа қуаныштар әкелсін. Жақсылығы мол жыл болсын. Сайтымызда да сапалы мазмұн және салмақты пікір көп болсын.

Зор құрметпен админдерің.
Әрі қарай

Қазақша пернетақта

Пернетақта (клавиатура) ұғымы, өткен ғасырдың алпысыншы жылдары қалыптаса бастағаны белгілі. Жазба мәшинелеріндегі батырмалар орналасу реті, әліпбилік қатар бойынша орналасқан. Кейін бұл орналасу комбинациялары психологиялық талапқа байланысты, өзгертулерге ұшыраған көрінеді. Себебі, сөздерде көп кездесетін әріптер шетте қалып, көп қолданбайтын әріптер саусаққа оңай жететін орында тұруы қисынға келмейді.
Әрі қарай

Менің алғашқы да сүйікті көлігім.

Көліктің рулін ұстағаныма жылдан асты. Менің машина алғаным да қызық болды, аяқ астынан асығып үсігіп бір аптаның ішінде алып тындым, онда да бір әйелдің мініп жүрген машинасын тартып алғандай қып сатып алдық. Себебі машина таңдап берген танысым осыны алсаң өкінбейсің деген еді. Сонымен, машинамды ГАИ дың қасында, ақшасы төленіп, құжаттарды толтырып болғасын бір-ақ көрдім. Қызыл түсті 95 жылғы Гольф-3. Механика, көлемі 1.8, қосымшадан аэрбагы мен кондиционері бар. Машина бір көргеннен ұнады, Германияда әйел адам жүргізген, Қазақстанда да солай, ешбір қиналмаған, салоны тап-таза, жүргенде ешбір сықыр естілмейтін машина екен. Тағы бір ұнаған жері электропакет емес, сондықтан терезесі ашылып-жабылмай қалады, т.б. деп қорықпайтын болдым. Қарапайым, түсінікті, ықшам, жылдам және тіл алғыш машина. (Оның бәрін қазір түсіндім ғой, басында ештеңе түсінбейтінмін). Хош, сонымен машина алынды, жайлап жүре бастадым. Осы бір жыл ішінде байғұсқа иттің тынымдай тыным болған жоқ. Мен вахтада жүрген кезде інім, вахтадан келгенде өзім әйтеуір бір күн тыным көрген емес. Қай жері бұзылды деген сұраққа келсек – ең ірі көлемдегі жөндеуім бензонасосын ауыстырғаным. Қытайдыкін салдым, 5500, жұмысымен 7000 ға шықты. Майдың датчигін, бензиннің фильтрін ауыстырдым, комплект свечи ауыстырдым. Сосын әрине май ауыстыру, фильтрін ауыстыру, ауа фильтрі, қыстық-жаздық жаңа дөңгелектерін есептемегенде. Олар кез-келген машинада жасалынуы керек, су жаңа болмаса әрине. Болды. Сонымен жылдын 4 мезгілінде тыным таппайды, ішіне құрылыс жүрген кезде ағаш, цемент, кірпіш, тұрба т.б.материалдар салынып тасылды, қысқасын айтқанда бір Газельдің қызметін атқарды десе де болады. Трассада 120-130 ды қиналмай ұстайды, одан артыққа көтермеймін, жол жаман. Қыста аккумуляторы күшті болса бір салғаннан оталады (тьфу-тьфу).Ішқұрылысы қарапайым, кез-келген ТЖО да қарай береді, бөлшектері арзан. Жеңіл-желпі балшықтардан шебер айдасаң өтіп кетеді. Тек клиренсімен балшық сүзіп, радиаторды бітеп алмау үшін ондайдан қашамын. Жалпы машинамды өте жақсы көрем және әзірге ауыстыра қояр ойым жоқ. Берер бағам – немістердің шығарған ең қарапайым және сапалы көліктерінің бірі. Соңғы шыққан Гольф -4, 5 модельдер ұнамайды. Несімен? Бірінші бұрынғы сапалы металл мен салонның сапалы пластигі жоқ. Мысалға көлемі 1.6 Гольф -4 оған қоса кондері бар, бізді ыстықта және біздің жолдарда өте тиімді машина емес, өз денесін өзі тарта алмайды деді бір танысым. Сатайын деп жүр. Сондай ақ мысалға Хюндай Аксенттер сырты әдемі болғанмен ішіне отырсаң картон қағаздан жасалғандай әсер береді.

Пы.Сы.
Халық арасында Гольф-3 қыздардың машинасы, жеңіл деген ұғым қалыптасқан. Келіспеймін, себебі фольксваген гольф -3 ауыр машина. Әсіресе механика болса. Машинаны сезіне білу керек. Салыстырсам, інімнің Тойота Авенсисіне отырғанда гольфке қарағанда өте жеңіл, лыпылдаған машина екенін айқын сезінем. Приора да сондай, мысалға Тойота Прадо да. Әрине өзім руліне отырған машиналарды салыстырып отырмын, әйтпегенде олардың мүлде басқа кластағы машиналар екені айтпаса да түсінікті.
Тура осындай гольф :)
Әрі қарай

Сон Паскальдың керемет әндері,,

Son Pascal — Қазақстандағы Италиядан келген сазгер, әнші және саяхатшы. Бұл әнші «aTunes-2011» жобасының финалисі болып Қазақстанда өзінің шығармашылығын одан әрі жалғастырып жатыр. Әндері жартылай қазақша жартылай ағылшынша болсада, маған қатты ұнады. Бір естігеннен ән құлағымнан кетер емес. Қайталап айтқың келе береді. Әсіресе «Көзімнің қарасы» деген өлеңді өте керемет орындаған. Және «You should speak kazaksha'' жаңа заманғы жақсы ән деп ойлаймын. Қай әнші болсын қазақша әндерді жаңарта берсе, тарсылдақ шетел әндерінен гөрі осы өзіміздің әндерді көп тындаған болар едік.

Әрі қарай

Жаңылтпаш адам

Осы Жеза быраттың жаңылтпаштатып рэп айтқанына бір риза болам да. "Холокосттан" кейін жылдам рэп айтатын қабілетін бұл бырат паш етпей кетті деп жүр едім. Жекең сондай тағы бір туындысын шығарыпты ақыры. Моцарттың бәрімізге жақсы таныс "Түрік маршы" композициясының мақамымен. «Еее, оны Мейрамбек те орындап шыққан» деген кәменттер де болуы мүмкін, бірақ Жеза сөзбен айтып шығыпты:

Шедевр деуге келе қоймайтын шығар, енді. Сонда да бір креатив жасауға талпынғаны байқалады.
Әрі қарай

Ойлаудың өмірімізге әсері..

Өміріміздегі әрбір қуанышты жағдайлар, табыстар немесе мұңды сәттер мен қайғылы кезеңдер негізі өзіміздің ойымыздан дейді. Ойдың құдіреті керемет екен. Мысалы, не ойлайсың сол болады дейді. Былай қарасаң, ол да дұрыс сияқты. Кейде бір досыңды немесе танысыңды есіңе түсіріп, ойлап кетсең болды, одан хабар естисің немесе ол саған қоңырау шалады… сондай жағдайлар өмірімізде жиі болып тұрады,, кейде осы мәселені қалай шешемін деп ойлап жүрсең, көп ұзамай шешуі де алдыңнан шығып жататын кездер болып жатады. Ойдың құдіретіне мен өзім қатты сенемін. Cіздер қалай ойласыздар? Сіздерге де жақсы ойлар ойлап,өмірлеріңізде бақытты күндердің көп болуын тілеймін. Маған ұнайтын осы роликпен бөліскім келеді. Біраз уақытты алады, бірақ сондада көіріңіздер, керемет
Әрі қарай

Әділдік деп осыны айт!

Бразилияның Santa Rita do Sapucai атты қаласының түрмесінде жазасын өтеушілер велоқұрылғылар арқылы электр қуатын өндіреді. Ол қуат қаланың қажеттіліктеріне жаратылады екен. Жазасын өтеуші неғұрлым ұзақ уақыт педаль айналдырса, соғұрлым түрмедегі мерзімі де қысқарады-мыс. Сондықтан жазасын өтеушілер педаль айналдыруға құмар дейді. Бұл жазаны ойлап тапқан қалалық сот екен. Әділдік деп осыны айт!

Әрі қарай

Қайырымдылық: Блогшылар қолымен!

«Олардың көңілдерінде мүміндерге бергендерінде кірбің болмайды. Сондай-ақ, өздері таршылық пен мұқтаждықта бола тұра, оларды өздерінен артық көреді» Хадистен



Бахамен барлығыңыз сыртынан таныссыздар деген ойдамын.
Ең алғаш Астанадағы блогшылар құрылтайында Дінмұхамед Зияддин (qisyq ) таныстырды.
Онан соң осы жұмыс нәтежиесін комикс-жинақ болып шыққанын rakisheva хабарлады.

Мына бастағалы отырған шарамыз мына жерден басталып, осы жерден Zhanylai һәм Қырмызының Баханың туған күні 23-ші қарашада болатынын айтуымен басталды…
Біразыңыз одан хабардарсыздар да
Асығыстығыма басып сол кезде ерте хабарландырып қойыппын. Бірақ, дәл қазір сәті келген секілді.

ҰСЫНЫС

Баханың туған күніне блогшылардың атынан сыйлық дайындайық. Тек біз ғана емес, еліміздегі барлық блогшылар қатысады деген ой бар.
Ұсыныс айтқан адамдарым қызу қолдап жатыр.
Айтаберліктерді құлақтандырып һәм ұйымдастырып отыруға Қырмызы, Массагет және Казжур-ға хабарлауға Aizhantabyn келісіп отыр.
Ұйымдастыру жұмыстарына estetika91 , Rozatai (әзірге айтып үлгергендерім) және Алматылық блогшылар көмектеседі деген ойдамын.

Баха футболға қызығады. Кумирі — Месси. Сыйлықты осыған байланысты, яғни футболға қатыстырып алсақ па деген ой бар.

Алайда, сыйлыққа әрине қаржы қажет. Көп түкірсе — көл дейді. Қайырымдылық болған соң, белгіленген баға, тариф жоқ. Әркім мүмкіншілігіне байланысты сала берсін.

Реквизиттер:
Жанылай Базарбаева
РНН: 581221288748
БИН: 4667 2061 0230 0588
Банк: Centercredit
Байланыс: +7 707 681 14 73 (хабарласудан бұрын смс жазыңыздар)


Жаңылайға хабарласып, тіркелуді, егер мүмкін болып жатса, квитанцияңызды сканерлеп жіберуді ұмытпаңыз.
Әрі қарай

Жаңа iPhone

Жаңа iPhone 5 телефоны жайында әңгімелесейік. Қазақстанда, қазақтар қалай қарайды екен?! Пікірлер білдіреміз…
Қазақстанда бағасы:
iPhone 5 16 Gb- 225,000 тг.
iPhone 5 64 Gb- 290,000 тг.
Әрі қарай

Жаңа журнал, жаңа леп!

Қазақ баспасөзінің ұлы көшіне тағы бір журнал қосылмақ. Сіздердің назарларыңызға «ДИДАРҒАЙЫП» атты жаңа жобамызды ұсынып отырмыз. Дидарғайыптың сөздік мағынасы – сағынысып көрісу, қауышу, көрмеген адамыңмен тілдесу деген мағынаны білдірсе, терминдік мағынасы – адамның ақыл-ой, санасынан тыс сұлулық дегенге келеді. Яғни, қалың оқырман біздің журнал арқылы өзінің сүйікті тұлғасы, ақын-жазушысы, әнші-актерімен бетпе-бет кездеспей-ақ тілдесе алады, көрісіп жатпай-ақ сөйлесе алады. Тек көкейіңіздегі сұрақтарыңызды алдын-ала www.suhbat.kz сайтына жазсаңыз болғаны. Біздің журналдың ұлы мақсаты – сүйікті тұлғасы мен халықтың арасына алтын көпір болу. Жас жеткіншектерді шетелдің «жұлдыздарына» табынтпай, өз тұлғаларымыздың бойындағы жақсы қасиеттерді үйренуге шақыру, өз асылдарымызды қадірлеуге ұмтылдыру. Журнал айына бір рет шығады.
Ендеше, қадірлі оқырман өнер жұлдыздары мен әдебиет тарландарына сұрақ қою арқылы олардың ішкі сырына бірге үңіліп көрейік! Айта кетер жайт, егер сіздің сұрағыңызды өнер адамы «Ең керемет сұрақ» деп тапса, онда өзіңізге әзірлеген арнайы сыйлығына ие боласыз. Suhbat.kz сайтына кіріп сұрақ қойыңыз, ұсыныс айтыңыз!
Әрі қарай