Қабырға хикаясы

Ғибратты әңгімелер: Қабырға хикаясыБір ауруханада екі қарт жатыпты, Екеуінің науқастары бір болғандықтан бір бөлмеге жайғастырылыпты. Тек бірі терезенің жанында, екіншісі есіктің дәл қасында жатады екен. Терезе жанындағы қарт күн сайын есік тұсындағы қарияға сырттағы тыныс-тіршілік туралы айтып отыратын:
— «Бүгін теңіз бір қалыпты. Аздап жел соғып тұр ғой деймін. Өйткені ана ұзақтағы кеменің желкені желбіреп тұр. Теңіз жағалауында шағалалар ұшып жүр».
Осылайша күндер өте береді. Күндердің бірінде әлгі терезе жанындағы ақсақалдың жүрегі ұстап нашарлап қалады. Әдетте, бөлмедегі қоңырау түймесін баса қалса дәрігерер жетіп келетін. Ал бүгін қасындағы қарт дәрігерді шақыртатын түймені баспады. Ғибратты әңгімелер: Қабырға хикаясыӨйткені терезеден дүниені өзі көре алмай, тек көршісін тыңдаумен ғана шектеліп жататын. Сол есіне түсті ме, шайтанның сөзіне еріп, қоңыраудың түймесін басуға құнт таныта қоймады. Осылайша, ол досын жазықсыздан жазықсыз өлімге қиды да жіберді. Келесі күні дәрігерлер есіктегі кісіні терезе жанындағы босаған орынға ауыстыратын болды. Осы күнге дейін тыңдауды ғана місе тұтқан адамның қуанышы қойнына сыймады. Енді табиғаттың сан қырлы нақыштарын өз көзімен көріп жататын болды. Орнына жайғаса салып, басын көтеріп терезеге асыға мойнын созып еді. Арғы жақта қара қабырғадан басқа еш нәрсе көрінбеді.
Әрі қарай

Ой мен қырды аралап, S4 кетіп барады...


Бір ай. Адам өмірі үшін аз уақыт емес. Жұмысқа тұрсаң да, универ бітірсең де, отбасын құрсаң да, бала тапсаң да, басқа бір жаққа көшіп кетсең де, артығымен жететін мерзім. Бір ай ішінде, сосын, қазақтың үш қаласын аралап шығуға болады. Аралап деген сөзге баса көңіл бөліңіз. Осыдан отыз күн бұрын SamsungRoadShow промо-турының аясында Samsung бес қаланы бетке алып, тұтынушылар техникасының жаңа өнімдерін сықырлата тиеп, салдырлатып жолға шыққан-ды. Оңтүстік Корея алыптарының бірі міне айға жуық уақыт бойы алаша-даланы кезіп жүр. Артта әсем Астана, сулы-нулы Өскемен және роуд-шоуға аузын-мұрнынан шығып, ағылып адамы келген Павлодар қалды.
Әрі қарай

Ендігі жетпегені өзбекше жарнамалар ма?

Шымкенттік жергілікті телеарналардан өзбек тіліндегі жарнамаларды көріп, қай елде жүрмін деген сұмдық бір ойға келгенім бар.
Ташкенттік әншілер оңтүстікке келіп концерт беріп кетуді әдетке айналдырған. Ол түсінікті жағдай, себебі мұнда ақшалы өзбек диаспорасның өкілдері көп. Міне соларға бағытталған өзбек тілінде өздерінің концертіне шақырған жарнамалар жергілікті телеарналардан оқта-текте болса да беріліп қалады.
Меніңше бұл ұлттық қауіпсізідігімізге қатерлі үрдіс. 130 ұлт мекендеген елміз деп мақтанады біреулер. Сонда деймін, бүйтіп бейғамдық таныта берсек осы 130 ұлттың тілінде 130 түрлі жарнамалар беріп, онсызда өгей баланың күйін кешіп жүрген тілімізді одан ары масқаралата беретін секілдіміз. Әзірге олар (телеарналар) әншілердің жарнамасын ғана беруде. Ертең ақшасын жақсылап төлесе кезкелген тауарды өзбекше сайратып тұрып жарнамалайтын шығар. Бұның алдын алмаса ертең өзбек, неміс, ұйғыр, кәріс, түрік және т.б. тілдердегі жарнамалардан басымыз айналуы мүмкін. Сол кезде орыс тіліндегі жарнамалармен жылап көріспесек болғаны. Аллам бетін аулақ қылсын!
Әрі қарай

Көлеңкелі жұлдызнама


ЗОДИАКТАР РЕЙТИНГІ және ЭРОТИКАЛЫҚ жұлдызнаманы оқыған соң менде жұлдызнама жайлы бір нәрсе айтып қалғым келді. Бұл жұлдызнама АСТРОЛОГИЯ ғылымында Көлеңкелі жұлдызнама деп аталады. Қарапайым жұлдызнамаға қарағанда оның белгілерге мінездемесі қорқынышты әрі бір түрлі.Сонымен көлеңкелі жұлдызнама 10 белгіден тұрады және атаулары басқаша болып келеді. Бірақ Астрология ғылымы осы көлеңкелі жұлдызнаманың адам жаратылысына тура келетінін айтады. Сонымен бастасақ:
Әрі қарай

Қазақстан мен Германия футбол командаларының айтысы


Мен өзім осы футбол мен айтыстын шын жанкүйері едім, бір жерден оқыған осы шумақтарды сіздерде оқыңыздар (бұл шумақтар кешегі соңғы өткен ҚазаҚстан-Германия матчынан соң туған:

Жоқ әлде Қазақстан футболы да, Алауыздық ауруын жұқтырған ба? Төртіншісі қосылса дау туар деп, Үш жүзден үш-ақ қазақ шықтыңдар ма?
Әрі қарай

Айхай, 25!

Айхай, 25! Екінші мүшел жас! Сенерімді білмей отырмын. Өткен туған күндерге қараймын. Ия, осыдан бір жыл бұрын. Ол кезде ол жан бар еді. Бақытты екенмін сол күні. Қайдан білейін келесі туған күнге дейін кім бар, кім жоқ екенін. Мешітте имамдар жұмадан жұмаға аман-есен жетуімізді нәсіп етсін деп дұға етеді, туған күні достар туған күннен туған күнге аман-есен жетуімізді тілеп, сөз сөйлейді. Шалдың баласымын деп ес білгелі айтам.

Артынан қалған ұрпағының тілегін тілеп, дұғасын жасап, батасын беріп, тақымын қысып отыратын Ол жанның ең сүйікті немересінің екінші мүшел жасын көруге бұйырмаған екен. Кешегі қырықтық асын өткізіп келіп едік. Енді, шын мәнінде ол жанның мәңгілік алыстағанын сезіндім. Жалғанда, оның маңдайымнан бір иіскегенін артық ләззат бар ма екен?
Ай, жетпейді-ау оған ешнәрсе. Жалғыздық күйін кешудемін. Айналаға қарасам, бәрі күшті, бәрі керемет сияқты. Ішкі дүние "әлемтапырақ". Неліктен. Шаршаған шығармын. Мүмкін, жалықтым. «Арыштан, Арыштаным деп» еркелетін Атамның бір мәрте (ол кезде баламын) таңғы ұйқыны қимай жатқанымда «Дарын тұр, достарың шақырып жатыр»деп" ұйқыдан тұрғызғанда «Неге Дарын деп айтасыз» деп өкпелегенім бар еді. Сөйткен Атам, кешеге шейін «Арыштан» деп, гвардейский балам деп өтті. Ата-ана үмітін ақтау әрбір перзенттің қасиетті борышы.
Қашанда, қайда жүрсем де Атамның берген тәрбиесін, өнегесін ойымнан шығармадым, өміріме принцип қылып ұстадым және ұстаймын да. Қанша уақыт, өзімді алдағанмен, уақытымды бөліскенмен, Ол жетіспейді. Сағындым, балалықты сағындым…
Айтпақшы, туған күн қарсаңында бірінші еңбек демалысыма шығайын деп отырмын. Барлығын, осы күнмен ұмытқым келеді. ФБ-сыз 30 күн деп атағым келеді, алдағы күнді.
Әрі қарай

Микрофибралы сүрткішке ода

Микрофибра — полиэфир талшықтарынан жасалған мата, алғаш рет Жапонияда 1956 жылдан бастап шығарыла бастапты. Қайдағы жоқ матаға бола пост арнады демеңіздер. Себебі микрофибраның үй шаруасындағы кереметтерін көріп жазып отырмын.
Микрофибралы сүрткіштер /шаң сүрту, еден жууға және т.б./ кейбір сауда орындарында ғана кездеседі, бағасы қымбат емес. Бір сүрткішін 2-3 жыл пайдалана беруге болады.
Төмендегідей түрлері ең көп кездеседі.

Микрофибралы сүркіштер несімен мықты:
Біріншіден, артынан талшық, із қалдырмайды. Яғни, бір сүртіп шыққан жеріңіз алақ-жұлақсыз тап-таза болып қалады. Әсіресе, айна, терезе беттерін сүрткенде бұрынғы көріп жүрген қорлықтарыңызды түгелдей ұмытасыз.
Екіншіден, шаңды бірден «сіңіріп» алады, бойына жинақтайды. Құдды желім сияқты.
Үшіншіден, суды эффективті «сіңіретіндігі» себепті, тазалаған жеріңізде ылғал қалмайды. «Влажная уборка» жасағанда таптырмас құрал.
Төртіншіден, майды қиындықсыз және тез тазартады, ең бастысы химиялық қосындылар мен құралдарсыз. Яғни газ плитасының бетін микрофибра сүрткішіңізбен бір-екі рет сүртіп өтсеңіз-ақ жылтырап сала береді.
Нені ескеру керек: Мұндай сүрткішті ыстық суға жумаңыз, ыстық батареяға ілмеңіз.
Сатып аларда, мұқият болыңыз. Микрофибраның мақсатына қарай әр түрлісі болады. Жалпы шаң сүртуге біреуі, еденге біреуі және соңғысы «полировка» жасауға арналған түрінен біреуін /ох, қалай жылтырататынын білсеңіз ғо/ сатып алсаңыз үйді рахаттана болмаса да, жақсы көңіл-күймен тазалайтын боласыз.
Әрі қарай

Өз-өзіңді жақсы көре тұра неге өз-өзіңе жамандық жасайсың?

Өзіңді қатты жақсы көремін деймісің? Киімдеріңді үтіктеп киесің. Интернетті қолдануды білесің. Сүйіктім деп біреуді махаббат қуасың. Боянасың. Әдеміленесің. Себесің себетіндеріңді. Қысқасы, өзің үшін нәпсің қалап тұрған нәрсенің барлығын жасайсың. Осының бәрі, қарап тұрсаң, жақсылық секілді өзіңе жасалып жатқан. Бірақ, ақиқатында, сен өзіңе жамандық жасап жатсың. Киімге, тамаққа келгенде, қалай болса солай киініп, тамақтанбайсың. Бірақ қалай болса солай сөйлейсің да. Тәкаппарлық болса жолдасың. Кішіпейілділікті буындырып өлтіргенсің. Өзіңді соншалықты жақсы көрсең, Аллаға құлшылық қылар едің, ата-анаңа қызмет жасар едің, ұлтыңа, салт-дәстүріңе, тіліңе түкірмес едің. Өзіңді жақсы көрмегендіктен, ертең опық жейсің. Ойлан, балам! Өмір деген өтпелі! Бұл өмірге кімдер келіп, кетпеді? — деген де бар. Айтпаса сөздің атасы өледі…
Әрі қарай

"Атымды" өзгерттім...

Керекинфода rauka деген атпен шығып, жазба қалдырып, пікір жазушылардың бірі едім. Себепті-себепсіз жағдайларға байланысты бұл блог мені «кіргізбей» тастады. Бәрі өзімнен...құпия сөзді ұмыттымммм. Қисалаңдап Аршаттан көмек сұрауға ұялдым… Амал жоқ, қайтадан тіркелуге мәжбүр болдым. Профильімді ашып қарасам, күшің жоқ «0» дейдіДостар болса да… Ендеше маған достық жіберіңдерщ,
Әрі қарай

Күнтізбеден Гугылға дейін

Баяғыда әр ауыл қазағының үйінде жыртылмалы күнтізбелер ілініп тұратын. Сол күнтізбелер арқылы біраз атаулы датадан хабардар болдық. Әр парағының артқы жағында қызықты мәліметтер, атақты адамдар өмірінен шағын мағұлыматтар бар болатын. сол заманның «Гугілі» еді ғой жарықтық. «Мынау әріден бастағанда не айтқысы келіп отыр?» деп отырған боларсыздар.
Бүгін адамзаттың ғарышқа табан тіреген күні десем артық кететін шығармын. Ол жақта табаның жерге тимейді деседі білетіндер. Адамның ғарыш кеңістігіне көтерілген күні.
Жұртқа жалға берсек те ғарыш айлағы бар, екі ғарышкері бар елдің өкілі ретінде барлығыңызды осы күнмен құттықтаймын!

Ескерткіш Қарағанды қаласына тиесілі. Ал, суретмына жерге тиесілі.
Әрі қарай