Менің /және почти барлығымыздың/ қателіктерінен сақтандырғым келеді

Мектеп бітірерде бар ғо, қасыңда көзі ашық, саған шын жаны ашитын адам болмағандықтан, көбіміз қазір қалай болса солай өмір сүріп жатырмыз. Біреулеріміз соны түсініп, іштей, сырттай қиналсақ, біреулеріміз «жұрттан кем емеспіз» деп жұбанғанымызға сеніп жүрміз. Айтайын дегенім, неге ғана оқу бітірерде дұрыс мамандық, дұрыс университет таңдамадым деген ойлар ғой баяғы! Өкінем мен, бірақ мен өкінішімді жөндейтін болдым. Осы жылы КИМЭП-ке тапсырдым. Айтып-айтпа, бәрібір, КИМЭП-тан басқа дұрыс университет жоқ қазір Қазақстанда. КИМЭП-ты бітірген менің сыныптастарымның барлығы қазір 130 000-нан жоғары, өте жақсы жерлерде, өз мамандықтрымен жұмысқа тұрды. Таныссыз, тіл білуімен, мамандығын универінде осы заманмен сәйкестіріп оқығандығының арқасында.
Адамға байланысты бәрі дейтінмін баяғыда, ол рас. Бірақ бар ғо, «грант» үшін оқуға түсу деген неткен ақымақтық еді, ия? Грантқа қызықпаңдар балалар, грант «престижный» мамандықтарға өте аз бөлінеді. Оны да тек алтын белгілер алады. Оқудың тегініне емес, қыруар ақша кетсе де сапалысын таңдаңдар!
«Ой, колледж бітірген анау да қазір бай ғо», «Жұмысқа тек таныс керек, сондықтан тек бітіріп алсаң болды», «Рейтинг бойынша, ЕНУ бірінші орында» деген қыңыр сөздерге құлақ аспаңдар! Жан-жақтарыңа қараңдар! Жан-жақтарыңда ондай адамдар кездеспесе, КИМЭП бітіргендермен кездесіңдер, сұраңдар! Жаңа бітіріп те, жоғары жалақы алатын, ұжымда тұлғаны сыйлайтын Алматыда тым жақсы компаниялар көп. Ата-аналарыңызды да аямаңдар! Олардың басты міндеті де сол — сендерге дұрыс тәрбие мен білім беру.
Дұрыс білім — қашанда «роскошь». Ұмтылыңдар соған!

П.С: Мен ғой қатемді дер кезінде түсінген жанмын. Біреулер бәрін қоғамнан көріп, әлі жүр. Шын ниетіммен жаздым, әсіресе башкавик, пысық емес, дарынды балаларға арналады.
Әрі қарай

телехикая

Бразилия, Аргентина, түрік, үнді, кәрістер
Болып алды қазағыма виртуалды дәріскер
Америка, Еуропалар улап бітті сананы
Я Құдайым, тауып берші сериалдан алыс жер!
Әрі қарай

Жөргекпұл беру қай кезден басталған?

Ибн Омардың айтуынша, бір күні Мәдинаға келген бір топ саудагер мешітке түнемекші болады. Сол түні Хазірет Омар мен Абдуррахман ибн Ауф келген қонақтарды ұрылардан қорғап, қарауылдау мақсатында мешітте қалады.
Әрі қарай

атауы жоқ

Көрдім мен иманды бір азаматты
Бар екен-ау әлі де, азаймапты
Көкірегі соқырлар көп болған соң
Жоқ шығар деп кетіп еді мазам қатты

Дегенмен, үміт оты өшпеді әлі
Асықпай жетерміз біз көшке де әлі
Тәрбиенің негізін діннен алған
Қалың елім — қазағым өспек әлі

Қазағым — қалың жұртым, қайран елім
Жамандықты жиып алдың қайдан, елім?
Бөлінуді әдетке айналдырдың
Берекелі ең, ұйыған айран едің

жалғасы бар… шығар)
Әрі қарай

іні-қарындастарға сәлем

Қырық үйден тыю ғой қыз балаға
Тектен-тек теңемеген қызды анаға
Бауырым, қызды сыйла құдды анаңдай
Ақыл жеңсін нәпсіні, қызбаланба!

Тәрбиені ұмыттық бұл заманда
Бауыр бүтін, көйлек бөз, ел аманда
Ел болайық, ағайын, бесік түзеп
Еліктемей жат жұрттық әр жаманға

Жігіттікті дәлелдеу белмен емес
Қолмен болса жарасар текті адамға
Нәпсіқұмар қызбалық, қызқұмарлық
Жарасатын қылық қой тек наданға

Үйлен десең жігіттер қынжылады
Жақсы қыз жоқ қой дейді жерде жатқан
Қыз жаман боп көрінгені содан болар
Қыздар көп «жігіті» алдап, қан жылатқан

Ұят қайда, ұяңдық және қайда?
Сана, парық кеткен бе адамзаттан?
Қарындасым, сізге де айтарым бар
Айрылмашы матадан тәнді жапқан

Дейді халқым сүзбесе тана көзін
Бұқа жібін үзбейді тыныш жатқан
Қарындасым, Құдайым сізді қолдап
Айырмасын табиғи ар-ұяттан!
Әрі қарай

"Махаббат шырғалаңы"

Өткен жылы, 3-курс оқып жүрген кезде Әлем әдебиеті пәнін өткен болатынбыз. Бір күні оқытушымыз Гауһар Айтбекқызы өздік жұмысқа шығарма жазып келуге тапсырма беріп, мезгілін белгіледі. Тақырып бірден ойыма сап ете қалды. Сөйтіп, сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған «Махаббат шырғалаңы» жазылды.

Алғы сөз

Құрметті оқырман! «Махаббат шырғалаңы» драмалық пьесасы менің алғашқы тырнақалды үлкен шығармам. Бұл туындыда бүгінгі таңдағы жастар өмірінің бір мысалын айтқым келді. Шын мәнінде, күнделікті тұрмыста мұндай оқиғалар бар екенін көріп те, естіп те жүрміз. Кейіпкерлер арқылы дәл осындай жағдайда қай іс дұрыс, ал қайсысы бұрыс болатынын көрсе екен деп ойладым. Қатысушылар «айтатын» мәселелер қоғамда жиі кездесіп, сан түрлі талқыға түседі. Бұған қатысты сіздердің де ойларыңызды білгім келеді.
Бес актылы шығармада олқылықтар болып жатса, айып етпеңіздер.

Қатысушылар:

Айым –3-курс студенті
Арман –Айымның топтасы.
Мирас –студент, Айымның бұрынғы сыныптасы
Айханым- Айымның ең жақын құрбысы
Қуаныш – студент, Айымның көршісі
Нұржан Алпысбайұлы – профессор, кафедра меңгерушісі
Қуаныштың әжесі
Қуаныштың жеңгесі
Қуаныштың туыстары
Студенттер

Бірінші акт
Бірінші сахна

Жатақхананың кең, жарық бөлмесі. Терезеден түскен күн сәулесі сабақ оқитын үстел үстіндегі айнамен шағылысып, бөлмені одан сайын жарқыратып тұр. Айым өз төсегінде отыр.

Айым: Ішім пысып кетті. Айханым да келмей қойды ғой. Тамақ пісіріп, үй жинағым келмейді. Сабақ оқуға да зауқым жоқ. Оқудан қашып кетпеу керек еді. Дәріске қойылатын балды да жоғалттым. Агентке кірейінші, кім бар екен…

Дәл осы кезде телефон экранында «Мирас Байжуманов предлагает вам дружбу» деген хабарлама шығады. Айым аң-таң.

Айым: Мирас Байжұманов деген 1-сыныпта менімен бірге ауылда оқыған бала емес пе?! Екеуміз бір партада отырушы едік...Әлі есімде, сондай сүйкімді бала болған. Фотосын көрейінші, қазір қандай жігіт?.. Бұл оның емес, менің сүйікті футболшымның суреті ғой… Ол сабақты да жақсы оқушы еді. Ой, балалық деген қандай күшті!!!
Ол маған неге «дружба» жіберді екен? Менің оның есінде болғаным ба? Әлде бұл кездейсоқ жағдай ма? Не де болса қосайын.

Екінші сахна

Кітапхана. Студенттер кітап оқып, семинарларын жазып, әңгімелесіп отыр. Айым мен Айханым да солардың қатарында.

Айханым: Айым, саған не болған? Кітапты теріс қойып оқитын болғансың ба? Бір жұма болды агентте күні-түні отыратыныңа. Бұрын көп болғанда 10 минут «отошла» деп отыратынсың, агентті жақтырмай. Агентте көп отырсам маған ұрысатынсың, енді өзің телефонға байланып қалғандайсың.
Айым: Жо-жоқ, бәрі дұрыс.
Айханым: Ендеше не болды? Біртүрлі болып жүрсің
Айым: Өткенде менімен 1-сыныпта бірге оқыған сыныптасым агентте «дружба» жіберді. Оны көрмегелі 10 жылдай уақыт өтті, қзір қандай екенін білейін деп қостым, бірақ өзі мүлде көрінбейді.
Айханым: Е, сенің уайымың сол ма? Қазіргі агенттегі жағдай сондай. Жігіттер жібереді, біз соған мәз болып қосамыз. Олар біраз уақыт агентке шықпай, әдейі бізді қызықтырады. Содан соң пайда болып, басынды айналдырады. Бір-екі рет хат алмасқан соң «сүйемін, күйемін» деп жазады. Сосын жердің түбіне түсіп кеткендей сені «игнорға лақтырады» да, басқалармен көңіл көтереді. Сенікі де сондай жағдай болған ғой, құрбым. Оған несіне бас қатырасың.
Айым: Мирас олай жасамайды.
Айханым: Жаңа ғана ол бұрынғы сыныптасым, оны көрмегелі 10 жылдай болды дедің. Оның қандай екенін қайдан білесің? Мүмкін, «агент бабнигі» шығар.
Айым: Олай деп ойламаймын.

Бұл кезде агентке қараған Айым Мирас «онлайнмен» агентте отырғанын көреді.

Айым: Шықты, шықты! Уррраааа!!!
Айханым: Не болды жерден жеті қоян тапқандай қуанып?
Айым: Мирас, Мирас агентте
Айханым: Жаным-ау, сен танымайтын адамға байланып қалғансың ба өзі
Айым: Жоға. Бірақ ол жазбай отыр.
Айханым: Айттым ғой, агенттегі жігіттер қулығы бұл.
Айым: Жазып жатыр. Не деп жазды екен… Привет!
Айханым: Тұра тұр, бірден жауап берме.
Айым: Мен «Сәлем!» деп жазып, жіберіп қойдым.
Мирас: Как дела?
Айым: Хорошо. Как у тебя?
Мирас: Отлично!
Айым: Ты меня помнишь?
Мирас: Извини, но нет
Айым: Мы в первом классе вместе учились.
Мирас: Да? Тогда я рад.
Айханым: Айттым емес пе, оның есінде жоқ, ол кездейсоқ жіберген деп.
Айым: Жарайды енді, ол кезде бәріміз бала едік.
Мирас: Где ты учишься?
Айым: В ПГУ. А ты?
Мирас: Я тоже.

Осылай жазған соң Мирас «өшіп қалды». Айымның көңілі сәл де болса орнына келді.

Үшінші сахна

Айым бөлмеде тамақ пісіріп жүр. Мұнымен қоса агенттен де соңғы кездегідей көз алмауда. Бөлмеге Айханым кірді.

Айханым: Айым, тамақ күйіп жатыр.
Айым: Ой, байқамай қалыппын.
Айханым: Қайдан байқайсың, телефонның ішіне кіріп кетердей боп тұрсың. Тағы да Мираспен сөйлесіп отырсың ба?
Айым: Иә.
Айханым: Сен оны көрмей жүріп ғашық болып қалғансың-ау деймін. Қашан кездесесіңдер?
Айым: Білмеймін.
Айханым: Сұрасайшы енді.
Айым: Когда встретимся?
Мирас: Незнаю
Айым: Ол да «білмеймін» дейді.
Айханым: Айттым ғой. Осылай өздеріне ғашық етеді де, жоқ болады бұл жігіттер.
Мирас: Может сегодня увидимся?
Айым: Хорошо. Во сколько?
Мирас: Через час. В парке.
Айым: Договорились.

Төртінші сахна

Күзгі кеш. Айымның саябақта Мирасты күтіп отырғанына жарты сағат болды. Тақта жалғыз отырған қызға тесіліп қарап өткен жігіттердің бәрін Мирас деп ойлайды. Ол оның түрін білмейді де. Мирастың аватаркасында футболшының суреті тұр. Хабарласайын десе нөмірі де жоқ. Мирас та Айымның жүзін танымайды, себебі Айым өзінің фотосын емес, Айшвариа Райдың суретін қойған еді.
Күн ұясына батып, айнала қара түске бояна бастады. Тек саябақ ішіндегі шамдар ғана сәуле беріп тұр. Осы кезде Айымның жанына сұңғақ бойлы, әдеміше келген жігіт жақындады.

Мирас: Привет! Ты же Айым?
Айым: Привет! Да. А ты Мирас?
Мирас: Так точно. Извини, что опоздал, я на заправке задержался.
Айым: Ладно, ничего. А как ты узнал меня?
Мирас: В парке только три девушки сидят одни. Одна беременна, другая курит. А так, как по моему мнению ты не относишься к таким, значит третяя это ты.
Айым: У тебя хорошое размышление.

Екеуі осылай әңгімені бастап, екі сағат өткенін байқамай қалыпты.

Айым: Ой, уже 22:50. Мне быстро надо домой, иначе меня не впустят.
Мирас: Хорошо. Я тебя довезу.

Бесінші сахна

Ай жарығы мен көше шамдарымен жарықтанып тұрған бөлме. Айым Айханымды оятып алмас үшін сықырлауық есікті сәл көтеріп ашып, аяғының ұшымен жүріп бөлмеге кірді. Ұйқы көзіне тығылып тұрса да сан алуан ойлар маза бермеді.

Айым: Мен не істеп жүрмін? Соңғы кезде Мирастан басқа ештеңені ойламайтын болыппын. Ата-анама бұрынғыдай жиі хабарласпаймын. Сабақты ынтасыз оқимын. Үй шаруасына қарамайтын болдым. Мирасты бүгін ғана көрдім, бірақ бұрыннан білетін адамым сияқты. Онымен сөйлесіп жүрген екі апта аралығында өзгергендеймін. Неге ол менің ойымнан шықпай жүр? Оған ғашық болып қалған жоқпын ба? Жоқ! Тоқта, Айым! Бұлай болмайды. Сен күндіз түні Мирасты ойлауыңды қой. Оны танымайсың деуге болады. Оған қоса, сенің ұнататын адамың бар. Ол – Арман. Бірақ оған өз сезіміңді айта алмай жүрсің ғой. Бұл қалай болғаны сонда? Мирас па, Арман ба? Ойым не дейді? Жүрегім не дейді? Ойымда Мирас, жүрегімде Арман. Енді не істеймін? Мираспен ара қатынасымыз не болады? Арманға сезімімді айтайын ба? Бәрі қалай қиын еді… Қойшы, жарайды, не боларын уақыт өзі көрсетер. Екеуін де ойлай бермей, ұйықтайын. Ертең бірінші пара кафедра меңгерушісінікі. Оның сабағына кешігіп барсам, оңбаймын…

(жалғасы бар)
Әрі қарай

Көзді сақтау.

Бәріне сәлем. Міне компьютер алдына отырмағалы бірнеше күн өтті. Отырмаудың басты себебі — көзімнің көруі нашарлап кеткен. Компьютерге жаман үйреніп алған екемін, отырмасам бас ауырғандай, не істерімді білмей, сандырақтай кетем. Отырсаң уақытылы достармен, таныстармен сөйлесіп, жаңалықтар бөлісіп отырады екесің, оның үстіне керекинфо жаңалықтарынан да кұр қалыппын...(
Соңғы кездері компьютер алдына отырсам көзім ашып, жасауратып, ұйқым келіп кетеді. Ұйықтасамда бәрібір бұрынғыдай компьютер алдында түндеп отыра алмай қалдым.
Алыстан көруім төмендеп кеткен. Сөйтіп интернеттен жаттығулар, көзді қалыпқа келтіру туралы іздеп, таптым. Бірер жаттығулар бар екен. Күнделікті орындап жүрмін, пайдасы бар сияқты. Бірақ көздің көруі расыменде қалпына келедіма екен? Қалай ойлайсыздар? Және де бірер жаттығулар, немесе көзге пайдалы дәрі- дәрмек, халықтық рецептілер білсеңіздер бөлісе отырыңыздаршы…

Мына сурет сіздерге қажет болар:
Әрі қарай

Тағы бір ерекше күн..

Адам өмірінде мерекелер ерекше орын алады, соның бірі туған күн. Бүгін менің туған күнім. Осы күнді аса бір қуанышпен және толқумен қарсы аламын. Себебі, жасқа тағы бір жас келіп қосылғанда мен ылғи өзіме есеп беріп, бір жылда не бітіргенімді,әлі не істеу керектігін ойланамын. Туған күн кезінде нағашы ағам ылғи: «Ал, бүгін тағы бір жасқа үлкейдің, өзіңе қандай жақсы қасиеттерді қосып, ұнамайтын қасиеттеріңнен арыласың» деп сұрайтын. Сол уақыттан бастап, сол тақырып маған әдет болып кетті. Бүгін де сол туралы ойланып отырып, бөлісе кетейін дедім. Бүгіннен бастап мен:
Әрі қарай

Егіз кәпірлер

Егіз кәпірлер:
Барды жоқ деген — кәпір, жоқты тап деген — кәпір
Ашықтан ашқан алақанға, жұмған жұдырық тосқан — кәпір
Достық тілекке қастық итін қосқан — кәпір.
Абысын тапқан баланы алалаған — кәпір, ақ көңілді абысынын қаралаған — кәпір.
Ақылы үлкен балаға үлкенсіген — кәпір, білмей тұрып білгенсіген — кәпір.
Діті жаман діншілдік — кәпір, күні бірден шыққан күншілдік — кәпір.
— депті Алтайдың ақиығы, Зуха батыр.
Әрі қарай