іні-қарындастарға сәлем

Қырық үйден тыю ғой қыз балаға
Тектен-тек теңемеген қызды анаға
Бауырым, қызды сыйла құдды анаңдай
Ақыл жеңсін нәпсіні, қызбаланба!

Тәрбиені ұмыттық бұл заманда
Бауыр бүтін, көйлек бөз, ел аманда
Ел болайық, ағайын, бесік түзеп
Еліктемей жат жұрттық әр жаманға

Жігіттікті дәлелдеу белмен емес
Қолмен болса жарасар текті адамға
Нәпсіқұмар қызбалық, қызқұмарлық
Жарасатын қылық қой тек наданға

Үйлен десең жігіттер қынжылады
Жақсы қыз жоқ қой дейді жерде жатқан
Қыз жаман боп көрінгені содан болар
Қыздар көп «жігіті» алдап, қан жылатқан

Ұят қайда, ұяңдық және қайда?
Сана, парық кеткен бе адамзаттан?
Қарындасым, сізге де айтарым бар
Айрылмашы матадан тәнді жапқан

Дейді халқым сүзбесе тана көзін
Бұқа жібін үзбейді тыныш жатқан
Қарындасым, Құдайым сізді қолдап
Айырмасын табиғи ар-ұяттан!
bk
Бөлісу:

89 пікір

Marco
Тектен-тек теңемеген қызды анаға
Енді не әкеге теңей ма?
Almas-al-almati
түсінігіңнің жеткен жері осы болса саған айтар сөз тәмам, айналайын
Marco
Ұйқас қуып, түсінігіңді тарылтып алып, жеткен жетістігің осы болса, садаға кет, айналайын.
Жігітке аз болады жеті өнерде
Тектен-тек теңемеген оны әкеге, десейші!
Marco
Қарындас, ерді сыйла құдды әкеңдей
Нәпсіні ақыл жеңсің, өрекпіме!
Almas-al-almati
бауырым бұл жерде не меңзегенімді келесі екі жолдан түсінуге болар еді түсінгісі келген адамға
Almas-al-almati
бұл жерде ерді сыйлау емес қызды сыйлау жайлы еді негізі
Almas-al-almati
хош оны қойшы, өнерге әркімнің де бар таласы деген бекер емес қой
өзің де құр алақан емес екенсің) бір бірімізге бас аяғы жоқ дәлелдегенше халықты жақсылыққа шақыру абзалырақ болар
ruben
Өзіндік ар сотыңнан өткен насихат па? Қырық күн жас төгіп, мұрын сүйегің сыздап па еді, ахи? Былай жариялағаныңмен, 1 мм-ге әсер етпейді, мұны білген жөн.
Соңғы түзету:
Almas-al-almati
алдымен ассямуъаляйкум десек дурыс болар ахи)
ал одан кейінгіге келер болсақ біреуге әсер етуінің шарты қырық күн жас төгіп, мұрын сүйегі сыздау болса онда оған да дайынмын, бауырым.
ал егер өзің айтқан 1 миллиметрге әсер еткізудің жолын білсең жасырмай айта ғойшы)
Aldeken
ассямуъаляйкум
не ғо, ахи, тап осы сен жазған вариациядағы амандасу арабшадан аударғанда «мен саған өлім тілеймін» деген бе әйтеуір соған ұқсас жақсы емес нәрсені білдіретінін естіген едім, өткенде бір уағыздан. пернетақтаңды абайлап басуды рекомендеймін.
Almas-al-almati
Аллаһ разы болсын бауырым! және ruben бауырдан кешірім өтінемін. АсСалямуъаляйкум бауырлар
ruben
Позитив әсер ала алмағасын жазғам. Өзің бәрін білетін көрінесін. Ғафу ет те, ұмыта сал. Сенікі жөн, аһи!
Almas-al-almati
бәрін білу тек Аллаһқа тән қасиет қой, ахи. біздікі — білімнің миллиардтан бір бөлігі болса қуанышымда шек болмас еді-ау, шіркін!
Hetrou
1 миллионға әсер етпесе де, 1 адамның көз жасының төгілмеуіне себеп болса, жақсы емес пе.
Daniar-Alan
Жігіттікті дәлелдеу белмен емес
Қолмен болса жарасар текті адамға

недидд құдай ауу  кетнақ өзің істе ондайыңды  аулақ! аулақ!
Almas-al-almati
кетнақ
бұл не сөз айналайын?
Daniar-Alan
архивті ақтар на, отырсам со түсіндіріп әл-Алматы
Marco
Осыдан бір жыл бұрын konvict -тің ұраны болуға сұранып-ақ тұр екен? Әлде, әлде… Абай қазір қалай өзі былай?
Daniar-Alan
ер жеткен шығар… баяғы әдетін қойып бесіншіқауымдастығыңдыссс  ат тұяғын тай басар дид
Nurgisa
Мына жыр жолдарынан автордың жан тебіренісін анық байқауға болады.
Өзінен кейінгі іні-қарындастарға беріп жатқан ақыл-ойы, насихаты деп қарастыру керек.
Автор әсіресе:
«Дейді халқым сүзбесе тана көзін
Бұқа жібін үзбейді тыныш жатқан»
деген жолдары арқылы тана көзін сүзбесе, бұқа жібін үзбейтіндігін әдемі жеткізген.
Ғаламдсып жатқан мынау ғаламда жас өрендерімізді тура жолдан тайдырмайтын осындай отты өлеңдер көбірек болса екен дейсің! Менімен келісесіз бе, автор?
Соңғы түзету:
Daniar-Alan
былай… іштей мақұлдап наққа кеткен секілді
Almas-al-almati
Данияр аланды өзіңе бекер тіркегенсің)
барыстың баласынан садаға кет айналайын
Daniar-Alan
уа бобурым, кім айтты саған аланды барыс болғаны үшін алды деп… хотяя…
Almas-al-almati
әлбетте, осындай өлеңдер және сол өлеңді жазып қана қоймай, ісін де соған сәйкес істейтін азаматтар көбейсе ұлтымыздың жандануы, қайта жаңғыруы деген сол емес пе?!
Nurgisa
"Ұят қайда, ұяңдық және қайда?
Сана, парық кеткен бе адамзаттан?"
мына жерді қатырып айтыпсыз! Қатты әсерлендім. Біздің ақындарға кейде осылай қарапайым тілмей нақты жеткізу жетіспейді. Жеткізу — нақты!
Қазір барлығы аген пен фейсбуктан шықпай, сонда тәрбиеленетін болды ғой. Осындай тәрбие, тәлім берер нәрсені оқымайды ғой жастар.
Marco
 Байбақтина Әселдің қолтаңбасын шырамыттым)))
Almas-al-almati
Байбақтина Әсел деген кім, бауырым?
Marco
Ол кісі осы күндері ақындар шығармышылығын талдау, зерттеп-зерделеу саласының білікті маманы, тіпті доктор болып қалған шығар. Кейінгі өмірінен бейхабармын.
ademi_alem
Almas-al-almati
салем) ақпаратыңызға, ақпаратты қойшы ниетіңізге мың алғыс
ademi_alem
Саламатсыз, оқасы жоқ ))
Marco
Нәпсіқұмар қызбалық, қызқұмарлық
Жарасатын қылық қой тек наданға
деген жолдарда нәпсіқұмарлық, қызбалық, қызқұмарлықтың тек наданға жарасатын қылық екені тайға таңба басқандай анық жазылыпты.
Nurgisa
Алмас, жазбагерлікпен бала күннен айналысасыз ба? Бұл өнер сізге кімнен дарыды?
Almas-al-almati
бала күнімнен жазатынмын.
бірақ жасырақ кезде табиғат жайлы, махаббат жайлы жазушы едім
кейіннен намаз бастап, біршама уақыт жазуды қойып едім
осы жақында Әзілхан ағамның «Махаббат қызық мол жылдар» романын оқып осы бір-екі ауыз өлеңімді жазып едім
Nurgisa
Мүмкіндік болса, басқа өлеңдеріңізбен де бөлісе отырсаңыз. Осында пікір ретінде қойсаңызшы. Маған қызық.
Бұрын қалай жаздыңыз екен, қазір қаншалықты кемелдендіңіз…
Almas-al-almati
бұрынғыларымды жария етуге ұяламын)
махаббат махаббат деп қызбаллыққа салынып жүрген кезең ғой
оны жұрт тұрмақ өзім де оқымас едім
арнайы адамдарға сол заманында арналып, бірақ, дәл қазір дүйім жұртқа ешқандай да пайдасы жоқ жолдар деп білем
Daniar-Alan
Әзілхан ағамның «Махаббат қызық мол жылдар» романын оқып осы бір-екі ауыз өлеңімді жазып едім

 бәсе деп ем ауу
Almas-al-almati
шамасы бауырым сен де оқыған сияқтысың ол романды
бірақ сенің «кетнақың» бұл романнан хабарсыз адамның бейнесін келтіреді көз алдыма
Аллахым сені «опық жемейтін Ошақпаевтардың» ізбасарларынан қылмасын, әйтеуір
Daniar-Alan
опық жемейтін Ошақпаев

өййй кумирім ғо ол
Almas-al-almati
Абылайдың түсіндегі ұсақталған ұрпақтан болдым десеңші
Жә, сенімен сөз таластырған мен де ақымақ. Жақсы бол, жаман бол, әйтеуір аман бол
Adiletshu
Жаңадан келгендерге тиіскені болмаса, былай нормальный адам. Прикол үшін жүре берсін
Almas-al-almati
мм, жарайды))) бәрібір оның жүру-жүрмеуі менің құзіретімдегі шаруа емес қой)
Marco
Сіздің өлеңіңізге сын емес, ақын ретіндегі жауабыңызды естігім келіп сұрап отырмын.
Неге қазақ поезиясында күн шығыстан шығып, батысқа барып батудан қалып барады. Неге біздің ақындар күнделікті өмірдің боямасыз бейнесін суреттеудің орнына абстракциялық қиял тудырған өзінің ғана санасындағы болымсыз болмысты сипаттауға құмар?
Almas-al-almati
ол жағы бір Аллаға аян. Өз басым басқа ақындар жайлы аса бір көп ақпарат білмеймін
Білетінім — Мұхаметжан Тазабеков, Серік Қалиев сынды ағаларымыз
Ал ол кісілерді «абстракциялық қиял тудырған өзінің ғана санасындағы болымсыз болмысты сипаттауға құмар» кісілер деп айтуға аузым бармайды
Aldeken
Балғынбек Имашевті тіліңе тиек қылмағаның ұяттау болды. Ия, айтпақшы, олар да сен секілді бұрынғы шығармашылығынан ұялып жүрген болар.
Almas-al-almati
қалай болғанда да ол кісілердің қазіргі келбет-сипаты адам тартарлық. білерім сол. біреудің өткенін ақтару — жақсылықтың нышаны емес екені анық
Almas-al-almati
бауырым негізі есімің кім?)
және мұнда қалай дос болуға болады
сонымен қатар менімен дос боласың ба?)
Daniar-Alan
 ох ішім, ішеееммм ойбаййй
Adiletshu
Дос болғың келетін адамның нигіне бас. Профиль деп дәу әріппен жазылып тұрған жердің астында достар тізіміне қосу деген бар. Соны бассаң болды
Almas-al-almati
рахмет, бауырым! Аллаһ разы болсын
Adiletshu
Саған да разы болсын!
Aldeken
Не ғо, авторға бір сұрақ: жалпы Алла(һ) жүрегіңізге хидаят беріп, намазға жығылып, хақ жолға бет бұрмас бұрын
Нәпсіқұмар қызбалық, қызқұмарлық
деген мәселелерді өзіңіз де бастан өткеріп, біраз болмаса да бірнеше нәзік жыныстылармен ара-қатынаста болған шығарсыз, ия? Әйтпесе, бүгінгі үрдісті дөп басып, ащы жерлерін анық айтуыңызды басқаша түсіндіре алмай отырмын.
Пы.сы. Мұхаметжан Тазабеков те, кезінде ақаңнан сілтеп қойып, кейіннен араққа қарсы жалынды жырлар жазып ед…
Almas-al-almati
болғаным рас, бірақ ешбір "қызды" бұзбадым, солай етпегеніме Аллаһқа шүкіршілік етемін.
сіздің сөзіңіздің денін түсіне алмадым. жұрттың өткенінен айып іздеуді мақсат қылсаңыз бұл сізді пұшпаққа шығармасы анық. біз өткенмен емес бүгінгі күнмен өмір сүреміз ғой
Almas-al-almati
және де бір өтінішім бар еді сізге, бауырым
қиын болмаса "ғой", «еді» сияқты сөздерді соңын жеп қоймай, толық жазсаңыз екен. қазақ болып біз көрсетпесек басқалар қайдан үйренсін?
daugozhek
Жігіттікті дәлелдеу белмен емес
Қолмен болса жарасар текті адамға
Осы жерін қауашағым қорыта алмай отыр, мүмкін болса түсіндіріп кетсең
Almas-al-almati
қазіргі жігіттігін "қыздарды" бұзумен, яғни белден төмен бөлігімен дәлелдеушілерге айтқаным еді, бауырым
белмен емес, қолмен, яғни іспен дәлелдесең қайдасың, бауырларым деген мағынада ғой
daugozhek
Адам жыныстық сұранысын қанағаттандарудың одан басқа жолдары барма? болса айта кетсеңіз, өте маңызды
Almas-al-almati
үйлен, бауырым)
заңды некедегі адал жарыңмен қанағаттандыр өзің айтпақшы «жыныстық сұраныстарыңды». Біреудің мәпелеп өсірген, аппақ, адал қыздары қолжаулық болу үшін жаралмаған шығар?
daugozhek
Ал тұрмыстағы әйелдерге барса болама?
daugozhek
Зина апайдың үйінде талай болдым, Түсін дейсің қадірін екі қолдың!
daugozhek
Осындай ми қатулар болып жатыр, айтып өт бағыттарын дұрыс жолдың!
Almas-al-almati
бауырым-ау, тұрмыста болсын я болмасын, өз жарыңнан басқаның бәрі саған — харам.
Aldeken
кешке некесін қидырып, түні бойы пенделік құмарлығын қандырғасын ертеңіне талақ қылып кету арқылы шариғат ісіндегі құқықтық казустарды өз пайдасына бейімдеп, оны «уақытша неке» қылып пәтуасын шығарып жүрген ахилер мен ухтилерге не айтар едің, інім?
Daniar-Alan
мұны айтуға діни сауаты жетпей қалған секілді
Almas-al-almati
негізі бұл білімсіздіктің салдары ғой бауырым. шариғатта «уақытша неке» деген ұғым жоқ.
Aldeken
бұл білімсіздіктің салдары емес, қой терісін жамылған қасқырдың ісі… өзің айтпақшы жігіттікті қолмен дәлелдейтін болсаң, назарың мен шабытыңды сол жаққа бағыттағаның дұрыс шығар… өз ойым.
Almas-al-almati
білім дегенде мен шариғи білім жайлы айтып едім. шариғи білімнің кемдігінен, дінінің шорқақтығынан көптеген бауырлар мен әпке-қарындастар біршама қателіктерге бой ұруда. кешегі жаңғырығы құлақтан кете қоймаған жарылыстар, сіз айтқан «уақытша неке» тағысын тағы — барлығы да білімнің(шариғи білімнің) кемдігінен. кеңесіңізге рахмет, әлбетте, мен және діни білімі бар бауырлар ол мәселелерге міндетті түрде көңіл бөлудеміз. тәрбиенің басы өзімізден екенін ескеріп, сабақ, дәріс алудамыз. және реті келген, кезі келген жерде бауырларға насихат айтудамыз.
Almas-al-almati
Дінді біреу теріс деп жамандайды
Ислам мен секта бір деп тән алмайды
Дін біреу, әркімдердің дінге балап
жүргендері дін болып саналмайды
Aldeken
Не ғо, інім, шынымды айтсам, ақыл айтып, пәтуаға шақыруға кеш қалған сияқтысың, мәселенің бастауы бұл жерде емес, сонааааааааааааааааааау мектеп табалдырығының маңында жатыр, сондықтан білім министрінің блогына, ұстаздардың сайтына жазсаң жақсы болатын шығар. ренжімей, дұрыс түсінікпен қабылдайд деп сенемін.
пы.сы. қазақ тілінде дұрыс жазуға мені үйретпей-ақ қоюды рекомендеймін. қанша дегенмен, малагенттегі қазақшаның қасында менікі көш ілгері сияқты көрінеді өзіме.
пы.сының пы.сысы. жалпы уағыз айтып тәртіпке шақыратын ортаны қате таңдаған секілдісің. бұл жердегілер сөзді әңгіме үшін айтады, істерін жария қыла бермейді, яғни ұранмен абырой жинайтындардан емес. Сау бол!
Almas-al-almati
малагенттегі қазақшаның қасында
сіздікі
көш ілгері сияқты
екені рас. бірақ өзіңізді төмендегілермен емес, жоғарыдағылармен салыстырып сол жаққа ұмтылсаңыз жақсы ғой)
ken
Марко, сен бұндай емес едің ғой?
Marco
Көтек, небоқалд?
asaubota
махаббат туралы өлеңдеріңді күтеміз ахи
Almas-al-almati
бауырым, мен махаббат жайлы жазбаймын-ау) махаббат жайлы жазу үшін, сезіну керек қой. үйленіп, үйлі болғанда жазармын ин ща Аллах, жарыма деген махаббатымды жырлап)
aza
«Шын махаббат үйленумен бітеді» дейді ғой… Бітіп қалса қайтесіз, қазір ауыздан жалын шашып тұрғанда жазып жазып тастамайсыз ба?!
Almas-al-almati
«Шын махаббат үйленумен бітеді»
дегенді кім айтқан екен?)
шариғат бойынша махаббат үйленуден басталады, білерім сол, бауырым)
aza
еее, машалаһ! сындым өлеңге! мына өлеңді кілең имансыздар тапап жүрген қалаларымыздың көшелеріне билборд етіп іліп қою керек қой. Әкімшілік қайда қарап отыр? Әр жолы тұнып тұрған ақыл, кей жері күлкі туғызса, кей тұсы еріксіз ойға батыратын терең дүние екен. Бауырым, қаламыңа, ой қолыңа) Алла қуат берсін,
temir1986
жаза бер бірақ ешкім құлағына құймайды. жалпы кез келген ақыл мың сан рет айтылған. Ең дұрысы аюға намаз үйреткен таяқ. бітті. Алда соқ бәріде ақылды болып шығады.
Almas-al-almati
))) алдыма аю келсе, міндетті түрде сіздің кеңесіңізге құлақ асармын)))
ал қазірше адамдармен қарым-қатынаста екенбіз, бейбіт жолын көрейік) мақсатым — бәрін тұрған бойда жақсы қылып жіберу емес, ол қолымнан келмейді де. Бірақ, адамдардың адамдығын ұмытпауына титтей де болса үлесімді қоссам — бұл да бір жетістік қой.
temir1986
Ешқашан бейбіт жолмен ешкімді жолға сала алмайсың. Босқа дәмеленбе. Онанда сойыл көтеруге жарайтындардың басын қосу керек. Сонда ған ақыл кіреді елге.
Almas-al-almati
сіз сияқты ұр да жықтардың кесірінен мұсылман, ислам сөздері терроризм сөзімен қатар тұратын жағдайға келді. күштің де қолданатын жері, кезі болады, соны білген жөн. егер келіспесеңіз, өз шаруаңыз. әрмен қарай сөз таластыруды жөн көрмеймін.
zhas_kazakh
сіз темір1986-ны дұрыс түсінбедіңіз ау дейм3н
Tyulpan
bizdin memleket, Qazaqstandy aytam, zayirly memleket bolyp kala bergenin kalaimyn. jurmin, mine, Iordaniyada, dini memlekette. tuk kyzyk emes...tagy da kozim jetti…

dini uagyzdarynyzydy kez kelgen jerde tarata bermei, belgili bir jerlerde netsenizder jaksy bolatyn edi…
ken
фотолар күтеміз
zhas_kazakh
дінге емес жай адами қасиетке шақырып жатыр ғой
zhas_kazakh
басында оқып жатқанда Серік Қалиевтің өлеңдері елестеп кетті. Өленң мықты, дәл тиді +5
b-asan
Нұрғиса, картопты жарыпсың!!!