Жөргекпұл беру қай кезден басталған?
Ибн Омардың айтуынша, бір күні Мәдинаға келген бір топ саудагер мешітке түнемекші болады. Сол түні Хазірет Омар мен Абдуррахман ибн Ауф келген қонақтарды ұрылардан қорғап, қарауылдау мақсатында мешітте қалады.
Қарауылдаумен қатар намаздарын да оқып жатты. Біраз уақыттан соң сол маңнан бір сәбидің жылаған даусы естіледі. Омар дауыс шыққан жерге жақындап барады да сәбидің анасына: «Аллаһтан қорық. Балаға дұрыстап қарасаңшы», — дейді. Көп уақыт өтпей сәбидің жылаған үні тағы шығады. Екі-үш рет ескерткен Омар:
— Сен қандай анасың?! Бала жылаудан жағы сембеді ғой.
— Бұл бала мені шаршатты. Емшектен шығармақшы едім.
— Неге?
— Баланы емшектен шығарғанда ғана Омар балаға нәпақа төлейді, — дейді (әйел сұраушының хз. Омар екенін білмейтін). Абдырап қалған Омар әйелден: «Бала неше жаста?» — деп сұрағанда: «Пәлен айлық», — деп жауап береді. Сонда Омар: «Сен баланы сүттен шығаруға асықпа. Оны еміз», — дейді. Мынадай көріністен көңілі босап, жүрегі езілген Омар таңға дейін көз жасын тия алмай, жылай-жылай даусы қарлығып қалады. Таң намазын бітірісімен «Осы кезге дейін қаншама баланың обалына қалған екенмін», — деп өзін жазғырады. Сол жердегілердің біріне: «Мұнан былай әрбір шаранаға ақы төленетінін халыққа хабарлаңдар!» — деп жар салған екен.
Мақала мына жерден алынды
www.kazakzaman.kz/kz/newsDetail_getNewsById.action?newsId=56139

2 пікір