Көзді сақтау.

Бәріне сәлем. Міне компьютер алдына отырмағалы бірнеше күн өтті. Отырмаудың басты себебі — көзімнің көруі нашарлап кеткен. Компьютерге жаман үйреніп алған екемін, отырмасам бас ауырғандай, не істерімді білмей, сандырақтай кетем. Отырсаң уақытылы достармен, таныстармен сөйлесіп, жаңалықтар бөлісіп отырады екесің, оның үстіне керекинфо жаңалықтарынан да кұр қалыппын...(
Соңғы кездері компьютер алдына отырсам көзім ашып, жасауратып, ұйқым келіп кетеді. Ұйықтасамда бәрібір бұрынғыдай компьютер алдында түндеп отыра алмай қалдым.
Алыстан көруім төмендеп кеткен. Сөйтіп интернеттен жаттығулар, көзді қалыпқа келтіру туралы іздеп, таптым. Бірер жаттығулар бар екен. Күнделікті орындап жүрмін, пайдасы бар сияқты. Бірақ көздің көруі расыменде қалпына келедіма екен? Қалай ойлайсыздар? Және де бірер жаттығулар, немесе көзге пайдалы дәрі- дәрмек, халықтық рецептілер білсеңіздер бөлісе отырыңыздаршы…

Мына сурет сіздерге қажет болар:
Бөлісу:

5 пікір

Ereimen
Компке тәуелділердің бірі менмін, өте көп отырамын, 12-14 сағат, расымен соңғы кездері меніңде көздерім ауырып жүр, дүкеннен барып көзілдірік сатып алсам ба деген ойда да ба, бірақ оны қалай талдаймын, олар маған жай көзілдірікті компке арналған деп сатып жібереме деген ойда бар сонымен көзілдірік талдай алмай жүрмін.
AYAT
Дохтыр-окулист деген жаксы адам бар, соған хабарлассан очкиңа рецепт жазып береді. Айытпақшы, ол сені дүкенге емес салон-оптикаға жыбереды.
Tyulpan
ооо пайдалы топик, керек инфо )))

компьютерге көп отырғанда "құрғақ көз" синдромы болады. теледидар көп қарағанда да солай. бақырайып, көзімізді жыпылықтатпағаннан сондайға ұшырап, көз ашып, дискомфорттар бола бастайды. менде де сондай байқалып жүр. әр 45 мин. сайын көзді 10-15 мин. демалдырып тұру керек. режим керек, жарық дұрыс болуы керек.

окулист маған «офтогель» деген көз тамшыларын жазып берген. жақсы солар. маған да қорғайтын көзілдірік алу кк еді…
AYAT
әй дейтін әже, қой дейтің қожа болмаса 45 мин режимінің бытшыты шығып 450 мин созылып кетеді)
beka95
әй дейтін мама барғо, бірақ… тыңдай бермейміз(((