Футболда талай қызық бар

Футбол алаңына кімдер шығып, нелер ойнақ салмады. Осы күнге дейін ит, мысық, үкі, торғай, қосаяқ, тиін, қоянды көрдім. Ал поляктардың төртінші дивизионында алаңға не шыққанын білесіз бе? Білмесеңіз видеоны қараңыз
Әрі қарай

Тойда талай қызық бар...

Өткенде бір тойда болдым. Бір ерекшелігі тойға келген қыздың бәрі құлпырып, көздің жауын алып тұрады ғой. Сондай бір сұлумен танысудың сәті түсті.
Әрі қарай

Біздің шенеунік...

«автомабиль»

«хабарландырудың орысша нұсқасы»

«женіл авто колігі»

«Chance автоколегін сатып алу, седан моделен,Қазахстаннан шыгарылған»



Біздің шенеуніктер мықты ғой! Жұмысқа қатал емтихан арқылы қабылданады, сондықтан сауаттарына шүбәңіз болмасын. Бір кереметі сол, олардың шын бетпердесі хақында халық айтады (халық дана ғой!), ал өздері дәлеледейді… Мынау хабарландыру соның бір дәлелі.
Әрі қарай

Біз де келдік, свет те жалп етіп сөнді

Қарағандылық Айтбай Жұмағұлов “тілінің тікені бар” айтыскер. Арасында той басқарып қоятын өнері бар, “Жігітке жеті өнер де аз” деген. Сол Айтбай, бауырымның шілдеханасында бір қызық анекдот айтты. Қызылорданың бір ауылына қаланың тікбақай қызы келін болып түсіпті. Жас келін ана-мұна жұмыс тындырып жүрсе, қайынағасы келіп: “Келін шырақ, біз таңертең далаға сексеуіл сындыруға барамыз. Оны жинап, отын етеміз. Сексеуілдің шоғына қайнаған шәйдің дәмі бөлек болады, сен бізге шәйнек сала сал”,-дейді. Таңертең келін салдыр еткізіп, қапқа бір нәрсе салады. Ауыл адамдары ен далаға шығып сексеуіл сындырып, оны жинап, арбаға артады. Қалғанына от тұтатып, шоғын қыздырып енді шәй ішейін десе, келін тефаль шәйнек салып жіберіпті дейді. Кешке арып-ашып, шөлден кезеріп келген қайынғасына келіні алдынан атып шығып: “Ағажан шәй іштіңіздер ме”,-дейді. Сонда қайынағасы: “Бізде келдік, свет те жалп етіп сөнді”,-деген екен.
Әрі қарай

Titanic кемесінің шынайы жасалу барысы

Әйгілі Кино режиссері James Cameronның кино фильмі «Titanic» кинодағы алып сәулетті кемені бізге тіптіде жақындай танысып сол жылы болған аянышты оқиғаны қайта көз алдымызға әкеліп көрсетті, өз басым бұл киноға ризамын, әрі тебірінемін. 15 жылдан бері Rose бен Jackтің махаббат ертегісін біз ұмытып көрген емеспіз, жақында " Titanic " фильмі экранға қайта шықты, 3D нұсқасындағы бұл фильм тағыда керемет ақша сорғыш құрал болды, ойламаған оқйға шықпаса 3D нұсқасынан түскен кірістен кейін «Titanic» фильмі «Аватар»ды жеңіп әлемдегі бірінші мол кіріс түсірген фильм атағын қайтарып алатыны даусыз. ал бүгін мен сіздерге төмендегі бір қатар сурет жинағын ұсынып отырмын, кинодан шығып, шынайы дүниеге көз салыңыздар, Titanic кемесінің жалпы жасалу барысын тамашалаңыз.

Мақаланың келу қайнары: Қазақ студенттері сайты
Әрі қарай