Тойда талай қызық бар...

Өткенде бір тойда болдым. Бір ерекшелігі тойға келген қыздың бәрі құлпырып, көздің жауын алып тұрады ғой. Сондай бір сұлумен танысудың сәті түсті. Биледік, ортаға шығатын ойынға да бір-екі рет жұптасып қатыстық. Әңгімелестік. Сыр ақтардық. Бұл қыздың басқа қыздардан бір ерекшелігі араққа ернін ғана тигізіп майысып отыру, немесе сәл ғана ішіп орнына қою деген жоқ екен. Рюмкені түбіне дейін, бір тамшысын қалдырмай алып отырады екен. Содан ресторанның ішіндегі, тойыс қыздың ішіндегі ауа температурасы біраз жоғарылағасын бүй деген еді:
Жігіт қызға емес-ау,
Қыз жігітке сөз айтты,
Ешкімді салмай араға,
Еш толқусыз өзі айтты.
Банадан бері Арманым,
Жүрегімді тырнадың,
Өзіңдей болса деп едім,
Өмірлік менің жан жарым.
Өзіңнің мынау алдыңда,
Төгілсінші сырларым.
Жүз грамның әсері
Батылданып тұрғаным.
Кіл жамандар кездесіп,
Болмай жүрді тұрлауым.
Таста десең тастаймын,
Темекіні Арманым.
Басымнан асқан қызығым,
Біреудің жалғыз қызымын.
Жөндеймін деп шаршадым,
Шишкалардың бұзығын.
Кенде емеспін ақшаға,
Зәулім үй бар баспана,
Өмірсерік іздеумен
Соғылды басым тасқа да.
Кейбіреулер кездескен,
Болып шықты опасный,
Жүріп-жүріп соңында,
Болсай дейді запасный,
Короче сені сүйемін,
Басымды саған иемін.
Капли тебе нравлюсь,
Клянюсь саған тиемін.
Таныстырам маханға,
Қарсы болмас паханда.
Өйткені сен ішпейсің,
Тұрақты жұмыс істейсің.
Согласиеңді берсең тек,
Алақаннан түспейсің.
Бөлісу:

61 пікір

asaubota
өтірік айтпаш на
Armanjan
Ареке құй сен, құй сенбе, ішпейтінім рас енді
Abilakim
"өйткені сен ішпейсің" дегені өтірік болар )))
ushkin
Маааа )) "Қыздарда да қыздар бар" деген ))
Armanjan
темекіні құшырлана сорған кезде, түтін қайтар жолда қай жерінен шығады екен деп тамсанып тұрасың.
Janasil
Опшым тиетін болдың ба? Той қашан?
Armanjan
Жооооооооқ! Өлсем де селкі қызға үйленем
Janasil
Тексеріп үлгердің ба?
Aidakonya
Кейбіреулер кездескен,
Болып шықты опасный,
Жүріп-жүріп соңында,
Болсай дейді запасный- осы создерден бари тусиникти болган го
Gastarbaiter
Есіме түсіп кеткені, баяғыда бір қыз " Тұрмысқа аман есен шығып алып, күйеуіме селка екенімді дәлелдейін, сосын любой момент звонда «берем» деп еді.
Сол қыз қайда жүр екен. Адресі де қалмады.
Armanjan
қап, әттеген-ай, қап-әй ә…
Abilakim
тура сенің өкінетіндей жайың жоқ)))
Zhan
Ал маған керісінше студент кезімде бір әумесер (үйленіп қойған) «Тезірек байға тиші, сосын „нетеміз“ деген еді төбеден түскендей қойып қалып. Екі көзім алақандай болып, әлгінің түте-түтесін шығарып ұрысқаным есімде қалыпты.
Құдекем, саған „берем“ деген қызбен осы әумесер екеуін кездестіруі керек еді.
Armanjan
итше талап, дамбалын жыртып қолына ұстаттың ба?
Gastarbaiter
«Тезірек байға тиші, сосын „нетеміз“ деген еді төбеден түскендей қойып қалып
Сен «нетейік-те-нетейік» деп қоймаған соң, байғұс бала тек некеден кейін ғана сексті мойындайтын ескі мораль мектебінің шәкірті екенін білдірген ғой. Ал сен болсаң… Эх-х. Қазіргі қыздар қалай өзі)))))
Abilakim
Zhan
Құдайы беріп қалды мынаның күл күл
Zhan
Айналып келгенде «көзін сүзгендер» кінәлі болып шықпақ. Хронический диагноз қоюға асықпа бірақ. Нәпсіге негізі ышқыры бостар тез бой алдырады. Ал ол көбіне еркектер. Ол еркектің ескі мораль мектебі ме, жоқ су жаңа мораль мектебінің үздік түлегі ме әңгіме онда емес. Арчидің өзі, "қанша жерден доспыз деп жүрсек те, етегі сәл түріліп қалса қарайды" деп айтқан еді бір пікірінде.
Gastarbaiter
Апшуланбаш енді Өзің ғой шынымды айтам деп сырыңды айтқан. Қойдық)))
Daniar-Alan
"қанша жерден доспыз деп жүрсек те, етегі сәл түріліп қалса қарайды"
жаттап алатын сөз кен
Aidakonya
жаль, сиз сиякты жаза алмаймын ше, жигиттердин тойда тойып алып айтатынын жазсак бир гумыр жетпес
ushkin
айтпаңыз, періште бола қалуын ))
Armanjan
шіркін-ай, шіркін деп қоясың, сол қызды асыра мақтасам, сол тойдағы фигурасы ең әдемі қыз дер ем, мини юпкісі мен иығы, қолтығы ашық киімі еріксіз көзіңді тарта беред, перекурга шыққан сайын еркек қауымы көзімен шығарып салып отырды. Ал енді арақты еш ашырқанбай тастай салуы, темекіні бір әкесінің құны қалғандай соруы сондай сорақы боп тұрды.
mercedes
Байы бар әйелді екі қабат қылдың, өзіңе сұлу қыздан өлең арнатқыздың, жалпы жақсы жазасың, фантазияң мықты
AL-ASTER
Buitip algan kiz kurisin
Erten tagi osilai angime aitsa nak iship alip
Aikona
өлдім күлкіден, қыздарың қылықты боп барады
Daniar-Alan
қылықты деп мұны айтпайды, қарындас, шатастырма.
araika
Мынау бұрынғы түсіңнен жақсы екен
Armanjan
ұзынқұлақтан естіп жатырмын, сол сұлудан сұлу сөз естіген мен төртінші адам екенмін, бәрі де тек «тәңкілмен» шектеліп отырыпты.
Janasil
 опшымым есімі өлеңге ұйқасқан жігітке ұра бере ма қалай өзі.
aikarakoz
Мына өлеңнің аптыры сіз ба?
Armanjan
бұл енді арнайы жазылған өлең емес, яғни біреудің айтқан ойын басқаға өлең жолымен жеткізуге тырысқан әрекет ғана
aikarakoz
Әрекетіңізді тым әсірелеп жіберіпсіз
Armanjan
енді өйтті-бүйтті, сүйттік-бүйттік деп соза берсем ішіңіз пысып кетер, осы дұрыс шығар деп ойладым
aikarakoz
Кескініңізді көргім кеп отқаны…
Janasil
Қалқаман Сарин ғой.
aikarakoz
Онда мынандай сөз айтқанына күмәнім бар ана қыздың. Қанша жалғыз болса да, кәрі екенін көре тұра, айтпайды
Rozatai
Мәәә, Арманжан, қалай-қалай әсірелейсің өзің! Ужс!
Armanjan
неге ужс, Розатай неге, неге?
Rozatai
не керек осындай өз бағаңды өсіріп, өзгені шексіз тұқыртатын қылжақ сөздер?
satibaldi
Сонда қайтадан айтшы деп, жазып алдың ба, әлде жаттап алдың ба бірден? Әлде диктофонға жасырын жазатын жаман әдетің бар ма еді?
Rozatai
өз фантазиясын ұрып отырып ойдан жазып шыққан ғой. Өтірікті шындай, шынды Құдай ұрғандай қылып
satibaldi
Ал мен басқаша ойлап та отырғаным жоқ, әрине солай.
Armanjan
өз фантазиясын ұрып отырып ойдан жазып шыққан ғой. Өтірікті шындай, шынды Құдай ұрғандай қылып
Розатай қыздың бәрін өзіңіз сияқты селкі деп ойлап жүрсіз ба? «Оңға қара, солға қара, айналаңның бәрі Жібек...» деген ән есіңізде болар!
satibaldi
Розатай қыздың бәрін өзіңіз сияқты селкі деп ойлап жүрсіз ба?
Банға.
Armanjan
Админге қарсы сөз айтып менде оңбаймын-ау осы.
Armanjan
Сонда қайтадан айтшы деп, жазып алдың ба, әлде жаттап алдың ба бірден? Әлде диктофонға жасырын жазатын жаман әдетің бар ма еді?
бұл енді арнайы жазылған өлең емес, яғни біреудің айтқан ойын басқаға өлең жолымен жеткізуге тырысқан әрекет ғана
как всегда шопағын жеген сатывалды
satibaldi
Бұтағымды жеммей мойындай салсайш ноуқос қиялыңның өнімін.
Armanjan
Жәрәйд, Сатеке с… м деп қол қоя салайын сенің пікіріңе, болсын осымен.
Abilakim
қыздың сумкасын ақтарып отырып өлең мәтінін тауып алған болар… Соткасын бірдеңесін сызып кеткісі келген болар, Арманжаннан шығады)))
Daniar-Alan
нәп нәрмәлнә ақ шығарма жігіттер. заман шындығын тура жазған… қиялдан туса да осындай ғой қазір… нелерің бар?
ken
сен де қоймайды екенсің