Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының профессорымен сұхбат




Есім Жүкеұлы Сегізбаев 1937 жылы сәуір айының 17- жұлдызында Көкшетау облысы Рузай ауданы Сарыадыр ауылында туған.

Мектептен соң Щучинск қаласындағы алтын-платина тау-кен техникумын бітірді (1958ж). 1958-1961 жылдары-әскер қатарында, аға лейтенант. 1961 жылдан Құрманғазы атындағы өнер институтында оқыды, Лениндік степендият, институттың комсоргі болды. 1965 жылы кино және драма актеры мамандығын алды.

Е.Сегізбаев, 1978ж. Театр және суреті өнері институтына шақырылғанша дейін, 1965-1978 жылдар аралығында Ғ.Мүсірепов ат. Қазақ мемлекеттік академиялық Жасөспірімдер мен балалардың драмалық театрында актер болып жемісті шығармашылық қызмет атқарды.

Есім Жүкеұлы өзінің кәсіби актерлік талантын көрермендерге сахналық шындықпен таныта білді. Театр сахнасында 50-ден астам рөлдерді ойнады: С.Сейфуллин- «Ұзақ жолда» — Божок, Ш. Айманов- «Жас Абайда» — Оспан, Ә.Тәжібаев –«Монологтарда» — Т.Тоқтаров, Ш.Айтматов – «Алғашқы мұғалімде» — Сейіт, А.Макаенок – «Үкімде» — Володя, И.Саввин және Ж.Ташенов – «Қаладан келген қылжақ баста»- Еркін, С.Шаймерденов- «Дөкей келе жатырда»- Шилау, Е.Вахитов- «Алтын көрсе періште жолдан таядыда» — Қылышбек, Ғ.Мүсірепов – «Қазақ солдатында» — Гришин және т.б

12 жыл театрдың цтационарлық және гастрольдік сапарларының төрағасы, 10 жыл партия ұйымының жетекшісі болды. 10 жылдан астам Үкімет концерттерінің бағдарламаларын, 30 жыл диктор ретінде Алматы еңбекшілерінің мерекелік демонстрациясын жүргізді.

Кезінде Е.Ж. Сегізбаевтың портреті «Алматының таңдаулы адамдары» галереясында орын алған.
Есім Жүкеұлының кино өнерімізге де қосқан үлесі біршама. Ш. Айманов ат. «Қазақфильм» киностудиясының аударма (дубляж) бөлімінде 2000-нан астам көркем фильмдердің рөлдерін қазақша сайратты, 6 көркем фильмге түсті.

Көп жылдар бойы ҚР Мәдениет министрлігінің жас дарынды орындаушыларды таңдау сарапшылар тобының мүшесі болды. 1986 жылы Республикалық Ж.Елебеков ат. эстрада- цирк студиясында бірінші көркемсөз оқу шеберлерін оқытып шығарды.

1978 жылдан бүгінге дейін Сегізбаев Е.Ж негізгі кәсіби мамандық «Актер шеберлігі» пәнінен дәріс беріп, өз шеберханасынан драма және кино, музыкалық театр актерларының 13 тобын (200-ден астам шәкірттерді) оқытып шығарды. 15 дипломдық спектакль қойды. Одан білім, тәрбие алған талантты шәкірттері Астана мен Алматыда және Қазақстанның барлық қазақ театрларында, радио- телестудияларында, өнер мекемелерінде қызмет етеді.

Есім Жүкеұлының шәкірттерінің ішінде – 12 Қазақ Республикасының, 1 Қытай Халық Республикасының халық артист, 1 ҚР-ның мем-тік сыйлығының, 14 ҚР-ның «Дарын», «Жастар одағы» сыйлығының, «Азия даусы» конкурсының және театырлар фестивалінің лауреаттары, 30-ға жуық ҚР-ның мәдениет қайраткері бар.

1990 жылы Е.Ж. Сегізбаевтың шәкірттерінің күшімен Павлодарда облыстық музыкалық театр ашылды. 1994 жылы ҚХР-ның бір топ дарынды қазақ, ұйғыр жастарын дайындап шығарды. 1998ж. Астанамыздың Қ. Қуанышбаев ат. Қазақ музыкалық драма театрының ұжымын талантты шәкірттерімен толықтырды. Ол орыс, украин, неміс, татар, әзірбайжан, Канада, Франция, Латвия, Венгрия композиторларының оперетталарын және музыкалық комедияларын қазақ тіліне аударды: С.Гулак –Артемовский- «Запорождық ар жағында Дунайдың», И.Штраус –«Жарқанат», И.Кальман «Сильва», «Мистер Икс», Г.Стотгарт-Р.Фримль-«Роз-Мари», Р.Гаджиев –«Ұялма, жыми немесе кавказдық жиенқыз», Э.Лавиш – «Оверндік су тасушы», Ж.Алуй «Оркестр әртістері», Ф.Легар –«Көңілді жесір», А.Двоскин –«Ұрланған жігіт», Е.Птичкин –«Қатындар ереуілі», Р.Паульс- «Сіңілім Керри», Лоу- «Менің әдемі келіншегім»
Осы оперетталар кезінде «музыкалық драма актері» курстары дипломдық спектакль жұмыс ретінде сахналады немесе болашақ дипломдық жұмыс ретінде кафедра репертуарына кірді.

«Қысқаша орысша-қазақша театр терминдерінің түсініктеме сөздігі», «Украинша-қазақша сөздіктерінің» авторы. «Қоюшы – педагогтың дипломдық спектакілмен жұмыс істеуі» ғылыми –метдикалық еңбек жазды, жоғары және орта өнер оқу орындарына арналған «Актер шеберлігі пәнінің типтік бағдарламаларының авторлар ұжымының бірі және аударылған оперетталар «Оқулық –көрнекті құрал» еңбектері бар.

Е.Сегізбаевтың талантты жастарды тәрбиелеп, оларға ұстаздық қызмет көрсетуде де еңбегі ерекше. 1978 жылдан бері Т.Жургенов ат.Қазақ ұлттық өнер академиясында оқытушы, аға оқытушы, доцент, профессор.

Өзінің ұстаздық қызметімен қоса оқып – үйрену театрының директоры, театр факультетінің деканы, академияның тәрбие ісі жөніндегі проректоры, Ғылыми Кеңесінің хатшысы, т.б әкімшілік қызметтерді атқарды.

Өнер өлкесіндегі еңбегі жеміссіз де емес. Оның актерлік және ұстаздық талантын жоғары бағалаған Республика Үкіметі әр жылдары «Қажырлы еңбегі үшін» (1970). «Еңбек ардагері» (1983),1996 жылы «ҚР-ның білім беруі ісінің үздігі» деген Құрметті белгісімен, Білім және ғылым Министрлігінің «Құрмет грамотасы» (1997), ҚР-ның «Мәдениет қайраткері» Құрметті белгісімен (2000) медальдарымен марапатталды.

Сегізбаев Есім Жүкеұлы мол практикалық тәжірибелі творчестволық қызметкер –кәсіпқой және өнер теориясын меңгерген маман оқытушы ретінде ұстаздық жұмыста Республикамыздың театр өнеріне жас мамандарға тәлім – тәрбие беру, кәсіби актерларды дайындау жолында жемісті еңбек етіп келеді.
Жалпы еңбек стажы 58 жыл. Өнер саласындағы стажы 47 жыл.

Қазір Т.Жүргенов ат. Қазақ Ұлттық Академиясының колледжінде дәріс береді, профессор.

P.S: Есім ағай «Жаужүрек мың бала» фильмінде ақсақалдардың бірі болып рөлін сомдаған.
Бұл менің алғашқы өнералды сұхбатым)
Бөлісу:

2 пікір

neoman
Мен сыйлайтын санаулы ұстаздарымның бірі. Соғып шығуым керек еді бір сәті түскенде.

Мына монолог былай оқылады, мына өлеңді былай дыбыстау керек деп көрсеткенде, таңғалыстан һәм толғаныстан бірнеше минуттық трансқа кіріп кететінбіз. Керемет азамат