Жұлдыз сыйлаңыз

Сүйіп қалдыңыз біреуді. Бүкіл өміріңізді сонымен ғана елестетесіз. Ол туралы күндіз де түнде де ойлайсыз. Онымен мәңгілік біге болғыңыз келеді…
Жоқ олай емес… Оқиғаны қоюлатайық…
Бір жарым жыл көрмедіңіз. Сағындыңыз. Ол алыста болды. Соңғы 2-аптада тіпті телефонмен сөйлеспедіңіз.
Міне, ол келе жатыр. Ал сіз оны траптан жәй ғана күтіп алғыңыз келмейді. Егер қолыңызда болса бүкіл әлемді оның аяғына жығып бергіңіз келеді, бүкіл әлемді сыйлағыңыз келеді… Бірақ… өкінішке орай мұны істей алмайсыз. Қайтпек керек?!..

Заманның түзу, Сатыбалдының көзі оң кезінде бірде маған жанашырлықпен, бәлкім астарында кемсітушілік жатты ма білмеймін, әйтеуір: "әже дініңе қайт" дегені бартұғын. Сол кезде ептеп ойланып қалған едім. Сөйтіп қайтпайтындығымды мәлім еткім келеді. Себебі, реті келгенде Муха (өзі кешірсін) пәтуасын шығарып қойған екен. Соған қарағанда ол кісіге де кезінде "әже дініңе қайт" дегендер болса керек. Зер салып, енді байқаған жайым бар.
Ендеше, мына сандарды жаттап алыңыз не болмаса қойын дәптеріңізге түртіп қойыңыз.

