өкінішті...

Блог - aru: өкінішті...
— анам,әкем, қызыл аюымнан басқа ешкімді жақсы көрмейтін кезім…

— қас қарайса, пысылдап ұйықтап жататын шағым…

— төрттік баға алсам, әлемнің проблемасын арқалап қайтатын сәтім…

— жер бетінде жақсылық пен жамандықтың бар екенін білмейтін уағым…

— қарыз беріп, жалақы алмайтын, сөзіме ешкім аса зер салмайтын кезеңім…

— күнделікті жалған күлкі, өтірік жымиыспен емес, ойынмен өмір сүрген күндерім…

— бір ғана шоколадтың өзіне бақытты бола салатын кезім…

— бәрінен бұрын, маған емес, достарым мен үшін тұратын уақыт

қайта оралмайтыны ӨКІНІШТІ…
Бөлісу:

20 пікір

satibaldi
Ол қойня сіңлім-ау, қазіргі жатакетуге мүмкіндік бар замандарды да сағынатын боласың. «Сьо кезде бясімнань ұрятын адамь больған жоқь, жатагетуім керек едь» деп, иектерің дір-дір етіп отыратын боласың.
Соңғы түзету:
aru
Сіздің жазбаңызға жаман пікір жазып жатқан жоқпын ғой. Сіз де өйтпесеңізші
satibaldi
Тіпті де жаман пікір емес. Ескерту. Мен де қазір өкінемін. Со кездері әй-шәйға қарамай басжіверу керек ед деп.
aru
Мені ма? Мені қайдан танисыз?
satibaldi
Біздің қолдарымыз ұзын… Тура мағынасында бірақ(((
AKY
Есіңде болсын, «басжіверу» сөзін ешқашан өзіңе қатысты қылып айтпа. Өзгелерге қатысты айта берсең болады.
Ispek92
 сразу өзіңізді ойладыңыз ба? күдік… күдік…
Daniar-Alan
Мен де қазір өкінемін. Со кездері әй-шәйға қарамай басжіверу керек ед деп.
а шо Сатеке проблема бар ма?
asaubota
бұл аз негізі. жас өскен сайын көп нәрсені сағынып тұрасың. өмір мен уақытта түк сезім жоқ. бірақ біреуі тәжірибе арқылы үйретеді, ал екіншісі емдейді. өкінішпен өмір сүруге болмайды. олай көрдім, арқалап жүру ауыр болды. тастадым, лақтырдым.
Adiletshu
Кластастарың қай жылғы?
Ispek92
Қай жылы мектепке бардың?
MERmukhanov
Балалық шаққа саяхат © Б.С.
Sebastian
тойлардағы тамақтың да ертең алдыңда тұрмайтыны өкінішті…
ken
меніңше, бұның жалғасы шамамен мынадай болатын сияқты:
«жастық шағымда балалық шағымды (өткенімді) сағынып өкініп жүріп өткізіп қойғаным өкінішті»
Abilakim
Сіз түгілі Қайрат Нұртас та өкінеді
Shah
Қайрат Нұртас өкінбейді, өйткені ол жасарын жасап алды