Жұлдыз сыйлаңыз
Сүйіп қалдыңыз біреуді. Бүкіл өміріңізді сонымен ғана елестетесіз. Ол туралы күндіз де түнде де ойлайсыз. Онымен мәңгілік біге болғыңыз келеді…
Жоқ олай емес… Оқиғаны қоюлатайық…
Бір жарым жыл көрмедіңіз. Сағындыңыз. Ол алыста болды. Соңғы 2-аптада тіпті телефонмен сөйлеспедіңіз.
Міне, ол келе жатыр. Ал сіз оны траптан жәй ғана күтіп алғыңыз келмейді. Егер қолыңызда болса бүкіл әлемді оның аяғына жығып бергіңіз келеді, бүкіл әлемді сыйлағыңыз келеді… Бірақ… өкінішке орай мұны істей алмайсыз. Қайтпек керек?!..
Жұлдыз сыйлаңыз
Ия, ол мүмкін! Ол үшін мына сайтқа кіріп, өзіңізге ыңғайлысын, қалтаңызға қолайлысын таңдаңыз.
Жәй көзбен көрінетіндері — 1450-4372 еуро болса,
Бинокльдермен көрінетіндері — 160-521 еуро аралығында.
Ал телескоппен көрінетіндері — 18-105 еуро тұрады.
Онымен қоса бағасы 39 — 738 еуро аралығындағы сыйлық жинтығы бар. Құрамына сертификат кіреді. Сертификатта жұлдыздың орналасқан жері (яғни мысалы таразы шоқжұлдызында деп таңдасаңыз), және жұлдыздың сіз қойған атыңыз. Мәселеңки, сүйіктіңіздің аты — Айнұр болса, таразы шоқжұлдызындағы бір жұлдызға «Айнұр» деген ат қоясыз Керемет емес пе?
Ия ия, әрине лоқ боласыз. Өйткені жұлдыз сататын компанияның базасында ғана тіркеледі ол жұлдыз Ақтарып жүріп, американдық бір сайттан әлі ашылмаған, бірақ математикалық есептер бойынша осы жерде бар аууу деп жобаланған бір жұлдызды өтттте қымбат бағаға сатып алуыңызға болады әрине (ашылған жұлдыздардың бәрінің аттары бар үжі). Бірақ, наққа?
Адамдар өздері сенбесе де сенгісі келіп Лапландияға хат жолдап жүр. Сондықтан, сүйіктіңізді қуантудың, және ЕРЕКШЕ қуантудың бір жолы осы дер едім
Фейерверк ұйымдастырыңыз
Бұл да өтте оригинал шешім ойымша. Жалпы сюрприздерді кім жек көрсін, ал мынадай масштабтағыны ұнатуы күмәнсіз.
Бағалары менің ойымша қолайлы. Тым қымбат емес. Егер Астаналық болсаңыз тек бір ғана сілтеме таптым. Ресми осы ұйым ғана айналысып жатқан секілді. Ал Алматыда өте көп. Соның бірі — Салют стик компаниясы. Бағасы шамамен 30 000-нан басталады. Байқағаным, биіктігіне және уақытына қарай бағалары өзгеріп отырады. Мысалыға биіктігі 15 метрлік 35-40 секундтық фейерверк жобамен 40-50 000-ға шығады.
Лазерлік шоу
Астанадан онымен айналысатын ұйым таппадым. Алматыда бар екен. Бағасы шамамен 150 000 теңге шамасында. Суреттің өзі-ақ түсініктеме болғандықтан бастарыңыз бен көздеріңізді айыртпай ақ қояйын деп шештім
Ал егер, романтикадан ада, жоғарыдағы айтылғанның барлығын бос шығын көретін, өзінің сараңдығын практичныйлыққа (хечром аудара алмадым) балайтын, мүмкін сүйіктісін жеткілікті дәрежеде сүймейтін хмырь болсаңыз жәй ғана қонжық сыйлай салыңыз
6 пікір