Империалистік пиғыл
Жақында құрбыммен пәтер іздедік, жалға алайық деп. Таңдау көп емес, Өскеменде пәтерлеп қымбат (2 бөлмелілері 55 мың тг-ден басталады), жағдайы да құнына сай емес болып келеді жиі… Бірақ сұрағым басқа жайлы: сайттардың көбінде «сдам квартиру европейской молодой семье или лицам европейской национальности» деп тұрады. «Европеецтері» сол баяғы "қазақ емес" дегендері ғо! Бұны ұлтшылдық деп атау керек пе? Еліміз барлық азаматтарына тең қарағанымен, азаматтары бір-біріне тең қарамайды-ау…
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін ашып, «Меншік құқығы» деген бөлігін оқыңдар. Әр адам өз меншігіндегі дүние-мүлкімен не істеймін десе де өз еркі. Яғни, бүкіл 7 миллион қазақтың басын біріктіріп (бұл өз кезегінде реал түгіл виртуалда мүмкін емес нәрсе), Өскеменнің әкімиятының алдындағы алаңға шеру ұйымдастырсаң да іске аспайтын нәрсе. Одан да, ақшаларыңды жинаңдар да, үй сатып алудың қамын ойлаңдар. Әрекет етіңдер, көпіре бермей…
Пы.сы. ия, пәтер жалдап көрдім. Астанада. 5 жылда 8 пәтер ауыстырдым. екі балам жалдамалы пәтерлерде дүниеге келді. Ия, орыстың да үйін жалдадым. Тағы не айтайын?
Көз алдымызға елестетіп көрейікші. Бір дүкені бар еуропалық сізге тауарын сатпаймын, еуропалыққа сатамын деп тұрса.
Дегенмен де хабарландыруға еуропалық нәсіл өкілін іздеймін деп жазу нәсілшілдіктің көрінісі іспетті.
Осындағы керекші жігіттер басымыз қосылып, жиналған жерде, арамыздағы Аза есімді жігіт даяшы, сатушы, саунаның администраторы, кез-келген қызмет көрсетушімен қазақша тілдеседі, мейлі ол орыс болсын, шүршіт болсын. Бұнысына да ешкім шектеу қоя алмайды, орыстардың хабарландыруы да сондай нәрсе.
не ғо, жақсы хабарландыруға жазбай, просто сіз келген кезде қазақ екеніңізді көреді де, жалдауға отказ беріп, қайтарып жібере салды дейік, сонда сіз бұл жағдайда орыстармен бірдей мүмкіндік алдым деп ойлайсыз ба? ренжімеңіз, бұл есекдәменің ауа қармап облом болуы ғана болады. оған қоса алтын уақытыңызды зая кетіресіз. одан да, шынын айтқанына қуаныңдар, ең болмаса, шанстарың жоқ екенін бірден айтып тұр ғо, әуре болып уақыт кетірмейсіңдер.
Олай жазуында да бір себеп бар шығар, кім біледі. Тұрып жақан пәтерін мал қораға айналдырып жіберетіндер де бар. Біз, қазақтар, өзімізді сондай етіп көрсетіп жүрген жоқпыз ба деген де ой келеді.
Пәтер беретін адамдар сені бұрыннан танитын болмаған соң, қандай талап қоямын десе де өзі біледі.
«Жетім бұрышқа» бардық бір рет. Ақылға қонымды бағаға қожайын әйелдің айтуынша жақсы пәтер кездесе кетті. Пәтер табылды, бағасы анықталды, қандай қолайлылықтар бар екенін білдік. Сұрақ Интернетке келгенде қостырмаймын дейді. Билайнның "Үйдегі Интернеті" де болмайды ма десем, болмайды, бұрын тұрғандар ақшасын төлемей лақтырып кеткен дейді. Сенің еш қатысың болмайды, өзім-ақ өз атымнан тапсырыс беріп, тегін қостырып аламын да, ақшасын өзім төлей беремін десем де болмады. Кетшінағымызды айтып басқа пәтер ұсынушыларға кетіп қалдық
Сол кезде "қазақпыз, бұл жақсы ма, жаман ба?" деп сұрау ойға келмепті.
Келесі жолы есте болсын. Сендер де солай сұраңдар. Не дер екен?