Түнмен тілдесу

Түнмен тілдесу
Бүгін міне тағы түнмен тілдестім,
Жұлдыз санап, айменен де үндестім.
Менің мына жүректегі дертімді,
Түннен басқа түсінбейді-ау өзге ешкім.

Екеуіміздің іс-әрекетімізге қарасам, езуіме күлкі үйіріледі. Әлеуметтік желіде әңгімеміз жарасқанымен, шынайы өмірде хәл сұрасу былай тұрсын, бірін бірі ешқашан көрмеген бейтаныс адамдардың образын сомдап жүрміз.


