Туған жерге сағыныш
Туған жерін сағынбайтын жан бар ма?
Көтеріліп жүрсем де сан заңғарға,
Менің жаным топыраққа байлаулы,
Менің бала күнім қалған аңғарда.
Туған жерін сағынбайтын бар ма жан?
Туған ауыл…
Үзілмейтін арман-ән
Ауылының түтінін бір аңсайды, ел-
Қалаға кеп қара басын алдаған…
Туған жерін сағынбайтын неге енжар,
Елдің сөзі не ақиқат, не жалған…
Тым құрыса сағынады ауылын,
Мен ешкімді сағынбаймын деген жан.
Туған жерін сағынбайтын ел де жоқ,
Ауылды ойлап көмілемін шерге көп.
Кеудемді әркез жылытады сол ауыл,
Жүрегіме мәңгі жағып берген от.
Көтеріліп жүрсем де сан заңғарға,
Менің жаным топыраққа байлаулы,
Менің бала күнім қалған аңғарда.
Туған жерін сағынбайтын бар ма жан?
Туған ауыл…
Үзілмейтін арман-ән
Ауылының түтінін бір аңсайды, ел-
Қалаға кеп қара басын алдаған…
Туған жерін сағынбайтын неге енжар,
Елдің сөзі не ақиқат, не жалған…
Тым құрыса сағынады ауылын,
Мен ешкімді сағынбаймын деген жан.
Туған жерін сағынбайтын ел де жоқ,
Ауылды ойлап көмілемін шерге көп.
Кеудемді әркез жылытады сол ауыл,
Жүрегіме мәңгі жағып берген от.
Жүремін әр кез елеңдеп.
Бір сезім билеп алады-ау!
Жүрегім дүрсіл қағады-ау!
(Б. Тәжібаевтікі — Туған жер, өзің дегенде). Осы өлең қайырмасы құлағымда өздігінен әндете кеткені…
Ауылдың сағынышына жарасымды жазылған өлең.