Сұрқия саясат

Тағы да жол ақының жыры… Желтоқсанның бірінші жұлдызына дейін жол ақы құны 80 теңгеге дейін көтеріледі дегенде халық «шу» ете қалды. Орынды әрине! Біздің Қарағанды Алматы сияқты мегаполис қала емес. Статистиканың мәліметі бойынша Қарағанды қаласының халқының орташа жалақысының құны 30-40 мың шамасындай. Ондай жалаұы қай отбасының жыртығын жамауға келеді? Кеше ғана бензиннің, тамақтың, тоқ көзінің қымбаттап жатқанын жаңалықтардан жарысып беріп жатты. Енді ойлап көрейік! Шынымен де жағдай қиын. Тағы да кейінге қалдырды. Себебі 1 желтоқсан- Тұңғыш Президент күні. Анау-мынау жағдай болып қалмасын деп шегіндіре тұрды. Енді Жаңа Жылға дейін жол ақы көтерілмейтін болды дегенді естіп жатырмыз. Алда әлі Тәуелсіздік күні. Қазақ үшін желтоқсан айы қасиетті ай. Желтоқсан көтерілісімен тығыз байланысты-ау… Студент жастар, мектеп оқушылары демалысқа кетіп, жастар туған өлкелеріне тарқасқанды күтіп отырғандай… 2011 жылы дәл солай болған еді. Онығ астында біз түсіне бермейтін сұрқия саясат жатыр-ау.....Блог - Ayazhan: Сұрқия саясат
Бөлісу:

20 пікір

MamaAya
әлбетте, бірақ ол туралы қанша қақылдасақ та одан еш нәтиже болмайтыны белгілі… Білеміз, бірақ үндемейміз, үндеуге де болмайды, қаралы күн (траурный день)болуы керек күнді мейрам күні қылып тойлап, концерттер берілетінінің өзін тереңірек ойлансаң миға кірмейді… Ол күннің қайғылы күн екенін тек "Қызғыш құс" фильмі ғана еске түсіреді… Түндеееее болатын.
Соңғы түзету:
temir1986
Жалпы маған билік осы халық қаншаға шыдар екен деп эксперимент жасап жүргендей көрінеді.
MamaAya
«экспериментальный кролик» боп жүргеніміз ауыр енді, сыртқа қанша гләмоур боп көрінуге тырыссақ та, 50 елге кіріп қалдық деп.... бірақ осы шындыққа қарсы шығып, терлеп-тепшігендерді де түсінбеймін, Мен жақсы өмір сүріп өскем, бірақ ол жақсы өмір әкемнің адал жолмен тапқан дегеннен гөрі әншейін сыйлыққа алған сыйлықтарының арқасы () әншейін біреуді жұмысқа тұрғызғаны үшін, немесе қызметін көтермелегені үшін) десем өтірік емес, кейде ұялам… Бірақ сіздерді танымайтын болғандықтан да шынымды айтып отырғаным ғой… Ішімде осындай жүк бар… есебін қалай беремін деген…
Соңғы түзету:
MamaAya
Соңғы түзету:
Blogshy
әлбетте ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі деуші еді, бірақ керісінше, сондай бармақ басты көз қысты әрекет үшін ұялып отырғаныңыздың өзі меніңше жақсы нәрсе. Негізі, иман деген алдымен әркімнің бойындағы ұяты ғой.
MamaAya
жаңа жаңалықта осы аталған мақаланы талқылады, автотұрақ басшылығы бұл бос сөз деп жатыр екен, а бірақ қалада жолда келе жатқан автобусқа біреулер оқ атқан, мұның сол қымбаттайды дегенге қатысы бар ма, жоқ па сол тексерілу үстінде екен,,,,
бұл соңғы жаңалықтар, Сіздермен бірге болған, Айым!!! десен ия?
Tyulpan
Бірақ сіздерді танымайтын болғандықтан да шынымды айтып отырғаным ғой

«танымаймын, танымаймын» деп не түрлі кездесулер мен блогкемптерге барып, араласқанымыз силастыққа, силастығымыз қимастыққа ұласып кетпесе бофты ))
MamaAya
менің оларға қатысқым келсе де қатыса алу мүмкіндігімшектеулі, сосын ғой спокоооойно айтып отыра беретінім, баруға рұқсат бермейді ғой, а оның рұқсатынсыз 1 шаг та жасай алмаймын…
Adiletshu
Если гора не идет к Магомету то Магомет идет к горе. Сіздің үйге қонақ болып қайтсақ қалай қарайсыз
MamaAya
  Шудан анау мынау ала кел десен ия?
Tyulpan
Атыраудан да анау-мынау ала келеміз
Tyulpan
танылам деген адам былай да таныла бермек дегім келген негізі
temir1986
Жалпы біздің қате жолдармен жүріп келе жатқанымызды барлығы түсінеді. Сенат депутатынан бастап мен алып кеттте тұрғандарда. Дәлел көп. Тек барлығы қорқады.
Adiletshu
60 теңге қылса ешкім ештеңе демейді ғой
Aldeken
лібәәәәәәәәәә, жол ақысының көтерілуінен сұрқия саясат жасап цтадыңдар ма? жарасыңдар нақ…
MamaAya
сіздіңше жол ақысының көтерілуі, азық-түліктің қымбаттауы саяси емес, табиғи құбылыс па? сонша күлкілі де нәрсе емес сияқты?!
Aldeken
Қандай құбылыс болса да, саяси құбылыс емес ол… экономикалық қажеттіліктен, болмаса, жолаушы тасымалдаушының, азық-түлік сатушының тез баюы үшін істейтін әрекеттері ғана, болды, басқа ештеңе де емес…
Ал, күлкімді келтіргені, осы бір болмайтын дүниені сұрқия саясат деңгейіне дейін көтеруге деген талпынысы автордың. Қалғандарының соған ере жөнелгені… эхххххх…
MamaAya
саясат сонда не? 1 жанның баюы үшін жасаған әрекетіне саяси басшылар жауап беруі керек емес пе?
Сізге болмашы шығар бірақ сол сіз үшін болмашы саналған нәрсе ақшасы тым аз студенттер мен зейнеткерлер үшін үлкееен мәселе ғой…
Соңғы түзету:
Aldeken
Сізге болмашы шығар бірақ сол сіз үшін болмашы саналған нәрсе ақшасы тым аз студенттер мен зейнеткерлер үшін үлкееен мәселе ғой…
мен үшін болмашы ештеңе жоқ, бірақ, әр нәрсе өз атымен аталғанын қалаймын. АЛ, сіз айтып отырған мәселе саясат емес, әлеуметтік мәселе. Әрине, әлеуметтік мәселе ішкі саясатпен қабысатынын алға тартуға болады, десек те, бұл жерде ең алдымен мәселенің шешімі әлеуметтік қамсыздандыруға келіп тірелетінін ескере отырып, тағы да тап осы постта айтылған мәселеде саясат болғанның өзінде ең аз мөлшерде екенін жеткізгім келеді. өз ойым.
1 жанның баюы үшін жасалған әрекетіне саяси басшы жауап бермейді. баю, ауқатты тұруға ұмтылу әркімнің жеке мүддесі мен құқығы. Оған ешкім қол сұға алмайды. Уоооот, солай шамамен.
Әркім мейлі жеке кәсібі болсын, мемлекеттік қызмет болсын, қандай жұмыс болса да, тек жұмыс істеу үшін емес, ең алдымен, материалдық жағдайын жақсарту үшін жасайды.
MamaAya
жарайды, сіз пікіріне күліп отырған қарапайым халық саясат туралы қайдан білсін?! Әлеуметтік жағдайы төмендер әлеуметтік жағдайы жоғарылардан жеңілетін саясаты бар ел екенін ұмытып кетіп ойларын айтып қала береді дә, бар жаланы саясатқа жауып… А так саясат не при чем…