анаға хат...

Блог - ErnarSeytahmet: анаға хат...
Сәлеметсіңбе, анашым!
Алыстағы ұлыңның хатн күткен де шығарсын, себебі сенің мені қаншалықты сағынғаныңды білемін… мен де сені сағындым, анашым. Жапанда жалғыз қалған балапандай қорғансыздың күнің кешіп жүрмін анашым.
Сабағым ба? Жақсы деймін, жақсы ғой шынымен де. Білесің бе, анашым, телефон соқпай не себепті хат жазып жүргенімді?! мен өкпелімін…
Сіздер бізді, мені, інімді, қарындасымды әркез біреудің ала жібін аттамауды үйретіп едіңдер ғой, естеріңде ме… естеріңде ме «Ешкімді ренжітпе, ұлым» деп ақыл бергеніңіз, анашым… анашым, бұл қалада басқаша бәрі. Сіздер бізді өзгені сыйлауды үйреттіңіз жасы үлкен болғандықтан, ал өткенде кешке келе жатқанда ақсақалды ағамыз жазықсыз ұрысып тастады: «әй, иттің баласы, кеш батқанда не қып жүрсің, үйіңе қайт, осы жастар қазіргінің бетімен кеткен осылар, Сталин керек осыларға. Атаң кім дұрыс тәрбие бермеген,» деп, мен сабақтан қайтып бара жаттым ғой. Ал неге ол адам сіздерге балағат сөз айтады, мама?! Сіздер бізді үйлкендерге қарсы келмеуге үйретіп едіңіз ғой, не үшін?
Мен бір әжеге болысқым келді, ауыр сөмкесім үйіне әзер апара жатқан әжімді беті тершіген әжемізді аяп кеттім. Қасына келіп: «Әже» дей бергенімде жал бұрылып маған алая қарады. Мен оның қолындағы сөмкесін ұрлайтын жанға қарағандай. Түрінен шошып кеттім, «Әй керек емес көмегің» дегеннен басқа естігенім жоқ ештеңе. Рахметі қайда екен, анашым… анашым, сіз бізге үлкендерге қолғабыс ет деуші едіңіз ғой, не үшін…
Әкемнің алыс туыстарына да барғанмын, содан соң бармай қойдым. Себебі төрден орын түгел үйінен орын таппағандай көрінді маған. Адамның көңілі сөйлеген сөзінен көрінеді емес пе?! Олар менен оқуымның қалай екенін сұрады, сосын бір жеге кеткелі жатқанын айтты. Естеріңде ме, осы жандар келгенде бізге қонаққа сіздер әркез қой сойып, мені жүгіртуші едіңдер ғой суға жіберіп, қойға жіберіп, отынға жіберіп.
Маған олардың ұлы да қуана қараған жоқ. Нөмірімді алды, сабағына көмектесуді сұрады. Мен оған қолымнан келгенше көмегімді аямадым. Ал үйіне келгенде тіпті төрден орын ұсынған жоқ. Анашым, әке маған туыстарына жақын бол деуші еді ғой… не үшін? Осылай жоғарыдан алайған көздеріне сыйластықты қалай танытамын, анашым?!
Маған бір адам келді, киімі алба-жұлба деймін қазір, басында менен байлығы аздау жан екенін көрдім. Баласы ауырып жатыр, соған үлкен ақша көмек керек екен емделуі үшін. Әрине, өзіңнен кем жандарға әркез қолдау көрсет демеуші едіңдер ме анашым, қолымдағы 300 теңгені ұстата салдым. Ол ақшаны араққа жіберетінін білдім бе, анашым… сендер көмек көрсетіңдер, қолдағынды аямандар деп айтушы едіңдер ғой, анашым, осы ма?! Осы үшін бе?!
Анашым, менің сүйікті анашым, заманымызда таза қанды тазылар аз, түлкілер көп.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше