Оқып көр, ой салар...(2) " НЕГЕ?"

Блог - daryn: Оқып көр, ой салар...(2)  НЕГЕ?Екеуіміздің іс-әрекетімізге қарасам, езуіме күлкі үйіріледі. Әлеуметтік желіде әңгімеміз жарасқанымен, шынайы өмірде хәл сұрасу былай тұрсын, бірін бірі ешқашан көрмеген бейтаныс адамдардың образын сомдап жүрміз.
Неге, Қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырда жанымызға жалғандықты қош көрдік… Неге, күнәға құмар аузымызды, сауабы мол саулық сұрауға қимадық… Неге, онсызда өтірігі ормандай елдің талы болуға талпындық… Неге, істеуге болмайтынын көзге шұқып көрсеткен алдыңғы буын ағаларымыздың әрекеттерін қайталап әлекпіз! Жоқ қалқам, тым құрымағанда жылдар бойы төгілген терді бағалай білейік… Біз, Елбасы сенген ұрпақ екенімізді ұмытқанымыз қалай…
Олар — Мағжан сенген…
Жоқ, бір тарихқа бір ақталмаған үміт те жетер…
Бөлісу:

4 пікір

ken
«Оқып көр, ой салар...(3)» қашан шығады?
Adiletshu
Типа Абайдың қара сөздері ме? Дым ой салмады
Arys_arlany
«Бабалар аманатын» оқыдың ба афтыр?
daryn
Ассалаумағалейкум, пікірлеріңізге рахмет! Аділетшу мырзаға айтарым: «Елдің бәрі Абай болса, қазақ әлем көшін бастар еді». Арыс мырзаға: Оқыдым!
Соңғы түзету: