Микрофибралы сүрткішке ода

Микрофибра — полиэфир талшықтарынан жасалған мата, алғаш рет Жапонияда 1956 жылдан бастап шығарыла бастапты. Қайдағы жоқ матаға бола пост арнады демеңіздер. Себебі микрофибраның үй шаруасындағы кереметтерін көріп жазып отырмын.
Микрофибралы сүрткіштер /шаң сүрту, еден жууға және т.б./ кейбір сауда орындарында ғана кездеседі, бағасы қымбат емес. Бір сүрткішін 2-3 жыл пайдалана беруге болады.
Төмендегідей түрлері ең көп кездеседі.

Микрофибралы сүркіштер несімен мықты:
Біріншіден, артынан талшық, із қалдырмайды. Яғни, бір сүртіп шыққан жеріңіз алақ-жұлақсыз тап-таза болып қалады. Әсіресе, айна, терезе беттерін сүрткенде бұрынғы көріп жүрген қорлықтарыңызды түгелдей ұмытасыз.
Екіншіден, шаңды бірден «сіңіріп» алады, бойына жинақтайды. Құдды желім сияқты.
Үшіншіден, суды эффективті «сіңіретіндігі» себепті, тазалаған жеріңізде ылғал қалмайды. «Влажная уборка» жасағанда таптырмас құрал.
Төртіншіден, майды қиындықсыз және тез тазартады, ең бастысы химиялық қосындылар мен құралдарсыз. Яғни газ плитасының бетін микрофибра сүрткішіңізбен бір-екі рет сүртіп өтсеңіз-ақ жылтырап сала береді.
Нені ескеру керек: Мұндай сүрткішті ыстық суға жумаңыз, ыстық батареяға ілмеңіз.
Сатып аларда, мұқият болыңыз. Микрофибраның мақсатына қарай әр түрлісі болады. Жалпы шаң сүртуге біреуі, еденге біреуі және соңғысы «полировка» жасауға арналған түрінен біреуін /ох, қалай жылтырататынын білсеңіз ғо/ сатып алсаңыз үйді рахаттана болмаса да, жақсы көңіл-күймен тазалайтын боласыз.
Бөлісу:

6 пікір

satibaldi
Соңында бұлдарды көтерме бағамен сататын әпкеңнің реквизиттерін жазуды ұмытып кетіпсің.
Nodar
эх неге бірден арам ойлайсыз. Шын ниетпен бөлісем не жазсам да. Келесіде сода мен уксустың үй шаруасындағы пайдасын жазайып отыр едім өзім қолданатын.
Serzha
одаң қайда?
Nodar
тақырыпқа ат қоя алмадым, сосын осылай жаза салдым
007
дымқыл салфеткамен дәретхана қағазының орнына пайдаланатыны жоқпа