Менің алғашқы да сүйікті көлігім.

Көліктің рулін ұстағаныма жылдан асты. Менің машина алғаным да қызық болды, аяқ астынан асығып үсігіп бір аптаның ішінде алып тындым, онда да бір әйелдің мініп жүрген машинасын тартып алғандай қып сатып алдық. Себебі машина таңдап берген танысым осыны алсаң өкінбейсің деген еді. Сонымен, машинамды ГАИ дың қасында, ақшасы төленіп, құжаттарды толтырып болғасын бір-ақ көрдім. Қызыл түсті 95 жылғы Гольф-3. Механика, көлемі 1.8, қосымшадан аэрбагы мен кондиционері бар. Машина бір көргеннен ұнады, Германияда әйел адам жүргізген, Қазақстанда да солай, ешбір қиналмаған, салоны тап-таза, жүргенде ешбір сықыр естілмейтін машина екен. Тағы бір ұнаған жері электропакет емес, сондықтан терезесі ашылып-жабылмай қалады, т.б. деп қорықпайтын болдым. Қарапайым, түсінікті, ықшам, жылдам және тіл алғыш машина. (Оның бәрін қазір түсіндім ғой, басында ештеңе түсінбейтінмін). Хош, сонымен машина алынды, жайлап жүре бастадым. Осы бір жыл ішінде байғұсқа иттің тынымдай тыным болған жоқ. Мен вахтада жүрген кезде інім, вахтадан келгенде өзім әйтеуір бір күн тыным көрген емес. Қай жері бұзылды деген сұраққа келсек – ең ірі көлемдегі жөндеуім бензонасосын ауыстырғаным. Қытайдыкін салдым, 5500, жұмысымен 7000 ға шықты. Майдың датчигін, бензиннің фильтрін ауыстырдым, комплект свечи ауыстырдым. Сосын әрине май ауыстыру, фильтрін ауыстыру, ауа фильтрі, қыстық-жаздық жаңа дөңгелектерін есептемегенде. Олар кез-келген машинада жасалынуы керек, су жаңа болмаса әрине. Болды. Сонымен жылдын 4 мезгілінде тыным таппайды, ішіне құрылыс жүрген кезде ағаш, цемент, кірпіш, тұрба т.б.материалдар салынып тасылды, қысқасын айтқанда бір Газельдің қызметін атқарды десе де болады. Трассада 120-130 ды қиналмай ұстайды, одан артыққа көтермеймін, жол жаман. Қыста аккумуляторы күшті болса бір салғаннан оталады (тьфу-тьфу).Ішқұрылысы қарапайым, кез-келген ТЖО да қарай береді, бөлшектері арзан. Жеңіл-желпі балшықтардан шебер айдасаң өтіп кетеді. Тек клиренсімен балшық сүзіп, радиаторды бітеп алмау үшін ондайдан қашамын. Жалпы машинамды өте жақсы көрем және әзірге ауыстыра қояр ойым жоқ. Берер бағам – немістердің шығарған ең қарапайым және сапалы көліктерінің бірі. Соңғы шыққан Гольф -4, 5 модельдер ұнамайды. Несімен? Бірінші бұрынғы сапалы металл мен салонның сапалы пластигі жоқ. Мысалға көлемі 1.6 Гольф -4 оған қоса кондері бар, бізді ыстықта және біздің жолдарда өте тиімді машина емес, өз денесін өзі тарта алмайды деді бір танысым. Сатайын деп жүр. Сондай ақ мысалға Хюндай Аксенттер сырты әдемі болғанмен ішіне отырсаң картон қағаздан жасалғандай әсер береді.

Пы.Сы.
Халық арасында Гольф-3 қыздардың машинасы, жеңіл деген ұғым қалыптасқан. Келіспеймін, себебі фольксваген гольф -3 ауыр машина. Әсіресе механика болса. Машинаны сезіне білу керек. Салыстырсам, інімнің Тойота Авенсисіне отырғанда гольфке қарағанда өте жеңіл, лыпылдаған машина екенін айқын сезінем. Приора да сондай, мысалға Тойота Прадо да. Әрине өзім руліне отырған машиналарды салыстырып отырмын, әйтпегенде олардың мүлде басқа кластағы машиналар екені айтпаса да түсінікті.
Тура осындай гольф :)
Бөлісу:

10 пікір

patick
Қытайдыкін салдым, 5500, жұмысымен 7000 ға шықты.

Бензонасос ауыстыруға тым қымбат баға. Шамамен 3 мыңға ауыстырулары керек негізі.
Жалпы өзім Гольф-3-ті автомектеп кезінде практикада айдағам. Нихуя қыздардыкы емес, соның ішінде механикасы. Айдағанда шағын, қалалық көлік екенін сезінбейсің, Пассат айдағаннан айырмашылығы жоқ.
Blogshy
1500 ба 2000 ба сондайға ауыстырды жалпы бағасы 7000 ға шықты қымбат емес деп ойлайм. оригинал бензонасос 25000 деді ау дим сол кезде…
a63a1
Тағы бір ұнаған жері электропакет емес, сондықтан терезесі ашылып-жабылмай қалады, т.б. деп қорықпайтын болдым.
ішіне құрылыс жүрген кезде ағаш, цемент, кірпіш, тұрба т.б.материалдар салынып тасылды, қысқасын айтқанда бір Газельдің қызметін атқарды десе де болады.
 Қазақша стиль
a63a1
БМВ 320 дың бензонасосын есік алдында, жолда жалпы кез келген жерде ауыстыра беруге болады)). Бірде трассада келе жатып мәшіне сөніп қала беред, оған бір әдіс таптым (әрине қазақша әдіс) Артқы сиденьені көтеремде бензонасосытың крышкасынан 22 кілтпен 3-4 рет ұрып жіберем, мәшіне 15-20 км жүріп қайта сөнед, солай 100 км жүріп келе жатып общым сөнді, оталмайд, алдымда бензонасосты шешіп алып, дөңгелек насосымен подача жағынан үрлеп тағы салып қалаға 25 км қалғанда мәңгіге оталмай қалды. Ақыр соңы сүйереп жеткізіп жаңа насос алып өзім салып тастағаным бар еді
omarbirat
Жаяу жүрген кезімде кандидаттардың бірі болатын. Бірақ қалада жүретіндіктен, автоматын аламын деп жүргенмін.
Апташколда «Гольф 2» айдадым бір рет. Қайтып мінгім келмей қалды. Мәшинені орнынан қозғалтуды үйренген «Мазда 323» (седан; «көртышқан» емес) ана гольфекінің жанында мың есе артық болып көрініп еді. Бірақ «Гольф 3» екіншіге қарағанда әлдеқайда жақсы шығар деген үмітімді жоғалтқан емеспін
patick
Гольф-3-тің артқы берілісі қатты салынатын."Қырррқ" деп күшпен ауыстырылып, «тарс» еткен дауыспен жалғасатын. Сондайда инструктор басын шайқайтын, қайтсін енді — жекеменшік көлігі ғой.
NursultanSS
Салыстырсам, інімнің Тойота Авенсисіне отырғанда гольфке қарағанда өте жеңіл, лыпылдаған машина екенін айқын сезінем. Приора да сондай, мысалғаТойота Прадо да
Салыстыратын машине тапқан екенсің
Blogshy
Нурсултан, мынаны оки кеткенин жон болар "Әрине өзім руліне отырған машиналарды салыстырып отырмын, әйтпегенде олардың мүлде басқа кластағы машиналар екені айтпаса да түсінікті" Әрине қызбын
NursultanSS
Тұра тұр! STOPPP!!! Сен қызсыңба????
NursultanSS
Халық арасында Гольф-3 қыздардың машинасы, жеңіл деген ұғым қалыптасқан. Келіспеймін, себебі фольксваген гольф -3 ауыр машина.
недеген айқын сараптау))) Күшті)