Сон Паскальдың керемет әндері,,

Son Pascal — Қазақстандағы Италиядан келген сазгер, әнші және саяхатшы. Бұл әнші «aTunes-2011» жобасының финалисі болып Қазақстанда өзінің шығармашылығын одан әрі жалғастырып жатыр. Әндері жартылай қазақша жартылай ағылшынша болсада, маған қатты ұнады. Бір естігеннен ән құлағымнан кетер емес. Қайталап айтқың келе береді. Әсіресе «Көзімнің қарасы» деген өлеңді өте керемет орындаған. Және «You should speak kazaksha'' жаңа заманғы жақсы ән деп ойлаймын. Қай әнші болсын қазақша әндерді жаңарта берсе, тарсылдақ шетел әндерінен гөрі осы өзіміздің әндерді көп тындаған болар едік.

Бөлісу:

12 пікір

beka95
негізі жаман емес. тек соңғы шыққаны- Айгүл чайка дегені жарамады
ruben
Чайка-Айгуль жоғарыдағылардан бұрын шыққан, если что. Инглишменнен кейінгі жарияланды ол.
madikon
Айгул чайка деген жағымсыз естіледі… бірақ шет елде қыздар ресторанға барғанда өз ақшаларын өздері төлейді екен, бізде тіптен басқаша дегендей,, сондықтан жазылған ән шығар
asaubota
пәлендей жаңалық көріп тұрған жоқпын оның шығармашылығынан. басқа ұлт өкілінің қазақша сөйлеу арзан понты. соны қазақтар кәдімгідей жұтып қояды. өкінішті
AKY
Орыстар да жұтады екен, «Новая волнада» «Подмосковные вечера»-ны аударып айтқаны үшін Въетнам жігіті 3-орынға ие болды.
omarbirat
Клиптерін жақсы түсірген, заманға сай. Бірақ Сон Паскальдың шығармашылығына еш қызыға алмадым. «You should speak қазақша» дегені сөзі үшін ғана «Е, маладес бірәтішкә» деп арқасынан қағып қоюға болатын шығар. Ал басқа жағынан — мен үшін кәдімгі шетелдің ортанқол әншісі. Соңғы кездері Әнуар екеуі ішті пыстыра бастады: Youtube-ке барсаң да Әнуар, Twitter-ге барсаң да Әнуар, Yvision-ге барсаң да — тағы Әнуар, осы Сон Паскальды жетектеп жүрген
omarbirat
Сон Паскаль КТК-да шатақ шығарыпты ғой. Дон Скандаль
Әнуардың шоутойконцерткорпоративкапати-бизнесіне жазған диссі деп қабылдадым:
madlen
Сон Паскаль там, Сон Паскаль здесь ©
Kipshakkyzy
Мінезі шатақ қой деймін. Өткенде фб-да да Құралай сол туралы біраз жағымсыз мәлімет беріп еді.
asaubota
өткенде ДП-ға келді. суретке түсіріп спокойно өтіп бара жатыр, танып қалып шақырдым. келді, домбырамен әнұранның қайырмасын айтты да кетті. әуежайға бара жатырмын, бұдан кейін келіп тұрамын деді. былай жақсы жігіт сияқты.
Kipshakkyzy
аа мен арнайы келген екен десем, мадес! Иә, видеосын көрдім. Тарта сала асығыс кете барды.