Қайырымдылық: Блогшылар қолымен!

«Олардың көңілдерінде мүміндерге бергендерінде кірбің болмайды. Сондай-ақ, өздері таршылық пен мұқтаждықта бола тұра, оларды өздерінен артық көреді» Хадистен



Бахамен барлығыңыз сыртынан таныссыздар деген ойдамын.
Ең алғаш Астанадағы блогшылар құрылтайында Дінмұхамед Зияддин (qisyq ) таныстырды.
Онан соң осы жұмыс нәтежиесін комикс-жинақ болып шыққанын rakisheva хабарлады.

Мына бастағалы отырған шарамыз мына жерден басталып, осы жерден Zhanylai һәм Қырмызының Баханың туған күні 23-ші қарашада болатынын айтуымен басталды…
Біразыңыз одан хабардарсыздар да
Асығыстығыма басып сол кезде ерте хабарландырып қойыппын. Бірақ, дәл қазір сәті келген секілді.

ҰСЫНЫС

Баханың туған күніне блогшылардың атынан сыйлық дайындайық. Тек біз ғана емес, еліміздегі барлық блогшылар қатысады деген ой бар.
Ұсыныс айтқан адамдарым қызу қолдап жатыр.
Айтаберліктерді құлақтандырып һәм ұйымдастырып отыруға Қырмызы, Массагет және Казжур-ға хабарлауға Aizhantabyn келісіп отыр.
Ұйымдастыру жұмыстарына estetika91 , Rozatai (әзірге айтып үлгергендерім) және Алматылық блогшылар көмектеседі деген ойдамын.

Баха футболға қызығады. Кумирі — Месси. Сыйлықты осыған байланысты, яғни футболға қатыстырып алсақ па деген ой бар.

Алайда, сыйлыққа әрине қаржы қажет. Көп түкірсе — көл дейді. Қайырымдылық болған соң, белгіленген баға, тариф жоқ. Әркім мүмкіншілігіне байланысты сала берсін.

Реквизиттер:
Жанылай Базарбаева
РНН: 581221288748
БИН: 4667 2061 0230 0588
Банк: Centercredit
Байланыс: +7 707 681 14 73 (хабарласудан бұрын смс жазыңыздар)


Жаңылайға хабарласып, тіркелуді, егер мүмкін болып жатса, квитанцияңызды сканерлеп жіберуді ұмытпаңыз.
Бөлісу:

13 пікір

Daniar-Alan
қосылыңыздар. келесі айдың. 15-не дейін жинасақ…
Korkem
Бір ауыздан қосыламын
asaubota
бұл балаға онсыз да внимание көп қазір. мені ертең қажетті ақша жиналмаса өліп кетуі мүмкін 22 жасар журналист көбірек алаңдатып отыр шыны керек. биыл құрбан шалуға да қатыспаймын, бір өмірді сақтап қалуға тырысамын одан да.
Daniar-Alan
мен екі жаққа да қарассам ба деймін…
asaubota
әрине, мүмкіндік болса сөйткен дұрыс қой.
VKM
бұл балаға онсыз да внимание көп қазір. мені ертең қажетті ақша жиналмаса өліп кетуі мүмкін 22 жасар журналист көбірек алаңдатып отыр шыны керек. биыл құрбан шалуға да қатыспаймын, бір өмірді сақтап қалуға тырысамын одан да.

қайда жіберу керегін айтыңыздар
rauka
жаксы бастама екен Данияр Алан!
Aidakonya
«Жаңылайға хабарласып, тіркелуді, егер мүмкін болып жатса, квитанцияңызды сканерлеп жіберуді ұмытпаңыз.» он кол бергенди сол кол кормегени абзал, осынау игі істе мен сендермен биргемин
Kipshakkyzy
22 жасар журналист Қонысбекке көмектескеніміз дұрыс сияқты. Себебі кезек күттірмейтін жағдайда оныкі. Шама келсе әрине, бәріне де…
Hetrou
Сонымен көмектестіңдер ме мына жігітке, әлде как всегда езіп-езіп қойдыңдар ма?