Жаңылтпаш адам

Осы Жеза быраттың жаңылтпаштатып рэп айтқанына бір риза болам да. "Холокосттан" кейін жылдам рэп айтатын қабілетін бұл бырат паш етпей кетті деп жүр едім. Жекең сондай тағы бір туындысын шығарыпты ақыры. Моцарттың бәрімізге жақсы таныс "Түрік маршы" композициясының мақамымен. «Еее, оны Мейрамбек те орындап шыққан» деген кәменттер де болуы мүмкін, бірақ Жеза сөзбен айтып шығыпты:

Шедевр деуге келе қоймайтын шығар, енді. Сонда да бір креатив жасауға талпынғаны байқалады.
Бөлісу:

29 пікір

omarbirat
Ютюбтегі «Hızlı söylediği kadar hızlı koşsa yakalanmazdı amk.» деген бір кәмент өлтірді
MickThatsMyNick
төңкеріп жіберсең..)
omarbirat
«Жылдам сөйлегені сияқты жылдам жүгірсе, ұсталмас еді» дейді
asaubota
amk неге аударылмады бырат?
omarbirat
Жаман сөз екенін білемін де, бірақ нақты не екенін білмеуші едім
asaubota
mna koiim-ның қысқартылғаны ғо
omarbirat
Білім базыма қосып алдым. Әйтпесе мен оны «ы» қосып немесе mck деген сөздің қысқартуы деп оқып жүрмін ғо
ruben
амк, шынымен, өлтіріпті
MickThatsMyNick
Үзіліссіз айтуы таң қалдырды. Мені де классикалық музыкалар осылай қуа бастады, әсіресе Коллин Фаррелдің қатысуымен болған «Бәрін еске түсіру» фильмінен кейін.
ruben
Жәкең соңғы уақыттарда АКП іс-шараларында қарасын көрсетіп далбасалап кетпеді ме екен, әлде қартаяйын деді ме Б.Ө.мырза
omarbirat
Мүдделі тараптар осындай адамдарды өздері үшін пайдаланып қалғысы келетін шығар. Жеза полицияға да, «Стамбул бұқаларына» да арнап ән шығарып жатыр. Мен білмейтін тағы джа басқа туындылары бар шығар.
Бірақ ана полицияның 65 жылдығына шығарған клипі — маған қатты ұнағандардың бірі.
ruben
«Суч дейил, севги ишлейин» — ұнатуға тұрарлық дүние. Оны, атын ұмытып тұрғанымды қарашы, ана сериал түсірілген каналмен бірлесіп жасады. Полиция мен әскерлердің шейіт болуына наразы барлық топтар қолдайды, пыкыкылық гОриллаларды есепке алмасақ.
Имхо, Джезаны да пендешілік ұстап қалат кейде. Анабір діни темада рэп айтатын (сагопа бастаған) топты көлегелейм деп жасаған да болуы мүмкін. Болмаса, соңғы жылдары Алманияда тұрғасын демократия орнады деген ойда ма екен?  кезінде системаны сынға алатын, асау жүрек Жәкең ғой әйтпесе.
ruben
Bilgin Özçalkan — Жәкеңнің пасапорттағы аты-жөні. Өткенде өз атымен бір шоуға шыққанда таңқалғам «бұның да шын есім бар екен ғой!» деп
asaubota
осы сайтта бір бала бар, Билгинді аби дейтін, інісімен мектепте бірге оқыпты
ruben
Сонда, Джеза да Ыстамбұлдың Аурупа бөлігінен бе?
omarbirat
Жеза осы өлеңін жан-жақты пиарлап қоймай жатыр:

Бұдан басқа да Жезаның «Түрік маршы» туралы мақалалардың суреттері бар. Барлығын шығаруға ерініп отырмын.
asaubota
соншама пиарлағасын бүгін ғана тыңдай алдым. ұнамады  просто базар жоқ тез оқиды, андай тез ырғаққа ілесті. бірақ онша емес енді.
omarbirat
Акцент сөздерінен гөрі, әуеніне ауып кетеді. Оның үстіне музыка барабанның дыбысы болмағасын, рэп деп атауға қиналамын
Adiletshu
Клипті Мардинда түсірген ба
omarbirat
Солай шығар. Мардиннің мәшинелерінің нөмірлеріндегі коды «47» дейді ғой. 47-секундта көрсетіледі екен. Түркияда болған емеспін. Мардин екенін Түркияда болғандар мен «Бериван» сериалының фанаттары білмесе
omarbirat
47-секундтан бастап Мардинде түсірілген кадрлар көрсетіледі екен ғой. Жаңылысыппын
asaubota
иә, соны да зарлады ғой Джеза ФБдағы бетінде.
omarbirat
Енді клипті түсіру кезінде қанша метр жүгіріп, қанша кг тамақ, қанша л сусын-ішімдік ішкені мен қанша рет дәретханаға барғанын жазу қалған сияқты. Еще соның белгілері клиптің қай кадрларында көрініс тапқанын да айтатын шығар