Қазақша пернетақта

Пернетақта (клавиатура) ұғымы, өткен ғасырдың алпысыншы жылдары қалыптаса бастағаны белгілі. Жазба мәшинелеріндегі батырмалар орналасу реті, әліпбилік қатар бойынша орналасқан. Кейін бұл орналасу комбинациялары психологиялық талапқа байланысты, өзгертулерге ұшыраған көрінеді. Себебі, сөздерде көп кездесетін әріптер шетте қалып, көп қолданбайтын әріптер саусаққа оңай жететін орында тұруы қисынға келмейді.

Символдарды кодтаудың халықаралық стандарты (UNICODE) және қазақ әліпбиі

Қазақстан Республикасының қолданыстағы ресми әліпбиі, кирилица негізіндегі 1940 ж. академик Аманжолов С.А. құрған жүйені қабылдаған. Символдарды кодтаудың халықаралық стандарты бойынша, қазақ әліпбиіндегі орыс тілінің барлық әріптерімен қоса, қосымша 9 әріппен қоса 42 әрібі Кирилица, яғни 8 биттік кодталу символдарына (әріптеріне) жатады. Оның ішіндегі нақты қазақ тілінің төл әріптері, кириллицаның қосалқы әріп тобына жатады. (дереккөз: Юникодтың әріптерді санатқа бөлу анықтамасы)
Кириллицаның ASCII кестесіне сәйкес юникодта берілген толығырақ сипаттамасымен таныс болыңыз: сілтеме

Қазақ тіліне қатысты бекіткен UNICODE пернетақталық нұсқасы:
сілтеме

(Сурет sanasoft.kz сайтына тиесілі)

Ағылшын тіліне сай, «QWERTY» стандарты бар, орыс тіліне бейімделіп жасалған «ЙЦУКЕН» пернетақталық стандарты қазақ тіліне таңылуы әділдік емес деген тұжырым шығып тұр.

Клавиатура қандай негіздерге сүйеніп жасалынады? Ең алдымен тілдің сөздік қорында қай әріп қанша пайыздық үлесте қолданылады, соған талдау жасалады. Кейін сол нәтижеге сәйкес, әр әріпке лайықты орын беріліп, құжаттама ретінде әрі қарай стандарт етіліп бекітілетін дүние екені айдан анық. Орыс тілі мен қазақ тілдері әлемі екеуі екі бөлек дүние. Бірі славян бірі түркі тілдес топқа жатады. Демек, айырмашылық бар. Пернетақта қазақ тіліне тиесілі, бірақ ең қажетті қазақтың төл әріптері жоғарғы символдар қатарынан орын алып, әріптер қатарынан шығып қалған. Кей әріптер орыс тілінде көп қолданса да, қазақ тілінің сөздік қорында, жоғары символдар қатарындағы әріптерге қарағанда әлдеқайда сирек қолданылады. (Қосымша, татар, беларус, украин пернетақталарына назар аударуларыңызды сұраймын). Бұл әріптер нақты: “Ц, Щ, Х, Ъ, Ф, В, Э, Я, Ч, Ь, Ю” және Ә, І, Ң, Ғ, Ү, Ұ, Қ, Ө, Һ төл әріптеріне қатысты. Пернетақта қазақ тілінікі, қазақтың төл әріптері символдар қатаріна кіріп, әріп санатынан шығып, бүгінгідей кедергілерге ұшырамауы керек. Жоғарыдағы 11 әріп онсызда әріптің қасиетін жоғалтпайды, ол әріптерді қазақ пернетақтасы қолдамағанымен, толып жатқан басқа кирилл әріптерінде жазатын тілдер қолдай береді. Қазақтың төл әріптерін, тек қазақ тілі ғана қолдай алады. Басты мақсат – қазақ тілінің дербес тілдік әріптеріне кедергі туындамауы қажет, бұл табиғи әділдік болар еді дегеннен басқа айтар жоқ.

P.S.: мүмкін, алдағы уақытта латынша бекітілген әліпбиге қатысты пернетақтада осы заңдылықтар ескерілетін болар.
Бөлісу:

11 пікір

AL-ASTER
Ал бұл, 2013 ж бастап сатылымға шығатын қазақша клавиатураның жаңа нұсқасы:

Жеке ойым, «та же яйцо, только с боку»

Бұл туралы толығырақ мына сілтемелерден оқи аласыздар:
Сілтеме 1
Сілтеме 2
Adiletshu
"І" мен "ң" қатар тұрғаны дұрыс. Ілік септігінің жалғауы бар сөздерді теру оңай
StrangeR
Жалпы меніңше «я, ю, щ, ц, х, ъ, ь» әріптеріне жеке әріп бермеу керек (ya, yu, şç*, ts, kh, ', '') + э әрпін мүлдем алып тастасақ, төл әріптерімізге орын табылады .

* 2004 жылғы ҚазАқпараттың нұсқасынан алдынды (ş-ш, ç-ч).
Janasil
Ертең латынға ауысып жатсақ түкке керегі болмай қалады ау.
Janasil
Қазірде керегі шамалы екен ғой.
ruben
мен логикасын түсінбеймін. сандарды қазақ әріптері жауып тұрады делік, кәдімгі комптарда — лаптоптардағыдай емес — сандар оң жақта берілген емес пе, онсыз да. ал лаптопқа біреу бөлек клава сатып алады дегенге сену қиын. кезекті жыртылбай әрекет деп бағалаймын. перне қосып емес, әліпбиде таңба азайтып қана қолдануға жеңіл ете аласын. ол латынға ауыспай, болмайды тағы
beka95
негізі осы үйреніп қалған пернетақта әріптерінің орны жақсы- ау шамасы…
Aigolek
Сол тогыз арипсиз де омир суруге болады десем мени талап жейтин шыгар ия
ken
қазақшада көп қодналылмайтын Ф, Ц, В, Ч, Щ, Ъ, Ь, Э әріптерінің орнына ана қазақша әріптерді қою керек. ал мыналарды солардың орнына жіберу керек.
ken
"қолданылмайтын"