Сарказм саңлағының сырлы сөздері

Өмірдегі ең жүйрік нәрсе-ой! Сол ойларды ұстап, оны нақыл сөзге айналдыру үлкен өнер. Дүниеде бұл өнердің шыңына жеткен адамдар бар. Солардың бірі-атақты польяк ақыны, философ, сатирик және ХХ ғасырдың үздік нақыл сөз шебері Станислав Ежи Лец. Оның
Әрі қарай

Қазақ халық аспаптар оркестрі туралы не білеміз?

Блог - kokbori: Қазақ халық аспаптар оркестрі туралы не білеміз?
Мектепте оқып жүрген кезде, дәстүрлі әндерді жек көрмесем де, тыңдамайтынмын. Тіпті айтылып жатса, эстрадалық әнге ауыстырып жіберемін. Бірақ мектеп бітірген соң аяқ асты дәстүрлі әндерге қызығушылығым оянып кеткені бар. Телефонымда Бекболат
Әрі қарай

"Борьба умов" ойынынан үйренуге болатын 35 қағида

Блог - MERmukhanov: Борьба умов ойынынан үйренуге болатын 35 қағида
ТМД аймағында 6 жарым миллионнан аса адам ойнап көрген, біраз қауымға таныс «Борьба умов» ойынының өз қызығы бар. Әр нәрсенің өз шарықтау шегі мен құлдырауы бар, бірақ бұл ойынның тұрақты ойыншылары да, арам боттары да, фавориттері мен лузерлері де пайда болды.
Менің бұл ойындағы мақсатым — алғашқы мыңдыққа кіру болатын. Бірақ ойын барысында маған қияли-зияли ойлар келе бастады.
Қысқасы, бұл жерде салыстырмалы түрде белсенді ойнайтын қолданушы ретінде ойынның бөлшектерінен әзіл-шыны аралас өмірлік-пәлсапалық қағидалар тұжырымдалып шығарылды. Шынында да, қиялды шарықтатса, ойыннан не үйренуге болады? Қарайық!


Блог - MERmukhanov: Борьба умов ойынынан үйренуге болатын 35 қағида
Блог - MERmukhanov: Борьба умов ойынынан үйренуге болатын 35 қағида
Блог - MERmukhanov: Борьба умов ойынынан үйренуге болатын 35 қағида
Блог - MERmukhanov: Борьба умов ойынынан үйренуге болатын 35 қағида
Блог - MERmukhanov: Борьба умов ойынынан үйренуге болатын 35 қағида
Блог - MERmukhanov: Борьба умов ойынынан үйренуге болатын 35 қағида
Блог - MERmukhanov: Борьба умов ойынынан үйренуге болатын 35 қағида
Блог - MERmukhanov: Борьба умов ойынынан үйренуге болатын 35 қағида
Блог - MERmukhanov: Борьба умов ойынынан үйренуге болатын 35 қағида
Блог - MERmukhanov: Борьба умов ойынынан үйренуге болатын 35 қағида
Блог - MERmukhanov: Борьба умов ойынынан үйренуге болатын 35 қағида
Блог - MERmukhanov: Борьба умов ойынынан үйренуге болатын 35 қағида
Блог - MERmukhanov: Борьба умов ойынынан үйренуге болатын 35 қағида
Блог - MERmukhanov: Борьба умов ойынынан үйренуге болатын 35 қағида
Блог - MERmukhanov: Борьба умов ойынынан үйренуге болатын 35 қағида
Блог - MERmukhanov: Борьба умов ойынынан үйренуге болатын 35 қағида
Блог - MERmukhanov: Борьба умов ойынынан үйренуге болатын 35 қағида
Блог - MERmukhanov: Борьба умов ойынынан үйренуге болатын 35 қағида
Блог - MERmukhanov: Борьба умов ойынынан үйренуге болатын 35 қағида
Блог - MERmukhanov: Борьба умов ойынынан үйренуге болатын 35 қағида
Блог - MERmukhanov: Борьба умов ойынынан үйренуге болатын 35 қағида
Блог - MERmukhanov: Борьба умов ойынынан үйренуге болатын 35 қағида
Блог - MERmukhanov: Борьба умов ойынынан үйренуге болатын 35 қағида
Блог - MERmukhanov: Борьба умов ойынынан үйренуге болатын 35 қағида
Блог - MERmukhanov: Борьба умов ойынынан үйренуге болатын 35 қағида
Блог - MERmukhanov: Борьба умов ойынынан үйренуге болатын 35 қағида
Блог - MERmukhanov: Борьба умов ойынынан үйренуге болатын 35 қағида
Блог - MERmukhanov: Борьба умов ойынынан үйренуге болатын 35 қағида
Блог - MERmukhanov: Борьба умов ойынынан үйренуге болатын 35 қағида
Блог - MERmukhanov: Борьба умов ойынынан үйренуге болатын 35 қағида
Блог - MERmukhanov: Борьба умов ойынынан үйренуге болатын 35 қағида
Блог - MERmukhanov: Борьба умов ойынынан үйренуге болатын 35 қағида
Блог - MERmukhanov: Борьба умов ойынынан үйренуге болатын 35 қағида
Блог - MERmukhanov: Борьба умов ойынынан үйренуге болатын 35 қағида
Блог - MERmukhanov: Борьба умов ойынынан үйренуге болатын 35 қағида

p.s. Қызық скриндеріңіз болса, сала отыру құпталады.
Әрі қарай

Орташа есеппен Астрахань қазағы

Блог - patick: Орташа есеппен Астрахань қазағы
Астрахань қазақтары — үнемі ашық-жарқын, той-думанды ұнататын, сөзге шешен (немесе боқтампаз), еңбекқор, әділ, шыншыл халық. Әйтеуір, орыстың да, қазақтың да жақсы қасиеттерін бойына бірдей дарытуға тырысқан ерекше адамдар. Олардың бәрінің дерлік көршілес Ганюшкинде туысы бар, немесе Атырау облысының тұрғындарымен тұрақты байланыста. Десек те классикалық қазаққа ұқсамайтын ерекшеліктері аз емес.

1. Сөйлемейтін адам — жау
Мен Атырау облысының тумасымын. Сондықтан өз облысымның тұрғындарының психологиясын бір адамдай білемін: біздің адамдар көп сөзге жоқ адамдар. Таныстар кездесіп қалса, әңгіме «не жаңалықтан» әрі қарай өрбімейді. Пауза тым созылып кетсе, «басқа не жаңалықпен» жалғасады. Сәйкесінше, бізде көп сөйлейтін адамдарды ұната бермейді, "өййй, аузы аузына жұқпаған не деген адам", «аузына тыным жоқ екен», «көбік ауыз», «көпірме» — міне, бізде әңгімешіл адамдарға қаратып айтылатын сөз осы. Тіпті кішкентай балаларға да артық сөйлеп қойса жекіп тастайды.

Астраханьда керісінше — үндемейтін адам көп талқыға түседі. Олар тіл табысудың шебері. Бәрі бір-бірімен байланыста, бір-бірінің оқиғасынан хабардар. Тіпті кішкентай балаларға дейін тілі шыға салысымен, өлең, тақпақ жаттатқызып, ән салуды үйретіп қояды. Танысын-танымасын, кез-келгеннің алдында өнер көрсетуге дайын. Әр адамға индивидуально қарайды және оның мінез-құлқына қарай әрекет етеді, яғни жай ғана қарым-қатынасты емес, олардың түрлі жолдарын жақсы дамытқан.

Сәйкесінше, бәрімен жақсы қарым-қатынаста болу үшін олардың әңгімелерін қолдап, өзің де өзгелерді аузыңа қарата алуың керек. Томаға-тұйық, үндемейтін адамдарды жек көреді демеймін, тек оларды біртүрлі деп санайды.

2. Патриоттар
Қытайдың, Түркияның, Моңғолияның қазақтарымен таныспын. Көпшілігі Қазақстанға оралуды, «атамекенге қайтуды» армандайды, соны өмірлік мақсаты деп санауы мүмкін. Тіпті шетелден келген кейбір қандастарымыз елге келдім деп көздеріне жас алып жатады ғой. Ресейде ондай әсіребүйрекбұрушылық кездестірмедім. Қазақстанға барғысы келетін жастар бар, бірақ олар тезірек ақша табу үшін жұмыс іздеп келуі мүмкін. Азаматтық ауыстыруды бірінші кезекке ешқашан қоймайды: «Алдымен барып көрейін, содан кейін анықталар» дейді.

Бұған бір жағынан ол жақтағы тұрмыстық ахуалдың көңілден шығуы себеп шығар, ол туралы келесі пунктімде айтармын. Ал, негізі, сол жақтың қазақтары Ресейдің нағыз патриоттары. Тіпті ондай отансүйгіштікті орыстардың өздерінен көре бермейсің. Бұл сөзіме жасы елуден асқан кез-келген астрахандық қазақ дәлел бола алады: бәрінің дерлік беделі жоғары, олар үлкен құрметке ие. Бұның бәрі өздері тұрып жатқан елге еңбегі сіңгеннен деп ойлаймын. Жалпы ол жақта үлкен лауазым атқарған қазақтар адал қызметтерімен ерекшеленеді. Титулды ұлттан жапа шегіп, өмірде жолы болмаған мүсәпір кейіптегі қазақты ол жақтан кездестіру өте қиын. Астраханның қылмыс авторитеттерінің ішінде де қазақтар көп.

3. Баспана — қамал
Олар тұратын үйлеріне өте үлкен мән береді. Мен Қазақстанда талай ауылдарды көрдім, адамдары үйлері құлап қалғанша тұра береді. Несін жасырайын, өзім де сондай үйде өстім. Бізде әлі көшпенділердің психологиясы басым-ау деймін: баспанаға әлі де немқұрайлы қарайтындар көп. Әйнек сынса, жаңасын алуға ақша қимай целлофан ұстай салады, жаңа үй салса немесе күрделі жөндеу жүргізсе бірнеше жылға созылып кетеді, ұсақ-түйек ақауларға тіптен мән бермейді.

Ол жақта баспана — басты құндылық. Ауылдарындағы үйлер сырттай айтарлықтай әсем көрінбеуі мүмкін. Бірақ үйдің ішінде қаладағыдай жағдай жасап қояды: әжетхана мен душ-ваннасы міндетті түрде бар, бұл туралы тіптен уайымдасаңыз да болады — ол жақта үй ішіндегі санузел қалыпты нәрсе. Міндетті нәрселердің бірі — ыстық су мен жылы су. Кейде шынымен ауылда жүрмін ба деген күмән тууы мүмкін. Тұрмыс деңгейі орташа отбасының өзінде осындай ыңғайлылықтар міндетті түрде кездеседі. Артық қаржы табылып жатса, жылытылатын еден, сауна секілді артықшылықтарды да жасап қояды.

Осындайда бір астрахандық ауылдың қазағы айтқан әңгіме еске түседі: Өмірде от жағып көрмеген бейшара Алматыға жұмыс іздеп келіп, от жағуды мәдени астанамыздан үйреніпті.

Неге екенін білмеймін, үй ұстауға келгенде осында маньяктықтары бар.

4. Автокөліктері көп
Мысалы астрахандық ауыл қазағының ауласынан кем дегенде 2-3 көлікті көресіз және бәрі де жүріп тұр. Бұны бірақ көлікқұмарлықтан демес едім. Жағдай былай: мысалы өзі колхозда механик-жүргізуші делік, сәйкесінше үкіметтен "қысып қалған" бір жүк көлігі болады. Сосын жүріп-тұруға бір жеңіл көлік алады. Ол көнере бастағанда тағы бір жаңасын (мүмкін иномарка) сатып алады. Ал ескісін сатып жіберуге асықпайды. Сөйтіп әр түрлі мақсатқа арналған өз машинасы болады: жүккөлік — пішен тасуға, ескілеу машина — ауыл арасында жүріп-тұруға, жаңалауы — алыстағы қонақтарға барғанда, сосын 1 мотоцикл балық аулауға және/немесе тағы бір үш аяқты жүк мотороллер («Муравей») сиырдың тезегін күресінге шығару үшін. Бірақ автомобилдеріне деген ерекше құрметті байқамайсың, ағайын-туған сұрап айдап кете береді. Тағы бір парадокс: бұзылып тұрғанын ешқашан көрмейсің, сәл ақауы шықса тез арада жөндеп алады. Айтақшы, су жағасында бір қайығы қаңтарылып тағы тұрады :)
Өзіміздің қазақтарда көп жағдайда керісінше ғой: машинаны жиі ауыстыруға тырысады және басы артығы болса сатып жібергенше асығады.

5. Двойной құда
Ол жақтың қазақтары қарым-қатынасты жақсы орнатқанымен, біздегі секілді мың-миллион туыстары жоқ. Бары бар шығар, тек аса жақындарымен ғана араласады. Біздегідей 500-600 адамдық той жасамайды. Бай болсын, кедей болсын — тойлары стандартты түрде орта шаруаның деңгейінде өтеді.

Сәйкесінше бір жақ қызын ұзата отырып, құдалар жағынан ұлына келін қарастырып жүруі де ғажап емес. Жалпы ол жақта екі рет қатарынан құда болып қалатын жағдайлар кездеседі. Енді туған ағалы-інілі бауырлар бажа болып жатады демей-ақ қояйын, бірақ екі фамилия бірнеше рет құда болып шығуы әбден мүмкін.

Мен байқаған осындай ерекшеліктері бар екен. Өз басым, Астрахань халқын ұнатып қалдым. Еркін қарым-қатынасты ұнататын, көңілді, өте мейірімді адамдар. Әр жаз сайын баруға тырысамын, сол жаққа барсам жаным бір тыныштық тауып, өмірдің қиындықтарын бір сәтке ұмытып кетемін.

2015 жылдың жазында түсірген видеоүзінділерім. Тақырыбымның мәнін аша алмас, десек те...:
Әрі қарай

Маған ұнайтын жер

Әркім өз туған жерімен, өзінің тұрып жатқан елді мекенімен мақтанады. Мен де солай!) Туған жерім болмаса да 7 жыл тұрған жеріммен мақтанамын, қатттттттты жақсы көремін! Жақсы көретінім соншалық, жылап, сағынып жақсы көремін!.. Ешкім түсінбейтін сияқты мендегі бұл сезімді… Солай..) Айтсам бетіме бүртүрлі қарап күледі… Адамды емес ауылды соншалықты жақсы көретінім қызық шығар оларға… Сонымен, мен айтып тұрған жер, қай жер?! Ол Қарқаралы ауданына қарасты мына жер:

Блог - KerimAyankyzy: Маған ұнайтын жер


Иә, Нұркен ауылы.. Қазақ Батыры Нұркен атамыздың туған ауылы екені айтпаса да түсінікті шығар...) Батырдың туған жерінде тұрғаныма қалай мақтанбайын, үлкен қуаныш мен үшін?! Ер есімі ел есінде… Нұркен батырымыз жайлы айта кетсем артық болмас...)

Блог - KerimAyankyzy: Маған ұнайтын жерНұркен — Ұлы Отан соғысының қанды қырғын майданында қазақ халқынан шыққан жетінші Кеңес Одағының Батыры. Ол 1919 жылы Қарқаралы ауданы, Нұркен ауылында дүниеге келген. 9 жасқа дейін осы ауылда өсіп, кәдімгі қазақ ауылының тәлім — тәрбиесін алған. Жастайынан ширақ, пысық болып өсті. Содан 30 жылдардың аумалы-төкпелі кезеңдерінде отбасының ұйғаруымен Қарағанда қаласына көшіп келеді. Соғысқа дейінгі өмірі сонда өтеді. 1940 жылы әскер қатарына шақырылып Орынбор әскери ұшақтар училищесіне оқуға жіберіледі. 1942 жылы 808 полктің әскери ұшақтар дивизоны құрамында соғыс қимылына белсене қатысады. Нұркеннің қан майдандағы өмірі ұзаққа созылмаса да ерен ерлік жасап, өшпес даңқа бөленіп, аңыз болып тарайтын хас батыр болып дүниеден өтті. Нұркен Әбдіров 16 рет әуе шабуылына қатысып, фашист тасқыншыларының 12 -танкісін, 28 автомашинасын, 3 зеңбірегін, көптеген жау бекіністерін, ондаған жаяу әскерін жер жастандырып, нағыз ерліктің ортасында жүрді. 1942 жылғы желтоқсан айының соңғы шайқастарында жаудың бірнеше объектілерін талқандап үлгеріп, отқа оранған самолетін неміс әскерлерінің қару-жарақ тиелген тұсына қарай бағыттап, жау төбесінен жұлдыздай жарқырап ағып түсті. Өзінің артына өшпес даңқын қалдырып солай қаза тапты…

Батырды еске алу мақсатында Қазақ елінде қазір де түрлі шаралар өткізіліп тұрады. Батыр атында ауыл, көше, мектептер, Қарағанды облысында спорт сарайы бар.

Блог - KerimAyankyzy: Маған ұнайтын жерТоқтар ағамыз өзінің туған жерінен (Тоқтар ауылы) Нұркен ауылына дейін «Батырдың басқан жерін мен де басайын — деп жаяу келеді екен. Сонаау жерден Тоқтар ағамыз жаяулап келген жерде біз тұрып жатырмыз!.. Біз үшін бұл-қуаныш)) Ауылымызда қазір 2000 мыңға жуық адам тұрады. Нұркен атындағы мектеп бар. Әрбір бүлдіршін оған еліктеп, батыр болсам, елге пайдамды тигізссем деп өсері анық. Туған жердің атына кір келтірмеу әр баланың міндеті. Олардың бабаларымызға арнап, өлең, әңгіме жазатындары, „ұқсап өссем ғой“ — деген армандары қуантады!

Нұркен маған тағы несімен ыстық?

1. Ну орман, биік таулары жоқ болса да, сол жазығымен ұнайды;
2. Адамдары; адамдары бар ғой енді, мяяяя күштііі, өзіңмен ашық — жарқын, еркін сөйлеседі.
3. Интернет, кітапхана, мектеп, аурухана ,әр үйде су бәрі-бәрі қамтылған;
4. Нұркенге өтер жолда Қарқаралының табиғатына куә боласыздар:

Блог - KerimAyankyzy: Маған ұнайтын жер

Бір сөзбен айтқанда маған барлық жағынан ұнайды! Нұркеннің адамдары ерекше ыстық, көрсем болды құшақтап алғым кеп тұрад! Сағынғандығымнан қалай жылаймын десеңші… Өткенде, Нұркеннің үстімен жол сапарлап кетіп бара жатып, жай бір үйдің ауласына тоқтағанбыз, менің көзімнен автоматты түрде жас кетті...) Алдымнан біреу шығып, „сағындың ба“ — десе өкіріп жылайын деп тұрмын...)) Осыдан-ақ қалай жақсы көретінімді біле беріңіздер)) Ол жақ маған көөөп нәрсені үйретті… Алғысым зооор! Достарымды да сағынам...) Талай қызықты кезеңдерді бастан кештік… Бөлектеу деген жоқ, керісінше әркім өзіне тартады, ашық, бірден сырласып әңгімелерін айтады… Мен 14 жасымда бардым ол жаққа… Ешқашан барып көрмеген жерім… Үйренісе алмаймын деп ойлағам, қайдағы, „әлі ғашық болып қаласын“ — деп жан-жақтан ақылдарын айтты. „Ешқашан ұнатпаймын “ — деп бәстескемтін де… Қателесіппін… Рас ұнап қалды… Тіпті, сол жерде кішкентайымнан өскен сияқтымын… Уооот, солай...) Тағы да қайталап айтамын, мен ол жерді жақсы көремін!...
Әрі қарай

Европадағы ең қымбат қала Монте-Карлоға саяхат жасай қалсаңыз...

Өзін саяхатты сүйемін деп есептейтін кез келген адам Европадағы ең қымбат Монте Карло қаласына баруды парыз. Бұл қаланы аралауға екі күн артығымен жетеді. Сонымен Монте Карлоға барып тұрып, «бір оқпен екі қоян қалай атуға» болады. Бәрін ретімен баяндайық.

Қыстың өзінде бұл қалада +15 градус жылы, бірақ жаңбыры қатты. Бір жауса тоқтамайды. Бір қызығы карлик ел Монаконың астанасы Монте Карлода әуежай жоқ. Оның орнына heliport (тікұшақ) бар. Алматыдан немесе Астанадан Стамбул арқылы Ниццаға бару керек. Билетті үш ай бұрын алсаңыз 100 мың теңгеге табуға болады. Ницца әуежайынан Монакоға жарты сағат сайын автобус жүреді. Комфорт, жұмсақ орындық керек десеңіз 100L деген автобус бағыты жақсы, Билеті де қымбаттау — 6 евро. Ал ақша үнемдеймін десеңіз 100 деген автобуспен барыңыз. Оның билеті 1,5 евро тұрады. Ескеріңіз 100-автобус Ницца әуежайынан жүрмейді. Ол үшін 23-автобуспен қаланың орталығына жетіп алу керек. 100 автобусқа деп алған билетіңіз бір сағатқа кез келген қоғамдық көлікке жарай береді. Автобусқа билетті жүргізушіден аласыз да бірден аппарат арқылы таңба бастырасыз. Таңба бастырылмаған билет жарамсыз деп тексеріп қалса өте үлкен көлемде айыппұл төлеуіңіз мүмкін. Негізі, Ницца әуежайынан жаяу қаланың орталығына қаланы аралап бір сағатта баруға болады. Айтпақшы, Монакоға бармас бұрын Ниццада бір екі күн қалуға кеңес берер едім. Тамаша табиғат пен теңіз жағалауында демалуға қолайлы жер. Тамақ бес евроға түріктердің тамаша донерін тауып алуға болады. Таксимен жүру туралы мүлдем ойламаңыз.

НИЦЦА МЕН МОНТЕ-КАРЛОДАҒЫ MUST VISIT ОРЫНДАР

Бірінші кезекте Ниццаның «визитная карточкасы» Променад-дез-Англе жағалауы. Үш шақырымдық жағалауын жаяу аралап шығып, ескі қалаға бірден жетесіз. Сол маңда Рим хольмасы да бар. Ниццаның бар қызықты ғимараттары осы жағалаудың маңында орналасқан. Айтпақшы Ницца мен Монакода француз балмұздағын жеуді ұмытпаңыз.

www.youtube.com/
Блог - RuslanMedelbek: Европадағы ең қымбат қала Монте-Карлоға саяхат жасай қалсаңыз...

Блог - RuslanMedelbek: Европадағы ең қымбат қала Монте-Карлоға саяхат жасай қалсаңыз...

Ниццаны аралап біттік. Енді Монакоға кеттік. Қос қаланың арасы 40 минут. Монакода ағылшын тілін түсінетіндер көп. Орыс тілді посткеңестік елдердің де өкілдерін көп кездестіруіңіз мүмкін. Ақырын айтайын, көшеде мас боп, қазақша боқтап жатқан адамдарды көрсеңіз ең қымсынбаңыз. Тағы айтарым, жұрт сізді жапон не қытаймен шатастыруы мүмкін. Қазақ екеніңізді айтып түсіндірудің қажеті жоқ. Монте-карлода әрине бірінші кезекте Казиноға барарыңыз анық.

Блог - RuslanMedelbek: Европадағы ең қымбат қала Монте-Карлоға саяхат жасай қалсаңыз...

Одан бұрын Княз сарайына барып, Монте-Карлоны толық жоғарыдан тамашалай аласыз. Одан кейін теңіз жағалауымен Фонвьей ауданына барыңыз. Бұл бізше аудан, бірақ Монакодағы тағы бір қала :) Монте-Карло қаласы мен Фонвьей қаласының арасы автобуспен 10 минут, жаяу 30 минут. Фонвьейдің маңында Ла-Кондамин деген тағы бір қала бар. Барлығын жаяу аралауға болады. Кондаминде көбіне сауда орындары мен ресторандар орналасқан. Қайықпен теңізге шығуға болады. Билет екі евро тұрады.

Блог - RuslanMedelbek: Европадағы ең қымбат қала Монте-Карлоға саяхат жасай қалсаңыз...<img

Блог - RuslanMedelbek: Европадағы ең қымбат қала Монте-Карлоға саяхат жасай қалсаңыз...

Блог - RuslanMedelbek: Европадағы ең қымбат қала Монте-Карлоға саяхат жасай қалсаңыз...

ҚОНАҚ ҮЙ
Ниццада ең арзан қонақ үйді интернет арқылы 33 евроға тауып алуға болады. Мен үшін таңғы асы мен интернеті, кейін жантая кетер төсегі болса жеткілікті. Ал Монакода қонақ үй өте қымбат. Монакоға бармай тұрып, 80 евроға бір қонақ үй алып, барған кезде тазалығына шок болдым. Бірақ одан арзан қонақ үй таппайтынымды ұқтым. Монакода тамақ та қымбат. Ниццада бес евроға тойып тамақ ішсеңіз, Монакода бір кофе немесе шай аласыз. Мұнда түскі ас кемінде 13 евро. Екі-үш адам барсаңыздар қонақ үй бөліп төлеуге болады, демек арзанға шығуы мүмкін.

КӘДЕСЫЙ
Ниццада керісінше сувинерлер қымбатырақ. Сондықтан туысқан, дос жарандарға естелік аламын десеңіз Монакодағы кәдесый сататын дүкендерден алыңыз. Бір екі евро болса да арзан. Ниццада саудаласу жүрмейді, ал Монакода көп сувинер алсаңыз жеңілдік болуы мүмкін. Себебі орыс сатушылар бар :)

НИЦЦА МЕН МОНТЕ КАРЛОҒА САЯХАТҚА ҚАНША ШЫҒЫН КЕТЕДІ (ЕҢ ҚОЛАЙЛЫ АРЗАНЫН ҰСЫНЫП ОТЫРМЫН)?
БИЛЕТ ҚҰНЫ — 105000 теңге.
ҚОНАҚ ҮЙ ҮШ КҮНГЕ — 35000 теңге
ТАМАҚ — 6000 теңге
КӘДЕСЫЙЛАР — 3000 теңге
ЖОЛ БИЛЕТТЕРІ — 3000 теңге
БАРЛЫҒЫ ШАМАМЕН — 150 мың теңге. Әрине форс мажорға дайын болу үшін өзіңізбен артық ақша ала жүріңіздер.

Бәрін айттым деп ойлаймын, сұрақтар болып жатса мархаббат. Келесі тоқтайтын пункт Доха қаласы болмақ :)
Әрі қарай

"Оскар-2015". Менің болжамдарым.

Киностан: Оскар-2015. Менің болжамдарым.
22 ақпанда кино әлеміндегі ең беделді сыйлық — «Оскар» табыс етіледі. Биыл «Оскарды» кімдер алады? Осындай ой жалғыз мені толғандырмайтын шығар?
Өмірімде алғаш рет (сәтсіз болып жатса, мүмкін — соңғы рет) «Оскар» иегерлеріне болжам жасап көрмекпін. Әрине барлық номинацияларына емес, тек бірнешеуіне ғана. Бәс тігетіндерің болса, кейін өкініп қалмайтындай аз сомалар қоюларыңызды сұраймын.

Үздік фильм

Номинанттар:
— «Америкалық снайпер» («American Sniper»)
— "Бёрдмэн" («Birdman»)
— «Балдәурен» («Boyhood»)
— "Гранд Будапешт қонақүйі" («The Grand Budapest Hotel»)
— "Имитация ойыны" («The Imitation Game»)
— «Сельма» («Selma»)
— «Барлығының теориясы» («The Theory of Everything»)
— «Таяқтың күшімен» («Whiplash»)

Өзім «Америкалық снайперді», «Бердманды», «Гранд Будапешт қонақүйін», «Имитация ойынын» көріппін. Физик Стивен Хокингтің өміріне арналған «Барлығының теориясын» көре бастап едім, тым қызықсыз көрінді.

Әдетте, «Алтын глобус» — «Оскардың» репетициясы деп жатады. Қазақша айтсақ: «Алтын глобусты» көріп «Оскарын» ал. Шынымен, көп лауреаттар бір-бірінде қайталанып жатады. Осы талдауымда да биылғы «Алтын глобус» иегерлерін ескеретін боламын.

Сонымен, 2015 жылдың «Алтын глобусында» «Балдәурен» («Boyhood») үздік фильм атанды. Фильмнің сюжетін оқып шықтым, актерлер мен түсіру тобын қарап шықтым. Өзім үшін іліп алатын ештеңе таппадым. Менің ойымша: оның жеңісі «Алтын глобуспен» шектеледі, «Оскар» ала алмайды. Менің фавориттерім мүлдем басқа. Неге? Түсіндірейін.

Америкалықтар өз елдерінің даңқын асқақтата түсетін, ерлігін жырлайтын әскери киноны өте жақсы көреді. Оған 2010 жылдың жеңімпазы "Өлім қорабы" («The Hurt Locker») және 2013 жылдың жеңімпазы "Арго" («Argo») фильмдері мысал. Биыл осы тематикаға сәйкес келетін «Америкалық снайпер» бар. Сосын осы номинациядағы «Имитация ойынын» да естен шығармау керек. Фильм соғыс жайлы, анау-мынау емес Екінші Дүниежүзіліктің нәтижесіне америкалық математикатің ықпал еткені баяндалады, оның үстіне басты кейіпкер (Бенедикт Камбербэтч) — гомосексуалист. Бұл ахуал да қазіргі толеранттылық пен демократияның заманында, адам құқығына көңіл бөлініп жатқан кезеңде ерекше мәнге ие. Сондықтан, академиктердің көңілін осы екі картинаның біреуі жаулап алады деп есептеймін.

Үздік актер

Номинанттар:
Стив Карелл — «Түлкі аулаушы» («Foxcatcher»)
Брэдли Купер — «Америкалық снайпер» («American Sniper»)
Бенедикт Камбербэтч — «Имитация ойыны» («The Imitation Game»)
Майкл Китон — «Бёрдмэн» («Birdman»)
Эдди Редмэйн — «Барлығының теориясы» («The Theory of Everything»)

Жоғарыда атаған себептерге байланысты, Брэдли Купер мен Бенедикт Камбербэтчтің «Оскар» алу мүмкіндігі жоғары. Бірақ мен үшін Майкл Китон фаворит. Майкл Китон — кезінде Бэтменді сомдап атақты болса да, қазір көп жұлдыздардың көлеңкесінде қалып қойып, екінші дәрежелі рөлдерімен ғана шектеліп жүрген ортаңқол актер болып қалды. Алехандро Гонсалес Иньярриту өзінің соңғы жобасына дәл осы актерді алуы да негізсіз емес сияқты. Сюжетте, жастау кезінде Бердмэн (Құс-адам) деген суперқаһарманды сомдап, атағы жер жарған, бірақ қазір жолы онша болмай жүрген кәрі актер туралы баяндалады. Символично, иә? Шынымен де, көп сыншылар Майкл Китон бұл картинада өзін сомдады деп айтып жатыр. Оның үстіне, Майкл Китон осы рөлі үшін биыл «Алтын глобус» алды. Осылардың барлығын ескере отырып, "Үздік актер" номинациясында Майкл Китонның бағы жанады деп есептеймін.

Үздік актриса

Номинанттар:
Марион Котийяр — «Екі күн, бір түн» («Deux jours, une nuit»)
— Фелисити Джонс — «Барлығының теориясы» («The Theory of Everything»)
Джулианна Мур — "Әлі де сол Элис" («Still Alice»)
Розамунд Пайк — «Жоғалған әйел» («Gone Girl»)
— Риз Уизерспун — «Жабайы» («Wild»)

Финчердің "Жоғалған әйелін" көргенмін, мықты фильм. Әрине Розамунд Пайктың шеберлігіне күмән жоқ, бірақ «Уау» дегізген ештеңе көрмедім. «Алтын глобуста» жүлдені Джулианна Мур алды. Академиктердің таңдауы да ерекшелене қоймас деген ойдамын. Шынымды айтсам, бұл категорияда болжам жасау аса қиындық туғызып тұр.

«Екінші пландағы үздік актер», «Екінші пландағы үздік актриса» номинацияларын да өткізіп жіберейік, бұл категориялардың шешімі біз ойлағаннан мұлдем бөлек болып шығуы әбден мүмкін. Егер қызық болса айтайын, «Алтын глобуста» биылғы жеңімпаздар мыналар:

Үздік режиссер

Номинанттар:
Алехандро Гонсалес Иньярриту — «Бёрдмэн» («Birdman»)
Ричард Линклейтер — «Балдәурен» («Boyhood»)
Беннетт Миллер — «Түлкі аулаушы» («Foxcatcher»)
Уэс Андерсон — «Гранд Будапешт қонақүйі» («The Grand Budapest Hotel»)
Мортен Тильдум — «Имитация ойыны» («The Imitation Game»)

«Алтын глобуста» Ричард Линклейтер үздік режиссер атанды. Бірақ академиктердің арасында есі дұрыс адам қалған болса Алехандро Гонсалес Иньярритуға немесе Уэс Андерсонға дауыс берілулері керек деп есептеймін. Екеуі де биыл «Оскарға» лайықты. Менің түйсігім — Алехандро Гонсалес Иньяррит үздік шығады-ау деп тұр.

Шет тіліндегі үздік фильм

Номинанттар:
— «Ида» («Ida») — Польша
— "Левиафан" — Ресей
— «Мандариндер» («Mandariinid») — Эстония
— «Тимбукту» («Timbuktu») — Мавритания
— "Ерсі оқиғалар" — Аргентина

Мен тек «Лефиафанды» ғана көрдім. Ол картина биыл «Оскар» алып жатса, «Түһ, несіне беріп жүр» деп өкініш білдіретіндер саны аз болатынына сенімдімін. «Левиафан» биыл жеңіп алуға боларлық сыйлықтар мен жүлделердің біршамасын алды. Жаңа Ресей тарихында алғаш болып «Алтын глобусқа» да ие болды. Америка Ресей билігінің шамына тию үшін осы картинаға «Оскарды» ұстатып жіберуі әбден мүмкін.

Үздік визуал эффектілер

Номинанттар:
— "Капитан Америка: Қысқы жауынгер"
— "Маймылдар ғаламшарының таңы"
— "Галактика сақшылары"
— "Интерстеллар"
— "Х-адамдар: Өткен болашақтың күндері"

Былтыр техникалық жетістіктеріне беретін (монтаж, эффектілер, т.б.) «Оскарлардың» барлығын дерлік "Гравитация" жеңіп алған болатын. Биыл техникалық жағынан өте керемет жасалған фильм бар болса, ол — «Интерстеллар». Ғалымдар тіпті «Интерстеллар» үшін теорияларды визуализациялау кезінде байқаусызда жаңалық та ашып алыпты. Киноның құдіретін көрдіңіз бе?! Биыл визуал эффектілерден «Оскар» алуға бәрінен бұрын «Интерстеллардың» мүмкіндігі жоғары деп есептеймін.

Бар болжамым осы. Қалған номинацияларды өздеріңіз нетіп аларсыздар. Америка киноакадемиясының 87-ші марапаттау шарасы 2015 жылы 22 ақпанда таңда өтеді.

Қосымша:
«Алтын глобус-2015» жеңімпаздары
«Оскар-2015» номинанттары
Әрі қарай

Алматы көшелеріндегі кәріз люктерінің қақпақтарына қатысты бірер сөз...

«Guerilla» жарнама агенттігі Алматы қаласы көшелеріндегі кәріз люктерінің қақпақтарын қазақ батырларының қалқаны түрінде бейнеледі. Мұндай қалқан — қақпақтар қала көшелеріндегі бірнеше нүктелерге қойылды.
Ал сол кезде...: Алматы көшелеріндегі кәріз люктерінің қақпақтарына қатысты бірер сөз...
Ал сол кезде...: Алматы көшелеріндегі кәріз люктерінің қақпақтарына қатысты бірер сөз...
Серікбол Хасан есімді журналисттің «Айқын» газеті сайтындағы кәріз люктері қақпақтарын батырлардың қалқаны түрінде бейнелеуіне қарсы пікір білдірген «БАТЫРЛАРДЫ» БАСЫП КЕТПЕЙІК» атты мақаласы қоғамның назарын аударды.

Ал сол кезде...: Алматы көшелеріндегі кәріз люктерінің қақпақтарына қатысты бірер сөз...

Айқын сайтында шыққан мақала тек қазақ тіліндегі ғана емес, орыс тіліндегі аудиторияның да арасында пікірталас тудырды.

Сонымен, қала дизайнындағы осы бір әрекетке қатысты менің айтарым:

Біріншіден, бұл стрит-арт. Ал, қақпақты батырлардың қалқаны түрінде көрсету — әдемі шешім. Тәнті болдым. Дизайн-студияға респект.
Жалпы, қала дизайны үшін кәріз люктерінің қақпақтарын қала көшелерінің сәнін келтіретін деталь ретінде пайдалануға ұмтылыс жасау әрекеті қуантады. Шымкентке де келсе ғой.

Екіншіден, люк қақпақтарына символдарды бейнелеу — әлемдік қолданыста бар тәжірибе. Төмендегі суретте түрлі қалалардағы кәріз люктерінің әсем қақпақтары жинақталған.
Ал сол кезде...: Алматы көшелеріндегі кәріз люктерінің қақпақтарына қатысты бірер сөз...

Үшіншіден, кәріз люктерінің қақпақтарына тұлғаларды бейнелеу аясында осыған ұқсас "қарсылық" өткен жылы Ресейде болды.
Сынап-мінеу әрекеті Артемий Лебедев студиясының Мәскеу қаласы көшелеріндегі кәріз люктерінің қақпақтарын безендіру жобасына бағытталды. Лебедев студиясы Мәскеу көшелеріндегі кәріз люктерінің қақпақтарына Гиоргий Победоносецті бейнелеген.
Ал сол кезде...: Алматы көшелеріндегі кәріз люктерінің қақпақтарына қатысты бірер сөз...
Ал сол кезде...: Алматы көшелеріндегі кәріз люктерінің қақпақтарына қатысты бірер сөз...
Ал сол кезде...: Алматы көшелеріндегі кәріз люктерінің қақпақтарына қатысты бірер сөз...

Лебедев студиясының «Мәскеу қаласындағы кәріз люктері қақпақтарын безендіру» жобасының жұмысын студияныңсайтынан толық көруге болады.

Гиоргий Победоносец бейнеленген алғашқы екі қақпақ 2014 жылдың қазан айында Мәскеудегі Забелина көшесіне орнатылды. Православ белсенділері мұндай безендіруге қарсылық танытты.
«Гиоргий Победоносецті қорлады» деген тақырып ығымен мақалалар жарияланды. Сондай бірнеше мақалаға сілтеме:

1. ЗАЯВЛЕНИЕ: против кощунства в отношении Святого Великомученика Георгия Победоносца

2. Москвичи будут топтать Георгия Победоносца

Ал, сіз қалай ойлайсыз, оқырман?
Алматы көшелеріндегі кәріз люктері қақпақтарын қазақ батырларының қалқаны түрінде бейнелеу жобасы қазақ батырларын қорлау ма, әлде қала көркін ашатын, сәніне сән қосатын бірегей идея ма?

Айтпақшы, бұл пост мұның алдын фейсбук әлеу.желісіндегі парақшамда жазылды. Ондағы жазылған пікірлерді постқа өтіп, өз айтарыңызды сонда қалдырсаңыз болады
Әрі қарай

Сарыағашта дүрбелең басталды дегенде...

Сол Сарыағашта дүрбелең басталды дегенде, шыны керек қайсібір оппозиция өкілдері – қолынан келгенше ұлтаралық араздықты қоздыруға тырысты: Фейсбук парақшаларында: «Қазақтар әркімнің астында бір тапталамыз ба?! Кеттік, барайық»,- деп ұран тастады. Кек қайтаруға шақырды. Қарсы уәж айтсаң, кірме ұлттар кімнің жерінде отырғанын сезінсін. Бір тентегі үшін қауым жұртты сабап алу, сабақ болады дегенді айтады. Бірақ.
Кез-келген арандатушылық қазаққа пайда емес, зиян. Қайсібіреулер айтқандай, Қарамұрттағы қанды оқиға – тәжіктің қазақ тілін менсінбеуінен шыққан жоқ. Немесе әлгі тәжік қазақты қазақ болғаны үшін де өлтірген жоқ. Олардың арасындағы дау ұлттық дау емес, өзара келіспеушілік дауы. Ойлап қараңыздар, Тәжікстанда да қазақ көп. Ол жақта да біздің ағайындар ауыл-ауыл болып отыр. Сол жақта бір қазақтың қылмысы үшін бар қазақтарды топалаң жасап жатса жақсы ма сіздер үшін? Мен ол ауылды жақсы білем, туыстарым көп. Ол ауылдың әр қазағы тәжікше, тәжігі қазақша судай сапырып сөйлеп өскен жұрт. Бұл жерде басты мәселе сабыр сақтауда, сабыр, сабыр және сабыр. Біз орта ғасырда өмір сүріп жатқанымыз жоқ. Заң бар. Әркім «самосуд» жасай беретін болса, онда мемлекеттің не қажеті бар?! Сондықтан, бар әрекетімізді заң аясында жүзеге асырайық. Сонда ғана қылмыскер мен сол қылмысқа жағдай туғызғандар жазасын тартады. Қанға қан деп қан төгу оңай, оны тоқтату өте қиын! Осыны ұғу керек. © Нұрбек Бекбау


Әрі қарай