Европадағы ең қымбат қала Монте-Карлоға саяхат жасай қалсаңыз...

Өзін саяхатты сүйемін деп есептейтін кез келген адам Европадағы ең қымбат Монте Карло қаласына баруды парыз. Бұл қаланы аралауға екі күн артығымен жетеді. Сонымен Монте Карлоға барып тұрып, «бір оқпен екі қоян қалай атуға» болады. Бәрін ретімен баяндайық.

Қыстың өзінде бұл қалада +15 градус жылы, бірақ жаңбыры қатты. Бір жауса тоқтамайды. Бір қызығы карлик ел Монаконың астанасы Монте Карлода әуежай жоқ. Оның орнына heliport (тікұшақ) бар. Алматыдан немесе Астанадан Стамбул арқылы Ниццаға бару керек. Билетті үш ай бұрын алсаңыз 100 мың теңгеге табуға болады. Ницца әуежайынан Монакоға жарты сағат сайын автобус жүреді. Комфорт, жұмсақ орындық керек десеңіз 100L деген автобус бағыты жақсы, Билеті де қымбаттау — 6 евро. Ал ақша үнемдеймін десеңіз 100 деген автобуспен барыңыз. Оның билеті 1,5 евро тұрады. Ескеріңіз 100-автобус Ницца әуежайынан жүрмейді. Ол үшін 23-автобуспен қаланың орталығына жетіп алу керек. 100 автобусқа деп алған билетіңіз бір сағатқа кез келген қоғамдық көлікке жарай береді. Автобусқа билетті жүргізушіден аласыз да бірден аппарат арқылы таңба бастырасыз. Таңба бастырылмаған билет жарамсыз деп тексеріп қалса өте үлкен көлемде айыппұл төлеуіңіз мүмкін. Негізі, Ницца әуежайынан жаяу қаланың орталығына қаланы аралап бір сағатта баруға болады. Айтпақшы, Монакоға бармас бұрын Ниццада бір екі күн қалуға кеңес берер едім. Тамаша табиғат пен теңіз жағалауында демалуға қолайлы жер. Тамақ бес евроға түріктердің тамаша донерін тауып алуға болады. Таксимен жүру туралы мүлдем ойламаңыз.

НИЦЦА МЕН МОНТЕ-КАРЛОДАҒЫ MUST VISIT ОРЫНДАР

Бірінші кезекте Ниццаның «визитная карточкасы» Променад-дез-Англе жағалауы. Үш шақырымдық жағалауын жаяу аралап шығып, ескі қалаға бірден жетесіз. Сол маңда Рим хольмасы да бар. Ниццаның бар қызықты ғимараттары осы жағалаудың маңында орналасқан. Айтпақшы Ницца мен Монакода француз балмұздағын жеуді ұмытпаңыз.

www.youtube.com/
Блог - RuslanMedelbek: Европадағы ең қымбат қала Монте-Карлоға саяхат жасай қалсаңыз...

Блог - RuslanMedelbek: Европадағы ең қымбат қала Монте-Карлоға саяхат жасай қалсаңыз...

Ниццаны аралап біттік. Енді Монакоға кеттік. Қос қаланың арасы 40 минут. Монакода ағылшын тілін түсінетіндер көп. Орыс тілді посткеңестік елдердің де өкілдерін көп кездестіруіңіз мүмкін. Ақырын айтайын, көшеде мас боп, қазақша боқтап жатқан адамдарды көрсеңіз ең қымсынбаңыз. Тағы айтарым, жұрт сізді жапон не қытаймен шатастыруы мүмкін. Қазақ екеніңізді айтып түсіндірудің қажеті жоқ. Монте-карлода әрине бірінші кезекте Казиноға барарыңыз анық.

Блог - RuslanMedelbek: Европадағы ең қымбат қала Монте-Карлоға саяхат жасай қалсаңыз...

Одан бұрын Княз сарайына барып, Монте-Карлоны толық жоғарыдан тамашалай аласыз. Одан кейін теңіз жағалауымен Фонвьей ауданына барыңыз. Бұл бізше аудан, бірақ Монакодағы тағы бір қала :) Монте-Карло қаласы мен Фонвьей қаласының арасы автобуспен 10 минут, жаяу 30 минут. Фонвьейдің маңында Ла-Кондамин деген тағы бір қала бар. Барлығын жаяу аралауға болады. Кондаминде көбіне сауда орындары мен ресторандар орналасқан. Қайықпен теңізге шығуға болады. Билет екі евро тұрады.

Блог - RuslanMedelbek: Европадағы ең қымбат қала Монте-Карлоға саяхат жасай қалсаңыз...<img

Блог - RuslanMedelbek: Европадағы ең қымбат қала Монте-Карлоға саяхат жасай қалсаңыз...

Блог - RuslanMedelbek: Европадағы ең қымбат қала Монте-Карлоға саяхат жасай қалсаңыз...

ҚОНАҚ ҮЙ
Ниццада ең арзан қонақ үйді интернет арқылы 33 евроға тауып алуға болады. Мен үшін таңғы асы мен интернеті, кейін жантая кетер төсегі болса жеткілікті. Ал Монакода қонақ үй өте қымбат. Монакоға бармай тұрып, 80 евроға бір қонақ үй алып, барған кезде тазалығына шок болдым. Бірақ одан арзан қонақ үй таппайтынымды ұқтым. Монакода тамақ та қымбат. Ниццада бес евроға тойып тамақ ішсеңіз, Монакода бір кофе немесе шай аласыз. Мұнда түскі ас кемінде 13 евро. Екі-үш адам барсаңыздар қонақ үй бөліп төлеуге болады, демек арзанға шығуы мүмкін.

КӘДЕСЫЙ
Ниццада керісінше сувинерлер қымбатырақ. Сондықтан туысқан, дос жарандарға естелік аламын десеңіз Монакодағы кәдесый сататын дүкендерден алыңыз. Бір екі евро болса да арзан. Ниццада саудаласу жүрмейді, ал Монакода көп сувинер алсаңыз жеңілдік болуы мүмкін. Себебі орыс сатушылар бар :)

НИЦЦА МЕН МОНТЕ КАРЛОҒА САЯХАТҚА ҚАНША ШЫҒЫН КЕТЕДІ (ЕҢ ҚОЛАЙЛЫ АРЗАНЫН ҰСЫНЫП ОТЫРМЫН)?
БИЛЕТ ҚҰНЫ — 105000 теңге.
ҚОНАҚ ҮЙ ҮШ КҮНГЕ — 35000 теңге
ТАМАҚ — 6000 теңге
КӘДЕСЫЙЛАР — 3000 теңге
ЖОЛ БИЛЕТТЕРІ — 3000 теңге
БАРЛЫҒЫ ШАМАМЕН — 150 мың теңге. Әрине форс мажорға дайын болу үшін өзіңізбен артық ақша ала жүріңіздер.

Бәрін айттым деп ойлаймын, сұрақтар болып жатса мархаббат. Келесі тоқтайтын пункт Доха қаласы болмақ :)
Бөлісу:

11 пікір

asaubota
Монако дегенде ойыма казино мен Монако ФК келеді

бағалары жақсы екен, неге қымбат қала?
RuslanMedelbek
Өмір сүру деңгейі жоғары. Халықтың 99 пайызы жұмыспен қамтылған. Жергілікті халық салық төлемейді. Пайда туризм мен казинодан түседі. Бұл жерге қарапайым адамдарда бара бермейтініне көзім жетті
merekeee
Тақырыпқа қарап кемінде 5-6 мың алып шығу керек шығар десем )
Мас болып, қазақша боқтағандар кездесті ме сонда? )
RuslanMedelbek
Бар бар. Жалпы ұшақ билетін есептегеменде 50 мың теңге (200 евро) жетеді.
MurattiZzaere
Монако дегенде GGG деген үш əріпті елестетіп отырмын
RuslanMedelbek
Сол үшін барғанмын негізі. Бірақ бұл жерде біраз қазақстандық олигархтарлың виллалары бар екенін де айта кетейін
patick
Монакода төбесі ашық суперкарға отырып алып серуендейтін қазақтар көп деп естіп едім )
Marco
Бару керек екен) Рахмет, керек ақпарат
KerimAyankyzy
Жаңбырының бір жауса тоқтамайтындығы мен қаттылығы ұнады… :)