«Қаражанбасмұнай» АҚ – 40 жыл

Блог - asaubota: «Қаражанбасмұнай» АҚ – 40 жыл
40 жыл бұрын Маңғыстаудың екінші тынысы ашылды. Бұл К – 12 ұңғысынан қара алтынның атқылаған шағы. Сол уақыттан Қаражанбас кен орыны тұтас ТМД – ға танымал. Қазір де әлеуметтің әлеуетін көтеріп, экономиканы өрге сүйреуге зор ықпал етіп отыр. Айтулы күнге орай мұнай компаниясы қызметкерлері мен ардагерлер салтанатты жиынға қатысты. Шарада кен игерудегі тарихтан бастап, бүгінгі бағыт, болашаққа деген жоспарлар мәлім етілді.
Терістік бозашы. К – 12 ұңғысы. 302 метр тереңдік. 1974 жылы қара алтын бұрқағы аспанға атты. Алғаш ашушылар қатарында Әділ Нұрманов та бар. Ол Қаражанбас алаңын бұрғылау жоспарға енбей қалғанын айтады. Бірақ, жігіттер тәуекелге барып қазуды бастаған. Содан несібе игеріліп, молая түсті. Ал, он жылдан соң 1 млн тонна мұнай алынғандығы жария болған еді.

Әділ Нұрманов – ардагер мұнайшы
Ешқандай тамақ болған жоқ. Әр бір бригада да өздері үйінен тамақ алып келіп, столовый жоқ. Жол жоқ. Қаражанбасқа бару үшін бір күн жүру керек еді. СКЛ Ал, қазіргі жағдай адам көргісіз. Жеңіл машиналар. Түсімізде ондай көрмедік.

Ардагерлер қазір бейнеттің зейнетін көріп отыр. Әрдайым кәсіби мерекелерге шақырту алады. Компанияның 40 жылдығына орай да зейнеткерлерге 20 мың теңгеге сертификат берілді. Содан соң салтанатты жиын өтіп, белсенді қызметкерлерге облыс әкімінің құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табыс етілді.

Берді Өтебай –темір жонушы
Мұнай саласына пайдамызды тигізгіміз келеді. Қазақстанның әлеуметтік жағдайын көрсеткіміз келеді. Болашақта да арманым балаларымды да мұнайшы қылу.

«Қаражанбас» кен орнында әр жылда 2 млн тоннадан асырып мұнай игеріледі. Мамандардың біліктілігін шыңдау мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Себебі, иновациялы үдерістен қалмау негізгі талап. Сондай – ақ жаңа орындарды барлау жұмыстарын да басты назарда ұстап отыр.
Әрі қарай

Қазақтардың PRы

Пиар туралы жаз деп қолқа салған ел, не туралы айтайын нақты?
Нешетүрлі секреттер жазайын ба? Инсайд инфалар айтсам, пазорымды шашып, жайып салмайсыңдар ма дүйім жұртқа?
Жайып салғанда не ғой… деректерін әбден өзгертіп, мама родная танымастай етіп жазам. Өздерің қуып жетіңдер кім туралы екенін, жарай ма? Даже личкада айтпайм кімнің нақты кім/қай компания/қай орган туралы жазғанымды.

Сұра.кз-те Димаш "Қазақша PR туралы бес пікір айта аласыз ба?" деген сұрақ тастаған еді.
Содан бастайтын болсам, былай:
— Қазақша пиар деген ұғымды өзім қабылдамаймын. Түсінетінім — қазақ пиаршыларының қалпы бөлек, нағыз маман жоқ. Қазақ бөлімінде пиар мамандығын алғандар орысшаға кетіп қалады-ау дейм, Ерболдан басқа ешкімді, өліп кет, танымайды екем.
— Астана мен Алматының пиар дәстүрін екі бөлек дүние деп қарастыру керек. Аймақтардағыны зерттеу керек.
— Біздегі пиар шаралар қазақтардың түсінетініндей етіп жасалмайды.
— Пиар төленген мақала жариялаудан асып ешқайда кетпеген. Пиар туралы түсінік сонымен ғана шектелген.
— Мемлекеттік органдардың пиарын сараптаумен айналысатын адам жоқ. Шенеуніктерді медиаперсона етіп тәрбиелейтіндей құрал да, амал да жоқ.
— Бизнестегі пиарда қазақ аудиториясы стейкхолдерлер ішінде бөлек категория ретінде қарастырылмайды — сол дұрыс емес деп ойлаймын. Белгілі бір уақыт (5 жылдай) солай бөліп қарастыру керек сияқты.
— Қазақ баспасөз-хатшылары тупо аудармашы. Оның өзінде баяу, сылбыр жұмыскерлер (мамандар емес ниразу), тақырыптың, деректің байыбына барып бермейді ақпаратын, кейде не жазып, не қойғандарын өздері ұқпайды, қай санның қайдан шыққанын айта алмайды. Негізі қазақшаны еркін меңгерген пресссектер өзіне нереальный мүмкіндік берілгенін түсінбейді — орыс және ағылшыншаны меңгеріп алу қолынан келетін дүние ғой. Нарықта орыстілділердің пысықтығы ғана сұранысқа ие, бірақ олар қазақша білмейді, ал қазақша білетіндері аудармадан асып ешқайда бармайды, қандай да бір бастама жасауға құлқы жоқ. Сол жаман.

Ой, жетеу боп кетіпті пікірлерімнің саны.

Жалпы, осы бастап отырған блогымда нақты кейстерді талқылағым келеді. Өйткені мен теоретик емеспін, теориядан бар хабарымды нақты жағдайға сәйкестендіріп талдағанды жаратамын. Сосын талдаулардағы практикалық түйіндерді нақты пайдалансақ жұмысымызда — ващпе щикарне болып кетер еді.
Сол.

Чмоки, лафки. Көріскенше в коментах.
Если вообще кто-то собирается писать мне что-то в коментах.
"Қыртпаш" деп қоя салсаңдар да, жалғастыра беретін шығармын — мне руку набивать надо.
Әрі қарай

"Мисс Хан шатыр". 10 000$ қай сұлуға бұйырды?

Кеше Хан шатыр ОССО сұлуы аруы таңдалды. Сұлулардың байқауын тамашалауға келген адам санында шек болмады. Астанада осынша көп халық барына таң қаласың әрі қуанасың.
Блог - kaztube: Мисс Хан шатыр. 10 000$ қай сұлуға бұйырды?

Динара Сәтжан бастаған қызылар алқасы 18 қыздың сұлулығы мен өнеріне, мүсініне, дене бітіміне баға берді.
Блог - kaztube: Мисс Хан шатыр. 10 000$ қай сұлуға бұйырды?

Былтыр Хан шатыр аруы байқауына басқа елдерден де қыздар келіп қатысса, биыл тек қана еліміздің арулары ғана қатысуда екен.
Блог - kaztube: Мисс Хан шатыр. 10 000$ қай сұлуға бұйырды?

Әрине, сұлулық сайыстарының бәрі суға шомылғанда киетін киімнің көрсетілімінсіз өтпейді ғой. Көрермен жігіттердің көз құрышы қанып қалды-ау, ә  
Блог - kaztube: Мисс Хан шатыр. 10 000$ қай сұлуға бұйырды?

Бас жүлдеге ие болған ару 10 000$ ие болды. Керемет! Құтты болсын дейміз!
Блог - kaztube: Мисс Хан шатыр. 10 000$ қай сұлуға бұйырды?

Ал, бұл әдемі шарадан түсірген видеомызды порталымыздан көре аласыздар
Әрі қарай

Жас қаззақ эмигрантының анықтамалығы

Ақшаны, көтіне отызекілік құбыр жалғап құйсаң да сасып жататын подъездерден шаршадың ба? Әуелде жекелеген көрініс болып, кейін ет үйреніп кеткен коррупцияның — елді ақыры үлкееееен апатқа зымыратып әкеле жатқанын сен де көтіңмен сезіп жүрсің бе? Кешке — ертең оянатыныңа сенімді болып жатқың келе ме? Анархия бола қалса да өзіңе тұра алатындай жастан өтіп барасың ба?
Әрі қарай

Киноман мен футболфан

Танысып қойыңыз, екеуі де мен. Киносүйгіштігім Ернардан, футболсүйгіштігім Аршаттан кем шығар, бірақ екеуімен де көсіле отырып әңгіме-дүкен құруға қауқарым жетеді ғой деп ойлаймын. Ал, мәселе футбол туралы кино жөнінде болса, онда… онда, алдымен, попкорныңызды дайындап алыңыз.
Әрі қарай

Қалың қалай, қазақша караоке?

Көңіліміз түсіп, құлазыған сәтте де, қуаныштан жарылып кетер шақ туса да — ыңылдап әндететініміз бар. Тіпті достарымызбен бас қосып, дауысты кеңге салып ән шырқау үшін караокеге жиі барып жатамыз.

ХХ ғасырдың екінші жартысында Корей елінде пайда болған бұл жап-жақсы дүние талайлардың ішкі запыранын ақтарып, «жынын шығаруға» көп көмектесіп тұрады. Өзгені қайдам, өзім караокеде ән салып қайтсам, іште тұншыққан бүкіл проблемаларымды айқайлап шығарып тастағандай болам.

Астананың барлық караоке-клубтарында болғам жоқ, бірақ, осы уақытқа дейін барған 5-6 клубтың қайсысына кірсем де, жұрт орыстардың әнін шырқап жатады. Өзім де солай. «Караокеде қазақ әндеріне сұраныстың болмау себебі неде» дейсіз ғой?!
Блог - aikarakoz: Қалың қалай, қазақша караоке?Бас қаладағы адам көп жиналады-ау, бағасын халықтың қалтасы көтереді-ау деген караоке-клубқа бет алдым. Мұнда қазақ әнін айту үшін сізге сыртында «Раша» деген жазуы бар каталогты қолға алуға тура келеді. Бірден соңғы парақтарын аша қойыңыз, қазақ әнін алғашқы беттерден іздеп, сатып алған уақытыңызды текке жоғалтасыз. Тіпті, соңына жетем дегенше кенет ерініп қалып, көзіңізге түскен орысша әнді айта салуыңыз да ықтимал. Бұл бірінші себеп деп қойыңыз.

Блог - aikarakoz: Қалың қалай, қазақша караоке?
Ақтарып отырған парақтарыңыз таусылуға шақ қалып, каталогты «жабамын-ау» деген тұста қазақ әріптері көріне бастайды. Он шақты парақтағы тізімнің саны 200-дің о жақ, бұ жағында ғана. Әннің аздығы сонша, қазақша барлық әнді лезде айтып тастап, үйіңізге ерте қайтып кетуіңіз мүмкін. Екі. Үшіншіден, кілең ескі әндердің ішінен үнемі «Белгісіз жан» мен «Сүйген жүректі» ғана орындап, ұйықтап жатып та айта алатын дәрежеге жеттім. Өздері көрсетіп қойғандай, 2010 жылдан бері қазақ эстрадасының әндері жаңармаған. "Қызыл өрікті" айтып, достарыңызды қыран-топан билетемін деген жоспарыңыз быт-шыт болады.
Блог - aikarakoz: Қалың қалай, қазақша караоке?Домбырамен әп-әдемі айтып жүрген әнге караокеде дауысыңыз жетпей, шиқылдап қаласыз. Тіпті, қасыңыздағы адамдардан ұялып, көңіл-күйіңіз түсіп кетеді. Дыбысталуы нашар, аражировкасы тіптен жылатып жіберетін әннен гөрі жақсы өңделген өзге тілдегісін айтып, өзімнің "әжептеуір әнші екеніме" қомпаңдап қалғаным артық. Бұл — төртінші себеп. Бесіншісі тіпті күлкілі. Әнді беріліп айтып, дауысыңыз енді ашылып келе жатқанда суреттегі «иман қанаты талған» сияқты сөздерді оқып, еріксіз күліп жібересіз. Дауысыңыз бір жақта, әніңіз бір жақта. Мәтіндегі аяқ алғысыз қателерді көре-көре, сол күйі жаттап, ақындардың қатесіз жазғанына күмәнданатынды шығардым. «Бұл қателерден өздерінің хабары бар ма, неге түземеске» деген оймен бірнеше қатені суретке түсіріп алып, әнді орындаушылар мен мәтін авторларының пікірін білдім.
Блог - aikarakoz: Қалың қалай, қазақша караоке?
Мейрамбек Бесбаев, әнші:
— Ой, айтпа, мәтіннің қате берілетіні — бір. Сосын шетелдің, орыстың әндерін алайықшы, аранжировкасының оригиналы шығады, айтуға өте ыңғайлы, сапасы да өте жақсы. Біздікілер осы жағын қолға ала алмай жатқан сияқты, өкінішті. «Сағындым Алматымды»-ның мәтіні әлі күнге түзелген жоқ, аранжировкасын кім жасағанын бір Құдай біледі. Өзім караокеге көп бармаймын, анда-санда барып қалғанда достарым айтып, күліп жатады. Караоке иесіне де, барлық жерге ескерту жасап шаршадық: «иә-иә» деп, шығарып салады. Директорым да айналысты мұнымен, баяғы жартас — сол жартас. Өзім соттасу дегеннен аулақпын, бірақ, қателердің тезірек түзелгенін қалаймын. «Көзіңнің мөлдірін-ай» әні дейсің бе, оны мен айтқан емеспін.
Блог - aikarakoz: Қалың қалай, қазақша караоке?Қалқаман Сарин, «Жібек сезім» әнінің сөзін жазған:
— Анда-санда караокеге барғанда қазақша әндердің мәтінінде қате көптігін жиі байқайтынмын. Бірақ, өз сөзіме жазылған әнде қате барын дәл қазір сенің аузыңнан естіп тұрмын. Караокенің өзінен болсын, әндерін дайындайтын қандай да бір студиядан болсын біреу маған хабарласып, рұқсат сұраған емес. Ол әндерден пайда тауып жатыр, маған гонорарын да берген емес. Ақшасын қойшы, халық игілігіне қолданып жатса — қуаныш. Қазір екінің бірі караокеге барады ғой. Сонда қате толы өлеңімді оқыса, менің репутацияма, ар-намысыма, шығармашылығыма нұқсан келмей ме? «Ой, ана пәленшенің ұйқасы да жоқ, басқасы да жоқ, керемет ақындығы қайда,» деуі мүмкін. Бұл нәрсені бей-жай қалдырмау керек.
Блог - aikarakoz: Қалың қалай, қазақша караоке?
Қарақат Әбілдина, «Ал, құрбым» әнін орындаушы:
— Қазақша караокедегі әндердің сөзі де, өңделуі де, дыбысталу жүйесі де, бәрі қате екенін білемін. Маған ұнамайтыны да — сол. Орыстың, шетелдің аранжировкасы ұрып тұрған әндерін айтқанда, ән айтып жатқаныңды сезінесің. Ал, қазақтардікінің барлық жағынан сапасы төмен. Сондықтан ел караокеде қазақша ән айтқысы келмейді, айтуға ұмтылмайды да. Ол да болса әдейі жасалып жатқан саясат па деп қаламын кейде. Менің ғана емес, барлық әнде қате бар, қайсыбірін түзей бересің?! Караокемен айналысатын ұйымдарға сауатты өнім шығару туралы талап қою керек.
Блог - aikarakoz: Қалың қалай, қазақша караоке?
Назира Бердалы, «Сүйген жүрек» әнінің сөзін жазған:
— Мен караокеге бармаймын. Мұндай қателер туралы бірінші рет естуім. Ешқандай караоке-студиямен келісім-шарт жасасқан емеспін. Бірақ, «Абырой» авторлар қоғамының мүшесімін. Менің шығармаларым караоке, кафе-ресторан, тойларда орындалып жатса, солар жауап беруі тиіс.
Блог - aikarakoz: Қалың қалай, қазақша караоке?Ақбота Керімбекова, "Қош, махаббат" әнінің орындаушысы
— Өзім караокеге бармағандықтан әнімнің мәтіні қате екенін білмеппін, сізден естіп отырмын. Маған біреу келіп, «осылай жасағалы жатырмын» деп рұқсат сұраған жоқ. Қателердің түзелгенін қалаймын, кімдер жасағанын табу керек. Өзім қандай да бір шара қолдануға уақытым жоқ.
Блог - aikarakoz: Қалың қалай, қазақша караоке?Астананың біраз караокесіндегі әндерді ұсынған Ресейлік Studio Evolution караоке-жүйесінің сайтындағы нөмірге хабарластым. Владимир есімді жігіт сұрақтарыма: — "Әнді авторлардың өздері береді, ал, халық әндері үшін ешкімнен рұқсат сұрамаймыз. Мәтінде қате кеткеніне біз жауапты емеспіз, ол — программадан. Программа кейде қазақ әріптерін оқымай қалады. Келесі айда әндер жаңарады. Енді әр ай сайын жаңа әндерді каталогқа қосып отыратын боламыз," — деп жауап берді.

Авторлар «рұқсат бермедік» дейді, әнді пайдаланғандар «алдық» дейді. Әй, екінші тараптың айтып отырғаны жалған-ау. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңның 16 бабы, 5 тармағында:
Автордың немесе өзге құқық иеленушiнiң туындыны пайдаланудың әрбiр түрi үшiн сыйақы алуға құқығы бар, оның мөлшерi мен есептелу тәртiбi авторлық шартпен, сондай-ақ авторлардың мүлiктiк құқықтарын ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдармен жасасатын шарттармен белгiленедi,
делінген.
Өз авторлық құқығын қорғаймын деген өнер иесіне бәрі түсініктірек болу үшін Зияткерлік меншік құқығы комитетінің маманынан кеңес алғанды жөн көрдім.
Зияшова Райкен, Авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру басқармасының сарапшысы:
— Егер автордың рұқсатынсыз әндері қолданылса және одан қандай да бір қателер табылса, сот арқылы мәселені шешуге болады. Ол үшін автордың қателерге дәлелі болуы керек. Егер арыз келіп түссе, біздегі арнайы бөлім караоке өнімдерін дайындаған студиялардың рұқсат алған-алмағандығын тексереді. Бұл іспен айналысуға әнші, ақындардың уақыты жоқ болса, сенім өкілдері арқылы шеше алады.

Құрметті әншілер, ақындар, композиторлар, қазақ өнерін жасап жүрген майталмандар!
Еңбегіңіздің еш кетуіне жол бермеңіз! Караокедегі қазақ әндерінің тағдыры сіздердің ғана қолдарыңызда, сіздер ғана түзей аласыздар. Талап күшейсе — сапа да артады. Халық сапалы ән айтсын десеңіз, авторлық құқығыңыздың бұзылмауын қадағалаңыз. Бұл барша караоке тұтынушыларының атынан айтқан үндеуім болсын
Қазақша ән айтқым келеді!
Әрі қарай

Қарапайым сусын - ашыған

Біздің жақта ашыған(ашытпа) деп аталатын сусын бар, құрамы қарапайым, дайындалуы жеңіл, денсаулыққа пайдалы, қарапайым өлі суды ауыстыра алатын, шөліңді қандыратын әрі тек қазаққа тән, көнеден келе жатқан сусын.
Әрі қарай

Limonade және оның өзге де қасиеттері

Лимонад XVII ғасырда пайда болған сусын. Оның негізгі құрамы лимон шырыны мен судан тұрады. Осыған байланысты бұл сусын Limonade, яғни Lemon added – лимон қосылған деп аталған.

Лимонад алғаш рет Францияда, Людовик І-дің тұсында пайда болған. Аңыз бойынша патша нөкері оған шарап алып баруы керек болған екен. Алайда ол байқаусыздан шарап пен шырын сақталған бөшкелерді шатастырып алады. Қателігін патшаның алдына келгенде бірақ байқаған нөкер, патшаға байқатпай лимон шырынына су қосып жіберіп, өзі де бұл қателігі үшін өмірімен қош айтысуға дайындалып тұрады. Бірақ бұл сусын патшаның көңілінен шығып, кейінінен әлемге танымал сусындардың біріне айналды.

Ал лимонадтың өндіріске шығуы 1767 жылы ағылшын химигі Джозеф Пристлидің сыра ашытқанда су газдайтын насос ойлап табуымен байланыстырылады. Бұл жаңа дүниені Якобб Швепп деген кісі газдалған сусындар жасауда пайдаланып, бір уақытта газдалған сусынға лимон шырынын қосып, халыққа ұсынады. Сөйтіп, 1833 жылы лимонад әлем бойынша ең танымал сусынға айналады.

Алайда бүгінгі күні технологиялар дамып, табиғи өнімді алмастырғыштар, бояуыштардың пайда болуы лимонадтың пайдасынан зиянын көп етуде. Сондықтан да балаларымызды кішкентайынан зиянды сусындарға емес, өзіміздің үйден дайындаған пайдалы сусындарды ішуге үйреткеніміз абзал. Оның үстіне лимонадты үй жағдайында жасаудан оңай тек қана Yupi -ді суға қосу ғана шығар…

Блог - rakisheva: Limonade және оның өзге де қасиеттері
Үй жағдайында лимонад жасау үшін сізге лимон, ыстық су және тәтті дәм беру үшін қант қажет болады.
Алдымен лимонды сығып, лимонды фреш жасап аламыз. Оған қалауыңызша қант қосып үстіне қайнап тұрған ыстық су құямыз.
Блог - rakisheva: Limonade және оның өзге де қасиеттері
Дайын лимонадты суытып, әбдан салқындағанда іше беруіңізге болады.
Блог - rakisheva: Limonade және оның өзге де қасиеттері
Лимонад ішсеңіз ол тек қана шөліңізді ғана қандырып қоймай, ағзаңыз С дәруменіне байытады.

Блог - rakisheva: Limonade және оның өзге де қасиеттері


Limonade ішіп, шөлдеріңізді бір қандырған шығарсыздар
Енді осы «Limonade» -тың лимон қосылған судың тағы да басқа қасиеттерімен бөліскім келеді

Алма қараймайды
Блог - rakisheva: Limonade және оның өзге де қасиеттері
Егер алма қарайып кетпесін десеңіз оған лимон шырыны жағып қою керек дегенді естіген болатынмын. Бүгін «сусындар» тапсырмасы осы аңыздың қаншалықты шындық екендігін тексеріп көруге мүмкіндік берді. Сөйтіп мен бүтін алманы екіге бөліп, бір бөлігіне Limonade жағып қойдым да, екінші бөлігін жәй қалдырдым.
Блог - rakisheva: Limonade және оның өзге де қасиеттері
Жарты сағат өткеннен кейін… Алманың лимон жағылған бөлігі еш құртылмастан жаңа ғана кесіліп қойылған алма сияқты тұрса, өзге бөлігі солып, өңін жоғалта бастағандығы көреміз.


Тиын жылтырайды
Блог - rakisheva: Limonade және оның өзге де қасиеттері
Егер лимон шырына уксус құйып оған тиынды салып қойсаңыз ол жылтырап шыға келеді дейді. Осыны тексеру үшін дайын тұрған лимонадқа аздап уксус құйып ішіне тиын салып қойдым.
Блог - rakisheva: Limonade және оның өзге де қасиеттері
5-10 минуттан кейінгі нәтиже.


Шар үрленеді

Блог - rakisheva: Limonade және оның өзге де қасиеттері
Алдыңғы эксперименттерімнің барлығы нәтижелі болып шығып жатқанымен дәл осы шардың үрленетініне күмәнді едім. Сөйттімде не болса да жасап көруге бел будым.
Алдымен бөтелкедегі кәдімгі суға сода қосып, ал шыныға лимон шырыны мен уксусты қосып дайындап қоямыз. Сөйтіп, лимон шырыны бар кеседегі сұйықтықты суы бар бөтелкеге қосып, тез шарды бөтелкеге кигізіп, оны «скотчпен» айналдырып байлап тастаймыз.
Блог - rakisheva: Limonade және оның өзге де қасиеттері
Фокус-покус, шар үрленді, эксперимент орындалды


Бояудың түсін күшейтеді
Блог - rakisheva: Limonade және оның өзге де қасиеттері
Лимон шырыны кез-келген түске қосылса оның түсін күшейтеді дейді. Соны тексеру үшін қызылшаны суға езіп түсін шығарып, оны үш кесеге бөліп құйдым.
Блог - rakisheva: Limonade және оның өзге де қасиеттері
Біреуіне лимон шырынын, екіншісіне уксус, үшіншісіне сода қостым. Сол кезде лимон шырыны қосылған кеседегі сусынның түсі қатты қанық, уксус қосылған су ашық, ал сода қосылған су күңгірт қызыл болғандығын көреміз. Түрлі сусындар, тәттілерге крем жасағанда оларға түсті қалай беруге болатындығын енді білесіз


Құпия хат жазуға болады

Блог - rakisheva: Limonade және оның өзге де қасиеттері
Алдында «сүт» тақырыбы берілгенде Патик Лениннің сүтпен құпия хаттар жазғандығы туралы мәліметтер айтқан еді. Ол құпия хатты лимонадпен де жазуға болатындығын естіген болатынмын. Соны тексеріп көрмек болып жазып көрдім.
Блог - rakisheva: Limonade және оның өзге де қасиеттері
Қағаз әбдан кепкен кезде, оны жылуға жақындатамыз. Сонда жазуы пайда болады. Мұнда BlogiadaKz деген жазу жазылған. Үйдің жарығының дұрыс болмауынан фотоаппаратқа жазу анық шықпады.


Лимонадты тек ішіп күш-қуат қана жинап қоймай, тұрмыста да қолданып тұрыңыздар
Әрі қарай

Тиындар әлемі

Блогиада барысында шабыт ашылып келе жатыр. Кеше бір коллекционер жігітпен сөйлесіп, сұхбат алуға өтініш айтқан едім. Бірақ келіспеді. Бір жағынан қалада болмау себебімен түсіндірсе, екінші жағынан сүретке түсе беруді ұната бермейтін, бір ірі ұлттық компанияда жұмыс істейтінін айтты. Өзінің ұзақ жылдар бойы сирек кездесетін тиындарды жинайтынын тағы бір айтты. Ондай «реклама»-ны қажет етпейтінін алға тартты.
Сонымын Александр атты кейіпкерімнің сүйікті ісі.
Мұнда шамамен 500-700 көне тиындар жиналыпты:
Блог - belgisizjan: Тиындар әлеміБлог - belgisizjan: Тиындар әлеміБлог - belgisizjan: Тиындар әлемі
Блог - belgisizjan: Тиындар әлемі

Төмендегі суретте Византия тиындары. 1,2,3 – 1028-34 жылғы фолистер, 4 тиын 582-602 жылғы
582-602 жылдары Византия императоры Флавий Маврикий Тиберий Август кезінде осы ақшаны пайлаланыпты.
Блог - belgisizjan: Тиындар әлемі
Блог - belgisizjan: Тиындар әлемі

336-323 Александр Македонский кезінде пайдаланылған драхм. Күмістен жасалған. аверсте- Гераклдің басы.
реверсте- тақта отырған Зевс,қолында бүркіт және скипетр; Alexandr деген монограмасы 16 мм; Салмағы 4,2 гр тартады екен. Жақсы сақталған. Өте сирек кездесетін тиын.

Блог - belgisizjan: Тиындар әлемі
Блог - belgisizjan: Тиындар әлемі

Келесі суретте 1805 жылғы Франция императоры Наполеон Бонапарт кезінде пайдаланылған 5 франк. Күмістен жасалған. Өте сирек кездесетін тиын.
Блог - belgisizjan: Тиындар әлемі
Блог - belgisizjan: Тиындар әлемі

Ал өзіме ұнағаны Испания королі Альфонсо XIII тиындары. Оны песет деп атайды екен. Суретте кішкене корольдің ер жетуін байқауға болады.Әр тиын 5 песетке екен.

Блог - belgisizjan: Тиындар әлеміБлог - belgisizjan: Тиындар әлемі

Ал келесі нумизматика XVIII-XIX ғасырларда Ресейде пайдалынылған тиындар
Блог - belgisizjan: Тиындар әлемі

Сібірлік 5 " копейка". Өте қызықты қылып жасалынған. Суретте бұлғынның суреті. (Соболя)

Блог - belgisizjan: Тиындар әлемі
Блог - belgisizjan: Тиындар әлемі

5424-5431 Төмендегі суреттер Ресей императоры кезінде пайдалынылған

Блог - belgisizjan: Тиындар әлемі
Блог - belgisizjan: Тиындар әлемі
Блог - belgisizjan: Тиындар әлемі
Блог - belgisizjan: Тиындар әлемі
Әрі қарай

Мен Тупакты жақсы көремін

Рэп дейміз, жалпылама хип-хоп дейміз, қалай аталса да оның ең сүйсінуге және тыңдауға тұрарлық өкілі — Тупак Амару Шакур. Тупактың биографиясы аса қызықты емес, сол баяғы оңтүстік пен солтүстік жағалаудың қырқысы, міндетті түрде бір рет оққа ұшырау, көтерілу бар, құлау бар. Бірақ екі нәрсе оны өзгелерден биік тұғырға көтерді. Ол — оның әлеуметтік тақырыптағы мәтіні мен музыкасы әдемі шыққан әндері мен 25 жасында өміден өтуі.
Мен тағы бір факторды қосар едім, ол — Тупактың Шакурдың адам етіндегі тазалығы. Атақты адамдарды тікелей танымасаң да, олардың ішінде жаны таза жақсыларын сезуге болады. Неден? Шынайы күлкісінен, ұялған сәттерінен, сөздерінен. Ол — Майк Тайсон, ол — Салман Кхан, ол — Майкл Джексон. Тупактың интервьюлерінде оның бала-адам екенін көреміз. Білем, оның бүкіл рэперлерге тән ұятсыз, жаман сөзге толы әндері бар. Бірақ мен одан жаман жолға жетелейтіндей әсер көрмеймін.
Керісінше оның Элтон Джонмен айтатын «Ghetto Gospel», «Changes», «Brenda got a baby» сынды әндері жүрекке жетеді, ойға жетелейді, көзге жас әкеледі.
Мен Тупакты жақсы көремін.
Әрі қарай