"Нақыл сөздер шайқасы" немесе "Сөзден сөз шығады"

Ойын ұсынамын.
Біреу нақыл сөз, афоризм, қара сөздерден үзінді, мақал, мәтел жазады. Соған жауап ретінде қарама-қарсы немесе толықтыратын нақыл сөз жазылуы керек. Таба алмасаңдар, басқа тақырыпта мақал, мәтел, нақыл сөз жазуға болады.
Ойдан шығаруға да болады, бірақ қисыны бар болуы керек. Ерекше жағдайда абсурд жазуға болады, бірақ ол әзіл не алдыңғы мақалмен /нақыл сөзбен үндес болуы шарт. Афоризм авторы белгілі болса, жазған дұрыс.
Мысалы:
Әрі қарай

Жұмыс үстеліміз қандай?

Жұмыс үстелімізді, компьютердегі жұмыс үстелімізбен қосып суретке түсіріп алып, осында қояйық.

Тек жасандылық болмасын, үстеліңіз шынымен қалай суретте де солай болсын.

Адамның үстеліне қарап та мінез-құлқы қандай екенін шығаруға болатын сияқты. Сондықтан осындай бір ойын бастап отырмын. Жеке пост емес, осы тақырыптың астына пікірлерге қосыңыздар суреттеріңізді. Мынау менің үстелім:

Суреттер сөйлейді: Жұмыс үстеліміз қандай?
Әрі қарай

Дорбаңда не бар?

Сонымен, қыздар мен ұлдар, дорбаларымызда не бар екен?
Қыздардың дорбасында «порядоктан» басқаның бәрі бар дейді. Ол таза шындық))) Әр бір рет дорбамды тап-таза қып жинастырып, ретке келтірем де, ылғи осылай жүрем деп уәде берем өзіме. Сөзімде тұрмаймын.
Әрі қарай

Шыңғыс хан – АДАЙ!

Қазақтың маңдайына біткен қадірлі көп Мұхтардың ішінде, көзі тірі екі Мұхтар бар. Бірақ бірімен бірі керілдесіп-ырылдасып жүреді. Себеп? Білмедім. Бірақ білетіндердің айтуынша Шыңғыс хан үшін. Мағауин Шыңғыс хан мен қазақты туыс етіп шығарса, Шаханов Шыңғыс ханды қазақтан әрмен, яғни бөлек етеді. Осы тақырып төңірегінде және екеуі қырық-пышақ. Білмеймін. Түсінбеймін. Исі мұрныма бармайды, сондықтан қыстырылмаймын. Айтпағым бұл емес. Айтпағым, біздің ауылдың бір жазушысы (шығар) Шыңғыс ханды қазақ етпек түгілі, Адай руының өкілі етіп,
Әрі қарай

На то пошло, Мағауин маған ешкім емес!!!

«Ой түбінде жатқан сөз шер толқытса шығады...». Бірақ біздікі көргеннен кейінгі, естігеннен кейінгі туған ой.

… Қазанның отыз бірі дүйсенбі күні Жазушылар Одағына бардым. Ондағы мақсатым «Қазақ әдебиеті» газетінен өндірістік тәжрибеден өту еді. Бұл ғимараттың тұтқасына кімдердің асыл қолы тимеген дейсіз?! Небір қазақтың марғасқалары табалдырығынан аттаған жер… Имене, жүрексіне кірдім.
Әрі қарай