Жұмыс үстеліміз қандай?

Жұмыс үстелімізді, компьютердегі жұмыс үстелімізбен қосып суретке түсіріп алып, осында қояйық.

Тек жасандылық болмасын, үстеліңіз шынымен қалай суретте де солай болсын.

Адамның үстеліне қарап та мінез-құлқы қандай екенін шығаруға болатын сияқты. Сондықтан осындай бір ойын бастап отырмын. Жеке пост емес, осы тақырыптың астына пікірлерге қосыңыздар суреттеріңізді. Мынау менің үстелім:

Суреттер сөйлейді: Жұмыс үстеліміз қандай?
Бөлісу:

684 пікір

Zhan

Ана қоянның бер шетінде шай ішетін бокалым тұрады. Алып тастағам жоқ, тек кеше басқа столға жиналып шай ішкенбіз, сол жерде қап қойыпты.
asaubota
Жансая ұқыпты, жинақы қыз сияқтысың. үйді де осылай сықитып, таза ұстайтын шығарсың.
Zhan
Жұмыс орнымыз сол жағалауға көшкен соң, менде жұмысқа жақын жерге көшіп кеттім. Бұрынғы көршім оралдық Кавира маған «Щепетильныйсың» деп басын шайқайтын. Негізі жұмыс столым бығып жатса жұмыс істеуге деген желаниям қашып кетеді. Қанша жерден асығыс болсам да стол үстін реттеп, шаңын сүртіп, сосын барып мақала жазуға кірісем.
ErNur
Қанша дегенмен қыздың аты қыз, үстеліңіз ұқыптырақ сияқТ кен
Nurgisa
Тінтуірді жымқырып кетпеулері үшін стикерге атыңды жазып жабыстырып қойғансың ба?
Zhan
Жоқ, өткенде оң жағалаудан Сол жағалауға көштік қой. Сол кезде заттарымыз басқалардікімен шатасып кетпес үшін жабыстырып қойған едім. Қазақпыз ғой, пока өздігінен түсіп қалмайынша алмай жүре беретініміз.
Janasil
Шәйдан қолдарың босамайды ау деймін е, шәугімдерің көп екен.
Zhan
Бір шәугім анау бастықтардікі ғой. Кеше жұмыста бір қыз жұмысқа тұрғанын жуам деп торт әкелген. Сол кезде бірінен соң бірін қайнатып, екеуі бір жерде тұрып қалған ғой. А так ол шәугім басекеңдердің өздерінің кабинетінде тұрады.
Aikona
Қызығып отырмын жып-жинақы
bazuka
тып-тиянақтай!
Zhan
Рахмет, қыздар. Сендердің де жұмыс орындарың әдемі!!!
Delhi
Артық зат жоқ екен.Күшті. Қоқыраған қағаздардың бәрін жинастырып қойып түсірдін ғой да?
Serzha
өрт қауіпсіздігі бойынша электр құмандарды пайдалануға болмайды
Vikilikas
Клавиатураң дәл менікіндей)
ErNur

Міне менің үстелім, постыңды көріп, жедел орындадым
asaubota
артық ештеңе жоқ, өз ісіне берілген аккуратный жігітсің ғо
ErNur
Үстелім бетінде шашылып жатқанды жек көрем, бар былық үстелімнің астында тығылып көрінбей тұр ғой Компьютердің де «рабочий столда» артық папка, файлдар қоймайм сол әдет менде. Жыпырлап толып тұрғанын ұнатпайм
bazuka
колонканың үстінде тұрған не? кемеге ұқсаттым)) ракетаға ұқсаттым))
Delhi
Өзің қағазбен жұмыс жасайтын адамсыңба?
qisyq
Менің екі жұмыс үстелімде де бардак! Өзіме ыңғайлы, ненің қай жерде жатқанын білемін. Екі-үш аптада бір рет реттеп қоямын, бірақ, төрт-бес күннен кейін таз қалпына түседі.

asaubota
ойлар да осылай шашыраңқы, бірақ бәрі түсінікті сияқты. нағыз шығармашыл, көп нәрсе істейтін, көп нәрсеге қызығатын адамның үстелі сияқты.
GulL
Сіздің жұмыс үстеліңіз бір орысша анекдотты еске түсіріп отыр. Айып етпеңіздер орысша жариялайын:
Я убираюсь дома! Тут всё на своём месте!
— Да? А эта пыль?
— Там важные номера.
— Ну да, а тот паук в углу?
— Не трогай Гошу, он ни в чём не виноват!
qisyq


Шаң тұрмайды менде, себебі барлық зат көшіп жүреді. Кешке жақын мына заттар мүлде басқаша жақта, сапырылысып жатады
kokbori
Осыны қазақша жазсаң қазақтар түсінбей қояр, надан ғой қазақтар, түсінікті
ushkin
бұл жерді білемін )))
sammita
шіркін үстеліңе қызығып кеттім, көңілді түстер көп розовый/салатовый, компанияң бай сияқты
Aikona
Таныс стол
Zilola
Димашжан Ұшқын екеуіңді жұмыс орнына кездесуге шақырып жүргенге ұқсайды ғо, бірден танып, онымен қоймай жариялап жатырсыңдар
Delhi
Міне, нағыз жұмысшының столы
timurrr
Бейшара рабочий стол…  Аяп кеттім ғой…
salta
менің столым осы, түк қызық емес… жыртық ковригімді ауыстыруға ерінемін. Анау қонжықты Алдекеңе ұқсатам
GulL
Қонжығыңыз сүйкімді екен, қыздың үстелі екені белгілі бәрінде крем тұрады  
Өзімнің де үстелімді жариялайтын кабель болмай тұр
Aldeken
ана месседж тошно менің месседжім…
Zhan
Әдемі екен жұмыс столың.  Неге екенін білмеймін, өз жұмыс столымды жақсы көрем. Қай жерде жұмыс істесем де. Бұрын столыма артық заттар қоймайтынмын. Анадай әшекей заттарды кейін қоятынды шығардым.
asaubota
таза бабский стол
salta
шамалы болса да әйелмін ғой енді…
satibaldi
Комптар бірі-біріне мықты жақын орналасқан, мына постты СЭС өкілі оқыса, сендерге барып жынды тиын істеп кетуге болад нақ.
salta
шақырыңызшы сол СЭСіңізді, тиынды да, басқаны да істеп кетсін, жаңа бастықтарды да… шаршатты ауысуларымен…
Zilola
20шы ғасырдың мониторлары да әлі тірі екен
zhandarm
salta
дәкөйсің ғой өзің ойнапсың менімен дейтіндей екен…
ushkin
сіздікі «крутой» екен )))
asaubota
бастықсың ғо на
sammita
түстен кейін бастық болмайды, сол кезде үстелін түсіріп алмасам (Мен ертең)
zhandarm
фотонын мына жағында қыздардың өнерін бағалайтын ақ диваным барго
asaubota
сыболыш, ең болмаса аватарыңа өз суретіңді қоймашиш. мында көп адам кіреді ғо.
GulL
үстеліңіз басекелердікі сияқты екен
Aldeken
Керекинфо ашық тұр екен…
Zilola
урнаңызға деуір тап-таза ғо, мынау точны жұмыс істемейтін адамның жұмыс үстелі
Түске деуір әкімшілікте жиналыста, түстен кейін аудандағы ауылдарды аралап кететін бастық
zhandarm
бұл менің жұмыс үстелім
salta
есеп-қисап, шот фактура… фуууууу… ішім жыламайд-ау, жылымайд…
salta
басқа үстеліңді де көрсете салмадың ба? мүмкін королевский завтракыңа да қөріп қалар ма едік
Aldeken
Жұмыс үстелімді суретке түсірейін десем, кәдімгідей жалаңаш суретке түсіп, сайтқа ілейін деп жатқандай ойға келдім, азғын қиялымдыссс…  Құрсын дедім, жұмыс үстелім де өзім сияқты сұрықсыздау, негізі… жинастыру керек ед… ертең..., жоқ, дүйсенбі… опшым көрерміз…
qisyq
Шығар, Алдеке, мен де жарияладым ғой «Чечнямды».
Aldeken
эксгибиционист, епті…
qisyq
«По себе людей не судят» деген банально, но бірақ, осы жерге дәл келіп тұр
Aldeken
«Учиться лучше на чужих ошибках» деген де жақсы сөз, негізі…
qisyq
Пікір тақырып аясынан тыс жерде
Aldeken
өтінеміз, әңгіме ауанынан ажырамаңыз (қашпа, нақ)
asaubota
қызығы да сол ғой, қаз қалпында көрсету. жиналған үстел қызық емес.
Zhan
Админнің өз столына келер болсақ, меніңше заттарың сәл-пәл шашыраңқы болғанымен негізі ұқыпты екенің көрініп тұр. Сосын артық-ауыс заттар жоқ, бұдан басы артық нәрселерді, бос сөзді, уақытты босқа шығындамайтын адам екеніңді білуге болады. Егер лағып кетсем оны да айтарсың.
asaubota
дұрыс айтасың, шашыраңқылық бар өз ойларым сияқты. бірақ, артық нәрсе ұстамаймын. сәйкесінше артық ой, мәселелерге де бас ауыртпаймын.
ushkin

Аршат ағай, жұрттың тамырын дөп басыпсыз )) Таңертеңгі сергіту іспетті болды мұныңыз )) Негізі осыған ұқсас нәрсені вокспопулиден көргем. ))Ал мынау менің үстелім
salta
өзіңіздің күнделікті өміріңізде өзіңіздің тым көп екенін байқамайсыз ба? менің көзім талып кетті…
satibaldi
Монитордың тұяғы қайда нақ?
Zhan
Негізі компыма өзімнің суретімді қойып қоятынмын. Соны көрген бастығым, «Сен қыз өзіңді масқара қатты жақсы көресің. Неге басқа сурет қойып қоймайсың» деп қанша рет ұялтса да өз суретім тұратын. Тек былтыр ғана шілдеден кейін анау жасыл «На удачуды» қойып қойдым))))))
ushkin
иә, мен өзімді жақсы көремін. онда не тұр екен? адам ең бірінші өзін жақсы көру керек.
ushkin
ал анау туиттер деген сайт болады
ErNur
Қыз балдардың ұқыптырақ болатынының тағы бір дәлелі міне
asaubota
кәдімгі жас қыздың үстелі. анау-мынау заттар, жапсырмалар, өзінің суреттері
ushkin
)) соны айтамын-ау, ал аналар өзіңді жақсы көресің, анау-мынау деп… суретті неге ілдім екен деп өкініп қалдым ғо ))
Zhan
Ойбу, мынау қыз ренжіп қапты ғой. Ана менің пікірімді қайтадан оқып шықшы. Сені ренжітетіндей ештеңе жазбадым. Бұрын менде солай суретімді ілетінмін дедім. Бары сол ғана. А так өз-өзіңді жақсы көрудің еш айыбы жоқ.
Nurgisa
өз-өзіңді жақсы көрудің еш айыбы жоқ
Aikona
суретің әдемі ғойййй
Rozatai
Қайшыңа қызығып отырмынииииииииии. Біздікілер қайшыны жоқ қып жібереді үнемі.
Delhi
Шыныменде неге тұяғын қоймағансың? Артық заттарын көп екен. Мен мынаны жұмыс үстеліне ұқсата алмай отырмын))
Zilola
тығылып отырып суретке түсіргенбісің? болмаса артық шетін қиып тастағандай
Nurgisa
Zhan
Нұрғиса мынадай ұқыптылыққа сенгім кеп тұр. Бірақ сен все-таки үйді сыптай қып жинап қойып, «Ой, үй шашылып жатыр, көңіл бөлмей-ақ қой» деген қыздардың тәлпіштігін еске түсіретін әрі кейбір жағдайда ұқыпсыздығымыз үшін ұялтып қоятындай-ақ жұмыс столы екен)))))))))))
sammita
ээ қойыңдар, болады бұндай үстел))
Nurgisa
Бізде басқасына қоса «воркстейшін» — жұмыс үстелімізде аракідік тексеріп тұрады эргономика талаптарына қаншалықты сай реттелгенімізді. Пайдасы зор дер едім. Жинақылық күнделікті қалыптылыққа айналады ма деп қалдым. Бірер әріптес бір-екі мәрте эргономика сақшыларынан ескерту алып, корпоративтік желімен бәрімізге таратылған «Рекомендацияларда» үстелдерінің суретін көргеннен кейін, әп-сәтте түзеліп кетті. Ананың үстінде қағаз қоймасы бар, ол жерде енді қағаз көп. Өте. Сонда мұрағатталады.
sammita
ненің ішінде отырсың?
Nurgisa
Кәдімгі кеңсе ғой. Сәл кейін шегіндім де, сол ракурстан түсіре салдым жалма-жан.
sammita
бәсе қағаз қоймасы де. Төбе неге тым төмен деп отырмын ғой
Zilola
мен де ойлап отырмын, жертөледегі жасырын кеңсе ма деп
GulL
Телефоныңыз көзіме оттай басылды дәл менікіндей екен
asaubota
нағыз костюм-шалбар, галстукты жігіттің үстелі!  тап тұйнақтай бәрі.
patick
өзің жалпы жұмыс істейсің ба?
Nurgisa
Қол тиіп жатса, жұмыстың жұмысын істеп жіберудің несі айып?
Gulistan
Нұрғиса, клаваң ерекше екен, ескілеу емес пе? Түсін айтам. Бірақ "өзім үйреніп қалған" деп айтқан сияқтысың.
Nurgisa
Иә, Анар, аздап жұқарды. Бірақ мерзімді түрде үйге әкетіп, әр пернесін алып, қоқымынан тазартып, жиналып қалған ұсақ шаңын сүртіп қойып тұрам. Бұл клаваға алты жыл болды, негізі… «Анандайымен» тере алмаймын, тура Ихтиандрдың жағдайы. Жұмыста да, үйде де осы голдтач.
Zilola
бізде ТШО-да осындай клава ғо (түсі қараығы болмаса) басында жыным ұстайтын сандарды теруге ыңғайсыз болып, қазір үйрендім. Тазалай джағын мен де ұнатамын, әрбір пернесін алып тастап сүртіп отырғанымды экспаттар көріп күлген, кейін үндемейтін болды. Тінтуірді де ашып тастап сүртіп, қайта жинаймын.
Nurgisa
Дұрыс, солай тазартып тұрған жақсы. Ара-арасында бәрібір жиылып қалады майда қоқыс. Goldtouch пернетақтасын тапсырыспен алдыртуға болады екен, негізі. Бұрынырақта ТШОда істеп, қазір пулымызға қосылған әріптесім алдыртты жақында, жеткізілуімен 20 мың теңгеге шықты. Қазір рахаттанып отыр.
Zilola
мен таңертең жұмысқа келе сала, үстелдің үстін түгел сүртіп шығамын, ал клаваны терісінен қағып аламын, пернелер арасындағы қоқыс, қыл-қыбыр түссін деп.
B2b жігіт олай жасамайды, сондықтан енді жұмысқа барғанымда жарты күн сондай тірлікпен айналысамын )))
a63a1
клава қағуды менде жасап тұрам, тек үйдегі компта, комп алдында тамақ ішушілер көп
Delhi
Бірден тазалық көзге түседі екен. Керемет!
AKA
Екі пернетақта ма, қалай? Ерекше екен, алғаш көруім…
Nurgisa
Біреу ғой, ортасынан «бүгіледі», қажет болса. Кейбіреулерге солай ыңғайлы, мысалы. Классикалық пернетақтадағы түймелердің орналасуынан өзгерек. Сонысымен ыңғайлы. Әсіресе, қазақша мәтін тергенде.
Serzha
ана монитордың астындағын системник демеш
Nurgisa
Демеске лаж жок…
FaraOn1
asaubota
мынау нағыз бойдақтың үстелі. бәрі қалай болса солай
FaraOn1
келем отырам отырам да кетем. ретке келтірудің реті келмей жүр)))
FaraOn1
негізі оң жағымда
осындай плакат тұр. жуырда ілгем. «Арман жолы» деп аталады. онда нені армандап жүрмін соның суреттерін ілемін. сосын дардиіп жатқан қабырғаға өткендегі Саншоның мотиваторларын жабсырып қойсам ба деп журмін
GulL
Визуализация жасасын
satibaldi
Анау кілті жоғалып қалған сейф емес пе?
FaraOn1
менин сейфым емес, мааа кілтін тастап кетіпті
FaraOn1
фотоапарат сатамын. 16 мп бүкіл қосалқы құрылғысымен біге
Gulistan
Клава астында тұрса, жұмыс жасай алмаймын
FaraOn1
негізі орындығым zhandarm дікіндей крутой. тек тұяғы шолақ. сондықтан ана комптын клавасын ноутбукке косып алдым.
bazuka
asaubota
былай шашыраңқы сияқты болып көрінгенімен негізі ұқыпты үстел. рабочий столдағы гүл және оның түсі қожайынының көңілді, романтик, ақжарқын адам екенін айтып тұрғандай.

тек түсінбегенім неге отыратын жағы жарға қарайды, неге ар жағында емес?
bazuka
тек түсінбегенім неге отыратын жағы жарға қарайды, неге ар жағында емес?
Бұл кабинетке жақында келгем, мен келгенде осылай тұр қабырғаға тақалып, жақын маңда өзгертеміз)) негізі кабинет ұзын да, ал ені өте тар.
satibaldi
Партаны ИП «Еримбетов Ж.М.-ға» 9 мың теңгеге жасаттың ба?
bazuka
ия тап солай, госзакуп аман болсын
Aikona
Әдемі, тартымды екен жұмыс орныңыз
Zilola
мынау офис госбюджеттің мекемесі екені көрініп тұр ))
Abilakim




Суретке түсіріп алып байқадым, жұмыс столымдағы значоктар үлкендеу екен, әсерлегенде «соқыр адамдар көретіндей» бұрын мән бермеппін))
Aldeken
сенде де диван бар екен…
Abilakim
Диванды алып тастаған өкінішке орай… Дұрыс мақсатқа пайдаланбайсың деп
Nurgisa
Лингва не үшін керек???
asaubota
бұл да бір бастықтың столы ғой

рабочий столдың разрешениесін өзгерт, анау шынымен көзі нашар көретін адамдарға аналған
Abilakim
өзгертіп тастадым
ErNur
Мүмкін видео картаның драйвері қондырылмаған болуы мүмкін
Nurgisa
Мүмкін, мүмкін…
Abilakim
қондырылған, просты кей разрешениелерді сақтай алмайды мына монитор неге екенін1600*1200ді және ең төменгілерін сақтайды
ErNur
Олай болса сапасыз, басқасын алдырт дереу! Мынауыңды біздің үйдің қасындағы қоқыс жәшігіне лақтыр!
Nurgisa
Не ма, клавиатура бір шетте, мониторы басқа шетте… Үйреніп қалдың ба осы позицияға?
Abilakim
палуанға оңы не солы не? Кейде орындығымды түзетуге ерінгенде клава мен мониторды қисайта саламын
salta
жұмысқа келіп аяқ киім ауыстырады екенсің ғой…
Abilakim
шлепка, туфли қажетіме қарай
Serzha
экрандағы суретті ауыстыралмайсың баааа нееее?
Aikona
bazuka
сізде мен сияқты қабырғаға қарап отырады екенсіз)))
Aikona
иа  бірақ стол мен кереге арасында арлық бар 0.7 метрдей
Zhan
Сенің де жұмыс орның әдемі.  Мен ғана ноутбугымды жұмысқа жағаластырып әкелем бе десем жалғыз емес екем ғо.
kokbori
Бұл — басымыздағы жағдай?
satibaldi
Кейде комптың тышқанымен ноутбукта жұмыс істеуге әрекет жасап, жынданбайсың ба?
Aikona
иа жиі боп тұрады
Serzha
пускты оң жаққа неге қоясың? а? терезелерді жапқанда пуск басылып кетпей ме?
Aikona
а ол жұмыстағы комп қой, ода мен көп отырмаймын. Ол жағынан қиындық көрмедім.
Abilakim
Аршат, жазда кондиционерлеріміз туралы пост жазайықшы)))
asaubota
екінің бірі сендер сияқты бастық немесе бай емес қой кондермен отыратын. жазда Шлепкаларымыз қандай деген ашайық.

дұрыс түсініңіздер шлепка деп аяқкиімді айтып отырмын, басқа нәрсе емес.
a63a1
лбә қарап отсам бәріңдікі әдеміғой
satibaldi
Соны айтам. Кеңсе егеуқұйрықтары өңшең
a63a1
муахахахааха
Aikona
сенікіде әдемі ғой, неге ренжіп отсың?
satibaldi
Соткасына ұялып отыр
a63a1
ол соткаға күлме нақ, катялардың нөмірлері бар, сонысымен бағалы ол
satibaldi
Қауымдастыққа қарап көсіл деуші еді мастұр батыр, осы жерден тоқтай ғой
asaubota
үйлен
a63a1
неге Асеке?
asaubota
кішкене жинақыланасың
a63a1
ааа))) Ұқтым
FaraOn1
мен үйленгенде ноборот болат деп жүрсем. "қатын жинайт" деп бәрін шаша салатын шығар деп ем. ата ананың қадірін балалы болғанда біледі демекші, мнением өзгеріссіз қалды)))
VKM
"қатын жинайт" деп
a63a1
Бұл бұлма?!!! Менің кабинетімнің жалпы көрінісін көрсеңдерғой
Zilola
неге басқа ракурстан алмайсың?
a63a1
қандай именно?
Zilola
басқа жағын көрсеткің келмей тек столды ғана алыпсың да, демек сенде де диван бар ау
a63a1
жоқ, ондай бақыт әзірше бұйырмапты. болмағаны да жақсы ма деймін
Gulistan
Осы біздің орынтақ:
Aikona
адам көп екен офиста, шетелдік стильде екен кабинеттеріңіз
bazuka
неше кісі отырасыздар? Шулы бола ма?
Gulistan
Жалпы тыныш емес. Шамамен 60-80 адамбыз.
Айкона, кабинет дейтін кабинет те жоқ, бәрі ортақ
Менің орныма қызығатындар көп, себебі артым — жар. Инетке кіру басқаларына азап болса, мен үшін проблема емес.
TERISKEY
Жалпы тыныш емес. Шамамен 60-80 адамбыз.
asaubota
күйеуге шық ))

ана позитив суреттер кезінде үстел әлі жаңа кезде, ештеңе жоқ кезде ілінген ау, а?

монитор қатты биіктеу емес пе?
Gulistan
Позитив сурет болғанда кішкентай сіңлімнің суреттері ғой. Жарты жыл бұрын ілінген, қимаймын алып тастауға.
Тедди қонжық — құрбымның сыйлығы, тұра берсін.
Gulistan
Монитор — көзімнің деңгейінде, ыңғайлы.
FaraOn1
жұмысыңызды ауыстырғыңыз келме ме АХАЖға
Nurgisa
Бұл жолы «тейкке» ешнәрсе алмағансың ба?
Gulistan
Қаладағы тейк — «Орал» мейрамханасының түстік асы, оның өзі 12 жарымда келеді.
kokbori
Ойбай, баратын жеріңіз сол ма еді. Дастархандас екенбіз ғой
Zilola
менің КАЗГОРдағы кеңсеме ұқсайды екен
VKM
Процессор осындай ма?
satibaldi
Өзің сондай, нақ!
Аса биік интерьерлік вә эстетикалық талғамдарыңды балағаттағанымды білем, бірақ сонда да
Nurgisa
Сатеке, нормально, комплексовать ететін дәнеңе де жоқ!
salta
опа нааааа!!! үстелін көрдік
19852407
телепонын да
FaraOn1
ноутбугында демейсіздер ма)))
Aizhantabyn
еденін де, батареяларын да, пердесін де)))))
Gulistan
Сатеке, бұл үстінде хлорофитумы бар тоңазытқыш жақтағы үстел ме?
19852407
Сатекенің бөрік киген тозаңытқышы есіме түсіп кеткені…
Zhan
Сіз жұмбақ адамсыз. Мына отырысыңыз да тылсымға толы екен.
bazuka
Аса биік интерьерлік вә эстетикалық талғамдарыңды балағаттағанымды білем, бірақ сонда да

ана қағаздарды асығыс-үсігіс итеріп тастап бір жаңға қарай, сосын суретке түсірген сияқтысыз))
Zhan
Сатеке, бір күні шлепкаларымыз, бір күні душтағымыз, бір күні асханадағымыз, бір күні анау-мынау деп сізді торға түсіріп жүрмесін біреулер…
salta
тым идеал санап, ескерткіш қоймаса жарар еді «мырзам» деушілер. а тақ рад за вас, товарищ Сатыбалды! Кеңес үкіметі сіздің офистен кетпеген секілді… еден, терезе, обой, перде… бәрі ескіні еске түсіреді екен
satibaldi
Сондықтан біздер оны жаманқаззақтар құсап офис деп мәймөңкелемейміз, кантор дейміз. Гандор, Ганторнақ, Ганторжақ деген де формалары кездеседі.
qisyq
Соңғы кезде байқаған шығарсың Сатыбалдыға қарсы күшті ықпал ету құралдары қолданылып жатыр, массондықконспирацияыңдыссс…
19852407
Сатекеңнің бакчадағы сүгіреті анағұрлым интересссно болар еді…
Zhan

Сатекеңнің бакчадағы сүгіреті
19852407
Zhan, пысықсың-ау дегенмен.
Астанаға визиттерінің бірінен тәбәрік пе?
a63a1
ырым үшін керекинфоны ашып қоймадыңба?
patick
Сатеке, батарея жылы ма хотя бы?
Aikona
Сізде комп андай супер біз білмейтін стильде шығар деп ойлап жүрсем
sammita
Ұлы адамдарға қарапайымдылық тән
SaWOK
Гуглдің іздеу нәтижелеріне сүйенсек, сіз — КИПиА инженері болдыңыз-ау, сірә…
Serzha
десіктоп түсқағазы қайда?
Aigolek
кайтп кайтп сойлисндер а? Жарты саг ойландым го ол не екен деп
Zilola
19шы ғасыр мен 21ші ғасфыр тоғысуындағы офис па деймін )))
asaubota
басқа ракурстан қарағанда менің жұмыс үстелімнің жалғасы

19852407
мхм «сканерлеуші», «телефонға жауап беруші»нің үстелі
daniyar
анау жерде жатқан Егемен Қазақстан ба?
Gulistan
Отыратын ортамның жалпы көрінісін біраздан соң салам.
Мен десктоптағы суреттерге қатты көңіл бөлем. Бірақ жүрек, баянсыз махаббат, махаббатқа зәру қонжық, жеке суреттер, диаграммалардың тұрғанын жек көрем. Мен үшін, Нэшнл Жеографик шедеврлері, жалпы тылсым табиғатты ерекше суреттейтін туындылар ылға бірінші орында. Ал сіздер ше?
Janasil

Негізі осында отырамын.

Мынау қосымша.
asaubota
артық ештеңесі жоқ, ұқыпты жігіт.
19852407
дұрысырағы "үйленген жігіт"
Nurgisa
Тек жігіттер үйленеді деуші едім, қыздар үйленбейді деп. Тұрмысқа шығатын еді ғой олар  Жанасыл үйленген. Үйленбеген деш, үйленбеген деш???  
kokbori
Жәке, әйелің офисіңе еріп бармай ма?
erbahit
жүйелік блогты жерге қойғаныңыз жөн болар.
asaubota
мынаны енді көрдім www.voxpopuli.kz/post/view/id/562

бірақ, ол жерде шығармашылықпен айналысатын суперзанят адамдардың үстелдері екен.
bazuka
мыналардың жұмыс үстелін жинауға уақыттары жоқ шығар)))
a63a1
шынымды айтсам менде де уақыт жоқ, былай енді шаң тозаңнан тап-таза, ал бірық таңға қарай қанша жерден реттеліп тұрғанмен түс ауа шашырап кетед
TERISKEY
Aikona
мен сені смайликтер ортасында отыратын шығар десем
Zilola
Құдай, жаны сол!
VKM
Микось-аккуратист
Gulistan
Жалпы «кабинет»
satibaldi
Арасында егеуқұйрық жүігіп өтсе де, іштегі біреу екен деп мән бермейтін шығарсыздар?
sammita
 шәйға күйіп қала жаздадым
19852407
Брокерлік контора секілді екен  
Жеке басым шулы, нулы жерде отырып жұмыс істей алмайтын сияқтымын.
Gulistan
Мен керісінше, үйреніп кеткен сияқтымын.
Қазақтелекомда жасағанда сіздер сияқты кабнетте қара-қарсы қойылған столда отырғам.
Шу болғанда, бас ауыртатындай шу емес қой. Аяқ дыбысы, күбірлер, түшкірулер, одағайлар, біреудің біреуді шақыруы құлаққа жетіп жатады.
19852407
Ия, әріптестерім кемінде 2 не 4-5 кісіден отырады. Бірі телефонмен сөйлесіп, бірі қатты есінееп, үшіншісі төртіншісінен айқайлап бірдеңке сұрап жатады кіргенде
Пы: Сы: Жалғыз отырған жақсы

asaubota
мында бәрі бар ғой! сосын андай клавалар ыңғайлы ма өзі, стол астынан шығатын?
19852407
Өзіме ыңғайлы сияқты, үйреніп кеткем
FaraOn1
мында бәрі бар ғой!

киім ілетін ілмешек я шкаф жоқ сияқты)))
19852407
Дұрыс байқадың, бұған дейін з-ші этажда отырғам, секретаршам да болған , Нұрбақыт сықсыңдай бергесін, бұл 4-ші қабаттағы жаңалықта көшіп барған кабинетім. Логистер әзірге шкаф алып беріп үлгермеді
satibaldi
Аспан Иелері, әлі әйнек монитор? Неткен талғамсыздық.
19852407
 Білем, ауыстыруға ерініп жүрмін, ол үшін РО ДИС-қа хат жазу керек
Serzha
көзіңнің минусы қанша?
19852407
әзірге очкидің көмегіне жүгініп көргем жоқ
a63a1
орындығыңыз опасны екен
19852407
түк те опасный емес,
биіктеу отырғың келсе көтересің,
төмендегін келсе, түсіресің
sammita
бәріміздікі сол опасный, абайлап отырдым әлгінде
daniyar
Монитордың дәу арты бар, сол жаман екен
19852407
угу, бүгін ерінбей Ақпараттық жүйелер дирекциясына қызметтік хат жазып, ауыстырамын-ау деймін
bazuka
телефондар өте көп екен))) шырылдағанда миды жеп қояды шығар))
Gulistan
Шырылдағанда миды жеп қоймас үшін әдейі даусын азайтып қоямыз.
monti
қызметтестер хикаясы киносында да осындай ғо, бәрі бірін/бірі көріп отрад
маған мұндай жер ұнамас еді, өзім жалғыз отырғанды жақсы көремін
Zilola
тап менің кеңсем, бір қабат жалпылай бір кабинет болып естептеледі
19852407
угу, саған оралдық бір қараторы жігіт тура қарама-қарсы қарап отырады екен
Zilola
Сонымен кім екенін жазбадың?
a63a1
Кешке үйдегі столдарыңызды түсіруді ұсынамын