На то пошло, Мағауин маған ешкім емес!!!
«Ой түбінде жатқан сөз шер толқытса шығады...». Бірақ біздікі көргеннен кейінгі, естігеннен кейінгі туған ой.
… Қазанның отыз бірі дүйсенбі күні Жазушылар Одағына бардым. Ондағы мақсатым «Қазақ әдебиеті» газетінен өндірістік тәжрибеден өту еді. Бұл ғимараттың тұтқасына кімдердің асыл қолы тимеген дейсіз?! Небір қазақтың марғасқалары табалдырығынан аттаған жер… Имене, жүрексіне кірдім.
«Қазақ әдебиеті» газетінің редакторы Жұмабай Шаштайұлы жылы шыраймен қарсы алды. Сонымен «жазған мақалам мынау еді» — деп, екі-үш жазбамды алдына тастадым. Бақсам, бар жоғы үш мақаланың үшеуінде де жазушы Мұхтар Мағауин атаның ныспысы aрагідік аталып, ауызға алынған екен. Қарап шыққан Жұмабай Шаштайұлы кенет дүрсе қоя берді. Бейнесі көз алдымда, әжептарқы шыққан дауысы әлі құлағымда:
«Мағауин деген кім ол?! Оны біздің ұлықтай бергенімізден түк те шықпайды, түк те… Бар болғаны сол шетелге кетіп қалған… Мен шынымды айтайын, шынымды… На то пошло, бар ғой, Мағауин маған ешкім емес!!! Оның орнына біз Қасым Аманжоловты көтеруіміз керек, бізге сол пайдалы...». Бір уақытта сөзінің аяғын сұйылтып барып: «Ия, рас екеуі де қазақтың мықты азаматтары сөз жоқ, оны мойындаймын» деп қояды тағы да.
Диктофонға жазып алғаным жоқ. Жазып алу керек те емес, тек сөзінің долбары осыған саяды. Ішім әлем-тапырық болып жатыр. Құлағымда «На то пошло, бар ғой, Мағауин маған ешкім емес!!!» деген сөз жаңғырығады…
Мұхтар Мағауин ата айтады: «Қазақтың жауы — менің жауым» — деп. Ендеше, осыған дейінгі ғұмырында ұлтының мүддесінен бөтен мұраты болмаған Мұхтар Мағауинге Жұмабай Шаштайұлының қабағы қырыс болса, қазақ халқына деген ниетінің дұрыс екеніне күмәнім бар?! Қызық екен деймін. Қызық емес, қорқынышты сияқты.
Жасқанып кіріп, жабырқап, жиіркене шықтым Жазушылар Одағынан. Ішімнен ойладым «Қазақ әдебиеті өлген» екен деп. Жаназасы Жазушылар Одағында шығарылып жатқан шығар, бәлкім… Мен қайдан білейін…
Ая Өміртайқызы, журналистика факультетінің студенті.

Ақын-жазушылардың арасындағы келіспеушіліктер баяғыдан-ақ бар нәрсе, бірақ бұлардың қызметін де субъективті көзқараспен атқаратыны жаман екен да.
дегенінің өзі жақсы ғой
«Шерхан Мұртаза ше?»-деп оқыстан сұрап қалмадың ба, не дер екен? :)
Екеуі де жалпы, пікірлес адамдар, бірақ принципиально келіспейді.
Бірақ Мұхтар Мағауиннен қайыр күтпейтіндер, «Аласапыран» пен «Шахан Шерідей» роман жазып алыңдар, сосын сендердің де қайырларыңды көреміз.
На то пошло, Мағауин маған да ешкім емес. Бірақ шығармашылығын, еңбегін сыйлаймын. Қазақ тілінің, әдебиетінің, тарихының әлі де бес тиындық болса да қадірі бар екенідігі сол кісі сияқты жазушылардың арқасында.
Ал Шаштайұлы журналист, шағын жанрдың жазушысы. Үлкен роман тудыра алмағанына іші ашитын шығар, бәлкім.
Көре алмаушылық деген жаман ғой.
Әлгі, не дейсің: Мұхтар Мағауин Шыңғыс Айтматовты жақтырмайды дедің бе? Осы жерден толығырақ… Толығырақ…
@dark_nazgul, сонда Айтматовты неге жек көреді екен? Тұспалдарыңыз жоқ па? Қараптан қарап емес шығар?
Мағауин Айтматовты не үшін жақтырмайтынын өзі жазған, оқып алыңыз. Ал Шаштайұлы не үшін Мағауинді «дәріптегісі келмейтінін» айтпады. Тек тұспалдап қана отырмыз мына жерде бәріміз.
Данышпан, тұңғиық ой, болат жігер.
Шыңғыстай данышпанның құр аты да,
Адамның жүрегіне жігер берер! деп текке жыр арнамаған шығар. Қалай ойлайсыз Айжан?! Кәпірден тендік алуға
Қайта келер деймісің
Мұсылманның баяғы
Шыңғыстан туған хандары-ай?! деп Қазтуған бекер айтпаған шығар тебіреніп…
әлде, Мағауин Тама-табын болса, әңгіме басқаша өрбір ме еді?
Жай, жыным келіп кетті. «Аласапыран» үшін ғана Мағауинге бәрін кешіремін.
Abilakim мықты тамада.
Тұспалдар:
1. Өз басына табынып кетті деп естідім со кісін ақырғы кездерінде, соған жек көред;
2. КСРО Жазушылар Одағында қызметте болған кезінде Муханы аяқтан шалған болуы мүмкін;
3. Жәй, жеккөрушілік сезімді сезініп көру үшін жек көргуе Айтматовты таңдап алған приколға;
4. Other.
коэффициенттер:
Ая — 2,05
Айжантабын — 1,65
Будет красная карточка — да
Тотал ЖК — больше 6,5
Aya — 65%
Aizhantabyn — 35%
Тотал ЖК — больше 6,5 — меньше деп қоямын.
мамандар еш шүбәсіз Айжантабын жеңеді деп отыр. біріншіден ол өз алаңында ойнауда, екіншіден жасы да үлкен қарсыласынан, үшіншіден бүгін нервная — любойын сындырад!
Мына жазбаны да бірнеше жерге жариялап үлгеріпсіз.
Айтса айта берсін, оны өсектеп жариялау ұят тірлік екен((
«На то пошло, Ая саған ешкім емес!» деп керосин жағжверсең ше...
Блогтан басқа, сайттардан оқыдым деймін.
Саммитта, журналистердің түкке тұрғысыз нәрсе жазғанына таң қалып, шошыш не көрінген? Ол ептібайымайттардың қаншамасы сектанттардың сойылын соғып жүр. Жүрегің дауаласа, соларды айыпта. Ал мынадай жас қыздың посттарына дәрет сындырма :)
Қазақтың қасиетті чаттарындағы әңгімелерден үзінді. Саммиттаға қатысы жоқ.Қайқайықшықай қайықшыБайқайықшы… Қазір тіркеліп ап, «сендердің бұл пікіржарыстарыңа ұрғаным бар» дееееп жатса, нетолау боп қалмай ма? :(АКҮ дайын отыр уже қарымта қайтаруға деп қояйын…
Шымкент — жақсы қала.
ПыСы. автор оффтоп үшін кешірім өтінемін.
тиіп-қашып істейді — 1.08
осыған, сосын бағанағы Айжан табын соңғы сөзді айтады, тотал меньше дегенге экспресс қойдым.
Осындағы бәз бір рейтингқуалаушылық вирусының тасымалдаушылары пост авторын пір тұтып, табынып кетуі бек мүмкін-ау деп топшылап отырмын…
Тігуден кенде қалып, шығармашылық ләззатқа шөліркеп жүр ме деген күдік-күдік… ))))))))))))))
Тігін фабрикасында жұмыс істеуден сақтасын, кіші гірім ателье де жарай береді бізге «шитье на дому» деген…
Не деген ұятсыздық?! Қазақ қызына тән ұяңдығың қайда сенің, қарындасым? Хантерлетіп өз-өзіңді сотамен фотоға түсірсең Мағауин маңдайыңнан сипар деп пе ең?! Ибалысы болмаса да, аты һәм заты қабырғадағы жазбадан әмбеге аян Машканың өзі ибалырақ шығар, шырағым…
Жазушылар одағына (ғимаратына) гүленшіл баспаның орналасуы, Жасушылар одағының Гүленді Абайша ардақтауы. Тиын істеу.
пы.сы. мағауин — ерекше жазушы, қазақ тілін барынша эксплуаттап, тиісті дүниелер туғызатынына талай көз де басқа жер де жеткен. шахановтың да ұйқас құрастырушылығы мен адамзаттық ойлары таң қалдырады. шыңғыс хан ұнасын, ұнамасын қазақ тарихының бөлшегі. PEACE! :)
Редактордың орнында мен де Сізге солай айтар едім. Бар болғаны үш мақала, үшеуі де бір тақырып аясында көпәріп болса да, бұдан не көрінеді?
мүмкін, Тараздың базарының астында… базар болған шығар? :)
Мен Сізден де, өзге журналисттерден де ештеңе дәметпеймін. Алайда, журналист деген көзі ашық болуы керек, сондай-ақ санасы ояу.
Қазіргі таңда, сырттағы жау жағадан алып жатқанда барлық журналисттер сенсация қумай, өсек қумай, елді бірлікке тартар еңбек етсін деген Арманым бар екенін жасырмаймын.
Айтылған сынды қабылдау, қабылдамау өз еркіңіз, өсекті жариялауға құмар болсаңыз да өз еркіңіз, дегенмен арасында халықты да ойлап қойған артық болмас.
ПС: Айжантабынның бірінші коментіне ноу комментс )
бірақ balzaminka әпкеге айтқан және басқа кейбір пікірлеріңіз дұрыс емес деп ойлаймын. Сосын не дегенмен мына жазушы да үлкен кісі ғой, жазу керек емес деп ойладым, білмеймін, менікі қате де шығар
P.S.: Дұрысы «ауа» (воздух) ма, «а(й)я» ма?
Ауа
ерледіқыздады!Қыздар, жарайсыңдар!
Шіркін-ай, тағы да қайталанса ғо деп))))))))))))
Шөлдегенде басатын — Нексти суы! Нексти — Шөлдедің бе? Іш!
біл… дМен де баяғыда бір ақын-жазушыны (әрі ақын, әрі жазушы) көріп, тілдескеннен бері ондай кісілерді кәдімгі пенде деп қабылдайтын болғам :)
п.с. Шыңғыс хан — Жастабан дейді, рас па осы? :)
Орыстар да басқарған, шайбанилар, қоқан,