"Нақыл сөздер шайқасы" немесе "Сөзден сөз шығады"

Ойын ұсынамын.
Біреу нақыл сөз, афоризм, қара сөздерден үзінді, мақал, мәтел жазады. Соған жауап ретінде қарама-қарсы немесе толықтыратын нақыл сөз жазылуы керек. Таба алмасаңдар, басқа тақырыпта мақал, мәтел, нақыл сөз жазуға болады.
Ойдан шығаруға да болады, бірақ қисыны бар болуы керек. Ерекше жағдайда абсурд жазуға болады, бірақ ол әзіл не алдыңғы мақалмен /нақыл сөзбен үндес болуы шарт. Афоризм авторы белгілі болса, жазған дұрыс.
Мысалы:
Қилызаман — «Жалғыздық тек Құдайға жарасқан»
(бірнеше вариант жазуға болады)
Сакен: — «Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас»
ВКМ: «Арақ ішкен дәруішке жарасқан»
Сатыбалды: «Бұтақ жеген Әбдірашқа жарасқан»
т.сс
Кеттік!
Бөлісу:

701 пікір

Gastarbaiter
Ал кеттік:
«Отырған орнын табады!»
Gastarbaiter
Жүгірген жолын табады!
Gastarbaiter
Кәрі қыз ер танымайды,
Өлген адам жер танымайды.
Gastarbaiter
Көн етіктіге бармай жүр,
Көк етікті алмай жүр.
Gastarbaiter
Корғасын — қотыр қыздың сырғасы.
Gastarbaiter
Арақ атаңнан қалған ас емес!
AKA
Ішпе шарап, әйел қуып арыма — дақ түсірер бұлар беттің арына. /Жүсіп Баласағұн/
Gastarbaiter
Ауызға аққан харам болса да,
Ауыздан шыққан нәрсе харам болмасын. (Омар Хаям)
Abilakim
Ағынды сдың арамы жоқ
satibaldi
Вискиге су араластыру — екі керемет нәрсенің түбіне жету.
Gastarbaiter
Сыраға серік қосу ширк! ©
Gastarbaiter
Еңбек етсең емерсің!
Gastarbaiter
Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның Тілендиев Нұрғиса!
AKA
Еңбегі аздың өнбегі аз.
Gastarbaiter
Құдай жатқанға берсін (халық мәтелі)
meirzhan
Шалқайғанға шалқай,
Жатқанға жат.
Ottegin
Тұрғанға тұр,
Отырғанға отыр
meirzhan
Қазақшаға қазақша,
Орысшаға да қазақша. © Көтриот
Ottegin
Орысшаға да, Қазақшаға қытайша
Жүңго төрағасы Мао Дзедун
meirzhan
Кантоншаға Фуцзяньша.
AKA
Жан тыныштық жақсы екен — жатып ішер ас болса.
meirzhan
Жаманның жан рахаты — ұйқы.
AKA
Жаманға жалынба, адамға табынба.
VKM
Суйгенды суй,
Суймегенге жалынба
AKA
Адамды сүй, Алланың хикметін сез!
VKM
Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті, Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Абай
AKA
Адамдарға ақыл-парасат өз өмірін жақсарту үшін берілген. /Н.Ә.Н/
meirzhan
Нанды басуға болмайды.
AKA
  Мако — суперсіз!!! Еңбексіз нан жоқ.
meirzhan
Еңбексіз НӘН жоқ дейсің бе?

Нанды құрметтесең де, адамға табынба.
AKA
Астына жазайық, мына жер тар боп кетті.
meirzhan
Шешен тар жерде сөз бастайды.
AKA
Шешеннің тілі – семсердің жүзі. астына жазайық та
VKM
нан емес ҢӘН болған))
meirzhan
Нән нанды басуға болмайды.
VKM
қуып кеттің ғой)
meirzhan
Осы жерде бір мақалды айтпасқа болмайды.

Сайтан қу ма, найман қу ма?   
meirzhan
Нән десең де, нан десең де мақалдың мағынасы өзгермейді.
Нанды басуға болмайды.
VKM
Жаманның ақылы тамағында)))
meirzhan
Жаман айтпай жақсы жоқ.)
Aramza
еңкейгенге еңкей
Gastarbaiter
Тоңқайғанға да еңкей
konvict
Сәби болсаң да, Қасымолжас болсаң да емерсің
Gastarbaiter
Ұрлық түбі қорлық!
Gastarbaiter
Мемлекеттен қанша ұрласаң да, өзіңдікін қайтара алмайсың!
AKA
Ұрының қасында ұры жүреді. /Ж.Б/
Ottegin
Ұры ұрыны мініп, к...-ке тепті (Орыс нақыл сөзі)
Gastarbaiter
«Егер Кірпіш ұры болса, онда ол түрмеде отыруы керек!» © Глеб Жиглов (Владимир Высоцкий)
Ottegin
Ұрының ұрты майланды,
Бастық болып сайланды)))
AKA
Ұры — байымайды, сұғанақ — семірмейді.
konvict
Көршің ұры болса бір көтзіңді қысып жүр
AKA
Сабыр етсең — ісің оңға асады, шүкір қылсаң — жамандық та қашады. /Ж.Б/
AKA
Сабыр — ақыл серігі /Майлықожа/
AKA
Сабын кірді ашады,
Сабырсыз сырды ашады.
AKA
Мен ойынды түсінбей қалдым-ау деймін, I am sorry! Бір тақырып басталады, соған байланысты жазу керек деп ұғыппын…
Соған жауап ретінде қарама-қарсы немесе толықтыратын
… енді түсіндім.
meirzhan
Адасқанның айыбы жоқ,
Қайтіп үйірін тапқан соң.
Gastarbaiter
Алдыңа келсе, жауыңды кеш
meirzhan
Кешірерсің кешерсің,
Жетілерсің жетерсің.
AKA
Кішіпейілділіктен — кішіреймессің.
Abilakim
«Алдыңа келсе атаңның құнын кеш»"
Ottegin
Артыңа келсе, артты байқа)))
Abilakim
Алдыңмен, артыңмен, сегізінші мартыңмен
konvict
Әйіңмен, шәйіңмен, тоғызыншы майыңмен
AKA
Ақылды қарт айып іздемейді.  
meirzhan
орыс хатына сенеді, қазақ қартына сенеді.
AKA
Қартың болса, жазып қойған хатпен тең.
meirzhan
Халық атынан сөйлеуге тек Президенттің құқығы бар. © Сатыбалды
Gastarbaiter
Құқығы бардың, бутигі бар © Баха «Фестиваль»
AKA
Хан халықтан үлкен емес.
a63a1
Нан балықтан үлкен емес © Ақтау халық даналығы
AKA
Ас атасы — нан.
ushkin
нансаң нан, нанбасаң, нанба, қазақстан телеарнасы қазақшаға көшті. енді, меннен бір мақал: жалғыздың үні шықпас
AKA
Жалғыздың жары — құдай.
ushkin
құдай ұдайы қасымда
AKA
Құдайшылық — жүректе. Қалпыңды таза сақта! /А.Қ/
ushkin
сақтансаң, сақтармын
ushkin
«аттан» дегеннен сақтан деген жақсы деп қойсаң)
AKA
Күле кіріп, күңіреніп шыққаннан сақтасын.
ushkin
осы мақалдарды жұрт ойына сақтасын )
AKA
 Тәуба қылмай, сауда қылғаннан сақтағай.
ushkin
лағып жатырған жоқпын, өзің лағып отырсың
Gastarbaiter
Менімен ұрсысқың келіп отыр ма?)) Ережеге сай жаз, или минусқа көміл.
ushkin
минусқа мыңк етпеймін, минусқа мыңк ететіндер рейтинг қуалап қалғандар.) жалпы ешкіммен ұрысқым келмейді, бірақ өзің ғой барымды салып тырысып отырсам «лаға берме» деген. сосын лақсаң, лақ деп отырмын.
Gastarbaiter
"Ұрыстың басы боқ жеме"
ushkin
ұрысыңа да, анау тырнақшаның ішіндегі сөздерге де қолымды бір-ақ сілтедім
Gastarbaiter
Венканың артынан кетсең, сәлем айта бар)
ushkin
осы жерде қалай мұңайған боққа айналып кетпеген шедевр пост жасайтыныңды сырттай бақылап отырамын.
Gastarbaiter
Е-е-е дұрыс, «лақпа» дегенім үшін тағы бір мұртынан күлген қара ниетті дос таптым де
AKA
Сақтықта — қорлық жоқ.
ushkin
қорлықта зорлық бар
AKA
Ауызы күйген — үріп ішеді.
ushkin
аузы күйген үріп ішеді, күймеген нені біліп ішеді? )
Abilakim
У ішсең де руыңмен іш
AKA
Рулы елдің уысы бір.
dauren85
Жалғыз жүріп жол тапқанша, Көппен жүріп адас
AKA
Көппен көрген ұлы той.
Erlan
Биреу отка тусти екендеп, отка тусесин бе )
AKA
Екі елі ауызға төрт елі қақпақ.
Abilakim
Құдай жүректе,
Кімнің қатыны жақсы соның үйі- жұмақ
Кімнің қатыны жаман соның үйі- тозақ (Мәшһүр Жүсіп Көпеев)
ushkin
жұма күні ғана жұмақ тілемейік )
AKA
Жұмақ — ананың алақанында.
ushkin
ананың киімі жақсы дегенше, мынаның білімі жақсы де )
AKA
Білім гауһар
Бағасы жоқ.
Надандық кесел
Дауасы жоқ.
ushkin
Мына жер ыстық ауасы жоқ )Енді жауап: «Бар»деген мың сөз, «жоқ»деген бір сөз.
AKA
Үй оңаша демегін, үй сыртында адам бар.
ushkin
әркімге сене берме, ту сыртыңда пышақ бар )
AKA
Өткір пышақ қол кесер.
ushkin
өткір пышақ қол кесер, кеспесе, несіне өткір? ) өткір пышақ қол кесер, арам пиғыл жол кесер.
AKA
зашем сұрақ  Көз — қорқақ, қол — батыр.
ushkin
пышақтың өткір екені және оның қол кесетіні мақал ма? батыр болсаң батырып айт )))
ushkin
батыр болсаң, батырып айт, тапқыр болсаң, қатырып айт )
ushkin
қатырып айтпасаң, жөніңе қайт ))
AKA
қайтпа айт  Тапқыр болсаң тауып көр.
AKA
мақал ғой  Шешен жігіт — жол бастар, батыр жігіт — қол бастар.
ushkin
жол бастаудан сөз бастау қиын
AKA
Сөз асылы – мақал.
AKA
Асыл сөзге өлім жоқ.
ushkin
асылы, тіл болмаса, ұлт та жоқ.
AKA
Тарих пен тіл — тамырлас. /Н.Ә.Н/
AKA
Тіл- салақ сөйлегеннен бұзылады. /Ғ.М/
ushkin
тіл тіліп түсер қылыш, қылышпен абай болғаның дұрыс.
AKA
Тіл — қай халықтың болсын басты белгісі. /Ш.У/
AKA
Тіл – қылыштан да өткір.
AKA
Ауыл кетсе — ұлттың ұйтқысы кетеді.
AKA
Тіл – ұлттың сүйенетін тамыры,
Сыйынатын тәңірі.
konvict
Өтпес пышақ секілді еді…
AKA
Жақсы әйел — ері ұялар іс қылмайды. /А.Қ/
ushkin
еріңді ұялтқаның еліңді ұялтқаның.
AKA
Жетесіз жігіт — ел қадірін білмес, некесіз әйел — ер қадірін білмес.
AKA
Жалғыз шапқан ат жүйрік.
ushkin
жалғыз шапқаннан есің барда еліңді тапқан жақсы )
AKA
Жалғыз ағаш — үй болмас, жалғыз адам — би болмас.
ushkin
жалғыз адам би болар, билік біреуге ғана сый болар )
AKA
Жалғыз жігіт қол болмас.
Abilakim
Ортақ өгізден оңаша бұзау артық
AKA
Әңгіме бұзау емізер — Бұзау таяқ жегізер.
saken
таяқ жегеннің сүйегі сынар, шынымен жесе тісі сынар )
AKA
Тісі шыққан балаға,. Шайнап берген ас болмас.
dauren85
Сөз сүйектен өтеді, Таяқ еттен
saken
Ет етке, сорпа бетке
AKA
Қонақ келсе ет қызарар, Ет қызармаса, бет қызарар.
Esmeralda
Уау АКА, осынша мақал-мәтел білесің бе? Молодчина, я в шоке
AKA
/ялдым/ негізі бұрын көп жаттағам мақалды, мектеп кезде. Қазір нақыл сөздерді жинап, жаттап жүрмін, сөздік қорды көбейту керек  
dauren85
Асың барда беріп жүріп ел таны
Атың бардыа шауып жүріп жер таны
AKA
Ас адамның арқауы.
dauren85
Темекі оның тарқауы
AKA
 Темекіні ермек етер – Түбіне өзі жетер.
Adiletshu
Қонақ 1 күн қонса құт, 2 күн қонса жұт
Adiletshu
Сүйек шетке, Қалғаны пакетке
dauren85
Бұқаға туған күн бұзауға да туады
AKA
Сиыр су ішсе, Бұзау мұз жалайды.
dauren85
Ішің күйсе тұз жала,
Сыртың күйсе домала
AKA
Тұз астың дәмін келтіреді, Мақал сөздің дәмін келтіреді.
VKM
Су тіршіліктің нәрін береді, от өмірдің сәнін береді, тұз астың дәмін келтіреді, қыз көңілдің сәнін келтіреді, ақыл өмірдің мәнін береді.
AKA
Тау мен тасты су бұзар, Адамзатты сөз бұзар.
VKM
Тоқсан ауыз сөздің, тобықтай түйіні бар.
AKA
Сөз атасы — құлақ, Су атасы — бұлақ.
VKM
Бұлақ көрсең-көзін аш
AKA
Дария басы – бұлақ.
VKM
Өнер — ағып жатқан бұлақ,
Ілім — жанып тұрған шырақ.
AKA
Өнер алды — қызыл тіл
VKM
асыл тастан,өнер-жастан
AKA
Өнерлі өрге жүзеді.
VKM
Жігітке жеті өнер де аз
AKA
астына жазамын, мына жер тығылысып қалды
VKM
Көзің ауырса қолыңды тый, ішің ауырса аузыңды тый.
AKA
Құлақ естігенді көз көрер.
VKM
Құлақ естігенді көз көрер.
Real_man
Бұқаның арамзасы бұзау арасында жүреді
AKA
Үйде өскен бұзау, Түзде өгіз болмас.
dauren85
Мал өсірсең қой өсір,Өнімі оның көл көсір
AKA
Қойшы көп болса, Қой арам өлер.
dauren85
Сен саларда мен салар, Атқа жемді кім салар
AKA
Тұлпардан тұяқ қалар, Сұңқардан қыяқ қалар.
saken
Жақсы ат аяқтан қалар
AKA
Арқанды ат қазығына оралар.
saken
құл қашып бара жатып, ат су ішпей қалмасын деген екен
AKA
Күріш арқасымен күрмек су ішер.
saken
Күрмектің «арқасында» келіндер шаршар ) (күрмегін тазалаудан)
VKM
Келін жаман емес, келген жері жаман)))
AKA
Келін ененің топырағынан.
AKA
Келелі сөзді келін де айтады.
AKA
Өнерлі жігіт өрде озар, Өнерсіз жігіт жер соғар.
VKM
Ел мақтаған жігітті қыз жақтаған.
AKA
Жігіттің түсін айтпа, ісін айт.
VKM
Адам болар жігіттің,
Жары өзіне лайық.
Керуен бастар жігіттің,
Нары өзіне лайық.
AKA
Адамның жан жолдасы — сүйген жары.
meirzhan
Жау жоқ деме жар астында.
VKM
невтемщик. Жары мен жар астынданың мағнасы 1 емес сияқты
meirzhan
Жасыңда қалжың болсаң;
Өскенде мылжың боларсың.
meirzhan
Смайл көрсең, қалжың деп ұқ.
meirzhan
Мысқал сезімімен қатар әдептілік сезімі де болған жақсы.

Біріншісі болмаса, тым болмаса екіншісі.
AKA
Кідааай... негізі түсінбей қалды, өзім ұқтым бірақ. Жауап жазамын дегенше… ошым күлкілі боп кетті ғой
meirzhan
Кейде бар әлемде мені сеннен басқа ешкім түсінбейтін сияқты көрінеді.
Gastarbaiter
Ипать, жаңа нақыл сөзді жаңа жолдан бастап жазады! Мына жерде «городки» ойнап кетіпсіңдер)))Біләт, өзім кінәлі шығармын, сендерге тағы да шайнаңқырап түсіндіруім керек еді.
VKM
онда ойнамаймыз(
Gastarbaiter
Ойнамасаң бір жерім қирап қалатын сияқты міндет қылдың ғо.)))
VKM
ой, Гаста демалшы, а? Бар негативіңді бізге лақтырмай(((Барып боксерская грушаны соқ, болмаса
Gastarbaiter
Ол жағын өзіме қалдыр, интеллектіңе тегін комплимент айтпай тұрғанда.)
VKM
айтаверш, басқаларды қорқыта бер, мен сенен қорықпаймын.
И вообще… осы тақырыпқа жазбаса не болады екен? кеттім… чао!
Gastarbaiter
Қоя ғой енді… келе ғой енді… Ойнашы бізбен.
meirzhan
боксерская грушаны соқ, болмаса
 үстелдің астына құладым. непостредственно ұрысасың ғой.  
AKA
Соны айтам, шамалы кідіре тұрайық, жаңа жолдан жазып. Рахмет сізге Гаста ағай, сіз кереметсіз ойын ұйымдастырған.
meirzhan
Гаста ағай бала-бақшаның тәрбиешісі сияқты.
AKA
Ұят болды /ялдым/, ережеге сай жазайық иә?
meirzhan
Бұрышқа тұрғызбай тұрғанында ережеге сай жазайық.
Gastarbaiter
Өздерің кішкентай бала сияқтысыңдар ғой енді, бөлмені шашып-шашып, бүлдіріп, нақыл сөзді беталды жазып кеткен. Мен тек кезекті мұңайған боққа айналып бара жатқан тақырыпты құтқаруға тырысып жатырмын.
AKA
Мойындаймын оны, басында-ақ талқыланып жатқанда сезгем дұрыс болмай жатқанын, кешірім сұраймын сізден  
Gastarbaiter
Кешірімнің қажеті жоқ. Ештеңе емес. Кінә менен. Тәптіштеп түсіндіріп жазуым керек еді арнайылап.
Esmeralda
Қайта осы жақсы болған сияқты, қаншама мақалдар мен нақыл сөздерді біліп қалдық, енді google-дан мақал-мәтел іздесек, осы постқа келетін болдық
Gastarbaiter
Ондай да қулық болған негізі
meirzhan
Жақына арада осылай жалғастыра берсек, гуглдан жаңа мақал таба алмайтын сияқтымыз ғой.
Gastarbaiter
Нақыл сөздер бір -біріне жауап сияқты болуы керек. Әншейін ішіндегі бір сөзді іліп алып, соған қатысты мақалдың бәрін тізбей.
Идалында:
Мақал мақалға жауап болуы керек! Өййй…
AKA
Толық қосыламын!
meirzhan
Шешеннің тілі – семсердің жүзі.
Шешен жігіт жол бастар,
шешен блогшы пост бастар.
dauren85
Не боп кеткен мына жақта түсіндіретін бір мұсылман табылады ма?
meirzhan
Құдайдан қорыққан мұсылман — қарауыл қояр сөзіне.
dauren85
Қорықпағандардың өз обалы өзіне
meirzhan
Қытайдан қорықпа, Құдайдан қорық
saken
Құдайдан қорықпағаннан қорық.
meirzhan
Жалғыздық Құдайға ғана жарасады.
dauren85
Басы ауырмағанның Құдайменен ісі жоқ
meirzhan
Кірсіз ай, мінсіз бір құдай.
AL-ASTER
Тазалық — иманның жартысы
meirzhan
Иман сақтауға — қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босамас буын керек. © Абай
AL-ASTER
Қорқыныш — алға жылжуға себепші болады (афоризм)
meirzhan
Автор — Михаэль Лайтман.

Қорқыныш атаулының ең жақсысы — басқа адам тағдыры үшін қорқу. © Редьярд Киплинг.
AL-ASTER
Жақсы адам ашуы — шәй орамал кепкенше,
Жаман адам ашуы — басы жерге жеткенше.
meirzhan
Жақсы бишілерде аяқ көбінесе басынан жақсы істейді. © Фуллер.
AL-ASTER
Істемейтін бас — екі аяқтың соры.
meirzhan
Құрбылар сенің бетіңе қарайды, ал ерлер — аяғыңа.
AL-ASTER
Әйел — өз өзін безендіретін бірден бір сыйлық.
meirzhan
Әйелдерсіз күн көре алмайтын бірден-бір еркек — гинеколог. © Шопенгауэр.
AL-ASTER
Кешегі қара күндерде,
Жұлдызсыз, айсыз түндерде
Жол таба алмай сенделіп,
Адасып алаш жүргенде,
Бұл күнгі көп көсемдер,
Сұраймын, сонда қайда едің?!


М. Дулатов
meirzhan
Бөгде жерде адасқаннан жаман жоқ. © Гомер
AL-ASTER
Адасқанның айыбы жоқ, қайта үйірін тапқан соң.
meirzhan
Іздеген адасуға мәжбүр. Гете.

Адасу мен бұзылудың үлкен айырмашылығы жоқ. © Евгений Багашов
AL-ASTER
Әділ өмір сүргің келсе, жұлқын, адас, ұрысқа түс, қателес, бастап көріп қайта таста, және бастап, қайта таста, ал тыныштық — рухи төмендік.

Л. Толстой
meirzhan
Өмір үшін күрес, бірақ өлімге дайын бол.

Не күрес, не жеңіл. Өмірде тек солай.
AL-ASTER
Өмірде бәрі біз ойлағандай, біз күткендей бола бермейді.
meirzhan
Өмір қозғалысты қажет етеді. © Аристотель

Өмірде ештеңе тегін берілмейді, тағдыр сыйының да өз құпия бағасы бар. © Стефан Цвейг
AL-ASTER
Тегін зат — интернеттің тірегі
meirzhan
Өмір — заттарды жасау, сатып алу емес. © Сократ

Адамды анықтайтын зат емес, затқа деген қатынасы(көзқарас).
AL-ASTER
Адамның мәдениеттілігін — оның әйел адаммен қатынасынан анықтауға болады.

М. Горький
meirzhan
Еркек үйден керексіз шүперек тапса, лақтырып жібереді, егер әйел үйде керексіз шүперек тапса, оны 10 бөлікке кесіп, 10 керексіз шүперек жасайды.

Сравнивая в целом мужчину и женщину, можно сказать следующее: женщина не была бы так гениальна в искусстве наряжаться, если бы не чувствовала инстинктивно, что её удел — вторые роли.

Ер мен әйелді салыстыра келе мынаны айтуға болады: әйел екінші рольдерді ойнауды тағдырдың жазғанын іштей сезбесе, киіну өнерінде гений болмаушы еді. © Фридрих Ницше
AL-ASTER
Лібә, оптым бірақ жіберіпсіз ғой)))

*Адам көркі — шүперек.
meirzhan
Әйел көркінің 90 пайызы еркек қиялынан тұрады.
AL-ASTER
Әйелдер! Мейлі көрікті болыңдар, бола алсаңдар, дана да болыңдар! Бірақ, ақылды болуға міндеттісіңдер!
meirzhan
Әйелдерге қарапайым көрінуге әрқашан ақыл жетеді.

Әйелдер күлегеш еркектерді ұнатпайды, еркектер ақылды әйелдерді ұнатпайды.
AL-ASTER
Ұлылық — қарапайымдылықта
meirzhan
Ұлы адамның артында ұлы тәрбие тұрады.
AL-ASTER
Тәрбие — тал бесіктен
meirzhan
Балаларды жақсы адам қылып тәрбиелеудің жолы — оларды бақытты ету. © Оскар Уайльд.
AL-ASTER
Балалық шақта, бақыт алдымнан күтіп тұрғандай еді, қартайғанда тек оның өтіп кеткендігін ғана түсіндім.

М. Твен
meirzhan
Ұлылық жаратушы күштен беріледі, кейде еріксіз. © «Мұражайдағы түн» фильміндегі президент.
AL-ASTER
Жасау керектігін біліп тұрып, оны жасамау — аяуға тұрарлық қорқақтық.

Конфуций
rakisheva
Шөп өспесе шөптің басы қимылдамайды!
AL-ASTER
Өсер елдің баласы — бірін бірі батыр дер
Өшер елдің баласы — бірін бірі қатын дер
AL-ASTER
(негізі жел тұрмаса, щөптің басы қимылдамайды сияқты, бұныңыз, адам туылмаса, аузы сөйлемейдіге саяды екен )
rakisheva
Негізі сол ғой, жай достармен өз арамызда солай айтамыз (калжын гооооооооооой )
AL-ASTER
Чудың полесы аман болсын.
meirzhan
Ата-ана бала мүху арқылы тісін қайрайтын сүйек.
meirzhan
мүжу
AL-ASTER
Әке тұрып, ұл сөйлегеннен без,
Шеше тұрып, қыз сөйлегеннен без
meirzhan
Бір әке 100 мұғалімнен артық.
AL-ASTER
Ағамның алтын сарайынан, ананмның жыртық лашығы артық
meirzhan
Махаббатқа орын табылмаған сарай, — тек сорлы лашық қана, ал махаббат өмір сүретін жұпыны лашық, — бұл жан сарайы. © Роберт Ингерсол
AL-ASTER
Махаббат — бір біріне жұмбақ екі адамнын ақымақтығынан туған сезім
meirzhan
Махаббаттың бір сағатында — бүкіл ғұмыр. © Оноре де Бальзак.
AL-ASTER
Ғұмырым қысқа екен деп кейіме, қорқыныштысы сол, қамшының сабындай ғұмырың сол күйі басталмай кетуінен қорық
meirzhan
Өмір өлім аллдында қымбаттай түседі.
AL-ASTER
Өмірде жақсы жүрсең де, жаман жүрсең де қиналумен өтесің. Жаман жүріп қиналғанша, жақсы жүріп қиналу, адамзат үшін лайықты тірлік.
meirzhan
«Адамзатта» көбелектің түріндегідей немесе орхидеядағыдай ешқандай мақсат, ешқандай жоспар жоқ. «Адамзат» — құр сөз ғана. © Шпенглер
AL-ASTER
Аз білген — құр сөз бен бос мылжыңға әуес келеді,
Аз көрген — көп жылағанға әуес келеді
meirzhan
Демагогияда сенімді дәлелдер көп болады. © Севрус.