Саз әлемі

Саз әлемі «Ел арна» телеарнасында Баян Есентаеваның идеясымен басталған жаңа жоба. 


Жоба мақсатында, 12 номинация бойынша жылдың әнін, әншісін, композитор, ақын, топ әншілерін анықтау. 
 1. 2011 жылдың ң үздік әні
 2. Ең ҮЗДІК әнші (ер адам)
 3. Ең Үздік әнші (әйел адам)
 4. «Үздік бойз-бэнд» яғни жігіттерден құралған топ 
 5. «Үздік гёлз-бэнд» яғни қыздардан құралған топ
 6. «Үздік бейнебаян» 
 7. «Жылдың жаңалығы» 
 8.  Баян Есентаеваның жеке сыйлығы 
 9. Қазақ эстрадасының дамуына қосқан үлесі үшін;-- номинациялары бойыншы қаралады екен. 
Сонымен, бағдарлама ішін ақтарып көрсек: 
1. Біздің қоғам қандай ала-құла болса, бағдарламада солай. Негізі Ел арнаның сайтында тілі- қазақша деп көрсетілген, бірақ көбіне орыс тілде өтеді. Сөзін қазақша бастап, аяғын орысшамен бітіреді. Сайтта тек комменттер орысша болуы мүмкін деп тұр. 
2. Қалжыңдарыда бір түрлі, мадениет жоқтықты көрсетеді
3.  Әділ қазылар тым әлсіз, Ринат, сөзін жақсы бастап келеді де, қазақбайлыққа салынып енді осындай болады деп аяқтайды, Бағым, тура пікір айтып отырды, Мадина, пікір айта алатын әнші ме?; Лұқпан аға, мардымды пікір шықпады аузынан. Мен бүгін қатты сын айтсам не турасын айтсам араласып жүрген адам, меніңде күнім түседі деген ой көп маза бермейді әділ қазыларға. Сынды айтып алып, 10 ды көтеретіндері жайында үндемей-ақ қоюға болады. 
4. Сарапшылар, оларды әншілердің киімін, толық-арықтығын, мұрты бар-жоғын сынау үшін отырғызғандай. Ләйлә Сұлтанқызы, пікірін ашып айтпайды, әйтеуір елдің бәріне жақсы көрініп қалу мақсатында, Дина, ех Дина тура айтам деп белдіктенде төмен түсіп кетеді, сыни көз қарастан гөрі өзі ақпарат іздегенде таба алмай қалған жаңалығын іздеп отырады, Нұрлан — бәрінің "қорғаушысы".
5. Сахна шыққан соң әншінің бәрі бірдей емес пе, ол «ана» атанды сол үшінде кешіріммен қарап дауыс беріңіз, бүгін ауырыңқырап тұрды. Осындай ойлар жыныңды келтіреді екен. Шықса өзі үшін шықты ғой, туса да өзі үшін. Бізге оның жеке өміріндегі өзгерісті ол жерде жеткізіп қажеті қанша. Ол үшін «Хедлайнер» бар емес пе?.. Сахнаға, байқауға шыққан соң ол біз үшін әнші, әнді жеткізуші.
6. Баянның идеясы, Баянды насихаттау үшін тұрғандай. 
Бөлісу:

355 пікір

Zilola
хе-хе, жаңа ғана көрші тақырыпта осы бағдарлама жайлы айтып келсем
Aikona
Қай тақырып, енді мында көсіліп жазсаңшы ойыңды
Erkekyz
Кеше көрдім. Алишер Каримовты жаман құртты ғой. Жалпы ешқайсысын қатырған жоқ, тек Бүркіт пен Аишаны мақтаған болды. Азияның өлең айтқанын көре алмай қалдым. Қазылар алқасы мен сарапшылар нервке тиіп отырды ваще.

Сахна шыққан соң әншінің бәрі бірдей емес пе, ол «ана» атанды сол үшінде кешіріммен қарап дауыс беріңіз, бүгін ауырыңқырап тұрды.
Соны айтам, көрініп тұр ғой айта алмайтыны. Десекте көйлегі әдемі болды бірақ.
Aikona
Алишер Каримовтың әні жақсы, бірақ латино американский стилі восточный боп қалғандай болды деді ме? Ұнамайды сол маған, кім білед бірақ Динаға мұрты ұнап қалды ғой.
Көйлек жағынан, сахнаға арнап көйлек, қойылым дайындайтыны жағынан барлық әншілер сол қыздан үлгі алса болады. аты кім еді, есіме түспей қалмасы бар ма?
Erkekyz
Алишер Каримовтың әні жақсы, бірақ латино американский стилі восточный боп қалғандай болды деді ме? Ұнамайды сол маған, кім білед бірақ Динаға мұрты ұнап қалды ғой.
Негізі мен де восточный стиль деп ойладым. Алишер Қаримов маған ұнайд, ұнағанда даусы ұнайд, өзі де ни че былай))
Көйлек жағынан, сахнаға арнап көйлек, қойылым дайындайтыны жағынан барлық әншілер сол қыздан үлгі алса болады. аты кім еді, есіме түспей қалмасы бар ма?
Әйгерім Қалаубаева.  Мен де басында есіме түсіре алмай, жылайды жапырақ қой деппін мамама кім дегенде))
Aikona
Әлішерді өмірде көрмеген сияқтысың десең иа . Иа Әйгерім Қалаубаева көйлектердің шебері
Zilola
Ващще бұл конкурс вокалдық па?
Маған мысалы осы уақытқа дейін ән орындап келгендердің ешқайсысы супер емес, дауыстарын әзер жеткізіп жатыр альбомындағы керемет туындыға.
Сосын, за то джисысы жаңа, бойы ұзын, шашы жуылған, дауысы марожни жеп қарлыққан дегендей сылтаусымақтармен көтермелеп жібереді.
Сосын қазылар алқасы жамандаааап алады да, 10 деген бағаны көтереді, ол не мазағы?
Aikona
вокалдықтан гөрі, бірін-бірі ақтап алуға ұқсап кетті
Zilola
сосын ше, анау апай ұнады, менің байқағандарымды айтып отырды, вокалдан беретін апай ше, атын ұмытып тұрмын.
КешYou-дың зары ұнамайды, не керек осы «уууууу, әәәәәәәә, өөөөөөөө» деген ыңырсық созулар. Сыңсу ма, жоқтау ма?!
Aikona
Ол Кеш Ю дің продюссері, баян ханымның әпкесі. Кеш Ю ді сынағанда жаны шығып кетті ғой
TERISKEY
зато өзі де оңдырмай сынады емес пе?
Aikona
для показа?
TERISKEY
баллды да аз берді емес пе? Ол тәте маладес тәте, әділ.
Zilola
Баянның әпкесі болдыма сол жерде?
TERISKEY
сол Бағымғо Баянның әпкесі
sammita
Бағым тәтең Баян әпкеңнің әпкесі екен ғо. Ал Ләйлә әпкең жюри
Aikona
иа пікірлері жақсы, тура
TERISKEY
Бағым Мұхитденова
Aikona
иа, анда атын жазып қояйыншы
Zilola
Лұқпанның "ұйқыдан қолы босамайды" деген сияқты түйреуі ұнады, Дина Ғаділбекке неге моймирің жаңармайды деп тиіскенде.
Aikona
Лұқпанның іліп алар пікірі сол болған шығар, негізі ол кісіден жақсы пікір күтіп ем, дым да айтпады. Динаның бір жағынан ақпарат іздегіштігі, ізденуде жүретіндігі көрінді
Zilola
Айтпақшы неге менің ғашығым Диджей Нұржан туралы жазбағансың? Оның дауысын европа+ -тен естігенде әжептеуір ауырып қаламын
Aikona
Демек, мен елейтін ой білдірмеген ғой  Ұмытып кетіппін. Бірақ қазақ әншілерімен жете таныс емес сияқты сол кісі
Zilola
таныыыс, жазшы сол туралы да. Жас бала болған соң, щигөль деп елемегенсің ғо, а так красапщік ол
VKM
қайдан,қашан көріп жүрсіңдер? Мен Мадинадан басқасын танымайды екенмін.
Aikona
Жексенбі күні, Ел арнада, 21 00 де болады
VKM
рахмет, көрмесем)
Zilola
Құдааай, танисың бәрін, уже көзге мозоль болғандар ғо. Көрсең есіңе түседі, еее осылар екен ғо деп
VKM
көріп алып қатыспасам,әйтпесе қуалмай отырмын сендермен
bazuka
анда отырып алып ұрысып кететіндері қызық екен қазылардың, Ринат баріңне көңіліне толмай қырып отырды ғо кеше де өткендегі түсірілімінде де.
Aikona
тартымды ой жоқ
Zilola
Ринат кеше Ғаділбекке жақтасты, кәдімгідей жақтасты
e_zhalgas
қылмыс орнында ұстап алған адамның сөзінің табы байқалады
AKY
Ғаділбек қандай ән айтты?
Zilola
Жылама жаным немес Күзгі жаңбыр
saken
кәнішні, әннің сөзін өзі жазып берген соң енді )
AKY
ол әннің сөзінің аптыры Қалқаман деп ойлаппын.
Zilola
жаны шығып қыздарға ән орындатып қойды ғо
e_zhalgas
логоның өзі неге тұрады!?
Abilakim
Айтарым біреу-ақ құсық жоба" әділқазылардың әр күні ауысып отыратындығының өзі әділдіктің болмайтындығына мысал емес пе?
Aikona
шынымен, неге әділқазыларды ауыстыра береді екен? Үлкен, мықты компазитор, әншілерді сайлап қоймай ма екен?
AKY
оған біздің дөкейлердің уақыты жоқ шығар. 1 рет шақырғанның өзіне бәлсініп әзер келетін секілді.
Aikona
Шын музыка жанашырлары келетін шығар
TERISKEY
Кеңес Дүйсекеевті қойса ғой, айтып-айтывстайд о кісі
Zilola
қойши мұрны қызарып, вечно ішіп жүре ма біртүрлі, сосын тілін шайнап кететіні бар
meirzhan
муахахаха. қалай байқап қоясың осы
Zilola
қазір ескі видеоларын тауып көріп келші, аташка реально ішіп отырады
meirzhan
Жасы үлкен композиторларды қойса жастардың әнін түгін қалдырмай сынар, немесе жай ғана түсінбеулері мүмкін.
Aikona
ол да мүмкін, бірақ көп нәрсе түзелер еді. Түсінетіндері да бар ғой
Abilakim
Шақырған жоқ қой сол, шақырса барамыз ғой
araika
танысым көруге кеңес бергендіктен, кешегі бағдарламаны қарадым.
Мадина, пікір айта алатын әнші ме?
бұрын солай ойлаушы едім, алайда кеше жанындағы Ринаттан үйренері болды ма, жақсы пікірлерді айта білді.
Ал Дина «артық қылам деп тыртық ететінін» өзі де сезбей қалады-ау
meirzhan
Дина Төлепберген өзін «Астарлы ақиқатта» отырмын деп ойлап қала беретін сияқты.
sammita
күні бойы Керекинфо, түні бойы ТВ. Өмір-ай десеңші)
Пікірлерді оқып көруге тұрмайтын бағдарлама екен дедім.
Aikona
көріңіз, біраз нервыларыңызды түгендеп алуға болады. Енді жақсы жақтарыда болып қалар
Tarazkyzy
Жалпы жоба идеясы жақсы, меніңше. Бірақ жүргізушілер тарапынан көптеген қателер кетіп жатыр. Біріншіден, журналистке /жүргізушіге/ жерге, елге бөлінуге БОЛМАЙДЫ. Ал осымен екінші рет Баянның Орал дегенін естідім. Журналист/жүргізу/ этикасы дегенді, сірә, Баян білмесе керек.Екіншіден, Сөзін орысша бастап, қазақша аяқтап, ботқа жасап бітті. Үшіншіден, Тұрсынбектің кейбір қалжыңдары орынсыз.
meirzhan
Жерге бөліну бағдарламаның екі санында да байқалды.
Tarazkyzy
Соны айтам ғой, Баянға деген құрметті сол сөздерімен жойып жібереді.
Баяғыда бір бағдарлама жүргізіп жүргенде де, «Уот я Уральская, у нас такого нет. А эти Таразцы и Шымкенты ужасные» деп ұзын көйдек киюді «сынап» еді. Сол кезде Оралдық апамызға ровно дышать етіп қалғам.
Aikona
иа жүргізушілердің жүргізушілігі өте төмен, жерге бөлінуде өте ұят нәрсе. Тем более Баянға
Tarazkyzy
Ринаттың артық кеткен тұстары болған шығар, бірақ шынымды айтайын, қазақылыққа жақын ағаның кейбір пікірлері көңілімнен шығып жатты. Ондай адам да керек.
Aikona
айтуын айтты ғой жақсы пікірде бірақ сол сөзін өзі шайып тастап отырды да ғой
meirzhan
Ол кісі қазылықта болмаса, бағдарлама тек бос мақтау мен орынсыз сыннан тұрушы еді.
Beytanis
Мен көрдім, көрдім де өкініп қалдым.
Bekjan
Егер өзі туралы тақырып аштырып пікірталастарып отырса, бағдарлама көздеген мақсатына жетті деген сөз… көрерменін немқұрайлы қалдырмайтын бағдарлама — жақсы бағдарлама…

менің де кеше бір көзімнің қиығы түсіп кетті… Форматы ерекше… Басқа бағдарламалардан өзгеше орынға орныға алған бағдарлама екен деп түйдім… Бардың ішіндегі тәуірі ғой әйтеуір…

Ринат өртейді..)) Негізі жақсы жақсы үш төрт кісіні бекіткен жөн әділ қазыларға… Соның ішінде Ринат үнемі болуы керек… Адамның жынын келтіріп, бағдарламаны «бұрыштап» отырады…
satibaldi
Түсінесіз бе, қазақ көрермендері «бұрыштап отыру» қажеттілігін түсінбейді, олар ертең Ринатты шынымен сабап кетуі мүмкін…
Bekjan
Қойшы, сабап кететіндей фанаттары жоқ біздің жұлдыздардың… Сіз асыра көп бағалап жіберген сияқтысыз оларды… Кезіндегі екінші деңгейдегі банктердің кепілдігіндегі жылжымайтын мүлктер сияқты..)) Түсінемін сізді…
satibaldi
Шын айтам, сабап кетед бұлар! Меніңше, тап қазір сабап та жатыр!!! Шоуға қажетті тұздық дегенді көрші қазақтар түсінбейд дейм! Құдайберген Сұлтанбаев деген қазақты Семей деген қалада анекдотындағы өлген кейіпкері үшін залда айқай шығарып, ақыры концертін бардак қылған халық бұл!
araika
банктердің кепілдігіндегі жылжымайтын мүлктер
хехе, еріксіз еске түсірді
Aikona
Сабап кететіндей, керемет емес қой.
Aikona
Менің ол бағдарламаны ПИАР лайын деген мақсатым жоқ еді, тек олар кемшіліктерін түзесе, сайттарында жазғандай қазақша жүргізсе деген ой. Қабатовтың арзан күлдіргілеріне кішкене тиым салса, киім жайлы, мұрт жайлы, біреудің ана болғаны үшін оған түсінушілікпен қараңыз деген сияқты "құсық" сұрауларды азайтса деген ой ғана. Ринат мүмкін кейбір ойын нақты айтқан шығар, бірақ сол жерде орындалып жатқан әннің көбісі соның өзінікі, сол әндерді топырлатып жазған кезде мәніне, мағынасына аздап мән берді ме екен? Ол басында кемшіліктерді айтып алып, бізге осы да жарайды деген оймен қорытып кетеді. Сондықтан да ол әділ болмады, ойлары «мешать» еткен болар.
direct
Иә, саз әлемінен хабары болмағандар да гәптің ара арасында «анау әнші оншамес», «киімі арзанкен», "әділетсіз қазылар", «причоскасы нивтемукен» деген сияқты әңгімелерді жіберіп қойып, шәймен лапыдататын тақырыптың нағыз өзі екен!)))

Айтпақшы, Мәдина Сәдуақасова мағанда ұнамайт)
Aikona
Мен әншілер туралы ештеме айтпадым, егер дұрыс оқыған болсаңыз. Тек бағдарламадағы кемшіліктерді айттым.
direct
Тойыс, бағдарлама+соны ұйымдастырушыларды да қосуды ұмытыппын асығыста)
Жазғаныңызға көп рахмет!
omarbirat
Көрмедім. Бақыттымын. Ләйлә әпшей Әлішер Каримовтың киімін қытайский деп айтты деп әйелім біраз ашуланды. Онысы шынымен мәмбеттік болды ма деймін
Ринат деп отырғандарың қай Ринат? Гайсин? Зайытов?
Aikona
Зайытов. Сол киім туралы, Ғаділбектің толып кеткенін айту бағдарлама шеңберіне келмейді ғой, ән туралы айтудың орнына бейне бір шайханада әңгіме соғып отырған қатындарға ұқсап кетті
meirzhan
Рас, Ринаттан басқалары, әсіресе сарапшылар әнді емес, мұрт пен аяқ киімді, толық-толық емес, бойдың ұзындығын талқылап кетеді.
AKY
Зайытов. Былай жақсы пікірлер айтад.
sammita
Дені дұрыс қазының бірі сол Ринат.
Ашық айтады, сұрақты жөнімен қояды.
direct
Ләйлә әпшей Әлішер Каримовтың киімін қытайский деп айтты деп
Мынау енді масқара!))
Қытай киім киіп жүрген әнші емес біздерге рахат екен, ешкім сөз етпейтін!))
Zilola
Ол Қытайдың киімін бәрі киеді ғо жұлдыздардың. Барахолкада Құлагерден қытай аяқ киімін алып, Жеңіс базарында қытай ыдысын сатып алады олар. Неменеге пантовацетіп отыр сонша? Қытайски еместі киетін тек сол Ләйлә ғана шығар, ағамның арқасында шалқып жүр ғо, әйтпесе ол да кезінде жәй ғана еді.
sammita
киімін қытайский деп айтты деп
олай демеді, бірақ аздап ұнатпағанын білдіріп еді Баян араға түсті.
satibaldi
Мақаладан түсінгенім: @Aikona бағдарламаны пиарлау сияқты пасық, арам пиғылмен жазған. Әрбір сөзінен айқайлаған жарнама есіп, шашым артқа қайырылып кетіп тұр.
direct
Әрбір сөзінен айқайлаған жарнама есіп, шашым артқа қайырылып кетіп тұр.
Өлтірдің)))))))))))))))))))
Aikona
кетшінаҚ, сіз солай ойлаған соң
satibaldi
Әсіресе:
Негізі Ел арнаның сайтында тілі- қазақша деп көрсетілген, бірақ көбіне орыс тілде өтеді.
деген жерінде, Сіз ол телекомпанияда сайт барына меңзеп, оқырмандардың кликтері үшін қомақты ақы алып отырғаныңыз, көзі қарақты оқырманның кез-келгеніне түсінікті болып тұр.
asaubota
мен қарамаймын бұл бағдарламаны. бұл жақсы ма жаман ба?
Aikona
Өзіңіз білесіз да.
direct
мен қарамаймын бұл бағдарламаны. бұл жақсы ма жаман ба?
Ол енді нерв клеткаларыңның жойылуын қалай түсінуіңе байланысты)))))))))))
Lyaila
Жоқтан жақсы, әйтеуір..өйстіп-өйстіп, қазақ әншілері жанды дауыспен ән айтуға үйренед, осылай-осылай қазақ шоуы қалыптасар, сөйтіп-сөйтіп Баянның да тілі қазақшаланар…
saken
бұл бағдарлама арқылы Баян Есентаева мен Тұрсынбек Қабатовтың жерлес, Оралдықтар екенін білдім.
manshukn
Кеше көргенде басында Ринатқа риза боп отырдым, кейін өзі сөз жазған әндерге келгенде қыпылықтап қалды. Ұ.Жолдасов та «мен ештеме айтпаймын» деп отырды. Дина Төлепберген ващеееее қуып кетті. Нұрлан Еспанов бағдарламада имидж жасап, халыққа көріну үшін отырған адам анда. Тағы бір нәрсе жюрилер өздерімен өздері ұрсысып кеткен кездері болды. Мадина мен Бағым апай ноталатып ұрсып жатты.
sammita
бұл бағдарламаны көрмедім. Кеше әдейі тауып ап 16 қазандағысын көрдім.
Әділқазылар: Мейрамбек, Ринат Зайытов, Нұрберген Махамбетов, Рашид Адай.
Қатысушылар: Еркін Нұржанов, Маржан Арапбаева, Динара Сұлтан, Алмас Кішкенбаев, «Меломен» тобы, Ақбота Керімбекова, Сырым Исабаев.
Дина туралы жоғарыда айтылғанға қосылам, клиптің мазмұны (қымбат-қарапайым), инетте осы клип қанша рет тыңдалғаны т.б. біртүрлі пікірлер айта береді. Ләйлә Алмасты жақтап, Мейрамбекке қарсы пікір айтты (сенен басқа ешкімнің әні хит емес шығар дегендей). Нұрберген мен Рашид орыс тілді болған соң ба қатысушылардың әнін тыңдамақ түгілі, ондай әншіні (мысалы Еркін) білмейді екен.
Ринат жақсы пікір білдіріп отырды. Қызығы сол, сайысқа қатысқан бірнеше әннің авторы өзі екен.
Қысқасы көруге болады, қызық үшін.
Abilakim
мен де осы күнгісін әр жерінен көріп қалып ем
sammita
кім біледі, 16 мен 23 қазанда ғана болды ма?
Aikona
апта сайын болатын болуы керек
sammita
аха, бірақ ең алғашқысы 16 қазанда болды ма? Бәрін жинақтап көрейін дегем. видеосын.
Aikona
иа 16 қазанда болды
bazuka
түсінби қалдым, осы бағдарлама бұрын болды ма? бұл қайталау ма? алдынгүні ме келесі андатпаны көрсетіп жатқанда көріп қалғам Маржан отырды қазылар алқасында шашы жоқ кезі, басында әскер бас киімі бар. әлде алдынырақ түсіріп қойған ба екен?
satibaldi
Сенде де сондай бола ма? Менде де болад, бар ғой.
sammita
Маржан жүргізетін бағдарлама «Шіркін, лайф».
Бұл 16-сы басталған. Әр жексенбі болады. Жүргізуші Б. Есентаева мен Тұрсынбек.
Көрдің бе, ТВ қарамайтын мен білем)))
bazuka
түсінбедім, сіз маған айтып жатырсыз ба? менің сұрап жатқаным басқа нәрсе еді.
Zere
Кешегі өткен (13.11.2011) «Саз әлемі» туралы. Ең бірінші шыққан «Жебе» тобының әні той әні ғой. Оны Азамат Сатыбалды халыққа ұнайтын ән деп неге сонша қызыл кеңірдек болғанын түсінбеймін. Сосын алдыңғы аптада Еркін Нұржанов пен Сырым Исабаевтың "Үндемейсің" әні лидер болыпты. Осыдан кейін халықтың талғамын ойлай беріңіздер. Недеген сұмдық. :(
AKY
Сұмдығына сұмдық.
Анау өлең сөзін сынайтын ақынның да пікірлері ұнамады. Нақты айтпайды. Быт-шытын шығарып сынамай ма.
Назқоңырға 40 қойғандары да дұрыс емес. Сәкен қанша шырылдаса да, ешкім тыңдамады. Сәкен шашын боявалған ба?
Zere
Білмеймін. Бірақ Азамат Сатыбалды ужс, ешкімге сөз бермей қызыл кеңірдек болып сонша айтысқаны. Ол «Жебе» тобының сол билейтін музыкаға тым құрымағанда би жасап келсе ғой. «Хабиби» деп айтқан әнін жақсы деп. Бұлай болатын болса қалайша қазақ эстрадасын той деңгейінен көтереміз. Астаналық топты да бір жерге апарып тастады. Меніңше кеше ең жақсы өнер көрсеткен сол топ болды.
sammita
Астаналық қандай топ екен? қандай ән айтты?
AKY
Телефоның кейде-кейде,
Байланыстан тыс бір жерде… (ыххахахах)
sammita
Павлодарлық Қайрат Баекенов екен ғой.
Жақсы композиор, әнші. «Бәйтерек» тобының біраз әндерін сол жазған («Сен» деген хит болған әнін мысалы)
AKY
«Сеннің» де сөзі ақсап-ақ тұр негізі.
sammita
сөзін кім жазғанын білмеймін. Жақсы композитор әрі әнші дедім.
AKY
Түсіндім. Жалпы айтам дә.
Abilakim
тура сол өлеңі ұнаған маған. Жезқазған жақтікі емес пе еді?
sammita
Хабиби?
Abilakim
телефоның кейде-кейдені айтам
sammita
Павлодарлық Қайрат Баекенов
деймін.
Abilakim
маған сенімді адамдар Жезқазған жақтікі деген еді…
Aikona
Сәтпаев қаласыныкі
sammita
иә, Сәтпаев екен. Сайты міне.
AKY
Астаналық топтың әндерінің музыкасы жақсы болғанымен, сөзі онша ұнамады.
Aikona
иа астаналалықтардың әні керемет, Жұбаныш Жексенұлының әні мүлдем ұнамады, ұйықтап қала жаздадым оған ешқандай пікір айтпады, ваще ол кісі ол жерде не істеп жүр? жастардың ортасында
AKY
Жұбаныш как всегда итше ұлып:)))) Бірақ даусы ерекше не де болса.
sammita
Жұбанышқа тиіспе-ей. Әндерін де өзін де сүйем:))))))))))))))))
AKY
Әрине. Нұрлыбек Жұбатқанға да тиіспейм.
sammita
Нұрлыбекті әзілдеп айттым ғо:)))))) Батысыңды)
AKY
Фықпайтын болфан бұтыңдағыны феф те, юбка кивал!
Abilakim
Ал, Саммита, кешегінің видеосын салш, көрелік.Тамашалай алмай қалған ек
sammita
«давай вместе летать»©
ертең салайын сілтемені, өзім де көрмедім.
sammita
"Үндемейсің" әні лидер болыпты
сол ән маған ұнаған жоқ дым да, әншілер жақсы екенін мойындаймын.
Кешегісін көре алмадым.
Aikona
негізі маржан мен Азамат дұрыс пікір айта білді кеше, мен біліп ем Еркін мен Сырымның шығатынын, себебі екеуі де танымал әнші, аннен гөрі смс арқылы танымалдық, қыздардың жүрегін ұрлаған жігіттер өтеді. Заман тобын көп ешкім біле бермейді, әндерін жақсы айтқанымен сарапшылардың «аяғың» лас деген сөзі біздің халыққа кәдімгідей минусқа итермеледі.
Zere
Несі дұрыс пікір болды? «Жебе» тобының өзбекші әнін қорғаштағаны ма? Әлде Астаналық топты жаман дегені ме? Ал меніңше Ұлпан Құрайысова дұрыс айтты. Бағдарламаны Той Саз әлемі деп ауыстырайық деп.
Aikona
шынымен тойда термелермен отыра алмайсың ғой, ондай әндер жастарды тартады ғой. Мен жалпы айтып отырмын, жебенің әнін қорғаштағанын айтып отырғам жоқ, ал астаналықтардың әндерінің сөзі арзан ғой. Оны мойындау керек қой.
AKY
Сәкен бағдарлама соңында мастер-класс көрсетті. «Бал әнім» әні мен сөзі үйлескен тамаша ән!
Zere
Жебенің сөзі арзан емес па? Сосын топ тойда ән салуға бағыттаған шығармашылығын. Кішкене болсын хореографиясын түзетіп, би дайындап келсе болады ғой. Мысалы, Еркін Мәулен шоу жасай алды деп ойлаймын. Артындағы қыздар қалай динамично билеп тұрды.
Жыным келеді тойдың әншілеріне, блин кішкене болсын көздерін ашып, қақшиып өлең айтып немесе өтірік «Шапалақ, қайдасыңдар, бірге!» деп айтпай нормально билеп, ән айтып кетсе ғой. Қашан көреміз сондайды!!!
Aikona
маған ол ән де ұнамайды, мен тек пікірге қатысты айттым ғой. Бізде әлі сахнаны тоймен шатастыратындар ӨТЕ көп! Кеше Сатекемнің сөзі есіме түсіп кетті ғой: «Адамдар әнші болатындай өмірді неге сонша түңіледіекен»
Nurgisa
Кәрістердің орындауындағы «Назқоңыр» өз интерпритацияларында делінді. Маған ұнағаны: өз «мақамдарына» икемдемей, қаз-қалпында, классикалық нұсқасының ешбір жерін "құртпастан" әдемі айтты. Сәкеннің екіойлы болып қалғанын да түсінуге болады. Таза орындаушылық шебершілікті бағамдасақ, менің көңілімнен шықты. Априори хит ән болу бар да, оның әдемі нақышын бұзбастан, колоритін сақтап беру бар. Кеше солай болды, түсіріп алдым видеоға:

Aikona
Иа, даже сөздерінен қате жібермеді, ешқандай акцентсіз айтты, оның қасында Баян сөздерді жаттап алып, әрең айтты. ойладым айтып тұрған сөзінің хоть қазақша мағынасын біле ме екен деп. Неге біздің жүргізушілер осы сөздерін қарамай-ақ оқымайды екен? Былай қарасаң қатты керемет, терең мағыналы сөз айтпайды күндегі сөздер-ақ, бірақ екі көздерін қағаздан алмайды. Баян да, екі жұлдыздың жүргізушілері де сол
Abilakim
«Бозжорғаның» кейіпіне кіргізіп жіберсе не істер едік? Мына жігіттерге мың алғыс!
Nurgisa
Түнтековке үлкен сабақ болсын деп ойлағым келеді.
Zere
Қайрат Баекеновтың тобы хоть гитарада, вокалда бір қыз бар. Кішкене болсын ерекше. Бір қадам алға жылжу бар. Тағы сол Ұлпан Құрайысованың айтқаны: «Бұл топты тойға да, эстрадаға да, кез-келген жерге шығаруға болады». Мен сондай топтың болғанын армандайтынмын. Және бойзбендтер, стиль, би, ән, бәрі ойластырылған. Бір-бірден шығып, қақшиып ән айтатын, не болмаса «Бәріміз бірге» деп маймылдарша билеп жүретін, одан қалса «Давай екеуміз дует айтайық» деген әншілерді қуу керек сахнадан!
Aikona
Ана бір қыз өлтірді ғой адамды, аты кім еді ұмытып қалдым. майысып, өлеңінің сөзін дым ұқпадым. Ана Асқар қатырды ғой, мына өлең жақсы, бірақ осындай әндер өте көп деп. пікір айтқандарды жақтырмай тұр ғой, өзі керемет ән айтқандай
AKY
Әлия Әбдірахман дейді.
Жалпы кешегі әндердің көбісін 1-ші рет естідім. Арнаудың әнінен басқасын:))
Еркін Мәулен — самовлюбленный:))
AKY
Салтанат жанды дауыспен қиналып айтты. Нұржан қанттай қылды.
Aikona
Салтанат айғайламай айтса дауысы жақсы, сөздері анық естілер еді…
Abilakim
күйеуге тигеннің әсері шығар
Zere
Көп майысып кетті.
Nurgisa
Кешегісінен түсінгенім, тұрмыс құруды аңсайтын қыздар қапқарашкамен дуэт боп айтса, бірден бағы ашылып кете ме? :)
Zere
Түсінгенім, Баян Есентаеваның күйеуі крутой! )
AKY
«Пока Тұрсынбек тақылдаватыр, біздер ән тыңдайық» :))
Nurgisa
:)))) Аха :))
Азаматтыкі ұят болды. Сұмдық актер сияқты ғой, бәрін қырып кете жаздады. Болдым-толдым деген адамды жиіркенішті көрсетеді екен.
AKY
«Дуэт» деген мынау деп Бояннды сүйгені :))
Nurgisa
Баянның қазіргі күйеуімен біраз әбщенье-печенье болатын шығар енді :)
araika
Кешегісін көре алмаған едім, жоғарыдағы пікір авторларының бірде-бірі Астаналық топтың атын білмегені ме?
Менің ойымша, Z триосы болу керек, егер телефонға қатысты жоғарыда үзіндісі келтірілген ән болса...Өзіме ол әндері ұнамады, бір концертте жігіттерге жақсы деген баға қойған ем, сахнадағы алғашқы қадамдары соған тұрарлық болатын.
Aikona
Қайрат Баекенов пен Формат тобының орындауындағы «Телефон» әні. басында да көрсеттік негізі.
araika
Қызық, мен бұл әнді Z триосы орындайды деп жүрсем, мүмкін топ атауы өзгерді ме екен? Еларна да ашылмай тұрғаны (((
TERISKEY
жоқ, топ атауы өзгерген жоқ. Зет триосы ол әнді тек Жас қанатта айтып шықты. Оригиналы Қайрат Баекеновтікі ғой.
araika
хех, ұшып түскен болар бірден :)
Түсінбейтінім, ән жетпейді ме бізде? Жарайды, әр әншінің орындауында әр түрлі дейік, сонда да…
TERISKEY
Ұшып түскен болар деп Зет триосына қатысты айтып отырмысың? Олай болса, олар ұшып түспеді, сәйкесінше 3-орын алды.
Gulistan
Кешегі концертте ешқандай ерекшелік болмады. Жюриде отырғандар Жұбанышты бірден ардагер сапына итеріп жібергендей…
Nurgisa
Ондай ишарат байқамадым. Жұбаныш жанды дауыста керемет орындап берді. Мен бірінші мәрте есіттім кешегісін, үйдегілер репертуарында біраздан бері бар екенін айтты.
Erkekyz
Жебені тыңдай алмадым. Ол кезде КВН 50(көптен бері бұлай жақсы күлмеп едім) жылдығын көріп отырдым. Қайрат Баекеновтың даусы жақсы дегенмен де, тек өлеңі арзан демесек. Назқоңырды айтқан Премиум бе еді, жақсы айтты, респект!
Шынымен жастардың арасында Жұбаныш няғып жүр? Олардың алдында оның абыройын түсірмейді ғой бәрібір. Әлияға "қоя сал, сіңлім" дедім. Арнау тобының әнінде мен даже құндызым деген сөзін де түсінбедім шынымды айтсам, миымды ашытып жіберді өлеңі. Азаматтың бәрімен ұрысып кетуі ужас енді, көпшіліктің алдында еркектердің әйелдерден асып бажылдасып кетуі жәмән екен.
Jacqabaies_Chirac
Азаматтың бәрімен ұрысып кетуі ужас енді
типінақ шоу жасап жатыр да енді
satibaldi
Соны айтам лібә, бұ қаззаққа бір қой жақпайсың
konvict
Көрмеппін, көрмеймін де. Бақыт деген осы екен ғой
Nurgisa
Бақыт деген мынау, конвикт:

bazuka
Нұрғиса бұл Фиона ғой)))
saken
үсті басындағы не пәле?
Erkekyz
Детектор лжи сияқты ғой.
konvict
Бұқақақа, рахмет Нұраға!!!
sammita
1. 2011 жылдың ең үздік әні
2. Ең ҮЗДІК әнші (ер адам)
3. Ең Үздік әнші (әйел адам)
4. «Үздік бойз-бэнд» яғни жігіттерден құралған топ
5. «Үздік гёлз-бэнд» яғни қыздардан құралған топ
6. «Үздік бейнебаян»
7. «Жылдың жаңалығы»
8. Баян Есентаеваның жеке сыйлығы
9. Қазақ эстрадасының дамуына қосқан үлесі үшін
сонда қазір ең үздік хит ән ҒАНА таңдалуда, ал кейінгі номинациялар бөлек өте ме? әлде біржола дәл қазір өтіп жатыр ма? Жалпы қанша уақыт болады бұл сайыс?
Aikona
Соны менде түсінбедім, тек жыл әнін таңдап жатқандай болады ғой :)
AKY
Очым әндерді әр апта сайын таңдап алады да, кейін жаңа жылға қарсы сол әндердің гала-концерті болады. Солардың арасынан барлық номинацияларды таңдайды. Ал ең мықтысы 2011 жылдың ең үздік әні сыйлығына ие болады.
sammita
түсінбегенім дәл қазір хит әндерді ғана таңдап жатыр да қырылысып. Бейнебаян, үздік топ т.б. іріктеп жатқан жоқ.
AKY
соның арасынан алад дейм.
sammita
онда әділ емес екен.
Aikona
шынымен әділдік байқалмайды :)
Altygradus
Таңертең Зеремен сөйлескесін, мамааа сондай құсық әндер, небір әншілерді көрмей тыныш Жапонияда жүргенім қандай жақсы деп едім:)) Жазғандарыңды бір оқып шығып, ол пікірім одан әрі беки түсті:)))))
Бір-бірден шығып, қақшиып ән айтатын, не болмаса «Бәріміз бірге» деп маймылдарша билеп жүретін, одан қалса «Давай екеуміз дует айтайық» деген әншілерді қуу керек сахнадан!
әлі осы деңгейден көтерілмей келеді ғой.
Жазғандарыңды оқып мен де Айконадай мен Сатыбалдының бір айтқанын еске алдым, «шетелде деген арып, аршып, би үйреніп, дәріс алып жүруші еді әнші болам деген адам» дегені есіме түсті:)))
Шынымен ғой бір өзі шығып алып, не 3 қыз, 5 жігіт не 4 жігіт боп шығад та микрофонды ұстап сахнада тұрады қақшиып, бір би құрастыру деген жоқ атымен. Не бір әнінде мағына болсашы
Aikona
Өздері ойланбаса, санаға жеткізу қиын нарсе ғой))
Zilola
Әлия деген Әбілқайырдың Әлиясы ма? әлде мен шатакаласып отырмын ба?
TERISKEY
сол сол
Zilola
қандай ән орындады?
Жауында ма? жоқ әлде «нәзік сезім бірақ, қалдым неге жылап» деген бе? әлде «Ортамызда Төлеген тұрсың зорға ахау» болмаса «Бауырым сен бұл күнді көреалмадың ба»?
TERISKEY
Ақ сезім деген әнді айтты. медляк
dark_nazgul
аАқ сезім асылым, ақ сезім, жан сырым деген бе?
AKA
Мінекей, тыңдаңыз :)
saken
кешегі көрсетілімде Жұбаныштың айтқан әні ұнады. Бірақ түсінбегенім конкурстан тыс ән болды ма екен?
Қазылар өз бағасын қойғандарымен, көрермендерге дауыс беріңдер деп үндеу тастамады. Сарапшылар да ештеңе айтпады…
Nurgisa
жюриер комментсіз қырық берді, сарапшылар тұра қол шапалақтады. Бұл бағаның зоры. Конкурста Жұбаныш ағаң. Таза жеңіс дейді мұны.
Gulistan
Көр де тұр, ертең басқа біреу алып кетеді көп дауысты!
Nurgisa
Мәментті пайдаланып айтайыншы: анау Е.Мәулен, Алишер Каримов дегендердің «елім, қазағым, жұртым!» дегені орынсыздау деп бұған дейін Ақзере айтты-ау деймін. Сол сөздің жаны бар. Продюсерлері мықты сияқты, промоушындары жаман емес. Талант Арынғазымен «таласып» «мәжбүр болдымды» тәпсірлеп тұрған жері қызық көрінді.
Gulistan
Алишер ештеңе демей-ақ қойсыншы осы!
Aizhantabyn
Еркіннің әнінің әуені қай шетелдік әндікі? Кеше алғаш рет естідім, бірақ музыкасы өте таныс боп көрінді. Еш есіме түсер емес(((

Жұбаныш ағаға жететін ешкім болмады. Орындау мәнері де, даусы да ерекше әнші ғой. Мейрамбектен кейінгі жұлдыз)))
araika
Бүгін Хит боларлық ән орындалмаған сияқты.
Самал тобы «Сезім азабын» орындағанда ғой :) Маған жәй ғана ұнайды.
meirzhan
«О, махаббат» нағыз хит. Осы жыл бойынша.
araika
Меломанның басқа әндері «О, махаббат»-ты шаң қаптырып кеткені қашан?! :)
meirzhan
Бүгінгі орындалған әндерді есепке алып та айтып тұрмын.
dark_nazgul
қарай алмаймын осындай бла бла бла шоуларды… мен ән тыңдағым келеді, ал Дина мен басқалардың пікірі жыныма тиеді…
AKY
Диная прәмі раздражает…
dark_nazgul
Дина Төлепбергенованы Бейбіт Қорғанға «тауарлық түріңді жоғалтып алма» дегеннен кейін тыңдағым келмей кетті)))
AKY
Әркімге бір секіріп отырғанын түсінбедім, голодняк по ходу)
AKA
Иә, тым артық кетеді, ұнамайды. Қалқаман Сарин әдемі жеткізіп отырды пікірін.
AKY
Қалқаштан да көңілім қалды аздап:))
Aikona
Қалқаман бір жақты пікір айтып отырды, тек Асан Пердешовқа айқан пікірі ұнады, Ох Пердешовтың әнінің сөзіне құсқым келді блин
bazuka
Самал тобының әні ұнады, музыкалық аспаптарда өздері ойнауы плюс. меломен тобы өткен жылғы әндерін айтты, ұмытпасам 2010 жылдың жаз айларында ротация жасалып жатқан сол әнге. осы байқауға халық әндерін әкелетіндерді түсінбеймін, бұл бір жағынан ұйымдастырушылардың қатесі шығар.
TERISKEY
magan sol Samal tuk te unagan jok.
Aikona
Шынымен Азия тобының әні уже хит болып кеткен ән, жарысқа халық әндерін бекер әелді. Кеше былай іліп аларлық керемет ән болмаған сияқты Азияны қоспағанда. Айтпақшы, Жігіттердің кешегі әні кімде бар салыңдаршы өтініш
AKA
«Азия» тобындағы Ринаттың даусы жоқ сияқты, Нұрсұлтан қиналып айтқандай әсер қалдырды. Ерболдың даусы жақсы, биді де өлтіреді :)) Кеше орындаған әні

Aikona
не ғой сол клипке қатты ғашықпын дей салайыншы :))
araika
Жалпы, бұл бағдарламаның басты мақсаты — осы жылдың Хит әнін таңдау болса, неге біз оның әнінің ішіне, әншінің орындау шеберлігіне тоймай, әншінің жеке басына(оның ішінде киім үлгісіне)қатты мән беретін болғанбыз? Егер киіміне мін тағар болса, сол әнді көтерсін де кейін былай шығып та ескертіп айтуға болмас па? Өкінішті...Інжу айтпақшы
meirzhan
Әннің музыкасы мен сөзін бағалауға шамасы жетпесе, жеке басынан мін іздейді  Әсіресе сарапшылар.
Zere
Бүгінгі күнгі хит ән Асқар Жүнісбековтың "Қазақстаным" әні болды, алдыңғы аптада "Үндемейсің" әні. Бұдан кімдер смс жіберіп, қолдап жүргені айқын бола бастаған сияқты және көрермендердің (яғни қазақ тыңдармандарының) талғамының қай деңгейде екенін байқауға болады. Бағдарлама қызық болғанымен, біздің көрерменнің талғамы биіктемейінше арзанқол әндер хит ән болып жүре бермек.
Esdaulet
Бұдан кімдер смс жіберіп, қолдап жүргені айқын бола бастаған сияқты.
кімдер екен?
meirzhan
Батыстың ішпиендері дауыс бергені айдан анық емес пе?! Арзанқол әндерге дауыс беру арқылы оларды қазақ ән өнерінің төріне шығарып қояды. Сөйтіп халықтың талғамы, шоу бизнесіміз төмендей береді. Аттан, қазақ!!! Ел боламын десең, шоу-бизіңді түзе! Алаш! Вакидзаси жарқылы!
bazuka
неге Батыстың ішпиендері деген сұрақ мазалап тұр))) кімдер олар?))
meirzhan
Әлгі Джунд бірдеңе деген ұйымның іздері де Батыста жатыр дейді ғой.
Кім екені әлі анықталуда…
araika
Жалпы бүгінгі бағдарламадағы әндер шабысы бірдей, ішінен біреуін алдыға оздыру мүмкін емес сияқты. Ал сарапшылар мен әділқазылар күн өткен сайын шыңдалуда, шыны керек
satibaldi
Әнің — құсық, өзің — чмо деп ату да шыңдалу болып па.
Onlasyn
Неге құсық екенін, неге чмо екенін бір негізге сүйеніп айтады ғо. Құр әшейін емес
araika
Мұндағы шыңдалу тырнақшының астында болу керек-тін.
Қазір олар бәрін қойып, бір-бірімен «атысуда».
Aikona
1- айтқан жігіттің әнімен бөлісе отырсаңыздар
araika
Орындаушы Ерден, әннің аты "Өмір — көктем" <img src="" />
Erkekyz
Кеше бір көріп, бір көре алмай жүрдім. Әйтеуір Баянның изумрудное платьесіне сындым.
Aikona
иа, өте әдемі екен. Кеше маған Тұрсынбектің әзілдері ұнап қалды Жалпы алғанда бағдарлама түзеліп қалған сияқыт, тек Баянның орысша сөздерді көп қосқанын есептемегенде.
saken
Баянның қазақша сөйлегеніне қуаныштымын әйтеуір.
Aikona
 иа оны ескермеппін
omarbirat
Тәп-тәуір оқитын болып қалған шынымен. Акценті онша байқала бермейді
Maya
баянның бүгінгі жетістігі Тұрсынбектің арқасында деп ойлаймын. Өйткені бағдарламаның алғашқы көрсетілімдерінде Баян үнемі орысша сөйлейтінді, қазір тәп-тәуір болып қалды. Тфай-тфай...
saken
жиырма жыл Тәуелсіздікте сөйлмеген адамды 20 сағатқа жетпейтін уақытта сөйлете білсе, Тұрсынбек мәләдес екен!!!
Maya
Сәке, енді қазақ тілінің майын тамызып тұрған жоқ әрине, бірақ Аллаға шүкір, біршама жақсарып қалғаны көрініп-ақ тұр.
meirzhan
«Меломен» тобына жеңіс тілеймін! «Күн нұрлы ханшайым» әні әлемдік хит екенін бұрын білмеппін. Дегенмен шетелский мотивтерін бұрын тыңдағанда байқағам. Шынында да шетелдің әнін айтса да қазақылығын жоғалтпайтын жігіттер.
AKA
Мен де «Меломен» тобынің жеңісін қалаймын, жігіттер мықты!

Altygradus
мына әнді кімнен ұрлаған шото таныс әуен
meirzhan
Ұрлаған болғанда ұрлаған деп айта алмаспыз. Авторы көрсетулі — Бейби Фейс ди ма сонда очм. Сөзін аударған. Әні шетелдікі.
Altygradus
аа аффтордың келісімін алса болағаны, әйтпесе жып еткізетіндер бар ғой))
meirzhan
Келісімін алғанын білмеймін  Бірақ автор ретінде осы кісіне көрсетуде.
Gulistan
Ал, жамандаңдар
Aikona
Джаман айттыңыз ғой
Gulistan
Бұған сын көп болатындықтан жазғаным ғой. Кім көре алды? Мен тек «Заман» айта бастағанда көзім шалып қалды.
Aikona
кеше «жыл жаңалығын» таңдады. Көп танымал емес, жас әншілер келді. Маған Заман тобы ұнады, содан соң ЖасStar ұнады.
Gulistan
Мен «Заманға» ештеңе демесе екен деп отырдым. Бірақ костюм-шалбар тақырыбы тағы айтылып кетті ғой
Aikona
Иа, ол тақырып қалмайтын шығар, бір жағынан ол да дұрыс шығар
Abilakim
«Заман» деген шынында да жаңалық болды.
Aikona
дауыстары керемет қой
Gulistan
Ия. "Өмір-өзенін" жиі тыңдап тұрамын.
Aikona
кешегі әндері де ұнады маған
Aizhantabyn
жанды дауыспен айтқанын естігем МузАрттың концертінде — ұят, ұят, масқара болды да қалды( Меломенге көңілім толмайды.
Aizhantabyn
УУУПС! Мен мұны Аканың сөзінің астына жазайын дем ем, саған кетіпті, құрбымка))))
ErNur
Айкона сіз жиі қарайтынға ұқсайсыз не ғой кешегісі емес алдыңғы аптасындағысын көріп пе едіңіз топтар арасындағы әлем классикалары номинациялары бойынша өткен?
Aikona
Басында тақырып көтеріп қойғасын жібермей қарауға тырысам. Алдыңғы аптада «Үздік бойз-бэнд» ті таңдадық деп айтты, классикалық әндерге қатысты ештеме айтпағандай болды, аудармалар дегенге келетін болса керек. Бірақ кімнің өткенін айтпады
ErNur
Бұл шоу ғой енді, менің ойынша мұнда бәрі кімнің өтетіні белгілі болатын сияқты смс дауысы деген әншейін сияқты, ия сол топтар сайысында менің көзім жетті өйткені дауыс саны еларна сайтында рейтингтері өтірік көрсетіп тұрғанын білгендей болдым
Aikona
Білмеймін, мен че то сол рейтинкге мән бермеппін, мүмкін солай таңдап алған болар өздері, өйткені съемка 2-3 аптаға бірақ түсірілетін сияқты
Gulistan
Мен қарадым. Монотонно болған сияқты. Алмас Кішкенбаев пен Сәкен Майғазиевтер топ ашып алғанын сол жерден көрдім.
"Үздік ән" номинациясында Дәуреннің «Таңғы қаласы» топ жаруына тілектеспін.
Aikona
Парасат енді біраз танымал боп қалды ғой, Классикті менде сол жерде 1- рет көрдім. Былай, жақсы топтар, маған ұнады. Мистерионста сол күні тәуір айтты. Білмеймін, жыл әні дегенге ешқандай әнге нақты тоқтай алмай қойдым. Бұрын МұзАРТтың «Ол көктемін» бірден таңдаушы ем))
Gulistan
Мистерионстың шағын көрінісіндегі шөлмекке тиісіп, біраз сөйлегендерін ұнатпадым.Идеологтар өңшең
Gulistan
Дина Т Меломенге залда отырған қыздардың қолын сүйдіргені естен кетпейді, ұят сияқты.
Aikona
тым шектен шығып кетті, тым артық
Abilakim
Кеше Маржанды жаман өшірді.Ринат қой деймін өшірген.
Aikona
Бірақ Маржан дұрыс айтты
ErNur
Ринатты Асхат өшірді бірақ жақсылап
meirzhan
Олай айтпас ем, Ринат өшіре алады-ау. Айтысқа қатысып тәжірибесі бар ғой, просто әр сөзіне жауап беріп, салғыласқысы келмеген шығар.
Осы сарапшылар әділ қазы бола алмағынан қызғанып отырғансияқты боп көрінеді де тұрады.
Aikona
Негізі осы Саз әлемі басталғалы эстрамыздың тең жарты әні соныкыма деген ой келді, блин даже раздражает. Озінің әндерінің сөздері кереметтей бола қалады, сарапшыларды дым дей алмай қалады.
meirzhan
шынында керемет қой онда, Айкона  сұраныс бар
Aikona
сұраныс көп бола берсе, өлеңнің құны кетеді. Ақын- сауын сиыр емес қой
bazuka
Ринаттың сөзін «есі дұрыс біреуге» жаздырындар дегені біртүрлі екен, эфирде олай айтуы дөрекілік
Abilakim
қатты өшкен жоқ. Ринат расында да өз әндеріне 8 қойғантын алдында.Асхат та Маржан да өздерін бар салада білімдіміз деп ойлайды.Маржанды Бағымда өшірді ғой.Он әннің атын аташы, нотасымен қосып ұрланғанын дәлелдеш деп
meirzhan
Сіздің де айызыңыз қанды ма  
Орынсыз сөйлегендерді орындарына қойғанда әсіресе Бағым, Қалқаман, Ринатқа разы боп қалам. гладиаоторларссс
AKY
Қалқаманның біреуді орнына қойғанын көрмеппін. Өтірік сөйлей салады.
Ринат анау «сағынамын сені, сағынбашы мені» деген сөздері құсық әнге Асхатқа ерегісіп 10 қойғаны мүлдем дұрыс емес. Біреуге ерегісетін болса, оның қай жері әділ қазы?
meirzhan
«Сағынамын сені» әнінің ұнағанын айтты ғой. Бірақ сөзі қырғызшадан аударғандықтан қандай деңгейде екенін айтты. Асхат үшін 10 балл қойғаны артқа шегінгені сияқты. Сарапшылармен алыстым, кінә қойма дегені ме екен.
Қалқаман дипломат
Aikona
Бағдарламаның басты фишкасы сол ғой, бір-бірімен қырылу. Бір адам барлығынан керемет білу мүмкін емес, сондықтанда толықтырып, кемшілкітерді айта білу де керек сияқты. Асхат Садырбай негізі дұрыс пікір айта біледі екен.
meirzhan
Асхат Дина төлепбергеннің ар жақ, бер жағы сияқты
AKY
Диночканың орны