Автомобильдің медициналық қобдишасы. Өз қолыңмен жина!

Автоәуесқойлар клубы: Автомобильдің медициналық қобдишасы. Өз қолыңмен жина!
Қандай дәрі-дәрмек болуы керек?
2015 жылғы 11 қаңтардан бастап елімізде автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасы жаңадан жасақталуы тиіс. Бір жақсысы, «зеленка», «йод», «кеторолак» секілді алғашқы көмекке еш қатысы жоқ препараттар алынып тасталды. Енді жаңа тізім бойынша мына дәрілік заттар болуы керек:
  • сутегі тотығының 3% ерітіндісі (1 флакон),
  • зарарсыздандырылған дәке бинті 5м *10 см (1 дана),
  • зарарсыздандырылмаған дәке бинті 5м *10 см (1 дана),
  • зарарсыздандырылмаған дәке бинті 7м *14 см (1 дана),
  • зарарсыздандырылған медициналық дәке салфеткалар (1 дана),
  • зарарсыздандырылған таңу пакеті (1 дана),
  • зарарсыздандырылған медициналық гигроскопиялық мақта 50 г. (1 дана),
  • қан тоқтатқыш жгут (1 дана),
  • бактерицидті лейкопластырь (5 дана),
  • медициналық лейкопластырь (1 дана),
  • эластикалық түтікшелі бинт № 1, 3, 6 (бір бірден),
  • зарарсыздандырылмаған медициналық қолғаптар (1 жұп),
  • доғал ұшты қайшылар (1 дана).
(Тізім Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің сайтынан алынды)

Қобдишаға шығындалма
Бұған дейін менде аптечка болып көрмеген еді. Жаңа бұйрық шыққаннан кейін, жасақтап алайын деп шештім. Қобдишаға шығындалмадым, үйде Жаңа жылда біреулер сыйлаған, ішіне тәттілер салынған фанера қорап бар еді. Ішіндегілерді жеп тауысқан соң, соны медициналық қобдишаға бейімдеп алдым:
Автоәуесқойлар клубы: Автомобильдің медициналық қобдишасы. Өз қолыңмен жина!
Қобдишаға қатысты нақты талап жоқ. Бастысы дәрі-дәрмектерді сыртқы факторлардан қорғайтындай болса жеткілікті.

Міндетті дәрі-дәрмектерді іздеу
Ең басты мәселе — қажетті дәрі-дәрмекті табу болды. Үйдің жанындағы шағын дәріханадан бәрін тауып аламын десеңіз — қатты қателесесіз. Өз басым талай дәріханаларды аралап, әрең жинақтағандай болдым. Дәлірек айтқанда — толық жинақтауға аз-ақ қалдым. №6 эластикалық түтікшелі бинтті 1 апта бойы іздеп әрең тапсам, ал зарарсыздандырылған таңу пакеті ешбір жерде жоқ болып шықты. Бір фармацевт қала бойынша ешбір жерден таба алмайсың деп қорқытып қойды. 1-2 аптадан кейін тағы сұрастырып көру керек, мүмкін жаңалары түсіп қалар.

Ал бұның бәрі аптечка туралы бұйрықтың шалалығынан ба деп ойлаймын. Олар осы препараттарды жарияламас бұрын нарықты зерттеп алуы керек еді: дәрі-дәрмек қажетті мөлшерде бар ма, жоқ болса дәріханаларға алдын-ала тапсырыс беріп қойыңдар деп ескертілсе — жаңағы мәселе туындамас еді. Таңу бинті деген негізі хирургтардың ғана арнайы тапсырысымен келетін нәрсе екен. Дәріханаларда бола бермейтіні де сондықтан, ол тек операция үшін бірден ауруханаға жеткізіледі. Сөйтіп, 13 міндетті заттың 12-сімен әзірге жүре тұрамыз. Айтпақшы, сатып алуға барғанда қажетті дәрілердің аты-жөндерін орысша апарып көрсетіңіз, бұл заттардың қазақ тіліндегі аттары барлық жерде бірдей емес және жалпы дәрілік атаулардың қазақшасы кең қолданыста емес екенін түсінетін шығарсыз.

Дайын аптечка бар емес пе?
Дайын аптечка туралы армандамай тұра тұрыңыз. Жаңа тізім бойынша жасақталған қобдишалар 2-3 айдан кейін ғана сатылымға шығады екен.

Аптечканы қайда қоямын?
Автоәуесқойлар клубы: Автомобильдің медициналық қобдишасы. Өз қолыңмен жина!
Қобдишаның машина ішінде орналасуына қатысты да бекітілген талап жоқ. Ең бастысы күннің көзінен аулақ, қажет кезінде тез табылатын жерде болуы керек. Форумдарда автомобильдің білгірлері ең қолайлы жер — жүргізуші орындығының асты деп есептейді. Күн түспейді, ауа температурасы бір қалыпты, қол жететін жерде.

Барлығы (әрине таңу бинтін есептемегенде) 2100 теңгеге шықты. Негізі бұдан да арзанға шығуы керек деп есептеймін. Ажиотаж кезінде фармацевттер пайда көрудің амалымен бағаны сәл өсірген шығар деген күдіктемін. Ең қымбаты басы доғал қайшы болды — 1400 теңге.
Әрі қарай

Шыңғысхан - беларусь

Ғылымдыкі орнында тұрмайды. Қаззақтарды күтіп-күтіп шаршаған ғылым, XVII ғасырдың бірінші жартысында күдерін біржола үзіп, өз бетінше даму жолына түседі.
Әрі қарай

Айқын жолға апарар

Ізденіп ғылым жаққа жақындалық,
Бос жүріп бекер іске шашылмалық.
Еліміз ашып жатыр түрлі өнер,
Не керек бейқам жатып, қапыл қалып.
Болғанда білім -дария, ақыл –қайық,
Мініп ап етек, женді батырмалық.
Парасат, білім, ғылым, тәртіптік өрнек,
Осыдан басқаларға шатылмалық….
Әрі қарай

Мәдениет менің түсінігімде

Мәдениет — адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті деп, солай ойлаймын. Негізі, баршамыз орты сыныпта мәдениет туралы өзіндік ой қалыптастырған, саналы азаматтармыз.
Бәрімізге аян, мәдениет пен қоғам ажырамас бөлік. Екеуін ешқашан бөліп қарастыруға болмайды.
Себебі, мәдениеттің қоғамда атқаратын қызметтерін талқылауға салсақ. Алдымен қоғам және мәдениет ұғымдарында қаншама ұқсастық, үндестік болғанымен, олардың арасындағы мағыналық, айырмашылықты естен шығармаған жөн. Қоғам — әлемнің бір бөлігі, белгілі бір мақсаттарды іске асыру жолында әрекет етіп жатқан субъектілердің (тұлғалардың, топтардың, этностардың, мемлекеттердің) байланыс нысандары. Яғни, қоғам үғымындағы негізгі мәселе — адам және оның ұйымдасу нысандары, бұл ретте қоғамды зерттейтін басты ілімді әлеуметтану деп атайды. Ал мәдениет осы тұрғыдағы қоғамның белгілі бір қасиеті, көрінісі, сипаты мазмұнында қолданылады. Осыған дейін қарастырылған ұғымдарды негізге алып, қоғамдағы мәдениеттің төмендегідей қызметтерін айқындау мүмкіндігі бар: Адамды калыптастыру қызметі. Бұл — мәдениеттің қоғамдағы басқа қызметтерін бойына жинақтайтын және оның негізгі мазмұнымен тікелей байланысты нышан. Егер біз адамды әлде құдай, әлде табиғат, әлде еңбек жаратты деген пікірталастардан сәл көтерілсек, адам мәдениетті, ал мәдениет адамды қалыптастырғанына көзіміз жетеді. «Жеке адам өзі өмір сүріп жатқан қоғамның туындысы, төл перзенті»
Ия, елімізде мәдение орындар баршылық.Неше түрлі шаралар ұйымдастырылады.
Бірақ, бәз бірнеше қалаларда театр секілді мәдниет орындары аздау етеді. Неғұрлым көп болса, адамның ой өрісінің дамуына әкеледі. Сондай — ақ, тек отандық емес және шетелдік мәдениеттен хабардар болады.
Ойымды жалғастыра, мынаны қоссам деймін. Мәдениет тек мәдени орынмен шектелмейді. Сонымен қатар, рухани материаолдық мәдени мұрамыз бар. Соның ішінде, ең маңыздылары: дін және тіл, өнер, салт -дәстүр, әдет -ғұрып және білім. Өнерді талқыласақ, қаншама бұлбұлдай сайраған, құдіретті, әсем әуезді әндерімен табындарған аңыз әншілеріміз баршылық. Мысалы, ' Король вальсі ' атанған Шәмші Қалдаяқовтың жақында Атырау қаласында жаңадан ашылған Неке сарайында НЗМ ұйымдастырылуымен, сол тұлғаның еңбектерін еске алу мақсатында үлкен кеш өткізген. Бұл барша оқушыға пайда болды. Қалай дегемен, мықты композитордің өмірімен танысты.
Бұл шараны алғаш болып, Назарбаев зияткерлік мектебі бастады. Болашақта, сол шара жалғасын табады деген ойдамын.

Керек тілші: Мәдениет менің түсінігімде
Ел басының сайланған күніне орай, Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Рахымжан Отарбаевтың " Нұржауған ғұмыр" атты шығармасына көрініс қойды. Өте әсерлі болды.
Оқушылар ролдерді сомдау барысында, рухани байлыққа малынды.
Бұның барлығын жазу барысында айтқым келгені: Мәдиниет — бұл әр елді өзгеше етіп отыратын қару. Қаншама ғасыр өтіп, талай ақиық жырауларымыз және ақындарымыз жоқ болса да, олардың еңбектері әркез санамызда. Міне, осыны да мәдениетке жатқызуға болады. Себебі, бұл кейінгі ұрпаққа табысталып отырады.
Айта кеткен жөн, мәдинетіміздегі ең қымбат байлық «Абай жолы » роман -эпопеясы, өйткені әлемдік деңгейде шығып отырған бестселлер. Міне, осы айтылған жайтта мәдиниет.
Қанша дәуір өткенмен, бұндай байлығымыз қор болмасы анық.
Әрі қарай

Қыз атаулыға "КОСМЕТИКА" керек пе ?!

Ал, сəлем бердік, қазақ жұрты! Бүгінгі əңгімем қыздардың боянып, сыланып жүретіні жайлы болмақ! Біреуіңіз бұл ұсақ — түйек əңгіме, бұдан да өзектісі бар дейтін боларсыздар, дегенмен «ЭГОИСТ» болуыма тура келеді! Себебі, мені қызықтыратын тақырып.
Жалпы, қыздар қауымы «КОСМЕТИКА» атаулыға өте жақын! Көп қыздар, бетіне опа-далабын жақпаса өзін ыңғайсыз, қоғамнан тыс қалып кеткен адамдай сезінеді, ал, бет бояулы болса өздерін сенімдірек сезеді. Сонда бұл косметиканың бір тылсым күші ме?! Əлде, психологиялық тұрғыдан адамның өзін-өзі қорғауы ма ?! Жасырмаймын, мен де қолымнан келгенше боянамын, бірақ айналамдағы кей адамдарға боянып жүрген келбетім ұнайды да, ал, кейбіреулеріне мүлдем керісінше! КЕРЕКИНФОНЫ пайдалана отырып, сіздерден сұрағым келіп отыр ,əсіресе жігіттерден, қалай ойлайсыздар қыздар үшін бұл керек пе?
Жəне тағы айтарым, тырнақ астынан кір іздеп, сөз менікі екен деп жаза бермей, салиқалы ойларыңызбен бөлісе отырсаңыздар, рахмет!
Әрі қарай

#ББББ. Соңғы шолу: Фенита ля блогиада

Блог - Boribay_Bekarys: #ББББ. Соңғы шолу: Фенита ля блогиада
Блогиада!
Бұл да бітті. Бұл да қу жалғанның мини-баламасы. Сондықтан басы бар, аяғы бар. Тек фәнидің фәнита кезінде ешкім миллион бермейді, ә?
Иә, сонсоң мини-баламаның өзінің мини-баламасы бар екен ғой. :)
Мен бәйгелеріңе кеш қосылдым. Бәйге — сіздердікі, менікі үлкен жолдың жанындағы шағын сүрлеумен жай қастарыңызда желіп жүру ғана ғой. Әйтпесе, шолудан ары аспаған мен шын аламанның ішкі күйінің қандай екенін қайдан сезінейін?
Блогиадада соңғы турдың тақырыбы — Блогиада. Болжанатын, күтілген тақырып. Қисынды бірақ.
Бүгін жай ғана оқып шығып, қисық тіл, қыңыр сөзсіз қоштасайын (шама келгенше). Онсыз да дұрысты-бұрысты сын айтып, мақтап-даттап, үтіріне дейін қаузаған кезіміз аз болмаған секілді.
Маралбек Сағынғанов, "Ойды ой қуады"
«Аса көп жазып қойдым-ау» деп тым асыра айтып қойған секілдісіз. Ұзақ емес, тиянақты пост, сілтемелі «Кешеңізді» зер сала оқыдым. Тәлімді, пікірлі. Десе де, жалпы ойдың сүдіні лаңкестерге қарсы тұру, қоғамның қауіпсіздігі жайлы болғаны әдіс ауқымынан тыс біртүрлі қабылданады. Бірақ тек блогиада жайлы бұлай жазып шығу мүмкін емес шығар, сондықтан «Ойды ой қуады» деген атау дөп қойылған. Аса кең маневрге мүмкіндік береді. Класс!
Осы шолуда сіздің әдісіңізді пайдаланамын деп шештім. Күллі блогиада мүддесі үшін. :)
«Ендеше, шапшаңдық танытқан блогерге тақырып та ертерек берілгені жөн.» — Ух сен! Марко-ми!
«Бұл блогиада тым ұзаққа созылды. Қатысқаныма өкінген сәттерім де көп болды. Басындағы бірнеше турдан соң көп адамның тайқып шыққанына да осы себеп секілді. Ендеше марафон қажет емес. Керек тілші сияқты бір айлық спринттер әлдеқайда тиімді болады» — Өзіміз қатыспағасын біз түсінбейміз. Мәйегі бар. Әйтсе де, бір айлық спринтте миллион тігілсе, анық әділдікпен қазыларға анықтап шығу ұзақ аламанды бағалағаннан гөрі қиынырақ болары сөзсіз.
Өз ойыңызды шынайы, тіпті біршама эмоциямен жеткізіпсіз. Көп жерлерімен келісуге болады. Жазба оқудан кейінгі кермек дәм кішкене мұңды ма, қалай?..
Маралбек, мықты адамсыз. Ал мықты блогер деген жай бонусыңыз ғана.
Асқар Базарбай блогиада туралы естеліктерін ұсынады
Мәтіндік естелік жазба, бұл доданы чемпион классикамен аяқтағаны да жөн шығар. Мазмұндық не құрылымдық жағын жіліктеп қайтейін (қазір блогиадада оған кілтипан қалдыратын блогер қалды ма өзі?), оқып шықсам да жеткілікті емес пе?
«Олар (иттер — ред.) қазанның қақпағын да ашып алып кете береді ғой» — уақақа! Келіншегіңізге дұғай сәлем айтыңыз!
«Иә, оны қазір мойындаудың реті бар шығар, атышулы диванымды мен тақырып берілмес бұрын жөндеп қойған болатынмын. Тақырып берілгенде көрнекілік үшін диванның тысын қайта шешіп алып, бүкіл процессті қадам-қадамымен қайта суретке түсіріп, симуляция жасаудың реті келді» — Ах сұмырай! :)
Диванға қатысты оқиғаңыз да, синемология жапсары да «Далбаса» ғо, бәрі «Далбаса». Ештеңе етпейді. Енді қазір оның еш маңызы жоқ.
Генератор жар болғыр сол бір кезеңде тіпті пост жасалмай қалғанда да, бәрібір блогиаданың жеңімпазы сіз болар едіңіз. Сіз секілді таланттар ертегіге сенбейді, оны өздері жазады.
Эльвира Ерғалина, "Қош, Блогиада немесе Ең, ең, ең…"
Естеліктер. Бұл да бір блогер тарапынан блогиада қиыны мен қызығы жайлы деректер.
"Қазылар алқасы Әйгерімге жоғары балл қойып, маған төмен ұпай бергенде түңіліп кеттім. Екеумізге бірдей баға қояды деп күткем" — Жеткізу түк рөл ойнамайды деген тұжырым ұстанғандай боп қалдыңыз ғой. :) Бұл да сынақ, гүлім.
«Көңілі көтеріңкі болса, бағаны үйіп-төгетін, мазасы болмаса, ұрысып тастайтын Ерлан Оспанға;
Қатені тізіп жазып, түзеу керек жерді бетіме басып тұрып көрсететін Асхат Еркімбайға;
Қанша қатал боп көрінсе де, ең жұмсақ, жекеде «Блогиададан кетем» деп жылағанымды сабырға шақыратын Тимур Бектұрға;
Қолы ашық, ең мейірімді жюриіміз Нұрғиса Асылбековке;
Менен 6-сы мен 7-сін аямаған, жазбам жәй ғана ұнамай қалатын Назгүл Қожабековаға АЛҒЫС АЙТАМЫН! Сіздердегі қаталдық менің блогерлік тұлғамды қалыптастырды, ізденімпаздыққа әкелді.
Ұйымдастырушы Аршат Оразға, демеуші Азаматхан Әміртайға рахмет!»
— Сөйлемнің анықтауыштарын қайдам, жеке сипаттауыңыз ғой, жалқы есімдеріне қос қолдап, бір шишалап қосыламын. Қазақтың тұңғыш блогиадасына үделі үлес қосқан осы шеберлерге шыныменен алғыс айтайық.
Эльвира ханым, осынау теориялық тармақты трасса тұйықталған сәтте, сіздің шыдамыңыз бен жігеріңізге тәнті, оның үстіне, сіз, қалай көзқарас білдірсек те, шынайысыз деп айтқым келеді. Классикалық блогер образы десе, сіз елестей бересіз.
Әйгерім Кеулімжай блогиадашылар әнін ұсынады
Әнмен аяқтайық, иә? Тіпті гимн боп кете ме барлық блогиадаларға?
Мағыналы өлең, сөздері дөп, оны менен гөрі сіздер әлдеқайда тәуір түйсінесіздер. Басқа несін шолайын…
Ал видеосы… Көркемдік жағын қаузап отыруға шама бар ма? Хнык-хнык. Жарайсыздар!!!
Әйгерім, сіз ерекше жансыз! Егер Қазақстанда 50 шақты Кеулімжай болса, біз ең кемел елдердің ондығына оңай кірер едік.
Блог - Boribay_Bekarys: #ББББ. Соңғы шолу: Фенита ля блогиада
Бұл блогиада ең талантты, не ең ойлы блогерді анықтап берді деп айқын тұжырымдай алмаймыз. Олай болуы да шарт емес шығар. Бірақ талантқа қоса тиянақтылық, ұқыптылық, бірбеткейлік пен тұрақтылық та ұзақ мерзімді аламанға қажет қасиеттер екені айқара анық болды. Осының бәрі тағы жүздеген қабілет пен қасиетке қосылып, ең мықты блогерді анықтайды. Бүгінде ол — Асқар Базарбай. АСҚАР БАЗАРБАЙ. Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік, қырықтан қазанат.

«Менің жазбагерлігім аса кең ауқымды, алуан бағытты: Мен кейде дін жайлы жазам, кейде дін жайлы жазбаймын» депті баяғыда біреу. :) Ал блогиада сан алуан мәселені көтеріп, қырғын тақырыпты егжеді.
Блогиаданың «Блогиадамен» аяқталуы заңды да шығар. Бірақ қалай басталып еді? Реттілігін сақтай отырып, Маралбек-стайл жасасам, ілкі блогердің күллі жазбасын тағы бір шолып, өзіңіз ұнатқанына қайта телміре қалмайсыз ба? Бәлки, қайта емес, тұңғыш рет…
Бәрі көктемде басталды. Ел жүдеңкіреп, денсаулығын нығайтуды ойлайтын кез еді ғой. Аузынан сүті кеппеген жас балалардай, мұндай жобаны алғаш көрген болгерлер әу бастан еркін суреттеп, көсіліп кетті де дей алмайсыз. Дей тұрғанмен, ақшаның буы ұрмай қоя ма, жазбагерлер халықты біраз қызық туындымен сусындата бастады. Бәріне бірдей Феттель қайда, біреулер соңғы келген көліктей қатардан шыға бастады. Біреулер ойнаған ойынының қызығы кеткен баланың кейпін киді ме, бәзбіреуге негізгі кәсібі кедергі болды ма, әйтеуір ақырғы әндері ерте шырқалғандар болғанын айтам да. Бұл да, ұзақ жолдық мініске шыдау — блоггингтің заңы шығар.
Блогиаданың ырғағына үйреніскен, қалған ділмәрлар шығармашылық қиялға ерік беріп, өзекті тақырыптарды көтеріп, елге еркін сауалдар тастай бастады. Тұрақты оқырмандары пайда болып, кәнігі кино жұлдыздары секілді ел танып, мойындай түсті. Жазбалар, әрине, әлеуметтік желілер арқылы да кең тарады.
Үшінші кезеңде іріктеліп қалған блогерлер өз дерегін таныстырып та, салыстырып та бере білетін. Интернет-журналистиканың тарландары «Бастан құлақ — садақа» деп, көсіле-көсіле тіпті құлақ кескен хардкор-ужастик те түсірді. Хехе, әзіл ғой. Дегенмен, жалпы қалыптасқан таптаурындарды бұзып шыққан жазбалар жиілей бергені рас. Мәселен, математикалық фоторепте сан алуан бағытты жазба болды. Кісі азайып, жартылай финалистер ұшқыр, дәмді, еркін жазатын, бұл бір секс кезең еді ғой, секс! Жазбалар бір қауіпсіз фастфуд секілді ерекше, яки жай кездесе бермейтін, таптырмайтын, тартымды да дәмді дүниелер еді!
Киім тақырыбының айналасында жеңімпаз анықталғандай көрінді де, сайыс тек рейтингтің екінші сатысын анықтауға жалғасқандай болды. Қалай болғанда да, тұтас жазба, күллі пост үлкен блогиадалық Ұлттық қорға айналып, қазнетке салған ең мығым инвестиция болғандығы жайлы өткен шолуымда да айтып едім. Бар болғаны осы ғана. Осындай жол. Қалай, оңай ма екен?
Талай тарлан блогердің туындысын оқыдым. Бірақ шолу жасамадым. Блогиадаға кеш келгесін, әрине. Бірақ, бұл да бір ми еңбегі, бұл да уақыт, сондықтан кеш келгенім де жөн болыпты деп ойлап қоямын. Иә, жалпы, қаласаңыздар, Бөрібай Бекарыс деген оралманның басқа шолуларын сол жақ, жоғары беткейге өтіп барып, сілтемелері арқылы оқып алуларыңызға болады.
«Фейк деуге тұра ма, ойлаңдаршы,
Оригинал артында сөз қалдырған?!». Мен де шама-шарқымша оқырман пікірін сарапшы ойымен тоғыстыра беруге тырыстым. Енді сіздермен бірге блогиада аспанынан жоғалмақпын.

Блогиада, осымен оның блогы ада. Қатысушылардың сыры мен мұңы, шері мен тері талай таңдақтарда қалып жатыр. Соңғы турда тек бір бөлшегі ғана шым-шымдап шықты.
Біле-білгенге, оқырман құқайы мен қазылар ұпайы да ауыр сын. Өзара талай оқиғалар болған шығар. Оның бәрі — кешегі күннің еншісі. Ал қазір — той. Қалай болғанда да, ең маңыздысы — жазбагерлердің бірін-бірі қолдау, алысқан аламанның соңында да ынтымақта ортақ қуанышты тойлау. Қазақ блогерлерінің адами қатынасы пәстенбесін. Блогерлердің бірлігі — сапалы контенттен де маңыздырақ. Бөлінгенді Бөрі жейді. :)
"Қазының жақсысы — тоңазытқышта" десек те, жюри болу оңай дүние емес екені белгілі. Ең бір мейірімсіз, бағаланбайтын жұмыс. Сондықтан, әлгіндегі Эльвира жазған қауымға алғыс айтып, береке тіледік. Биылғы жюри — әртүрлі, біріне-бірі ұқсамайтын өкілдерден тұрды. Біріккенде тәуір бір жүйеге айналды ғой деймін.
Иә, сосын жоба менеджерлері мен демеушілеріне (реттілігі дұрыс емес-ау дейм, ә?) құлақшынымды шештім. 30 градус аяз болса да.
Ал, құрметті оқырман! Келесі жылдың үздігі, бәлкім, сіз болып қаларсыз! Ағыстан қорықпаңыз, оған бір кірсеңіз, өзі-ақ иірімдеп ала жөнеледі. Тек жағаға ерте шығуға ұмтылмасаңыз, өзі-ақ жететін жерге жеткізіп тастайды. Секіретін трамплин — мына жерде.
Блогиада-2015 қатысушысы, жазбаңызды әркез фэньшуй бойынша орналастыруға жазсын! :) Сәттілік!



Бұл — БЛОГИАДА!

Суреттер Медет Жансанов, Қоңырбай Қазақ және Бөлтірікбек Алшынның ортақ еңбегінің арқасында жарқын дүниені көріп отыр
Әрі қарай

ТиынTube

youtube.com да канал ашып аз-маз ақша табудың жолдары.
Екі жолы бар екен (мен білетін).
Бірінші google.com мен тікелей келісімге отыру арқылы. Бұл жерде гуглдың Google AdSense қосымшасы арқылы жұмыс жүргізесіз.
Екінші жолы партнерлік компаниялар арқылы.
Мысалы:
www.air.io/
Алдымен бірге жұмыс жүргізуге ұсыныс тастайсыз. www.air.io/?page_id=1432
Оларға қызығы сіздің каналдағы тұрақты көрермендер саны, бір күнде қаралу саны, жаңа видеолардың жүйелі түрде жүктеліп отыруы. Бастысы авторлық құқықтың сақталуы. Егер үстіңізге шағым түссе сол каналға жұмсаған еңбегіңіз еш кетті дей беріңіз.)
Талаптарына сай келіп келісімге отырып жатсаңыз, сіздің олардың талабына сай келген видеоларыңыздың жанына $ белгісі шығып ақша түсіру басталып кетеді.

air.io сіздің видеоларыңыздың жанына, астына жарнамалық баннерлерді шығарып отырады. Бұл компания сізге жарнамадан түскен табыстың 70% аударады.

Менің практикамда 1 200 000 нан астам қаралымға таза 90 $ аударылды.

Егер сізге басқалардың қанша пайда тауып жатқаны қызық болса socialblade.com/ арқылы біле аласыз.
Мысалы мынау Жайдарманның ресми каналы:
Блог - Janasil: ТиынTube
Жайдарман

youtube.com да каналман жұмыс жасау, пайда табу жөнінде орыс тілінде ақпараттар жеткілікті. Сондықтан мыжып жазып отыру қажет емес шығар.

Шынымен қызығушылығыңыз болса мына видеоларды асықпай қарап шығыңыз:

www.youtube.com/channel/UCUnapro0qELV-TNQi6QUt_g

www.youtube.com/playlist?list=PLstGO9wcIpEbWCfvYIOikHVLRpbNyGneU

AIR Support
www.youtube.com/channel/UCfzaH_fgpUU-ixhME-cPyEA
Әрі қарай

Салауатты өмір салты: Өмір - күрес немесе мәні неде?

Керек тілші: Салауатты өмір салты: Өмір - күрес немесе мәні неде?
Әдетте, салауатты өмір салты дегенде мұрныма спорттың «иісі» келеді. Дегенмен, өмірді спортпен «сасытуға» еш қимаймын. Шыны керек, осы күнге дейін бұл тақырыпқа ми қатырған емеспін. Енді, міне, ойда жоқта ұйықтап жатқан қызығушылығымды теуіп оятты. Әңгіменің ашығы, менің өмірім спорт дегенде сорпасы BOSCH HGG 343455 газ плитасында 70-80 градуста төрт қайнаса да қосылмайды. Сондықтан салауатты өмір салтының мәні мен маңызын екі күн бойы іздедім...

І күн. Уәһәбиссің бе? — Мен мұғаліммін...

Бейсенбі күні сабағым (сағатым) болмаған соң жұмысқа (Байқоңыр «Космос» колледжі) бармадым. Ал жұма күні бармасам, үйіме ит ататындармен бірге іздеп келетін еді. Кафедраның іші мұғалімдерге толы екен. Оның да себебі түсінікті: кітапханада жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Шакимов ағайға жақындай бергенімде: — Уәһәбиссің бе? — деді. Таз таранғанша той тарқар демекші, бұл жалтыр бас кісі осы сұрағын үшінші рет қойған еді. Бәлкім, ер адамда сақал-мұрттың өсетінін білмейтін шығар. Әншейінде ауыз жаппас еркектің осы тақырыпта неге білімі жоқ екен, ә? Сонау Алматыдан Байқоңырға осыдан үш-төрт жыл бұрын көшіп келген елуді еңсерген еркек мүмкін діни ағымның тыңшысы болар? Тәблиғ жамағатпен палау жеп, сәләпиттермен бірге балақ қысқартып, сақал тарасқан шығар? Күдікті екен. — Сақал-мұртыңды қырмайсың ба? — деді. Рас, тықыр бас менің үнемі қырына бермейтінімді біліп, күнде таңертең айна алдында қырынуды әдетке айналдыруымды түсіндіргендей болды. Рақмет!

«Сұрағаның алдыңнан іздемей-ақ табылар» дегендей, сағат он бірден өте кәмелетке толмаған балалардың ісін қарастыратын капитан келіншек пен орыс жігіті (РФ ІІМ) колледжге келді. Жиналыста «мұрынбоқтардан» үлкендердің тиын-тебен жинап-жинамайтыны сұралды. Төретам мен Ақайдың боқмұрындары мәз болып, бірауыздан жоқ десті. Қап-қара Төренің көгерген көзі бұған дәлел бола алмады. Келген "қонақтар" да бәрін біліп отыр. Алайда мұғалімдердің студенттерді сессия кезінде «ақшаға отырғызатыны» туралы әңгіме болмады. Тіпті, грантта оқитын кейбір студенттердің сабаққа қалаған уақытында келетіні сөз етілмеді. Қызық екен… Ал кейбір билігі бар мұғалімдер бейшаралардан ай сайын «тапқанын» алып отыр.

Орыс жігіті төрт адамның төбелесін топтық бұзақылыққа жатқызып, жігіттердің әуелі колледждің "қара тізім қармағына" ілінетінін, келесіде қайталанса, РФ "ішкіштер" (Ішкі істер) мекемесіне тіркелетінін ескертті. РФ заңнамасында насыбайдың есірткі боп табылатынын да айтты. Нәтижесі темекінің айыппұлынан да көбірек болатынын қуана жеткізді. Жаңалықтан алыс жүретін мен үшін бұл жақында шыққан заң секілді немесе джируги-сул жасап, құлақтан паль чаги сам бон тари тебіс боп көрінді. Осы ақпаратты телефоныма түртіп отырғанымда бойымның қысқалығы, әрі кіші көрінетіндігім үшін ойы қысқа келіншек мені студент қатарына тықпалағанымен, мұғалім екенімді жеткіздім. Жиналыс аяқталған соң келіншектің қасына барып, қаладағы жастардың қылмыстық істері жөніндегі статистиканы сұрадым. Өтініш жазып, тек бастықтың рұқсаты арқылы ғана бұл мәліметке қол жеткізе алатынымды қазақшалап айтты. Ал мен салауатты өмір салты «тірі» кезінде жастардың қылмыстық әрекеттерге неге баратынын білгім келген еді. Әлде қоғамдағы рөлі әлсіз бе? Мәні неде?

Керек тілші: Салауатты өмір салты: Өмір - күрес немесе мәні неде?

«Представитель партии Нур Отан»...

«Десятилетие» стадионы жанындағы «Маяк» спорт кешеніне барып, жаттықтырушылардан салауатты өмір салтының мәнін сұрадым. Қой аузынан шөп алмас, той күндері мас болмас мен үшін бірқызық жағдай болды. Тәжірибе деген атымен де, затымен де жоқ. Логикалық тұрғыдан бара салып сұрақтарға жауап алып қайту оңай көрінді. Бақытыма қарай, футболдан жәй ғана доп беріп ойнатып қоятын Қанат ағай жұмыс орнында екен. Ол балаларды жаттықтырмайды, ештеңе үйретпейді. Бар болғаны екі-үш сағат футбол ойнап қайтатын едік.

Керек тілші: Салауатты өмір салты: Өмір - күрес немесе мәні неде?
Қанат ағай балаларға мені «представитель партии Нур Отан» деп таныстырып жіберді. Қақпасына гол, бәлкім, бір күні партия қамқорлық танытып, партиясына қоса жатар. Тек бір ғана себеппен Нұрсұлтан Әбішұлы менің де президентім. Жоқ, қазақ болғаным үшін емес. Колледжде айлықты теңгемен алатыным бар. (Әйтпесе деймін-ау, заңы РФ-ға бағынып отырса, әкімі Мәскеуде бекітілсе, сауда рубльдің тілінде жүрсе, кәсіпкерлер мен Halyk Bank-тегілер, базардағы қатындар халықтың тапқан-таянғанын валюта бағамын күн сайын ойнату арқылы жырып отырса т.б. себептерге реалистік тұрғыда қарайтын болсақ, бұл елдің президенті Путин болмағанда несі қалды). Басында қазақша сұрақты түсінбейтінін, орыс мектебінде оқығанын алға тартты. Содан соң қалтасынан қағазын шығарды да, айтатын сөзін жаза бастады. Сөйтіп, диктофоным мұрнына тақалған күйі жауап берді:
Салауатты өмір салты денсаулық үшін керек. Тәрбие болады. Бала спортқа қатысса, далада жүрмейді. Іііі… Боғауыз айтпайды. Жауапкершілігі болады, үлкендерді сыйлайды. Екінші сұрағыңа келсек, салауатты өмір салты жалғыз спортта емес. Оған деген дұрыс тамақтану мен ұйқы керек. Ата-анасының тәрбиесі керек. Сосын… спортта темекі шегеді дей ме, насыбай атады дей ме, сыра ішеді дейді ме, ондайға мен тіпті қарсымын. Спортты ондай нәрсеге қосуға болмайды мүлдем. Жаттықтырушы боп жүргеніме он жылдай болды. Оған дейін жас кезімнен бастап футбол ойнадым осы қалада. Байқоңыр құрамасында ойнадым. Бала кез келген спортқа бара беру керек. Тамақты мезгілімен ішуі керек. Сабағын жақсы оқуы керек. Сосын әке-шешесін, үлкендерді сыйлауы керек.
Керек тілші: Салауатты өмір салты: Өмір - күрес немесе мәні неде?Жалпы, бірінші сұрақ ретінде салауатты өмір салтының мәнін, қаншалықты қажет екенін алдым да, келесі екі сұраққа: салауатты өмір салтының спортқа ғана байланып-байланбағанына, спортта жүрген ішіп-шегетін жастарға байланысты пікір керек еді. Стадионға барып, бокс бапкері Айбек ағайдан салауатты өмір салтының мәнін сұрадым. Әлбетте, мұрнына диктофонымды тақай алмадым…
Салауатты өмір салты адамға жауапты болуы үшін, дені сау, дұрыс жолдағы адам болуы үшін керек. Бокспен 18 жыл айналысқам. Байқоңырға келгеніме екі жыл болды. Спортта жүрген темекі шегетін жігіттер белгілі бір мерзімге дейін ғана шыдайды, әрі қарай қалады. Мына он екі баланың арасынан екі-үш боксшы шықса да жетеді. Кейде табиғатынан талантты боксшылар болады. Олар ішіп-шексе де, спортта жетістікке жетеді.
Суретке түсіруімнен, тегін жазып алудан күдіктенді, келісім бермеді. Бұл да сақал-мұртыма америкалық үлгіде қайта-қайта қарай берді. Өзінің шашы өсіп кетіпті. Бір кезде белсебетпен тағы бір жаттықтырушы келе қалды. Қазбек ағай екен. Бұл кісі диктафонға жауап беруден мән таппады. Мен де есімде қалған сөздерін келтіріп отырмын. Иә, сөйтіп, ол кісі темекісін шеккен күйі:
Не үшін керек дейсің бе? Өзің нашақор адам мен спорт адамын салыстырып көрші. Салауатты өмір салты деген тек қана спорт емес. Балыққа бару, тауға шығу, демалу, саяхаттау т.б. салауатты өмір салтына жатады. Өзім темекі шегем. Бірақ бізге қазір ол аса маңызды емес. Темекі шекпегенмен, спортқа икемі жоқ адамдар да болады.
Керек тілші: Салауатты өмір салты: Өмір - күрес немесе мәні неде?Есте сақтау қабілетімнің әлсіздігі тағы бір мәрте күмілжіте түсті. Сөйтіп, бірінші күні салауатты өмір салтының мәнін қайыршыға тиын тастағандай тапқандай болдым. Салауатты өмір салты адамның жан саулығы үшін, жауапкершілігі жоқ жерден дүниәға шыр етіп келе қалуы үшін, тәрбиелі болуы үшін қажет екен. Дегенмен, салауатты өмір салты «бар» болса, неге жастар арасындағы бұзақылық, ішіс пен шегіс, т.б. қиянаты бар нәрселер көп деген сұрақ туындап отыр. Шыны керек, «түсік жасатуға» да келмеді. Ал ішу арқылы адамның денсаулығы жақсара түспейтініне ауладағы Қырғызбай алқаш мысал.

ІІ күн. Күрес

Екінші күні жұмыстан ертерек шығып, стадионға тарттым. Себебі спорттық сайыс өтетін еді. Ол қандай спорттық сайыс еді?

Ағылшын халқының сөзін қазақшаласақ, «білек» екен. Күрес тек екі адамның арасында ғана жүреді. Жаныңызға досыңызды шақырып, бір адамға жабыла алмайсыз. Амал жоқ, әлсіздік танытсаңыз, таяқты тігінен «жұтуыңызға» тура келеді. Ас болсын! Бұл күресте аузыңыз әбден ашылады, тамырыңыз теріңізді жырта жаздайды, бейсаналы түрде бетіңіз бен көтіңіз неше түрлі эмоцияның көкесін көрсетіп, әкесін танытады. Иә, дәл таптыңыз, бұл — армрестлинг VideoArm.

Керек тілші: Салауатты өмір салты: Өмір - күрес немесе мәні неде?Қол күресі стадионның шығыс трибунасында өтіп жатыр екен. Қайда барсаң да Қорқыттың көрі. Бұл жолыма сақал-мұртыма орыс (көше жағалап жүретін) полиция қызметкерінің көзі түсті. «Жағы» сынған Lenovo-м ішінде «жүзіп жүретін» сөмкемде не бар екенін сұрады. Қай террорист өзінің сөмкесінде жарылғыш заттардың, қару-жарақтың бар екенін айтады? Мақұл, сөмке тексеру — оның қызметі. Ішке кірсем, халық деген «ығы-жығы». Отыратын орын таппадым. Амал қалмай, сайысты суретке түсіруіме тура келді. Білем, «Виза 2» каналының операторы мен журналисі менің қолымдағы Grans Duos-ты көріп, күлкіден «жер жастана» жаздады. Үстел үстінде медальдар мен мақтау қағаздары жатты. Ал орындық үстінде Демидов Сергей Петрович қатысушыларды бақылап, қағазға оқушылардың ұпайын белгілеп отырды. Иә, бұл деген 65, 75, 85 кг салмақтағы оқушылар арасындағы қол күресі болатын. Ал 16 қараша күні үлкендердің қол күресі өтеді екен.
Керек тілші: Салауатты өмір салты: Өмір - күрес немесе мәні неде?Керек тілші: Салауатты өмір салты: Өмір - күрес немесе мәні неде?Сайыс мәресіне тез жеткендей әсерде қалдырды. Әлбетте, арасында үзілістері де болды.


Үзіліс кезінде мынадай қызықты тамашаладым:
Керек тілші: Салауатты өмір салты: Өмір - күрес немесе мәні неде?Керек тілші: Салауатты өмір салты: Өмір - күрес немесе мәні неде?Керек болса, мінеки, сергіту сәті:


Сөз бен суреттен жалыққан болсаңыз, ұйқыңызды келтірген болса…


Дегенмен, төрешілер қатысушылардың ұпайын есептеп, марапаттау рәсіміне дайындала бастаған.
Керек тілші: Салауатты өмір салты: Өмір - күрес немесе мәні неде?

Күрес соңы

Сайыста күрестің соңы болғанымен өмірде күрестің соңы тек өліммен аяқталатын шығар. Рас, өмірден өттің — бітті. Қарның ашпайды, ұйқыны іздемейсің, тән қалауың жоққа айналып, топырақта жатады. Ал адам тірі кезінде күнделікті тіршілігі күреспен өтеді. Қайдағы күресті айтасың деп те өзіңіздің эгоңызды уқаласаңыз болады. Алайда адам баласы, әйтеуір, бейсаналы түрде болса да бірнәрсе үшін күреседі. Күрестен қашқан адамдар тағдырдың боқ-зәріне тап болады. Өмірдегі қиындықтар адамды құлату үшін емес, сынақ ретінде кездеседі. Тек қана адам күресе білсе, айналдырған бір қадам арқылы өмірін жақсы жаққа өзгертеді.
Керек тілші: Салауатты өмір салты: Өмір - күрес немесе мәні неде?
Әлбетте, сайыстың соңғы сәтін де тамашалай отырыңыз:



Өмір — күрес

Қазіргі технология дамып жатқан тұста көбіміз аз қимыл-қозғалыс жасайтын секілдіміз. Ал айтатын әңгімеміз — салауатты өмір салты. Күлкілі. Дегенмен, өмірде аз қозғалыспен де жетістікке жеткен адамдар баршылық екен. Мәселен, Стивен Хокинг физика ғылымының саласында көптеген марапаттауға ие болғанымен, толықтай сал ауруына шалдыққан екен.

P.S. Жалпы, кез келген құбылыстың мәнін бір іздегеннен табу мүмкін емес. Алайда салауатты өмір салтында мынадай түсінік қорытылған сияқты: адамның күнделікті тіршілігі — күрес. Бұл күресте әрбір адам өзінің жағдайын ойлайды. Бірі жақсарту жолында күрессе, бірі тағдырдың соққысына шыдамай, жерге жығылуда. Салауатты өмір салты деген адамның жақсы өмірге деген ұмтылысы, сол жолда күресі секілді. Құрметті оқырман, сіз үшін салауатты өмір салтының мәні неде?
Әрі қарай

Ақпараттық қауіпсіздік: «Сodeo Team» көзімен

ОҒМ жазбалары: Ақпараттық қауіпсіздік: «Сodeo Team» көзімен
Сәлем, достар! «Ақпараттық қауіпсіздік» тақырыбына тағы да онлайн-сабақтар легін жалғастыруды жөн көрдім. Бұл жолғы скринкасттарымның ерекшелігі – оған өзімнен бөлек қонақтардың қатысуы. Яғни «скринсұхбат» деуге болатын шығар. Скринсұхбатқа қонақ ретінде Codeo.kz cайтында IT-салаға қатысты тұрақты түрде танымдық посттар жазып жүрген энтузиаст жігіттер, достарым, IT-мамандар – Нұржол Табиғат, Садық Шерімбек, Абылай Әділханов, Ерлан Қамыров және Райымбек Егембердіні шақыруды жөн көрдім.

Ендеше кеттік, скринсұхбаттарды тыңдайық/қарайық!

ОҒМ жазбалары: Ақпараттық қауіпсіздік: «Сodeo Team» көзіменБұл скринсұхбатта Нұржол Табиғат Ақпараттық қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру және оның құрылымына шолу жасап өтеді.


ОҒМ жазбалары: Ақпараттық қауіпсіздік: «Сodeo Team» көзіменСкринсұхбатымыздың бұл бөлігінде Садық Шерімбек қарапайым қолданушыларды жеке ақпараттарды сақтаудың жолдары, жеке құпия сөздер мен әлеуметтік желі аккаунттарын қорғаудың басты қағидаларынан құлағдар етеді.


ОҒМ жазбалары: Ақпараттық қауіпсіздік: «Сodeo Team» көзіменАбылай Әділхановпен болған бұл скринсұхбатымыз қазіргі интернетте болып жатқан әрқилы байқаулар мен дауыс беру жүйелеріндегі қателіктердің алдын-алу шаралары практикалық тұрғыдан өрбиді.


ОҒМ жазбалары: Ақпараттық қауіпсіздік: «Сodeo Team» көзіменБұл бөлімде Ерлан Қамыров Linux амалдық жүйелерінің ақпараттық қауіпсіздік потенциалдары, серверлік жүйелердің үлестері мен артықшылықтары бойынша сөз қозғайтын болады.


ОҒМ жазбалары: Ақпараттық қауіпсіздік: «Сodeo Team» көзіменРайымбек Егембердиев өзінің сұхбатында қазіргі таңдағы веб-сайттардың басты қатері болып саналатын DDOS шабуыл туралы және одан қорғанудың технологиялық шешімдері жөнін сөз етеді.

Codeo Team жігіттерімен бірге жұмыс жасау ұнап қалды. Құрамға қосылам-ау деймін :) Осы скринсұхбат форматын бөлек командалық жоба қылып алып кету ойымызда бар. Сәттілік тілеп қойыңыздар!

Коллаждарды әзірлеген Садық Шерімбек және Абылай Әділханов
Әрі қарай