Ақпараттық қауіпсіздік: «Сodeo Team» көзімен


Сәлем, достар! «Ақпараттық қауіпсіздік» тақырыбына тағы да онлайн-сабақтар легін жалғастыруды жөн көрдім. Бұл жолғы скринкасттарымның ерекшелігі – оған өзімнен бөлек қонақтардың қатысуы. Яғни «скринсұхбат» деуге болатын шығар. Скринсұхбатқа қонақ ретінде Codeo.kz cайтында IT-салаға қатысты тұрақты түрде танымдық посттар жазып жүрген энтузиаст жігіттер, достарым, IT-мамандар – Нұржол Табиғат, Садық Шерімбек, Абылай Әділханов, Ерлан Қамыров және Райымбек Егембердіні шақыруды жөн көрдім.
Ендеше кеттік, скринсұхбаттарды тыңдайық/қарайық!





Codeo Team жігіттерімен бірге жұмыс жасау ұнап қалды. Құрамға қосылам-ау деймін :) Осы скринсұхбат форматын бөлек командалық жоба қылып алып кету ойымызда бар. Сәттілік тілеп қойыңыздар!
Коллаждарды әзірлеген Садық Шерімбек және Абылай Әділханов
скрин-сұхбаттың аудио-сұхбаттан айырмашлығы не? :)
мен басқаша ақпараттық қауіпсіздікті білмейді екем )).
қайсы Ақпараттық қауіпсіздік екенін ашып жібересіз бе? әйтпесе, мен бұл жерде жаңа адаммын, ұқпай отырмын )))
Айталық, ақпараттық қауіпсіздікте сандық технология ең бірінші орында тұруы тиіс. Ақпараттың жасалуы, өңделуі және таратылуы тікелей дижитал технологиямен байланысып тұрса, біз қалайша ақпараттық қауіпсіздікті ақпараттық техникадан бөліп қарауымыз керек және ақпараттық техника радио, телевизия, интернет, газет, кітап деп кете береді, ал ақпарат қауіпсіздігіндегі лидер, ақпарат таратудағы негізгі кілт дижитал технологияны барынша жан-жақты мобильдік және қауіпсіздік жағынан мықты жобалаумен (әлбетте, мықты жобалау деген аты болған соң, оның ішінде қауіпсіздік пункті өзіндік бағытта басқалары сияты жеке жобалануы керек) стратегиямен пайдаланушы тарап мықты саналады.
Мәдениет, құрылыс, спорт, медицина т.с.с. салаларын біріктіретін дүние, ол хомо сапиенске ұқтырыатын ақпарат саласы, оның ішінде оқу-үйрету және актив, пассив ақпарат алмасу процессі, ал осы ақпараттың барлығын тарататын бүгінгі күні лидер — ақпараттық техника. Ақпараттық техника жіктеледі, ол бөлек тақырып, алайда ақпаратты қорғау және оның қауіпсіздігі концепциясы бір-бірінен айырмашылығы жоқ деуге болады, тек жағдай ерекшелігіне байланысты өзіндік инструменталды жабдықтары болады!
Абылай мен Садықтың сұхбатынан айырмашылығы түсінікті сияқты, яғни экраннан процесті көрсетіп отыру. Және видео сабақтар, сайттарға шолуларды да осылай екі адам обсуждать етіп отырып көрсетуге болады.
Ал қалған үшеуі келісемін, теория болғасын аудиосұхбатқа ұқсаңқырап кетті. «Чем уж богаты», обшым.