Шыңғысхан - беларусь

Ғылымдыкі орнында тұрмайды. Қаззақтарды күтіп-күтіп шаршаған ғылым, XVII ғасырдың бірінші жартысында күдерін біржола үзіп, өз бетінше даму жолына түседі.

Алқашқы ғылыми еңбектердің көбісі — қоршаған ортаны зерттеу болатын. Әсіресе ағылшын ботаны сэр Чарльз Дарвин мен неміс ғалымыГумбольдт бұл салада үлкен табыстарға жетті. Түрлер арасындағы ұқсастықтан бірдеңе аңғарған Дарвин әуелде қаңқа сүйектердің пропорциялары арасындағы заңдылықтарды зерттемек болып, физиологиялық антропологияның негізін қалағандай болды да, амал не, кейін аңсары өсімдіктерге ауып кетіп, бұл бағыттағы еңбектері аяқсыз, кей тұстарда — қолсыз қалды.

Бұдан кейін антропология, оның ішінде — антропометрия көбіне сот-сараптамалық сипатта дамыды. Енді міне, Иса шегеленгеннен кейінгі XXI ғасырда адамзат антропометрия жүргізетін жүздеген компьютерлік криминалистикалық бағдарламалардың куәсі болып отыр. Сондай бағдарламалардың бірі — «ADA i7». Дүниежүзілік практикада өзінің дәлдігімен, антрополгиялық типтер қорының көптігімен белгілі болған беделді бағдарлама. Салыстыру қорында — 4 нәсілдің, 8 өтпелі нәсілдердің, 4 000 ұлттың және найман руының антропонометриялық параметрлері бар. Тек бір ұлттың өзінен 500 адам қамтылған! Статистикалық сараптама гамма-сейілту әдісімен жүргізіледі. Бұл бағдарлама арқылы кезінде Барак Хусейн Обаманың — Саддам Хусейннің аталасы екені де дәлелденген!

Сонымен, осы бағдарлама арқылы Шыңғысханның шығу тегін анықтап көрелік. Шыңғысханның бас сүйегінің параметрлері — оның моңғол төгрөгіндегі бейнесінен алынып отыр. Басты антропнометриялық парамтерлерді енгізіп, гамма-сейілту әдісімен қордағы антротиптермен салыстырамыз:

Шынымен де, статистикадан хабары бар адам ықтималдықтың 0,9-ғе тең болуы нені білдіретінін біледі. Бұл — абсолют қателіктерді ескергеннің өзінде 100 % дәлдік деген сөз!

Сізде «Ал тарихнамада неге ондай деректер жоқ?» деген заңсыз сұрақ туып отыр. Оның жауабы дайын. Тарихнамада кешеге дейін Қаныш Сәтбаевтың 1928 жылы қазақ тілінде «Алгебра» жазғаны да болған жоқ. Бірақ кейін табылып отыр. Тарихи факттың жаман жері — керек кезде қолда жоқ болады. Ендеше күндердің түнінде бір жерден Е сігейдің алыстағы жасыл желекті Белые Росы кінәздігімен алыс-берісте (екі мағынада да) болғаны туралы дерек табылмасына кім кепіл?

Дереккөздер: 1. Талмуд;
2. Жаңа Өсиет;
3. Інжіл;
4. Тәурат;
5. «Махабхарата» дастаны;
6. Хаммурапи патшаның қыш жазбалары;
7. ADA i7 бағдарламасының сараптама нәтижесі
Бөлісу:

11 пікір

zholantai
Ғылымдыкі орнында тұрмайды.
:)
MurattiZzaere
Шыңғыс хан Adai 7 атасынан санағанда
Sherkeshbay
Шыңғысханның тегі қазақ және ол қазақтың Үш Жүзінің кенжесі Кіші жүз (Алшын, Бекарыс)- оның кенжесі Он екі ата Байұлы – оның кенжесі Адайдың – оның қарашаңырағы, яғни «Мұңал ошақтың» иесі Мұңал руынан екендігі дауға жатпайды. Шындықтың аты шындық, ақиқаттың аты ақиқат. Одан ешкім, ешқайда қашып құтыла алмайды. Бұл шындықты бүгін мойындай алмасаңдар, ертең мойындайсыңдар; ертең мойындай алмасаңдар, арғы күні мойындайсыңдар; арғы күні мойындай алмасаңдар, оның арғы күні мойындайсыңдар. Түптің түбінде бәрібір мойындайтын боласыңдар. Мұндай жағдай (жаттың ықпалымен аталарынан адасып қалу) қазақ тарихында бұрында да сан рет болған. Адасқандар бәрінде де Қаз ағаларына (Қазаққа) қайта оралып отырған. Атам қазақтың «Ат айналып қазығын табар, Ер айналып елін табар» деген мақалы осыдан қалған. Бәрің бірдей Дарвин айтқандай «маймылға» бала болып кетпесеңдер, мен айтқан тұжырымға күні ертең-ақ келесіңдер. Ол күн алыс емес.
Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім
SSSS
Біріншіден — Керей, найман, жалайыр рулары Шыңғысханға байланысты мәліметтерде көп кездеседі, және бүгінгі күніде бұл рулардың отырған жері Алтай тауының маңы.
Екіншіден — қазақтың жузге бөлінуі сол Шыңғысхан кезінен деп ойлаймын, Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз. Ұлы жұздің де, Ұлы аталуының бізге беймәлем мағынаса бар.
Мысалға бәріміз білетіндей Кереймен Жәнібек бастапқыда Арғын руымен Моғолстанға қоныс аударған. Бырақ Арғындар Қазақ хандығының қалыптасуына сіңірген орасан қызметіне қарамастан жүздік жүйеде Орта жүзге кіреді. Ал енді сол кездегі Қазақ хандығына қатысы жоқ, Моғолстан мемлекетінің тіреуі Дулат руы болған. 1499—1551 жылдары өмір сүрген Хайдар Дулати еңбектерінде «Олар Қазақтар» деген сөздер кездеседі, соған қарағанда дулат руының тумасы Хайдар Дулати өзін қазаққа жатқызбаған. Бырақ бүгінгі күні жүздік жүйеде Дулат руы Ұлы жүзге кіріп отыр.
Менің ойымша Шыңғысхан Ұлы жүз руларынан шыққан-ау деп ойлаймын, сол себепті де Ұлы жүз аталып отыр.
Sherkeshbay
«ШЫҢҒЫСХАННЫҢ ТЕГІ АДАЙ» (авторы Қожырбайұлы М.) атты кітаптан үзінді. «639 жыл бойы, яғни 1206 жылдан 1845 жылға дейін Қазақ хандығы (мемлекеті) билігінің басында тек қана Шыңғыс ханның өзі және оның үлкен ұлы (тақ мұрагері) Жошыдан тараған ұрпақтары болды. Демек, Шыңғыс қаған қазақ болмаса, бізде өздерімізді қазақпыз деп атауға ешқандай құқығымыз жоқ. Шыңғыс ханда, оның ұрпақтары да тек қана қазақ елінің тәуелсіздігі үшін қытай, хорезм, жоңғар, орыс басқыншыларына қарсы жан аямай күресті, олар осы жолда ештеңеден де аянған жоқ. Талайлары өмір бойы аттан түспей, мына дүниенің қызығын көрмей кетті. Әңгіменің ашығын айтқанда мынау жарық дүниеде қазақтың тәуелсіздігі үшін дәл солардай күрескен әулет жоқ. Бұл кімде-кім «мың жерден басын тасқа ұрса да» солай. Себебі, ол қазақ қағанатының (Қағанға бүкіл әлем бағынған) қарашаңырағының иесі Кіші Жүз (Алшын-Бекарыстың), оның қарашаңырағы Он екі Ата Байұлының, оның қарашаңырағы Адайдың, оның қарашаңырағы Мұңалдан шыққан. Шыңғысхан қағанатының Мұңал (Монғол), руының Қият (Қиян), астанасының Қарақұрым аталып жүргені, олда оның арғы аталарының аты болатын.
Хандықтарды (мемлекеттерді) билеген ұлы тұлғалардың рулық тегі былайша айқындалады.
1. Ол рулық шежіре (жалпы ежелгі қазақтар ата-тегін сонау түпкірдегі Адам Атаға дейін
таратқан). Бұл дәстүр Маңғыстауда сол бұрынғы дәрежесінде толықтай сақтаулы тұр. Атам қазақтың «Тегін білмеген тексіз, жеті атасын білмеген жетесіз», «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер, жеті атасын білмеген құлағы мен жағын жер» дейтін мақалдарының сыры осы.
2. Рулық таңбасы.
3. Ұраны.
Sherkeshbay
Егер осы көрсетілген белгілер толықтай сәйкес келмесе, онда ол тұлға сен ойлаған руға
жатпайды деген сөз. Себебі, біз Шыңғыс қаған атамызды бүгінгі 105 (Ұлы Жүз – 45, Орта Жүз – 35, Кіші Жүз -25) таңбалы қазақ руларының ішінен таба алмасақ, онда біздің де Шыңғыс қағанды қазақ деуге ешқандай құқығымыз жоқ.
1. Шыңғыс қағанның тегі:
Шыңғысханның шыққан Қиян (Қият) руы былайша өрбиді: Қазақ-Кіші Жүз (Үш Жүздің ең кішісі, кенжесі, яғни қарашаңырағының иесі), Бекарыс (сөз түбірі «ек (екі)». Екі саны қазақтың сандық атауы, яғни лақап аты), Алшын (Ең алғаш Ұлы Жаратушы-Алланың бар екенін, Оның шын екенін, Оның мекені биікте (аспанда, шыңда) екендігіне көзі жеткендер). Ол жер күні бүгінде Қыр (биік шартарап), Үстірт (Үстіңгі Жұрт), Сынды (Тауратта, Забурде, Інжілде, Құранда айтылатын Синай (Сынай) тауы осы), Үстірттің ең биік жері күні бүгінде де Шың деп аталады – одан Он екі Ата Байұлы (Алшынның, сонымен қатар бүкіл қазақтың ең кішісі, кенжесі, яғни қарашаңырағының иесі) — одан Адай (Он екі Ата Байұлының ең кішісі, кенжесі, яғни қарашаңырағының иесі, шежіре дерегі бойынша Адайдың ең соңында тұратын себебі осы) – одан Келімберді (Адайдың екі баласының кішісі) – одан Мұңал (Адайдың сегіз немересінің ең кішісі, кенжесі, яғни қарашаңырағының (Мұңал ошақтың) иесі – одан Жаулы – одан Жары – одан Мұрат (Кеще) – одан Шортық – одан Бұқар – одан Құрым (Шыңғысхан қағанаты астанасының Қарақұрым (Қарақорым) атанатын себебі осы) – одан Сүйіндік – одан Тұрнияз – одан – Айытқұл – одан Қиян (Қият осы Қиянның толып-толысқанын білдіретін көпше атауы). Бұл дерек Адайдың әйгілі биі Алшын Меңдалыұлының шежіресінен алынды. (Алшын Меңдалыұлы «Адай шежіресі». Алматы-2002. 225-228 беттер).
Қазақ та «Үлкен ұл тақ мұрагері, кенже ұл қарашаңырақ иесі» делінеді. Өздеріңіз көріп отырғандай, Адай атауы сөз түбірінде Ада (Ата) деген атты иемденген және сонымен қатар Шежіренің де ең соңында тұр.
Маңғыстауда Шыңғысханның арғы аталары Қиян (Қият), Қараман (Әйгілі Шумерлер өздерін Қарабас деп атаған, Шыңғыс қағанның арғы аталары Қараханидтер қағанатын құрған), Құрым (Қарақұрым), Бөржігін атты топономикалық атаулар күні бүгінде де бар. Ал, Адайды қазақ емессің деуге ешкімнің де құқы жоқ. Сол сияқты оның ұрпақтарын да. Себебі, күні кеше патшалық Ресей Адайды (Маңғыстауды) қазақтан бөліп тастау үшін басында Кавказға, кейіннен Түрікменістанға зорлықпен қосқан кезде, біз қазақтың қарашаңырақ иесіміз, ағаларымыздан ешқайда ажырамаймыз, — деп ұлы қырғын-қантөгіспен өз қазағына (Қаз ағасына) қайта қосылған және бүкіл қазақ елі өз жерлерінен айрылып жатқанда Қазаққа атамекен Маңғыстау мен Үстіртті қайта қосқан біздің аталарымыз болатын.
Қысқасы, Шыңғыс қағанды қазақ деп мойындай алмасақ, бізде өзімізді Қазақпыз деп атауға құқығымыз жоқ.
Sherkeshbay
Осы аттары аталған Аталарымыздың басым көпшілігінің, тіпті бәрінің десе де болады әулие-қорымдары Маңғыстау да күні бүгінде де бар. Қиянның қасында барлық ежелгі шежірелерде айтылатын шыңғысхан шықты делінетін Бөржігін (Бөрі жігі деген сөзден шыққан) атты жер атауы да бар. Бұндай сәйкестік жер бетінің ешбір елінде жоқ. Бөрі (Көк бөрі) Алшынның лақап аты.
Маңғыстауды 360 әулиелі киелі Мандардың қыстауы (Манқыстау) делінетінінің сыры осы. Қазақ та сөз түбірі (өз түбі, сөздің атасы) және оның құрамы ешқашан жаңылысып көрген емес. Сол үшінде оларды «Тіл таңбалы Адайлар» және Қас би (бүгінгі Каспий теңізінің ақиқат атауы осы), Бас би, Тау би (Қазақтың Қап тауын (Кавказ) Албандар (Албания) осылай деп атапты.
Албан демекші, Албания мен Қазақтың Ұлы Жүзіндегі Албандардың тегі: рулық құрамы да, таңбасы да, ежелгі ұраны да, тілі де бір. Албания қазақтан енші алып бөлініп шыққаны, біздегі албандар (Ұлы Жүз) қарашаңырақта қалғандары. Бүкіл әлем елдері осылай тарайды. Мысалы, Моңғолия бөлек шыққаны, Мұңал қарашаңырақта қалғаны; Шеркешия (Ресей құрамында) бөлек шыққаны, Шеркештер қарашаңырақта; Мысырлықтар бөлек шыққаны, Ысықтар қарашаңырақ та қалғаны; Иемен бөлек шыққаны, Жеменей қарашаңырақта қалғаны; Аджария бөлек шыққаны, Адай Жарылар қарашаңырақта қалғаны; Мажарлар бөлек шыққаны, Маңғыстаулық Жарылар қарашаңырақта қалғаны; Буряттар бөлек шыққаны, Бөрі Адайлар қарашаңырақта қалғаны; Мадиярлар бөлек шыққаны, Ман Адайлар қарашаңырақта қалғаны т.т. болып кете береді.
Шыңғыс қаған империясының ұлттық құрамы қазақ руларынан құралған. Оның барлық қолбасшылары да, билері де, барлық батырлары да (Өзі, төрт баласы және әйгілі Жебе (Жебе оның лақап аты және Адайдың таңбасы) ноян Адай, Мұқылай ноян Жалайыр, Шыңғыс қағанның әділ биі, ұлы жыршы, дәулескер күйші, көріпкел бақсы, сұңғыла шежірешісі Кетбұға (Кете Бұқа, Алшынның үлкені Әлімнен тарайды), бас биі Майқы би Үйсін т.т. бәрі тек қана қазақ руларына жатады.
2. Шыңғыс қағанның бас таңбасы (гербі) «Тіл» және «Қас би» таңба деп аталған. Ежелде де,
бүгінде де Адайлардың «Тіл таңбалы Адайлар» атанып жүргендерінің сыры осы. Біз сол аталарымыз атын қойған Каспий теңізінің жағасында әлі отырмыз. Маңғыстаудан үш рет кеттік, үшеуінде де «Сауран айналып» Маңғыстауға (Ата мекенге, яғни Атам, әкем және менің туған жеріме) қайта оралдық. Ата мекенді сүйсең осылай сүй.
Адайлардың соңғы таңбасы «Жебе», яғни «Садақ». Бұл жерде «авторлық құқық» сақталып тұр. Бұл сол замандағы қарсылысын алыстан жайрататын ең ұлы қару Садақты Адайлар ойлап тапты деген сөз. Мұны тек қазіргі заманның Атом қаруының оқ тұмсығымен салыстыруға болар.
“Өсер ел тарихын таспен жазады, өшер ел тарихын жаспен жазады” – деген екен. Аталарымыз тарихын таспен де, оған салған таңбамен де жазып кетiптi. Ал бiздер… Таңбаны ұмыттық… Оған себеп бiздiң заманымызда, көз алдымызда сол тарихтың күнiне бiр әрпi тозаңға айналып, жылына бiр жолы сүртiлiп жатыр. Турасын айтсақ қазір аталарымыздың басындағы құлпытасқа «таңба» салуды қойдық, ескерткiштер құлап жатыр, бұзылып жатыр, орны жоғалып жатыр.
Sherkeshbay
3. Шыңғысхан қағанатының ұраны «Алаш», ал руының ұраны «Архар». Әйгілі Қашаған
жыраудың (Адайдың Қосай руынан шыққан) «Шыңғыс туды Архардан» деп жырлайтыны осыдан. Бұл Шыңғысханның шыққан тегі Маңғыстаулық, яғни Адай деген сөз. Соңғы ғасырда Шыңғысхан ұрпақтары өздерін Төре деп атап жүр. Төрелердің ұранымыз «Архар» дейтіні де осыдан.
Ежелгі аңыздардың бәрінде де Әз күнін (Әз әулие, қазақтың сөз түбірі Аз (Әз) болатыны осыдан) тек қана жұмақтан шыққан қой, және оны бағып жүрген қойшы ғана естиді делінеді. Міне осы аңыз Қазақ деген атпен бүгінгі күнге жеткен елдің түп атасы Әз әулие атамыздың ғұмыр кешкен жері де, моласы да Маңғыстауда екенін айғақтай алады. Ең алғаш даланың жабайы аңын (архарын) қолға үйретіп, қой мен қошқарға айналдырған Шопан атаның моласы да осы өңірде.
Адайларда ежелде «Алаш» пен түбірлес «Алғи» деген де ұраны болған.
«Енді Байұлы болатын Кіші жүздің әрбір руы өзінің белгілі адамдарының атын өздеріне ұран етіп кетіпті.
Беріштер Ағатай,
Шеркештер Шағырай,
Ысықтар Бәйтерек,
Жаппастар Баймұрат,
Таздар Бақай,
Сұлтансиықтар Әйтімбет, Қара дейді.
Есентемірде ұран болмай, Сырым заманында Есентемір Бөкен бимен ақылдасып, Есентемірге Алдаоңғар деген ұран беріпті дейді.
Кейін Кіші жүзде Табындар – «Жоламан», «Барақ-Мөңке», Әлімдер – «Майлыбай», «Жанқожа» деп ұрандаған. (Алшын Мендалыұлы «Адай шежіресі» Алматы-2002. 94 бет).
Шыңғыс қағанның тегіне таласып жүргендерге айтарым: Қандай ма болмасын бір рудың осындай айрықша белгілері толықтай сәйкес келсе, онда ол Шыңғысханның төл жұрты болғаны.
Ал, егер кейбір белгілері сәйкес келіп жатса, онда олар Шыңғыс қаған мен оның елінің тума, ағайын-жекжат, құда-андалары деген сөз.
Бүткіл жер бетінде Шыңғысхан қағанатының барлық айрықша белгілері сәйкес келетін ел жалғыз қазақ, ал оның рулық тегі сәйкес келетін ру ол Адай. Ал, Адай бүкіл қазақтың, сонымен бірге бүкіл әлем елдері қарашаңырағының иесі болып табылады. Оның бүкіл қазақтың рулық шежіресінің ең соңында тұрғанының сыры осы. Бұл Кенже ұл деген сөз. Атасының шежіре тарихы тек қана кенже ұлда сақтала алады. Мына деректер осы айтқанымның айдай айғағы. Мен бұл деректердің басым көпшілігін, бала жасымнан өз Ата-анамнан және ауылдың жасы үлкендерінен естіп өскенмін.
Sherkeshbay
Маңғыстаулықтардың өзге елдерден басты айырмасы, олар ешқашан батыстың (орыстың) Адамзаттың атасы «маймыл» деген ілімін мойындаған емес. Олар екі ғасырға жуық патшалық Ресейге бағынбастан 1917 жылғы Қазан төңкерісіне жетті. Көптеген қазақ рулары Патшалық және Кеңестік Ресейдің зорлығымен атамекендерінен айрылып жатқан кезде, қазақ еліне ежелгі атамекендері Маңғыстау мен Үстіртті қазаққа қайта қосты.
Адай Ата ұрпақтары ұлт мүддесіне ешқашан сатқындық жасаған емес. Оған дәлел ретінде айтарым: 1870 жылғы пашалық Ресейге, 1930 жылғы Кеңес өкіметіне қарсы көтеріліске қатыспаған, не оған қарсы болған бірде-бір Маңғыстаулық болмаған. Барлық халық түгел атқа қонған. Бұл ел түгелге дерлік қазақ халқы мен Орта Азия елдерін Ресей патшалығы түгел жаулап алған екі ғасырлық бодан кезінде де оған бағынбады, айтқанына көнбеді, айдағанына жүрмеді. Осылайша бүкіл Қазақстан мен Орта Азия мойындаған Ресей бодандығына бас иместен Қазан төңкерісіне жетті. «Түздіктердің ең бір ержүрек тайпасы Адайлардың орыс бодандығына берілмеуі Орта Азия хандықтарын орыс отаршылдығынан бір жарым ғасыр бойы сақтап тұрды», — деп жазды Ф.Энгельс бұл туралы.

1870 жылғы «Адай көтерілісі» патша үкіметін қатты састырды. Кавказдан көмекке келген қолдың басшысы граф Кутаисов: «Өлке түгелімен көтерілген, қарусыз бір адам жоқ… Олармен алғаш кездескенде тіпті шошып кеттім. Олардың бірде-біреуі қанша атсақ та құламайды. Шауып келеді, шауып кетеді. Өлісі қайсы, тірісі қайсы – адам айырып болар емес. Адам шошырлық аласапыран. Мұндай қарбаласта әскердің бас-аяғын жинап ұстаудың өзі қиын болды» деп жазады.

Осыдан төрт жылдан кейін, яғни 1874 жылы «Бізге әуелден берілмеген Адайлар 1870 жылғы көтерлістен кейін тіпті бағынудан кетті. Біз Маңғыстауда аяғымызды тік басып, өзімізді оның қожасымыз дей алмадық» жеп жазыпты Маңғыстау приставы.

«Мен 20 жыл топографтар корпусының офицерi бола жүрiп, қазақ даласында талай қақтығыстарды көрдiм, бiрақ дәл осындай көзсiз және табандылықпен жүргiзiлген шабуылды көрмеп едiм. Форттың тағдырын осындай бiрнеше шабуыл шешiп кетуi мүмкiн едi. Онда мұның немен аяқталатынын көзге елестетудiң өзi қорқынышты» (1870 жылғы Адайлар көтерiлiсi туралы капитан Зеленин).

1920 жылы 5 қаңтарда суық қаруланған 15 000 әскермен Форт-Александровскіге (қазіргі Форт-Шевченко) аттанған атаман В. С. Толстовтың отряды аталған жерге бір айдан соң тек қана 2000 адаммен ғана жетеді. Ал сол жылғы сәуір айында 15 000 адамдық әскерінен тек қана 214 адамы тірі қалып, сол жасақпен Форттан шығып Красноводск, одан әрі Иракқа қашып құтылады. (Кей деректерде тек қана 70 адамы қалған деп көрсетіледі).
Адайлардан осыншама қырғын көрген атаман кейіннен өзінің бір мемуарында былай деп жазып кетеді:
«Ең соңғы Адайдың сүйегін музейден көрсем, мен армансыз, бақытты адам болар едім...»
Толстовтың бұл мемуары қазір Париждегі орыс казачествосының музейінде тұр.

Маңғыстаулықтар Кеңес үкіметімен де 40 жыл айқасты. Х.Досмұхамедов «Адайлардың орыс отаршылдарымен араласы алақандай Форт-Шевченко қаласының аумағынан асып жарыған жоқ. ...Қазақтың Адай сияқты рулары, шындығында, орыс өкіметі Хиуа мен Түрікпенді алғаннан кейін ғана бағынды» деп жазды («Аламан», А. 1991. 409 бет). Олардың орыс мәдениетімен (ілімімен) араласқан кезеңі бар-жоғы елу жылдың айналасы. Қазақ даласы 300 жылға жуық бодандық кезінде қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарын жоғалтпай сақтап қалған да осы Маңғыстау. Сондықтан да ол 360 әулиелі Киелі Маңғыстау деп аталады.
Шыңғысханның тегі қазақ және ол қазақтың Кіші жүз (Алшын, Бекарыс) — Он екі ата Байұлы — Адайдың — Мұңал руынан екендігі дауға да, күмәнға да жатуға тиіс емес. Шындықтың аты шындық, ақиқаттың аты ақиқат. Одан ешкім, ешқайда қашып құтыла алмайды. Шындықтан қашудың жалғыз жолы, Алладан және Атаңнан безіп, Дарвин айтқандай маймылға бала болу.
«Борджигин дегені Бөріжігі, Тайджиут дегені Адайжұрт, Шыңғысхан дегені Шың Ас Хан (мағынасы, Асыл үй тайпасының Шың Үй дәрежелі Ханы), Хэн-тэй дегені Хан-тау, Бурхан-Халдун дегені Бөрі Хан қалды немесе Бөрі-Хан қалған, Джиргоадай дегені Жорға Адай, Мухали есімінің дұрысы Мұңқалды болар, ал Жебе-Жалайыр-Бөрте-Қабыл-Әмбақай (Нән бақай болар) дегендері Қазақи атаулар екені даусыз. Қазақта жылқы етіне байланысты «Сүбедей» деген сөз қолданылады, Сүбедей есімі осы сөзден. «Тайджиуттар көсемі есімі Кирилтух Адай және семіздігінен Тарғұтай деп атаған екен» — дейді, дұрысы «Адайжұрт көсемінің есімі Тарғы Адай және семіздігінен Қырылдақ деп атаған» деу. Яғни, қатты семіздіктен демалуы қиындап қырылдаған адам. Тайджуит тайпасының тарихи деректегі екі адамының есімінде Адай атауы болуы, Тайджиуит тайпасының дұрыс аталуы Адай жұрт екенін анық дәлелдейді» (Бекжан Аден «Қазақ пен Казак немесе Құпияланған тарих» Алматы, 2013. 24 бет).
«Моңғол тайпаларының құрамы Бөржігін және тайжуыт (Адайжұрт М.Қ.) тайпаларынан тұрады. Олар Хан тауының ең биік шыңы Бұрхан Қалдұнді мекен етті.… Тұтқындардың арасында Жиргоадай деген жас жігіт болды, оны өзіне қызметке қалдырды. Ол оны «Жебе» деп атады. Кейіннен ол Моңғол империясының ең жоғарғы қолбасыларының бірі болды» (Лео де Хартог «Чингисхан завоеватель мира»).

«Егер істі бастасаң — қорықпа,
Қорықсан — бастама» (Шыңғыс қаған).