Дмитрий Быков. "Шынымды айтсам, маған сен ғана ұнайтынсың..."

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: Дмитрий Быков. Шынымды айтсам, маған сен ғана ұнайтынсың...

Шынымды айтсам, маған сен ғана ұнайтынсың,
идеалым, сұлулық өлшемім.
Барлық бикелерімнің саған ұқсағаны былай тұрсын,
олармен табысқаным да – кінәң ол сенің.
Сен ынтық сезімге арбалып, шарлап жүргенде
Орсе мен Прадо арасын тым жырақ, —
Сені бөлшектеп жинап алдым дей алам бір демде.
Жаман естіледі екен, қайтейін, шын бірақ.
Бірі — пұшық мұрын, бірінің арқасында меңі бар,
үшіншісі бәрін тіке қабылдауды дөп білген.
Бірі өзін жақсы көреді, ал бірі мені ұғар
(біріккендері маған жолыққан жоқ мүлдем).
Бірі сен сияқты маңдайдан үрлеп кекілін,
екіншісі ылғи кілтін жоғалта береді.
Ал соның бәрін біртұтас жинай алмай кетуім —
Құдай бір қателігін қайталамайды ғой, себебі.
Жан дүниең де тіпті, мен үш рет барлап үлгерген,
жеткенше барлық кедергілеріне қайралып,
осында қалды, бүкіл тірі гүлдер мен
барлық ақау телефондарға айналып.
Ал сен, есімде:
«Сағынышыңнан кеп өшпек сәт,
садақа іздерсің өзіңе» деп кербез үн қаттың.
Ал нөсер, баға, ал шахидтер, мына роспечать?
Қоя берші оны, қасымдасың ғой, қымбаттым.


p.s. Өзі де таңғаларлық тұнық ақын Вера Полозкова Быковтың осы өлеңін оқуда.
Бөлісу:

11 пікір

merekeee
Рамантика :)
Негізі, тікелей аударма қиын. Мында сөздері, буын санына дейін сәйкес екен. Мүмкін еркін аударғанда тіпті күшті болар ма еді…
MERmukhanov
Мүмкін болар ма еді, мүмкін болмас па еді :)
Менің авторларға құрметім — олардың идеясын сақтауда, тіпті құрылымында да. Әйтпесе, ақын аз ба… :)
Gastarbaiter
Басты упорды идея,құрылым мен ұйқасты сақтауға қойғаның көрінді. Интелектке күш салғаның сезіледі. Мимен аударылған аудармаға сезім қоспасаң, өзіңнен өткізбесең, бір сәт болса да романтик бола алмаудан, мачолық пердеңді сыпырып тастап, кенет нәзік, ақынжанды тұсыңды көрсетуге ұялудан басқа-басқа, ал поэзияда, құрғақтықтың желі есіп тұрады.
Түпнұсқасын литераторлар талдап, бәлки идея мен форманың үздігі деп таныған болар. Бірақ, өлең құндылығы оның тудыратын сезімінде.Себебі, әдебиеттанушылықтан хабары жоқ оқырман өлеңді идея, структура деп бөлшектеп мимен емес, тұтастай кесек туындысы ретінде санасының арғы жағындағы түйсікпен қабылдайды.
Миым мықты аудармашылық еңбекті көріп тұр. Месседжды да форманы да сақтағансың. Бірақ, өз жаныңды түпнұсқадан барынша алыс ұстаған соң, мықты аудармашы дайындаған келісімшарттың қазақша нұсқасындай қабылдадым. Сапасына тамсандым. Бірақ өлеңнен алуға тиіс тебіреніс порциясынан қапыда қалдым.
zholantai
Макс Корждың «Не выдумывай»-ын аударш
asaubota
жақында ғана соны ойлағам, біреу аударса ғо деп
zholantai
MERmukhanov , уот, бір адам емес, екі адам болд уж :)
MERmukhanov
Ну не знаю… Толк бар ма?
VKM
оригиналын тыңдап барып түсіндім) романтиксің, иә?
zholantai
Құдай бір қателігін қайталамайды ғой, себебі.
демек, Құдай да қателік жасайтын болд ғо,